Туризм және рекреациялық география кафедрасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 19:21, реферат

Описание

Кешпелі тұрмыс салтын Шыңғыс ханның «Жаса» деп аталатын, жаңа жағдайда бейімделген карапайым күкыктар жиынтығы реттеп отырды. Кейіннен казактың «Жеті жарғы» зандар жинағын жасаганда «Жасаны» да пайдаланған. Мемлекеттіліктің көптеген түрлері де кейіннен Қазакстанда, монғол дәуірінен соңғы кезенде пайда болған мемлекеттерде пайдаланылды. Монғол шапқыншылығы Казақстан аумағындағы этностык процестерге үлкен әсерін тигізді. Дегенмен, Шынғыс хан мен оның ізбасарлары жүргізген соғыстар жаулап алынған елдердің ғана емес, Монғолиянын өзінін де өндіргіш күштерінің кұлдырауына алып келді.

Содержание

КІРІСПЕ
1. Ақ Орда
1.1 Ақ Ордаға жалпы сипаттама
1.2Саяси тарихы,құлдырауы
1.3 Ақ Орда көркем әдебиетте
2. Ноғай Ордасы
2.1 Ноғай ордасының құрылуы,аумағы
2.2 Саяси тарихы.
2.3 Құлдырауы
3. Моғолстан мемлекеті
3.1 Моғолстан мемлекетінің құрылуы,халқы,хандары
3.2 Саяси тарихы
3.3 Ыдырауы
4. Әбілқайыр хандығы
4.1 Әбілқайыр хандығының құрылуы
4.2 Әбілқайыр хандығына жалпы сипаттама
4.3 Хандықтың құдырауы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.docx

— 606.05 Кб (Скачать документ)

Ноғай Ордасы 13 ғ. 2 жартысында бөлектене бастады. Бұл жағдай әмір Едіге тұсында 14 ғасырда жалғасып, оның баласы Нұраддин (1426-1440) кезінде  аяқталды. Оның халқы Маңғыттар мен  Алшындардан құралды. Егер Өзбектер мемлекеті Алтын Орданың Өзбек  ханының атын еншілесе, Ноғай Ордасы Ноғай сұлтанның атын иемденген  еді.

  16 ғ-дың 2 жартысында  Қазан мен  Астрахан  хандықтарын  Ресей   жаулап алғаннан кейін Н. о. әлсіреп, бірнеше ұлыстарға, ордаларға бөлінді. Солт. Кавказда Кіші Ноғай ордасы, Жем, Ойыл жағалауларында Алты ұлыс ордасы құрылды. Исмаил мырзаның қарамағындағы тайпалар Үлкен Ноғай ордасын құрып, 1557 ж. Орыс мемлекетіне бағынды.Еділ қалмақтарының шабуы¬лынан кейін 1634 ж. ноғайлар Еділдің оң жағалауына көшіп, Кіші Ноғай ордасымен бірікті де, Қырым хандығына тәуелді болды. Н. о. ыдырағаннан кейін қазақ жерінде қалған ел Қазақ хандығы құрамына енді.

 

 

 

 

 

 

МОҒОЛСТАН

   3.1  Жаңа  мемлекет   сол   кезге   дейін –ақ   Шағатай   ұрпағы иеліктерінің  шығыс   бөлігінде   қалыптасқан  атпен, яғни   Моғолстан   ( «Моғұлстан») деп атала  бастады. Мырза  Мұхаммед  Хайдардың  «Тарихи  Рашидиіне» сәйкес  Моғолстанның  шекарасы   төмендегідей болды: «...қазіргі  Моғолстан  деп аталатын  аумақтың  ұзындығы   мен   көлденеңі  ( ұзақтығы) 7-8 айшылық   жол. Шығыс шеті ( Моғолстанның )  қалмақтардың   жерімен шектеседі   және   Барыскөл, Емел және   Ертісті  [өзіне қосады]. Солтүстігінде  оның шекарасы  Көкшетеңіз ( Балқаш) Түркістанмен  және   Ташкентпен  шектеседі; оңтүстігінде   Ферғана  уәлаятымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш  және  Тұрфанмен   шектеседі», яғни Моғолстанның   едәуір  бөлігі  Оңтүстік – Шығыс  Қазақстан  мен   Қырғыз  аумағынан   құралған./1/

