Туризм және рекреациялық география кафедрасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 19:21, реферат

Описание

Кешпелі тұрмыс салтын Шыңғыс ханның «Жаса» деп аталатын, жаңа жағдайда бейімделген карапайым күкыктар жиынтығы реттеп отырды. Кейіннен казактың «Жеті жарғы» зандар жинағын жасаганда «Жасаны» да пайдаланған. Мемлекеттіліктің көптеген түрлері де кейіннен Қазакстанда, монғол дәуірінен соңғы кезенде пайда болған мемлекеттерде пайдаланылды. Монғол шапқыншылығы Казақстан аумағындағы этностык процестерге үлкен әсерін тигізді. Дегенмен, Шынғыс хан мен оның ізбасарлары жүргізген соғыстар жаулап алынған елдердің ғана емес, Монғолиянын өзінін де өндіргіш күштерінің кұлдырауына алып келді.

Содержание

КІРІСПЕ
1. Ақ Орда
1.1 Ақ Ордаға жалпы сипаттама
1.2Саяси тарихы,құлдырауы
1.3 Ақ Орда көркем әдебиетте
2. Ноғай Ордасы
2.1 Ноғай ордасының құрылуы,аумағы
2.2 Саяси тарихы.
2.3 Құлдырауы
3. Моғолстан мемлекеті
3.1 Моғолстан мемлекетінің құрылуы,халқы,хандары
3.2 Саяси тарихы
3.3 Ыдырауы
4. Әбілқайыр хандығы
4.1 Әбілқайыр хандығының құрылуы
4.2 Әбілқайыр хандығына жалпы сипаттама
4.3 Хандықтың құдырауы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.docx

— 606.05 Кб (Скачать документ)

         Темір  әулиеті  әскери  отрядтарының  моғолдармен  алғашқы  қақтығысы   Йанги – Тараз  маңында   болды. Ұлықбектің  жорық  алдында   Шахрухида , Отырарда  және  Ашпарада  қыстаған  кезінде  моғолдар  Темір  әулетінен  Талас   бойындағы  жерлерді  тартып  алған  болатын.  Деректемелер  осы  уақытта  Талас  алқабында   моғолдар  ортасында  ұлы   Түк –Темірмен  бірге  Ибраһим   басқарған  керейлердің  ( керейттердің ) , Улжайту Темір басқарған   салжұқтардың  және  Иразан  басқарған   ба  ариндердің болғанын  айтады./26/ 

  Олар  мұндай  үй –іштерімен (коч), жүктерімен (боне) бірге  жүрген . Жақын  маңдағы   көрші – қоныстықтар  (үйлер,  киіз  үй –ханақылар, бойугаттар ) тоналды, бірақ  Темір  әулиеті   әскерлері  кері  шегінген  моғолдарды  жоғарыда  аталған  Қызылсу  өзенінде  қуып  жетіп,  «адамдарды  тұтқынға  ала   бастады, қисапсыз  олжа  тапты: отар –отар  қой ,үйір –үйір  жылқы ,сан  жетпейтін , аса  көп  әр  түрлі  бұйымдар  мен  заттарды  қолға  түсірді »./27/

  Ұлықбектің  осы  жорығын  тәптіштеп   жазған  Мирконд  Мауарнахрдың  «отырықшы »  билеушілерінің  Оңтүстік –Шығыс  Қазақстандағы   көшпелі  және  жартылай  көшпелі   тұрғындарына  жасаған  жорығының   мұндай  тонаушылық  сипаттағы   мақсаттарын  қайта –қайта  келтірілген. «Әскерлерге оның (Қамар  ад-адин әмірдің ұлы Жаханшах  дуғлаттың) қол астыларындағылардан  түскендердін барлығын өлтіруге; әйелдер мен балаларды  тұтқынға  алуға, бұл халықтың бар мүлкін  тонап, талан-таражға салуға рұқсат  етіледі»/28/

