Туризм және рекреациялық география кафедрасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 19:21, реферат

Описание

Кешпелі тұрмыс салтын Шыңғыс ханның «Жаса» деп аталатын, жаңа жағдайда бейімделген карапайым күкыктар жиынтығы реттеп отырды. Кейіннен казактың «Жеті жарғы» зандар жинағын жасаганда «Жасаны» да пайдаланған. Мемлекеттіліктің көптеген түрлері де кейіннен Қазакстанда, монғол дәуірінен соңғы кезенде пайда болған мемлекеттерде пайдаланылды. Монғол шапқыншылығы Казақстан аумағындағы этностык процестерге үлкен әсерін тигізді. Дегенмен, Шынғыс хан мен оның ізбасарлары жүргізген соғыстар жаулап алынған елдердің ғана емес, Монғолиянын өзінін де өндіргіш күштерінің кұлдырауына алып келді.

Содержание

КІРІСПЕ
1. Ақ Орда
1.1 Ақ Ордаға жалпы сипаттама
1.2Саяси тарихы,құлдырауы
1.3 Ақ Орда көркем әдебиетте
2. Ноғай Ордасы
2.1 Ноғай ордасының құрылуы,аумағы
2.2 Саяси тарихы.
2.3 Құлдырауы
3. Моғолстан мемлекеті
3.1 Моғолстан мемлекетінің құрылуы,халқы,хандары
3.2 Саяси тарихы
3.3 Ыдырауы
4. Әбілқайыр хандығы
4.1 Әбілқайыр хандығының құрылуы
4.2 Әбілқайыр хандығына жалпы сипаттама
4.3 Хандықтың құдырауы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.docx

— 606.05 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ТУРИЗМ ЖӘНЕ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ГЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

                         Орындаған: Тағай  Арайлым Нұркенқызы

                               Тексерген : Қозыбақова  Фатима  Ақынбаева

                                Тобы : 1

 

 

Алматы 2012

 

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1.  Ақ Орда

    1.1 Ақ Ордаға жалпы сипаттама

    1.2Саяси тарихы,құлдырауы

    1.3 Ақ Орда көркем әдебиетте

2. Ноғай Ордасы

    2.1 Ноғай ордасының құрылуы,аумағы

    2.2 Саяси тарихы.

    2.3  Құлдырауы

 

3. Моғолстан мемлекеті

    3.1 Моғолстан мемлекетінің   құрылуы,халқы,хандары

    3.2  Саяси тарихы

    3.3  Ыдырауы

 

4. Әбілқайыр хандығы

    4.1 Әбілқайыр хандығының  құрылуы

    4.2 Әбілқайыр хандығына жалпы сипаттама

    4.3 Хандықтың құдырауы

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

КІРІСПЕ

 Өзінің стратегиялық жағдайына байланысты Оңтүстік-Шығыс Қазақстан монғол шапқыншылығы жоспарында маңызды орын алды. Ұлыс хандары ездерінің калың нөкерімен және сан мыңдаған әскерімен осы араны астана етті. Мұнда көшіріп әкелінген, көшпелі мал шаруашылығы салтын сақтаған монғол көшпелілеріне (200 мын адам) кең-байтақ жайылымдар кажет болды. Осынын бәрі егістік жерді кыскартуға әкелді. Елді мекендерді қирату, егістік жерді мал тұяғына таптату, бау-бақшалар мен суару жүйелерін жою, қалаларда сауданың тыйылып, олардың көрші калалармен және егінші аймактармен катынасынын үзілуі — осының бәрі Жетісудағы қалалар өмірінің экономикалық және әлеуметтік негізіне зиянын тигізді. Бұл жерде көп жылдар бойы монғол феодал ақсүйектерінін, калалықжәне отырықшы-егіншілік мәдениетке жаны қас, тәуелді елдін халқын жырткыштыкпен пайдаланатын тобы үстемдік етіп келді. Жетісу аумағындағы саяси жағдайдың тұрақсыздығы да бұл жердегі шаруашылық пен мәдениеттің одан әрі құлдырай түсуіне ықпал етті. Жаулаушылар бұл арада мықты билік те, темірдей тәртіп те, бейбіт тұрмыс та орната алмады. Қол астындағы халықты ауыр салыктар мен телемдер төлеуге мәжбүр етті: жер салығы, алым жинау, байланыс міндеткерлігі,

тұрақты және өтпелі әскерлердің  қажетін қамтамасыз етудің жиырма шакты  түрі, оның ішінде әскери міндеткерлік — жергілікті халык монғол әскерінін  катарын толықтыру үшін жауынгер беріп отыруға міндетті болды.