          «[Оңтүстік   шекараның] ұзындығы    сауда  керуенінің  үш   айшылық   жолына   жетеді   және   тоқсан   күншілік  асуы   бар». Бұдан әрі   Мұхаммед  Хайдар  былай   деп  жалғастырды:  «Моғолстанда   көлемі жағынан    Жейхұнға  ( Әмудария) тең   көптеген    ірі өзендер   бар,  олардың   ішінде  Іле, Емел, Ертіс, Шұлық  ( Шу)   және   Нарын  бар.Бұл  өзендер   Сейхұннан              ( Сырдария)  ещ кем  емес.Осы  өзендердің   басым көпшілігі   Моғолстан   мен  Өзбекстан  ( Шығыс Дешті  Қыпшақ )   арасына   орналасқан   және  оларды  бөліп  тұрған  Көкшетеңіз  көліне   құяды»./2/

               Моғолстанның   шекарасы     тұрақты болған   емес, оның  бір   жарым    ғасырлық  өмір сүрген   уақыты   бойында   өзгеріп  отырды. Алғашқы хан   Тоғылық – Темір  мемлекетінің  құрамына   Моғолстанның  өзі   мен  вассалдық  иелік   ретінде   Шығыс  Түркістанның   бір бөлігі  (дуғлат әмірі   Поладшының   үлесі  Маңлай   Сүбе) кірді.  Кейіннен   Шығыс   Түркістан  бірде  Темір  ұрпағының   мемлекетіне  кірсе,  бірде қайтадан  Моғолстан    билеушілерінің  қол астына қарады; ХҮ ғасырдың  80- жылдарынан   бастап  Моғолстан  хандары   иеліктерінің  құрамына   Ташкент   пен  Сайрам енді, бірақ   Жетісу  кірмей қалды. ХҮІ   ғасырдың  басында  Моғолстанның  ыдырауы   кезіне  қарай   оның  хандарының   билігі  тек  Қашқариямен  ғана  шектелген    еді.

       Тарихи  – географиялық   «Моғолстан»   термині, мемлекеттің  өзінің   аты  сияқты, «моғұл», «моғол»  этнонимінен  құрылған; «монғол»  сөзі   Орта  Азияда  осылай жазылатын  болған, сірә, айтылғанда да  солай   айтылса керек. ХІҮ ғасырдың  өзінде – ақ  мұнда   ауысқан  монғол   рулары    мен   тайпалары  жергілікті   түрік   халқымен сіңісіп    кетті. Моғол   тайпалары  деректемелерде  түрік  тайпалары   ретінде, өзінің  негізінде   шығуы   жағынан   автохтондық  болып көрінеді. Оңтүстік  - Шығыс   Қазақстанның  негізгі  халқы мұнда Моғолстанның  кезінде  түркі  тілдес  болған./3/

      Моғолстан   ортағасырлық  авторлардың  тарихи     шығармаларында  мемлекеттің   құрылу   кезеңіне  қарай   «моғол» атты этникалық – саяси   біртұтастыққа   бірігудің   ұзақ  арласу   және   сіңісу  процесінен  өткен жергілікті   түрік және  түріктенген  монғол   тайпаларының   мемлекеттік- саяси   бірлестігі   ретінде көрінеді. Деректемелер  моғолдарға   түрік  атаулары  да, монғол  атаулары  да   бар ірі   тайпаларды  жатқызады, олар: дуғлаттар        ( дулаттар), қаңлылар (бекшіктер), керейіттер ( керейлер), аргинуд (аргинут), баариндер,  арлаттар, барластар, бұлғашылар  және  басқалары. Кейбір  тайпалардың   аты (мәселен, үйсіндер) деректемелерге  енбеген, бірақ сол  кезеңнің  барлық  әскери – саяси    оқиғаларына   қарамастан, олардың   мұнда   одан  әрі өмір сүргеніне   ешбір   күмән  жоқ./4/