       Мауараннахар билеушілірінің Қазақстан  аумағына жасалған әскери жорықтары  туралы түпкі деректемелер материалдары  ортағасырлық Қазақстан тарихының  демографиялық сәттерін анықтау  үшін аса қызықты болып табылады. Рас, бұл материалдарды нақты  сандар аталмайды, ал таран-таражбен  халықты қырып жою көлемі белгі  дәрежеде тым артығырақ суреттелінетін (ортағасырлық тарихшыға қамқорлық  жасап отырған билеуші-иесінің  табыстарын мадақтау мақсатында) де ескеру керек, бірақ соған  қарамастан, бұл мағлұматтарды елемеулегеде  болмайды. Темір әулеті Қазақстан  аумағында көршілес мемлекеттерді  әлсіретуге байланысты өз атасы,  ұлы басқыншы Темір саясатын  жалғастырды. Бұл мақсаты орындаудың  басты құралдарының бірі  хзалықты  қырып жою, оларды тұтқын етіп  әкету сөйтіп көрші мемлекет  билеушісін оның негізгі күші – бағынышты   адамдарынан  айыру   болды. Мирхонд  та бұл  жайды   қайта – қайта жазды: «Қазіргі  қимылдарымыздың   ең   дұрыс сипаты   біздің  оларды   ( моғолдарды) жаппай жоюға   кірісуіміз болып   табылады. Олардың күші  мен  қуатының   бетін  қайтару үшін    біз   олардың      табын – табын  малын, заттары мен үй   мүліктерін,  Текес   өзенінен   өткен адамдардың   бұйымдарын  ( сөз моғол  ханы  Шер- Мұхаммедтің    жүктері мен   адамдары жайлы    болып отыр)  басып   аламыз».  Темір әулетінің    әскерлері   жүріп өткен   жерлердің барлығын   да   «тұрғындар  қырып – жойылды,  қайғы – қасірет   себілді». Темір   әулеті    жэасақтары  «Жете ұлысының  ( яғни   Моғолстанның ) бірқатарын тонап,   талады. Жеңімпаз әскер    Күнгестің   аяқ баспаған    жерлеріне   немесе   биік  тау   сыртына барып   тығылған   Жете  тайпаларын   ( қабаил )  қолға түсіріп,  қырды. Бұо елде   ешқандай   тұрғын   қалған  жоқ»./29/

Темір әулеті  әскерлерінің   1425ж. Оңтүстік –Шығыс  Қазақстанға  жасаған  шапқыншылығының   нәтижелері   осындай./30/

       Моғолстандағы   ауық – ауық  орталықсыз  қалу   жағдайы  «тайпалар», «ұлыстар», «елдер»   және  басқа  да  жеке  иеліктер  басшылары - әмірлер мен бектерді  не көршілес ұлыс, тайпа   көсеміне, не ханға  көмек көрсетпей,  әрқайсысының  өз  бетінше қимыл   жасалуына    әкеліп  соқтырды.  Мирхонд  Темір әулеті   жкек  –дара   қарсы шығып, соның  салдарынан   бірінен  соң  бірі   сәтсіздікке   ұшыраған  бірнеше моғол  феодалдарын   атайды. Темір әу леті   әскерлері соңдарына   түскен   керейлер  мен  ба  ариндер  осында   Қызылсу   өзенінде   Боам  шатқалы  жанында тағы  да  қырғынға ұшырады. Өз тайпасын   ( қауымын) ертіп кері  шегінбек   болған  Жаханшах  дуғлатты  басып алған  мал – мүлікті, адамдарды  қайтару үшін     Темір әулеті  әскерлеріне қарсы  шығару   Ибрахимге   оңайлыққа  түскен жоқ. Ақсу  өзенінде болған  айқаста   моғолдар  күйрей жеңілді, Ибрахимге  керейіт  пен  Улжайту сальдуз  қаза   тапты. Жаханшах   дуғлаттарымен  Үлкен   Кеминге  қашты. Моғол әмірлері мен  бектерінің   бытыраңқылығын  пайдаланған  Темір әулетінің  әскербасылары   олардың   әскери   күштерінің бірігуіне  жол бермеді. Үлкен  Кеминге    Жаханшах  дуғлатқа  қарсы 5   мың   қолдық  жасақ  аттандырылды. Біраз уақыт   өткен соң, Ұлықбекке   жетен  мәлімдеме   бойынша, Жаханшах   моғолдардың  басқа екі әмірі   Садр  әл – Ислам   және  М әлік  әл – Ислам  күштеріне  қосылмақ  болып, Ыстықкөлдегі  өз  жұртына кеткенде, Темір    әулеті  оның бұл   ойының  орындалуына  жол  бермеді: Жаханшахқа  қарсы дереу  жөнелтілген  Сұлтан   Уәйіс  барластың   жасағы  дуғлаттарды  тас – талқан   етті, ұлыс көсемі  тағы да  асығыс кері  шегінуге  мәжбүр болды.