Монғол шапкыншылығының  бірқатар жағымды әсері де бар. Монғол билеушілері сауданың өркендеуіне, халықаралық каты-настардың жаксаруына үлес косты, байланыс және көлік кызметін жаппай енгізді. Бұрын бір-бірін білмейтін халыктар арасында сауда және мәдени байланыс орнатылды. Үлыстар арасында сауда керуендері, елшілік адамдары жүріп жатты, саяхатшылар жер түбіндегі алыс елдерге барып, Еуропаға бұрын белгісіз болып келген азиялык елдер мен халыктар жайлы мәліметтер таратты.

Монғолдар бір орталықтан баскару идеясымен бұрын бастары  бірікпей келген туыстас тайпаларды жакындастырды.

Кешпелі тұрмыс салтын Шыңғыс ханның «Жаса» деп аталатын, жаңа жағдайда бейімделген карапайым күкыктар жиынтығы реттеп отырды. Кейіннен казактың «Жеті жарғы» зандар жинағын жасаганда  «Жасаны» да пайдаланған. Мемлекеттіліктің көптеген түрлері де кейіннен Қазакстанда, монғол дәуірінен соңғы кезенде  пайда болған мемлекеттерде пайдаланылды. Монғол шапқыншылығы Казақстан аумағындағы этностык процестерге үлкен әсерін тигізді. Дегенмен, Шынғыс хан мен оның ізбасарлары жүргізген соғыстар жаулап алынған елдердің ғана емес, Монғолиянын өзінін де өндіргіш күштерінің кұлдырауына алып келді.

 

 

 

АҚ ОРДА

 

1.1    ХІІІ-ХҮ ғ. басында Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде Ақ Орда  мемлекеті өмір сүрді. Ол - монғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан жерінде пайда болған бірінші ірі мемлекет. Ақ Орданың негізін қалаушы – Жошының үлкен баласы Орда Ежен (1226-1280 жж.). Рашид әд-Диннің жазуына қарағанда (ХІҮ ғ.), Жошы ұлысының шығыс бөлігін (сол қанатын) әкесінің көзі тірісінде Жошының үлкен ұлы Орда Ежен алады. Әбілғазының айтуынша (ХҮІІ ғ.) осынау жерді оған інісі Батухан ХІІІ ғ. орта кезінде бөліп береді. Орданың мирасқорлары іс жүзінде дербес билеушілер болды. ХІҮ ғ. 2-ші жартысында Алтын Орда билігі әлсіреп, Ақ Орда күшейіп, дамудың ең жоғары сатысына жетті. Территориясы: батысында Жайық өзенінен шығыста Ертіс өзеніне дейінгі, оңтүстікте Сырдария алқабы, Арал теңізінің солтүстік-шығысынан солтүстікте Оңтүстік Сібір ормандарына дейінгі жерлер. Астанасы – Сығанақ (Сырдарияның орта ағысы). Халқы – түрік тілді тайпалар.

 

 

 

 

Ақорданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде  иелену мен  жеке меншіктің түрлері  толығынан  анықталады. Көшпелі аудандарда мал  жеке меншік деп саналып және сол  қыруар  мал дала алпауыттарының  қолында жинақталып тұрған жағдайда, жайылымдық жер қауымның  иелігінде  деп қанша айтылғанымен , өріс қонысты еркін билеуге хұқы бар текті байбағландар со жердің нағыз қожасына айналады.Деректерде Ақ Орда елінде ақсүйектер жер иеленушілігінің инджу, милк, сойтұрғал сияқты түрлері болғаны және сый тарту да белгілі болғаны айтылады.Ақорданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір , зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп, әр түрлі парыз қарыздарды да өтеп тұратын болған.

         1423-1424 жылдары Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды.