       Орталық   Азияның  саяси  картасында  ХІҮ ғасырдың   ортасында   Жетісуда  орталығы  бар  Моғолстан   мемлекетінің   пайда болуы   Шығыс  Дешті  Қыпшақ   аумағында   Ақ Орданың   құрылып,  нығаюымен   қатар   Қазақстан  тарихында  маңызды   оқиға болды.

      Моғол   хандығының  тағына  негізінен    Шыңғыс  тұқымдары  мен  монғол  ақсүйектері  отырған. Әрине,  монғол  шапқыншылығы   кезінде   келген   арлат,  чорас,   калучи  сияқты   тайпалар  алғашқы   кезде   өздерінің  басымдылығын    көрсеткенмен, уақыт  өткен сайын   жергілікті  түрік тілдес  тайпалар  басымдылық  алып, монғолдарды   өздеріне  сіңіре  бастаған. Ал  қалғандары Шығыс  Түркістанға,  ұйғырларғак қоныс   аударып,  соларға  араласып, өздерінің     монғол     атынан   мүлде   айырылған.

                   Алғашқы моғол хандары.

        «Тарих-и Рашиди»    бойынша, Тоғылық  -Темір  едәуір  дәрежеде  жағдайды  біршама  тұрақтандырып, Моғолстанның  бүкіл  аумағын  өз  билігіне  біріктіре   алды; оның ордасы  Алмалықта болған./5/

       Алғашқы  моғол  ханы   ұлыстық   жүйені   сақтады;  жоғарғы  ұлыс бегінің    мұралық   лауазымын   ( ұлысбегі) ол дуғлаттардың  басшысына   бекітті. /6/

  Салық жинауды   кейбір    шаралар   қолданылды.

       Исламды   мемлекетінің   ресми  діні    етіп қабылдаған   Тармашырын   хан  сияқты  Мауараннахр   хандарының   өнегесімен  Тоғылық – Темір   өзінің   жоғарғы   билігін   ортағасырлық   Шығыстағы   сыннан   өткен    идеологиялық  тірек – мұсылман діні   арқылы   нығайтуды  ұйғарды.Ислам  жергілікті   халыққа   Қарахандар   кезінен   бері белгілі   болғанымен, шағатайлық хандар, өздерінің   көптеген  бодандары  сияқты,  мәжусилер  болып  қала берді.Тоғылық  – Темір  кезінде   Моғолстанда   мұсылман дінін   тарату   жөнінде   батыл  шаралар қолданылды. Мырза  Хайдардың   хабары бойынша,  бір күнде  160  мың  адам  ислам   дінін  енгізу   барысын  дұрыс   бейнелейді. Ислам дінін   қабылдамағандарға, тіпті  әмірлер  мен  бектерді  қоса, өлім жазасына, адам басына   сәлдені  шегелеуге   дейін  қатаң  шаралар   қолданылды.