       1428 ж. ұлықбек Моғолстанға   тағы  да  Сатұқ  хан  бастаған  әскер   аттандырылды. Уәйіс хан   Темір әулетін  Ыстықкөл   маңында   Бақабұлан  деген  жерде  күтіп   алды. Шайқас  барысында  моғол   ханы   қаза тапты. 

 

 

3.3 Моғолстанның  ыдырауы

15 ғ-дың орта шені  16 ғ-дың бас кезінде Оңт.-шығ. Қазақстан мен Қырғызстан территориясында өмір сүрген феод. мемлекет. М. 14 ғ-дың  ортасында   Шағатап   мемлекеті ыдырағаннан   кейін   ерікті   мемлекет болып бөлініп шықты. Шағатай мемлекетінің    бір    бөлігі — Мауараннахрдың бат. Бөлігінде Әмір Темір мемлекеті, ал шығ. бөлігінде М. пайда болды. Мұндағы түркі және түркіленген монғол   ақсүйектері    (Әмір   Булатшы бастаған -  дулаттардың феод. Жоғарғы тобы)    1348    ж.    Шағатай    әулетінен шыққан  Тоғұлық  Темірді хан сайлады (1348—1462/63  ж.  билік  етті). М-ның орт. бөлігіне Жетісу мен қазіргі Қырғыстан аймағы кірді. Дулаттарға тәуелді    иелік    ретінде    Манғылай-Сүбе аймағы да  (Шығыс Түркістанның бір бөлігі) ауық-ауық М. құрамына кірді. Мұхаммед Хайдар Дулати М. Шекарасын Шығыс шеті (Моғолстанның) қалмақтар  жерімен  шектесіп, Барыс-көл, Емел, Ертісті   қамтиды.   Солтүстікте оның жеріне Көкше теңіз  (Балқаш), Бум жәно   Қаратал   кіреді, батыста  Моғолстан Түркістанмен  және Ташкентпен,   оңтүстікте   Ферғана   уәғаятымен,   Қашғариямен,   Ақсу,   Чаышпен және Тұрфанмен шектеседі» деп көрсетеді.

Моғолстанның     этникалық     негізі    моғол деген   атпен  халық  болып қалыптасқан  Жетісу   мен  Тянь-Шань   тайпаларының   біріккен   одағы болды.  Парсы  және   түрік  тілдерінде азылғап    түп    нұсқаларда    М-дағы

тайпалар   құрамында   ертедегі   жергілкті  түркі  тайпа - рулары  және  14 ғ-дың орта шенінде сырттан келіп жергілікті   тұрғындармен   сіңісіп   кеткен түркі   және   монгол   тайпалары   (Дулат, Қаңлы, Барін, Бұлғач т. б.)  болғаны айтылады. Жетісуды мекендеген. М. рулары мен тайпаларының көгшілігі  Ұлы  жүз  қазақтарының    (керейлер Орта  жүз)   құрамында,  ал  Тян-Шаньды жайлаган тайпалар жаңадан қалынтаса   бастаған   қырғыз   халқының құрамына енді;  Шығ. Түркістанды ұйғырлар мекендеді. 