            

        1.2  Ақ Орданың саяси тарихы бірінші кезеңде Шығыс Дешті-Қыпшақ жерін Алтын Орданың билігінен азат ету жолындағы ұзақ күреспен өтеді, кейінірек Ақ Орда хандары Алтын Орда ісіне араласады, ал өз тарихының соңғы кезінде Мәуераннахр билеушісі әмір Темір мен оның ұрпақтарының басқыншылығына қарсы күреседі.

Мемлекетті Орда Ежен тегінен  шыққан хандар басқарды. Алғашқы ханы –  Сасы Бұға (1309-1315), мұрагері – Ерзен хан (1315-1320). Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы ХІҮ ғ. 2-ші ширегінде Ерзен мен Мүбәракқожа тұсында басталды. Мүбәракқожа хан (1320-1344 жж.) Алтын Ордаға бағынбай дербес саясат жүргізуге тырысты.

 

 

 

 

 

 

          Шымтайдың (1344-1361 жж.) ұлы Орыс ханның кезінде (1361-1376 жж.) Ақ  Орда Алтын Ордадан бөлініп, тәуелсіз хандық болып жарияланды. Ақ Орда Орыс хан тұсында едәуір нығаяды. Әйгілі тарихшы Қадырғали Жалайырдың айтуынша Орыс хан өз заманының қуатты да құдіретті, батыл билеушісі болған. Ол ең алдымен Ақ Орданың саяси тәуелсіздігін нығайтуға мейлінше күш жұмсады. Оның сыртқы саясаты негізінен Әмір Темірдің шапқыншылық жорығына тойтарыс беруге бағытталды.  Ал ішкі саясаты Ақ Орданың экономикасын өркендетіп, мемлекеттік қуатын арттыруды көздеді, ол ең алдымен Сырдария алқабындағы отырықшы егінші аймақтардың егін шаруашылығын өркендетуге және осы өңірдегі шаруашылық, мәдениет орталығы болған қалаларды көркейтуге баса мән берді.

Орыс хан Алтын Орда тағы жолындағы күреске белсене  қатысты. Ол хан болып нығайып  алған соң ішкі феодалдық қырқысты жойып,

Алтын Орданы өзіне бағындыруға  әрекет етті. Бұл мақсатын жүзеге асыру  үшін 1368 жылы Еділ бойына жорық жасайды. 1374-1375 жж. Сарай-Беркені, Қажы-Тарханды (Астрахань) алып, Кама бұлғарларын бағындырады. Бірақ Алтын Орданың уақытша билеушісі Мамайды жеңе алмайды және бұл кезде Ақ Орданың өзіне Әмір Темір тарапынан қауіп төнгендіктен Орыс хан Сырдария бойындағы өз иелігіне қайтып оралады. Ол өзінің қайтар жолында Алтын Орданы жаулау кезінде өзіне көмекке келмеген Жошы әулетінің бірі Маңғыстау аймағының билеушісі Түй-Қожаны өлтіреді. Оның баласы Тоқтамыс Әмір Темірге барып паналайды. Темір бұл жағдайды пайдаланып, Тоқтамысты көп әскермен Ақ Ордаға жібереді. Тоқтамыстың алғашқы жорығы (1374-1375) сәтсіз аяқталды, Ақ Орда әскерлері оның әскерлерін талқандады. Бұл соғыста Орыс ханның баласы Құтлық Бұқа қаза болды. Әмір Темірден жаңадан әскер алған Тоқтамыстың екінші жорығы да Орыс ханның ұлы Тоқтақия басқарған Ақ Орда әскерлерінен жеңілді, тек төртінші жорығынан кейін ғана Тоқтамыс Ақ Орда тағына отырды. Темір басқыншылығына қарсы күрестің негізгі ауыр салмағы Орыс ханға түседі. Ұрыс барысында Орыс хан қаза тапты. Тоқтамыс Орыстың баласы Темір-Мәлікті (1376-1379 жж.) 1379 жылы жеңіп, Ақ Орда билеушісі болды.