       Тоғылық- Темір  өз  билігін   Мауараннахрға   да жүргізбек  болды./7/

 Өзінің  сыртқы   саяси  әскери   істерімен   Тоғылық –Темір  өз  беделін   арттырып, өз мемлекетін   нгығайтуға  тырысты. Көрші      егіншілік   өлкелерінен   оңай    олжа  тауып, тұтқын түсіру    дәмесі   хан   төңірегіне   көшпелі   ақсүйектердің   топтала  түсуіне   жағдай  жасады. Өзінің  алғашқы   жорығына   Тоғылық – Темір   Жетісудан  1360 жылғы  ақпан  – наурыз  айларында  аттанды.  Әскерімен   Ташкентке  жақын   тоқтап, Тоғылық – Темір   хан  ілгері   қарай   қосын   жіберді, ол Сырдариядан   өтіп, Шахрисябз  қаласына   қарай   жүріп  кетті.Тоғылық – Темір   өзара   жауласып  жатқан   жергілікті  әмірлер  өзіне   қарсылық    көрсетпейді    деген   есебі  ақталды.Олардың  бірі  - Орта    Азияның   болашақ  билеушісі  әмір  Темір Тоғылық – Темірге   бағынатынын  білдіріп,  сол  үшін  Кеш  қаласын  үлесті  жерімен   бірге   басқаруға   алды./8/

  Моғол   ханының   саясаты  әмір   Темірдің билік  басына  жету  жолын  

оңайлатты.

      Моғол әскерлерінің   одан әрі   ілгерілеуіне  Тоғылық –Темір  әскер басыларының  өзара   іс - әрекетінің   үйлеспеуі   кедергі   келтірді. Олардың   арасында   деректемеде  керейіт,  аргинуд, қаңлы  тайпаларының   әмірлері  мен  бектері  аталған,  олар   әуелі  хан ордасына    келіп,  содан соң  бүлік   шығарып, Моғолстанға   кетіп   қалды. Моғол   ханы  Мауараннахрды   бағындыру   жөніндегі  одан  арғы  әрекетін  тоқтатуға   мәжбүр болды. Әмірлердің  бүлігін   басқан соң  Тоғылық -  Темір  1361 жылы көктемде  тағы да  Мауараннахрға   аттанды.Мауараннахрдың   ірі  әмірлерінің   бірі  Қажы  барлас  Хорасанға  қашты; Темір   тағы да  өзінің  бағынышты   екенін  білдірді де, Кеш өңірін  билейтінін  құптатып  алды. Тоғылық  - Темір   Мауараннахрдың    бүкіл аумағы    арқылы өтіп, оңтүстікте  Құндызға  дейін жетті.  Мұнда  көктем мен  жаз   бойы  болып, күзде  Самарқандқа   оралды. Тоғылық –Темірдің  Мауараннахрда   уақытша  орнығуына   өлкедегі   саяси  жағдай  -  жиырма жыл  бойы, ХІҮ ғасырдың 40  және 50 –  жылдарында  орталық  биліктің   болмауы   жәрдемдескен   еді.  Ішкі  соғыстардан  және  жатжерлік   басқыншылықтардан   қалалар   мен  елді мекендердің  бейбіт  халқы   азап шекті: «Оның  ( Тоғылық – Темір  ханның) әскері,- деп   әңгімеленеді  «Зафар -  намеде», -Гиндукуштың  тау бөктеріне   дейінгі   аумақтар  мен   аудандарындағы  халықтың   иелігін   тонап, күйзелтті...»./9/

       Өзінің  баласы  Ілияс – Қожаны  Мауараннахрдың  билеушісі  етіп   қалдырып, Тоғылық –Темір  Моғолстанға   оралды. Моғол  әскербасылары   өздерін   жаулап   алушылардай  ұстап, тек өздерінің  баюын  ғана көздеді. Халық  бұқарасының   ашынуы мен  жаулап   алушылар   ордасындағы  талас- тартысты  пайдаланып, әмір  Темір  Мауараннахрда  билік  жүргізуге   күш сала бастады. Тоғылық –Темірдің  өлімі  хан тағын  мұралану   ісімен  айналысу  үшін  Ілияс –Қожаны  Мауараннхрдан  кетуге   мәжбүр етті./10/

Бірақ   Ілияс  – Қожа  қайтар  жолында   Темір мен  әмір  Хұсайынның  біріккен   әскерлерімен  шайқасуға  мәжбүр   болды.Ол жеңіліп,  тұтқынға түсті, бірақ Моғолстанға  босатылып    жіберілді./11/