14   ғ-дың  2-жартысында  М-ның   алғашқы    хандары    Тоғлұқ-Темір    мен Ілияс-Қожа    феод.    бытыраққы    жағдайда болған Мауараннахрды өздеріне бағындыруға әрекет етті. 70 жылдарда елдегі феод. өзара тартыс күшейіп, Орта  Азия  билеушісі  Әмір  Темір  М-ның   ішкі   істеріне   араласа  бастады. Әскери-феод.  моғол    ақсүиектерінің, М-ның алғашқы хандарының бір орталыққа   бағындыру   саясатына   қарсы алауыздық күресі мемлекетті әлсірете түсті. Соның нәтижесінде М. жерінде іс  жүзінде   тәуелсіз   бірнеше   феод. мемл. пайда болды деп жазады Низам ад-Дин    Шами,   Шараф    ад-Дин   Әли Йезди, Му'ин  ад-Дин  Натанзи.  Жетісу жерінің басым бөлігінде (Шу алабы,  Қаратау  бөктерінен  Ілеге  дейін) билік әмір Қамариддин  дулаттың қолына  көшті,  Іледен  Тарбағатайға  дейінгі  жер Еңке  төреге  бағынды, Ыстық көл маңында Бұлғач тайпасы басшыларының  ұлысы күшейді,  әскери-феод. ақсүйектер басқарған басқа да тайпалар   (Қаңлы.   Керейіт,   Аркенут т. б.) өз алдарына саяси-шаруашылық бөліктерге   айналды.   16   ғ-дың   70—90 жылдарында Темір М. мен Ақ Ордаға қайта-қапта    шапқыншылық    жасап, жергілікті   халықты   апатқа    ұшыратты. Халық    саны азайып,    Оңт.-Шығ. Қазақстан   мен   Қырғызстан тайпала-рыныц саяси-этнпкалық бірігу процесі баяулады,    тұрақты    егін    шаруашылығы одан әрі құлдырап, мал басы кеміп кетті.  Темірге қарсы коалицпя құрылып, оған М-ның феод. билеушілері   әмір   Қамариддин   дулат,   Еңкес төре, М-ның жаңа ханы Қызыр Қожа ( (1389—1399 ж. билік етті)    және    Ақ Орда бнлеушісі Тоқтамыс хан кірді.

15  ғ-дың 1-жартысында  М-ның ішкі жағдайы қиындап өзара феод.    тартыстар мен соғыстар одан әрі күшейді. Бүкіл М-ға билік жүргізген Қызыр Қожа ханның тұсында орталық өкімет біршама   нығайғанымен,  оның    балалары — Шамп Жахан, Мұхаммед Оғлан, Шер-Әли және Шаһ-Шахан билік құрған кезде өзара талас, күрес қайта өршіді.  15  ғ-дың алғашқы жартысында Мауараннахрдағы Темір әулеті бірнеше рет Шығ. Түркістанды М-нан бөліп әкетуге әрекет жасады;  Моғолстанның шығыс   бөлігіне   ойраттар   (қалмақтар) шабуыл   жасады.   Оларға   қарсы     соғысқан Уәйіс хан (үзілістермен 1418— 28  ж.  билік  құрды)   ақыры  ордасын Шығ.   Түркістаннан   Жетісудағы   Іле-балыққа    кешіруге    мәжбүр     болды. 1428 ж. Уәйіс хан өлгеннен ккйін феод.  тартыс  бұрынғыдан бетер шиеленісті. Феод. екі топ пайда болды, әрқайсысы Уәис ханның балаларын: бірі 13 жасар Жүніс сұлтанды   (қ. Жүніс хан), екіншісі  11  жасар Есенбұға сұлтанды   (қ. Есенбұға хан)   қолдады. 30 жылдардың орта шенінде Есенбұға сұлтанды  жақтаған   феод.  ақсүйектер (оларды ұлысбегі Мир Мұхаммед-Шаһ дулат басқарды)  жеңіске  жетіп,  Жүніс  сұлтанды    жақтаушылардың    бір бөлігі өздерімен бірге моғолдардың 30 мың семьясын ертіп, Мауараннахрға қоныс аударды. Есенбұға хан болғаннан кейін (1434—1462 ж. билік етті) көп уақытқа дейін ол феодалдардың өзара тартысын баса алмады,   Қашғарияның бір бөлігін билеумен ғана шектелді. Барін және Чорас көшпелі тайпалары-ның бір бөлігі Амасанжы тайша билеген қалмақтарға қосылып кетті, Калучн және Бұлғач тайпаларының бір бөлігі Дешті Қыпшаққа қоныс аударды; феод. ақсүйектері жерлерді басып алып, бекіністер салды, көрші қалалар мен аймақтарды тонап, шабуылдар ұйымдастырды. Феод. бытыраңқылық өзара ала ауыздық және сыртқы агрессия этникалық топтардың бір-бірімен қатынасып үзіп, халық болып қалыптасу процесін тежеді; өндіргіш күштерін шығынға ұшыратып, елдің экономикасын құлдыратты. Мемлекеттің сыртқы жағдайы да нашарлады. 1446 ж. Сырдария бойындағы қалаларды Әбілхайыр хан басып алып, М-ның бат. шебіне жақындады. Шығыста қалмақтар жиі-жиі шабуылға шыға бастады. Тек 40 жылдардың соңы — 50 жылдардың бас кезінде ғана Жетісу мен Қырғызстан алқабына аз уақыт     Есенбұға     ханның     ықпалы жүрді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘБІЛХАЙЫР ХАНДЫҒЫ