 

           Ақ Орданың әскери күшіне ие болған Тоқтамыс 1380 жылы Алтын Орданы алды. Сөйтіп, ол бір мезгіл (1380-1395 жж.) Ақ Орда мен Алтын Ордаға хан болды. ХІҮ ғасырдың 80-жылдары Тоқтамыс Ақ Орда мен Алтын Орда жерін түгел бағындырып, Әмір темірге қарсы шықты. Осы кезде Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы ұзаққа созылған қанды соғыс басталды. 1395 жылы Кавказдағы Терек өзенінің аңғарындағы шешуші шайқаста Әмір Темір Тоқтамысты жеңіп, Алтын Орданы талқандады.

ХІҮ ғ. аяғы – ХҮ ғ. басында  сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен  ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда әлсіреп  кетті. Ақ Орданың әлсіреу себептері: Әмір Темірдің тонаушылық жорықтары және ішкі тартыстар.

1423-1428 жж. Орыс ханның немересі  Барақ біраз уақыт бойы Ақ  Ордадағы өз әулетінің билігін қалпына келтірді. Ақ Орданың соңғы ханы Барақ Самарқанның билеушісі Темірдің немересі Ұлықбекті жеңіп, Сырдарияның бойындағы көптеген қалаларды өзіне қаратады. Бірақ ол көп ұзамай қаза табады, сосын Ақ Орданың жеріндегі билік Шайбан ұрпағы Әбілқайырдың қолына көшеді.

 

  1.3       М.Әуезов «Әдебиет тарихы» атты монографиясында (1927) Ақ Орда тұсындағы тарихи оқиғаларды талдай келе, көп дәуір «исі түркі жұртының бірлігі мен елдігін ойлаған ұлы батырларды туғызды» деген пікір түйеді. Ондай шығармалардың татарына«Қобыланды», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Шора батыр» жырларын жатқызады. Жазушы бұл тұжырымын: «Батырлар әңгімесінің басы ескі түркі бірлігінің заманындағы әңгімелерден шығады. Қазақ елінің ескілігі жалғыз қазақтікі емес, жалпы түрік жүртының ескілігі деп саналуға керек. Бұрынғы түрік, монғол дәуірі жүрген заманда «Алтын Орда, Ақ Орда күндері»айтылатын жерлер бар. Ноғайлы, Қырым, Қыпшақ, Қырғыздардың бір жалаудың астында бір ел болып жүрген кездерін айтады. Бұл түрік журттарының жік-жікке бөлінбей тұрған күндері бірін-бірі жат демей, бауыр көріп журген кездері. Қазақтағы батырлар әңгімесінің осы кездерде шыққаны бір жік болып, кейінгі замандағы шыққандары екінші бір жік болады. Алғашқы жіктегі - ұлы батырлар» деп одан әрі дамытады. Осы еңбекте түркі тілдес халықтардың бірлігін аңсаған тарихи жырларды ерекше бөліп қарағаны үшін оған 1927-32 және 1945-51 жылдары' «Ұлтшыл - ұлы түрікшіл», «Алтын Орда» мен «Ақ Орда» дәуірінің тұсындағы хандықты көксеп отыр» деген айып тағылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НОҒАЙ ОРДАСЫ

 

 

2.1  Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсіреуі нәтижесінде пайда болған мемлекеттік бірлестіктің бірі – Ноғай Ордасы . Мемлекет ХІҮ-ХҮ ғасырларда Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты. Бұл мемлекеттің атауы Алтын Орданың беклербегі, әскерінің қолбасшысы, Жошы ханның немересі (1260-1306) Ноғай есімімен байланысты. Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында болды. Оның құрамындағы рулар Каспий маңына қоныс аударып, Ноғай елі атанды.  
Ноғай Ордасының негізін салушы - әмір Едіге (1395-1419). Ол 15 жылдай  Алтын Орданы билеп (1396-1411), «ұлы әмір» атанған. Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едігенің қолында болған. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан Едігенің кезінде бөлектене бастады. Бұл процесс Едігенің ұлы Нұраддин (1426-1440) тұсында аяқталып, Ноғай Ордасы Алтын Ордадан ХҮ ғ. ортасында бөлініп, дербес мемлекет болды. Территориясы: Еділ-Жайық арасы. Астанасы – Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды. Халқы – маңғыт, қыпшақ, қоңырат, арғын, қарлұқ, алшын, тама және т.б. сияқты түрік тайпалары. Ноғай Ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды, оған енген тайпалар ХҮ ғ. аяғында қалыптасқан ноғай халқының негізін құрады . Ноғай Ордасында ұлыстық басқару жүйесі қалыптасып, бір орталыққа  бағынған өкімет болды. Орда билеушісі – хан. Ұлыс басында мырзалар тұрған, олар өз иеліктерінде шексіз билік жүргізіп, ұлыстың ең шұрайлы жайылымдары мен өрістерін иемденген. Ұлыстың қатардағы көшпелі малшылары мырзалармен бірге көшіп-қонып, алым-салық төлеп отыруға, соғыс жорықтарына қатысуға міндетті болған.