   Моғолстанның   хижра бойынша  764/1362- 1363  жылы  ханы  болған  соң  Ілияс  –Қожа 1365  жылы бұрынғы   Шағатай  иеліктерін  біріктіруге   жаңа әрекет  жасады. Темір өз  әскерлерімен  оны  Чиназ бен   Ташкент   аралығында  Сырдарияның   жағасында  қарсы алды. Бұл  жерде  өткен  белгілі   « Батпақ  шайқасының»  ( «Джанг  –и лой» ) екі жақ үшін  де  зор маңызы   болған еді.  Шайқас  кезінде   әскерлердің   соғыс қимылын  қиындатқан  қатты  нөсер  құйды. Моғолстанның  қатаң ауа –райына  неғұрлым   көндіккен   және     неғұрлым    жақсы  жасақталған  Ілияс  –Қожаның  әскері бұл шайқаста  жауға   төтеп берді. Дуғлат   әмірі   Шамс ад – дин   басқарып   жеткен тың  моғол   әскері   Темірді кері  қайтуға   мәжбүр  етті, оның үстіне  «дүркірей   қашқан   кезде  көптеген  адамдар    батпақ  пен   лайға  тапталды», «қырғын   алаңында 10 мыңға   таяу  адам  өлді»./12/

        Жеңіс  моғол  әскерлеріне   Мауараннахрға  жол ашты. Муин  ад –дин Натанзи  моғолдардың   Самарқандқа   барар  жолдағы  тонаушылықтары туралы  былай  деп  хабарлайды: «Жеңістен  кейін  моғолдар  ислам  елінде   талан – тараж  бен  зорлық – зомбылыққа  ден қойып, өлтірумен   және  тонаумен  айналысты»./13/

.      Темір  мен Хұсайын  Самарқандты   тастап,  Әмударияның  арғы  бетіне   өтіп  кетті. Бірақ   моғолдар  қаланы  ала алмады: орталығы Хорасанда  болған  сарбадарлар қозғалысына  қатысушылар   басшылық  еткен   Самарқанд   халқы  кескілесе  қарсылық  көрсетті./14/

Ұзақ  қоршауға  алу әскерді әлсіретті, «Жете ( яғни Моғолстан ) әскерінің   аттарына  жамандат  тиіп, бұдан  аттардың   қырылғаны  сонша, төрт  жауынгерге  бір  аттан  да  қалмады»./15/

        Моғолстанның  алғашқы  хандарының  Шағатай  ұрпағы   мемлекетін  қалпына  келтіру   жолында  жасаған  әрекеттері   осылай  аяқталды.

        Шағатай   ұрпағы  мемлекетінің   ыдырауы  экономикалық  және   саяси  себептерге  байланысты  заңды  құбылыс  болды. Моғолстан   хандарын  бұрынғы  Шағатай   ұрпағы  хандарымен  бір деп   теңестірген   Мауараннахрдың    отырықщы – егінші  және   қала халқы  тәуелсіздік   үшін табанды  күрес жүргізді. Моғолстан  хандарының  көршілес  жерлерді   жаулап алуға   ұмтылуы   көшпелі   шонжарлардың    мүдделеріне   байланысты  еді.  Хандар осы   шонжарлардың  өз  қолдарынан  қойған  адамдары  болатын және  хандар  жауынгершілікте   табысқа жеткен   жағдайда ғана  олардан қолдау  таба алатын. Бірақ   замандастарының  ойынша,  тиісінше  тарихи  шығармаларда да  Моғолстан хандарының   Мауараннахрдағы  ( Ұрыс  ханның  Алтын  Ордадағысы тәрізді) сыртқы саяси  әрекеттерінің  басты  себебі  бұрынғы  Шағатай  ұлысының    бүкіл  аумағына  ( ал  Ұрыс  ханның  Алтын  Орда  тағына)  әулет   ретінде  дәмеленуі еді. 