 

           4.1 ХҮ ғ. 20-жылдарында Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс аймақтарында тәуелсіз феодалдық иеліктер пайда болды. 1428 жылы Шайбан ұрпағы Әбілқайыр (1428-1468) осы аймақтардағы билікті қолына алды. Ол Сырдария бойындағы қалалар мен Хорезм үшін Темір ұрпақтарымен ұзақ соғысты. Шығыс Дешті-Қыпшақтың бытыраңқы тайпаларының басын қосып «Көшпелі өзбектер мемлекетін» құрды.

    

4.2  Жошы әулетіндегі Шайбанның ұрпағы Дәулет Шайхтың баласы Әбілхайыр саяси өмір сахнасына шықты. Орталық және Солтүстік Қазақстан тайпаларын билеп отырған топтардың қолдауымен ол 1428 ж. Тура өңірінде (Батыс Сібір) хан болып жарияланды.Оның хандығының құрамына Қият, Маңғыт, Шынбай, Найман, Қарлұқ, Үйсін т.б. тайпалар кірді.

              Әбілқайыр хандығының территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірінен солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі ұлан байтақ жерді алып жатты. Астанасы – алғашқыда Тура, 1431 жылдан Орда-Базар, 1446 жылдан Сығанақ. Халқы - өзбектер деп аталған түрік тайпалары (қыпшақтар, қоңыраттар, наймандар, маңғыттар, қарлұқтар, қаңлылар, үйсіндер т.б.). Елді 40 жыл билесе де, Әбілқайыр хан мемлекетінің ішкі саяси

жағдайын тұрақты ете  алмады. Мемлекет бір орталықтан басқарылмай бірнеше иеліктерге бөлініп, оларды Шыңғыс әулетінің билеушілері басқарып, олардың арасында билік үшін толассыз соғыстар тоқтамады.

Әбілқайыр хан өз билігін  нығайтып, жаңа жерлер қосып алу  үшін көптеген  соғыстар жүргізіп 1430 жылы Тобыл өзені бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды жеңді, Хорезмді басып алып, Үргенішті талқандады. Сырдария өңіріндегі далада Жошы әулетінің Махмұд және Ахмет хандарын жеңіп, Орда-Базар қаласын тартып алды. 1446 жылы Мұстафа ханды тізе бүктіреді. Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркөкті жаулап, Сығанақты астана етті.

             4.3 ХҮ ғ. 50-жылдары Самарқанд, Бұхарды шабуылдап, осы өңірдегі Темір  ұрпақтарының ішкі саяси өміріне араласты. Бірақта 1457 жылы Өз Темір бастаған ойраттардан Сығанақ түбінде жеңіліп, онымен өзін

қорлайтындай ауыр шарт жасасты.Бұл  жағдай Әбілқайыр ханның саяси беделін  төмендетті. Нәтижесінде ХҮ     ғ. 50-жылдарының аяғында Көшпелі өзбектер мемлекетінен Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған халықтың бір тобы Моғолстанға көшіп кетті. Оларды жазалау үшін 1468 жылы Әбілқайыр хан Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда кенеттен қайтыс болды. Осыдан кейін Әбілқайыр хандығы  ыдырап кетті.