 2.2  Орданы Едіге ұрпақтары басқарды. Мұрагерлік жолмен берілетін әкімшілік, әскери, елшілік билік князьдің қолында болды. Ордада жорыққа 300 мың жауынгер шығарылды.  
Ноғай Ордасының тарихы Еділ бойы мен Сібірдегі, Орта Азия мен Қазақстандағы көрші мемлекеттер тарихымен тығыз байланысты. Ноғайлар тарихы әсіресе көшпелі өзбектер мен қазақтар тарихына айрықша жақын. Ембі мен Сырдария арасында көшіп жүретін ноғайлар қазақтармен ұдайы араласып-құраласып байланысып жатқан. Басқа да көшпелі мемлекеттер сияқты Ноғай Ордасының шекарасы да сыртқы саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Ноғайлардың солтүстік-шығыстағы өріс-қоныстары Сібірге дейін созылып жатады, ал оңтүстік-шығыста олар кейде Сырдария бойында, Арал теңізі жағасында көшіп жүрген. Олардың билеушілері Уақас би маңғыт, Мұса мырза, Жаңбыршы және басқалары Әбілқайырға Сырдария бойындағы қалаларды жаулап алуға жәрдемдеседі. Кейін ноғайлар қазақ хандарымен соғысса, енді бірде татуласып, одақ құрып отырған.  Ш. Уәлиханов ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан Орда» деп атаған. Ал Хақназар хан «қазақтар мен ноғайлар ханы» атанған.  
ХҮІ ғасырда Ноғай Ордасының Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық,  саяси байланысы дамыды. ХҮІ ғ. 2-ші жартысында Ноғай Ордасы ыдырап, екіге:  Үлкен Ноғайлы (Еділдің шығысы) және Кіші Ноғайлыға (Еділдің батысы) бөлінді. Осы тұста ноғайлардың көпшілігі Қазақ хандығына, соның ішінде Кіші жүз құрамына енді. Осылайша Ноғай Ордасын мекендеген тайпалар қазақ халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарды.

 ХІV ғасырдың соңына  қарай «ноғайлы жұртына» жататын  ру-тайпалардың үлкен бөлігі маңғыт  тайпасының және осы тайпаның  билеушісі Едігенің бастауымен Ноғай ордасының негізін қалады. Осы орайда ескере кететін бір мәселе – сол кезеңде Едіге есімді бірнеше тұлғаның болуы. Атап айтсақ, оның алғашқысы Едіге Танашұлы, Әмір-Темір жорықтарына қатысып, Ұлытауда жерленген. Екінші Едіге – Ноғай ордасын негіздеген Едіге Балташықұлы, үшінші Едіге – Әмір-Темірге туыс Барлас Едіге, төртінші Едіге – Тәуке ханға жақын болған Едіге би.