3.2    Саяси тұрақсыздық орын алған күрделі кезеңде билік басына келеген Тоғылық –Темір  хан елдің   ішкі – сыртқы  жағдайын  жақсартып, ХҮІ ғасырдың  басына дейін билік еткен әулеттің  негізін қалады. Хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір олрталыққа   бағындырады.

       Хан өзінің билігін   бұрынғы   қалыптасқан  жүйемен  жүргізеді.  Оны  ұлыстық  басқару   жүйесін  сақтауынан  көруге  болады. Дулат  тайпасының   мұралық  лауазымы   жоғары  ұлысбегі деген атағын  сол қалпында  қалдырды. Салық жинауда кейбір  жаңа  шаралар қолданылды. Мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдайды. Тоғылық – Темірге   дейін моғол билеушілерінің  ислам дініне  енуі  баяу  жүріп келсе, енді хан бұл мәселеге  ерекше   көңіл бөлген. Мырза –Мұхаммед Хайдардың   жазуы бойынша, бір күнде 160  мың адам  ислам дінін қабылдаған. Ханның   бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған   әмірлер мен бектерді өлім   жазпсына  кескен. Сөйтіп хан ел  ішінде  қатал тәртіп  орнатады.

       Тоғылық – Темір  өзінің  сыртқы  саясатында   Шағатай   ұлысының  кезінде  орныққан  Орта Азия  жеріндегі  билікті   қалпына  келтіруге  әрекет  жасайды. 1360- 1361 жылдары  Мауараннахрға   екі рет  сәтті  жорық  жасап,  баласы   Ілияс –  Қожаны   Мауараннахрдың  хан  тағына  отырғызып қайтады. Моғолстанға  оралған   Тоғылық – Темір  хан қаза болды. Өзінің мұрагерлік  хұқын  реттеп қайту  үшін  Ілияс – Қожа  Моғолстанға  кеткен  кезде  Орта  Азиядағы  жағдай  күрт өзгереді. Тоғылық –Темірдің  тірі кезінде  оған  тәуелділікті  амалсыздан мойын дап жүрген  Әмір Темір  енді  Мауараннахрдағы   билікті  өз  қолына   алу үшін, Ілияс – Қожаға  қарсы шығады. Әмір Темір мен Ілияс –Қожа  ханның   арасында  бірнеше   рет  қақтығысулар   болады. Моғол ханы жеңіліске  ұшырайды. Соңғы жеңілістен  кейін  Ілияс –Қожа   Моғолстаннан   жаңа әскери күш    жинап келіп,  қайта соғысады. Ташкент  қаласының      маңында   1365  жылы  22  маусымда   екі жақтың   арасында  шешуші  «Батпақ   шайқасы» болады.  Жазба деректердің  хабарына   қарағанда,  кескілескен   шайқас   болғаны    соншалықты, екі  жақтан   10  мыңға   жуық  адам  қырылған. Шайқаста  Ілияс – Қожа   хан  жеңіске  жетіп,  Әмір  Темір  қашып   құтылады.

        Батпақты   жеңісінен  кейін   Моғол   ханы  Самарқанға   қарай аттанып,  оны  қоршауға  алады. Бірақ халық  қаланы   жан аямай  қорғайды. Қаланы  ұзақ уақыт   қоршаудан  қалжыраған  моғол   әскерлерінің  мініс   аттары  жамандат  індетінен   қырыла бастайды. Қаланы алудың   мүмкін  еместігіне  көзі  жеткен  хан  Моғолстанға  қайтуға  мәжбүр болған. Сөйтіп,  Шағатай  ұлысы  кезіндегі  қайта  қалпына  келтіру   ісінің  алғашқы  қадамы   сәтсіздікпен  аяқталады. Бұл  сәтсіздіктің  басты себебі,  билеушілер  арсындағы   алауыздық, саяси  феодалдық   быраңқылық   еді. Ақыр  аяғында   Ілияс –Қожа  хан  да  осы  феодаодық  талас –  тартыстың   құрбаны болады.

Информация о работе Туризм және рекреациялық география кафедрасы