Әбілқайырдың мұрагері Шайх-Хайдар хан ішкі тартыста өлтірілді. Ал  Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани (1470-1510) қазақ хандарымен Сырдария мен Қаратау аймағындағы қалалар үшін ұзақ соғыс жүргізді. Қазақ хандығы құрылғаннан кейін Әбілқайырдан тараған Шайбанилар ұрпағының Шығыс Дешті-Қыпшақтағы билігі бітеді. Бұл жерлердегі билік қазақ хандарына толық көшті. ХҮІ ғ. басында көшпелі өзбектердің бір бөлігі Шайбанилердің бастауымен Мәуереннахрға көшіп кетті. Ондағы Темір ұрпақтарынң билігінің әлсірегенін пайдаланып, Шайбанилер Орта Азиядағы өкімет билігін тартып алды. Қазақстан жерінде қалған тайпалар Қазақ хандығының қол астына қарайды.      

Әбілхайыр хандығы бір  орталыққа бағынатын мемлекет болмайды, ол бірнеше этникалық территориялық , этникалық саяси топтарға, иеліктерге (ұлыстарға )  бөлінеді, олардың басында  Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы  ұрпақтары,көшпелі тайпалардың  билеушілері тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

         Сонымен, Ақ Орда саяси жағынан  іс жүзінде дербес, экономикалық  жағынан тәуелсіз болған,  сыртқы саясатта өзіндік бағыт-бағдары, билеуші хандарының әулеттік жөн-жосығы бар Ақ Орда мемлекеттік бірлестігі ХІҮ-ХҮ ғғ. Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Түркістан жеріндегі этникалық топтардың, тайпалар мен халықтардың бастарын қосып, біріктіруде маңызды рөл атқарды. Кейін Ақ Орда мемлекеті  Қазақ хандығының құрылуына негіз болды.

 

             Қазір Атырау қаласынан 50 шақырым  жердегі Сарайшық қорымында мыңдаған  ноғайлар жатыр. Арасында Ноғайлының  әйгілі билері Мамай мен Жүсіп  те бар. Бір сөзбен айтқанда, ноғай жұрты бізге жат емес. Басқасын айтпағанда, әйгілі би, дала философы Асан қайғы да  қазақ-ноғай халқының өкілі. Одан  басқа, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз,  Сыпыра жыраулар да сол кезеңдегі  ноғай-қазақтың өмірі туралы жырлаған. Өздері сол ортадан шыққан. Ғалым  М.Қасеновтің айтуынша, олардың жырлары  нағыз дерек көзі, тұнған тарих.  Оны білу бүгінгі ұрпаққа парыз.  Ноғай ордсы түркі халықтары тарихында үлкен із қалдырды. Қазақ, қарақалпақ, өзбек, татар, башқұрт, т.б. түркі халықтарының ұлт болып қалыптасуында Ноғай ордасына кірген тайпалардың үлесі өте мол.

       Қорытa   келгенде,  Моғолстан – ХҮІ ғасырдың  орта  тұсынан  ХҮІ  ғасырдың   бac кезіне   дейін Жетісу мен   Шығыс Түркістанда  өмір сүрген  мемлекет. Шағатай      әулеті   билеген   ұлыс   ыдырағаннан  кейін    батысында  Әмір Темір   мемлекеті, ал шығысында    Моғолстан   пайда   болды. 1348  жылы  Шағатай   әулетінен  шыққан  Тоғлұқ  Темір   Моғолстан  ханы болып   сайланды ( 1363 жылға дейін  билік жүргізді ). ХҮІ ғасырдың басында Моғолстан жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатты.Моғолстан қазақ хандығының құрылуына және қазақтың жеке халық болып қалыптасуы барысына негіз болды.

           Шығыс Дешті қыпшақтың феодалдық   бытыраңқы  жерлерін біріктірген  «көшпелі өзбектер мемлекетінің»,  яғни Әбілхайыр хандығының , Қазақстан  тарихында елеулі  орны бар.

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1  «Қазахстан   тарихы»   көне заманнан  бүгінге    дейін .Бес томдық «Атамұра» баспасы . Алматы.-1998.

Информация о работе Туризм және рекреациялық география кафедрасы