Оның есімі тарихи деректерде 1376 жылдан бастап кездеседі. Ол алғаш  Ақ Орда ханы Орысқа қызмет жасады, одан соң Бұқарада Темірден пана тапқан Тоқтамысқа келді. Алайда 1389 жылы Тоқтамыспен  жанжалдасып қалған ол Әмір-Темірге  қайтып келіп, 1391 жылы соның жағында, Тоқтамысқа қарсы соғысты. Бірақ Едіге Әмір-Темірге бүтіндей беріле қойған жоқ. Жорықтан қайтар жолда ол, өзінің руластарына жаушы жіберіп, оларды Әмір-Темір әскерлері жүретін жолдан аулаққа көшіріп жіберді. 
Біздің ойымызша, Едіге мұндай әрекеттерге өзінің маңғыт жұртының мүддесін қорғау мақсатымен барған. Болашақ Ноғай ордасының негізін қалаған маңғыт жұрты бұл кезде, яғни ХV-ХVІ ғасырларда Еділдің батысында көшіп-қонып жүрген атамекендерінен – шығысқа, Жайық пен Ембінің арасына қоныс аударып, осылайша, өздерінің көсемі Едігенің ақылымен осы тұста Кубан далаларын жаулаған Әмір-Темірдің тонаушылық әрекеттерінен сытылып кетті. Мұның өзі о баста Түркістан аймағынан солтүстік Қырым аймағына қоныс аударған маңғыттардың кері көшулері еді. 
Осылайша, Едіге бастаған маңғыттар өздерінің ру-тайпаларын топтастыра түсті. Алғаш Алтын Орданың мұрагері болып табылатын Үлкен Орданың және одан төменде орналасқан Алтын Ордадан бөлініп кеткен Астрахан хандығының аймағында аса ықпалды болған маңғыттар (ноғайлар) Едігенің ұлы Нұр ад-диннің кезінде (1426-1440 жж.) дербес мемлекет құрды. Жалпы, Еділ-Жайық аймағындағы маңғыттардың Сараймен теке-тірестерінің ашықтан-ашық күшейе түсуі Алтын Ордада Ұлы Мұхаммед (1428-1430 жж.) билік құрған тұста күшейе түсті. Одан соң қысқа мерзімге билік құрған Кіші Мұхаммедтің (1430 ж.) ұлдары Ахмед пен Махмұдтың тұсында және Жошы ұлысының Еділден шығысқа қарайғы өзбектер мен маңғыттар аймағына билік жасаған, кейініректе Жәнібек пен Керей бастаған қазақ сұлтандарының ата жауына айналған Шайбан тұқымы Әбілқайыр ханның (1428-1440 жылдардың соңы) билігі кезінде мүлдем өршіп кетті. 
Айта кетер бір маңызды мәселе, Жошының бесінші баласы Шайбаннан тараған тұқымның Жошының үлкен ұлы Еженнен тараған ұрпақ билейтін Ақ Орда аймағында таққа отыруға ешқандай құқығы жоқ еді. Басқасын былай қойғанда мұның өзі үлкен ұлға билік беретін Шыңғыс ханның «Жасақ» заңын көпе-көрнеу бұрмалау болатын еді. Алайда оңтүстіктен басталған Әмір-Темірдің жорықтары Ақ Орда ұлысын күйретіп, Ежен ұрпақтарының билікке барар жолдарын мүлде кесіп тастады. Мұның өзі Шайбан ұрпақтарының, дәлірек айтар болсақ, Мұхамед Қожа, Әбілқайыр, Жұмадық тәрізді ықпалды тұлғалардың Ақ Орда аймағында таққа таластарын өршітті. Маңғыттар (Бешулы-маңғыт, Исаби-маңғыт, Қара-маңғыт, Шигасан-маңғыт) билеушісі Нұр ад-динұлы Уақастың және оның ықпалындағы өзбек тайпаларының (татар-өзбек, алшын, байұлы, қаңлы-кіштек, құрық-қаңлы, қатаған, керейт, қара қыпшақ, сары қыпшақ, қоңырат, ақбұт-найман, қара найман, кигачлы-найман, кушу-найман, тараклы-найман, урман-найман, қостамғалы-тама, ябы-тама, бағалы-уйшун, телеу, ұйғұр) қолдауымен Әбілқайырды таққа отырғызды. 
Дәл осы уақытта, яғни 1430 жылдардың басында Әбілқайырдың беклербегі Уақас (Еуропа деректерінде Ваккас) Алтын Орданың мұрагері Үлкен Орданың тағының мұрагерлері Махмұд пен Ахмедті талқандап, шығыстағы Ноғай ордасының күшеюіне жол ашты. Оның ұлдары Мұса би мен Жаңбыршы (Ямгурши-мирза) би Жошы ұлысының сол қанатындағы бұрынғы Ақ Орда аймағында Ноғай ордасын орнықтырды. Бірақ Ноғай мырзалары қанша қуатты болса да, Шыңғыс тұқымына жатпайтындықтан, Әбілқайыр хандығын мойындауға мәжбүр болды. Маңғыттардың қолдауымен Әбілқайыр өзінің қарсыласы Мұхамед Қожаның солтүстіктегі астанасы Тара (Тюмень) қаласына басып кіріп, дара билігін орнатты. Бұл мемлекет, негізінен, өзбектер мен маңғыттардан құралғандықтан тарихи әдебиетте кейде «Маңғырт жұрты» немесе «Көшпелі өзбектер ұлысы» деп те аталады. Бірақ Ақ Орда тағының заңды мұрагерлері Жәнібек пен Керей бастаған сұлтандар, негізінен, маңғыт мырзаларының қолдауымен күшпен құрылған Әбілқайыр мемлекетін мойындамады. Сондықтан да олар бастаған тайпалар бұл мемлекет аумағынан көшіп, Моғолстан өңіріндегі, Шу мен Талас өзендері аралығындағы дулат бауырларының атамекеніне қоныстанды. Өздерінің соңдарына түскен Әбілқайыр жорықта опат болған соң, Жәнібек пен Керей Қазақ хандығын құрды. 
ХVІ ғасырдың басында аталған маңғыт билерінің, әсіресе Мұса бидің тәуелсіз саясатының арқасында Ноғай ордасы өзінің аймағы, әскері, әкімшілігі бар дербес саяси құрылымға айналып, енді маңғыт әмірлері тіптен «осы өңірге хан боламын» дегендердің тағдырын шешетін күшке айналды. Мысалы, 1470 жылы олар Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбанидің таққа отыруына тікелей себепкер болды. Мұса би бастаған маңғыт мырзаларын ептілікпен өзінің ықпалында ұстай білген Мұхаммед Шайбани алғашқы қазақ ханы Керейдің және оның ұлы Мұрындықтың ұзақ жылдарға созылған табанды шайқастарының нәтижесінде ығысып, Мәуереннахрға қоныс аударуға мәжбүр болды. ХVІ ғасырда Ноғай ордасының негізін қалаған маңғыттардың едәуір бөлігі Қырым түбегінен солтүстіктегі аймақтарға қоныс аударды. Осында топтасқан маңғыттар Мансұрұлы әулетінің билігін орнықтырды. Маңғыт билерінің ықпалдарын Қазан, Астрахан және Сібір жұрттары да айқын сезінді . Алайда Мұса биден кейін Ноғай ордасының әлсіреу кезеңі басталды. Сарайшықты өзінің резиденциясына айналдырған әз-Жәнібек өзіне қарасты тайпаларды ноғайлар арасынан қазақ арасына көшіріп алды. 1472 жылы Мұрындық ханның тұсында Қасым сұлтан бастаған қазақ әскерлері Ноғай аймағына басып кірді және Мұрындық хан Сарайшықты тағы да өзінің астанасына айналдырды. Ноғайларды қазақтарға қарсы күресте әлсірете түскен, олардың ұзақ жылдар бойы сенімді әріптесіне айналған Мұхамед Шайбанидің Иран шахы Исмайл Сефевидің қолынан қаза табуы болды. Осындай жағдайда 1519 жылдан бастап Қасым хан маңғыттарды бағындыруға біржолата кірісті. Ол Қазақ хандығының батыстағы шекарасын Жайық өзеніне дейін жылжытты. 
2.3     Бірақ мұндай жетістікті одан кейін Қазақ хандығын билеген Тахир қолда ұстап тұра алмады. Оның әлсіздігін пайдаланған Мұса мен Алшағыр бидің балалары Қазақ хандығын Қыпшақ даласынан қайта ығыстырып шығарды. Тахир хан Жетісуға барып тығылды. Мұның өзі Ноғай ордасын қайта күшейтті. Ноғай ордасының айбаты 1530-1540 жылдары барынша артып, ол енді Қазақ хандығын ғана емес, Башқұрт жерін де өзінің ықпалында ұстады. Алайда мұндай өрлеу ұзаққа созыла қойған жоқ. ХVІ ғасырдың орта шенінде ноғай мырзаларының билікке таласқан қырғындары қайта басталды және нәтижесінде Исмайыл жеңіске жетті. Дегенмен де ол енді түрлі топтарға бөлініп кеткен ноғай тайпаларының басын бір мемлекетке біріктіре алған жоқ. Оның қол астындағы жұрт Үлкен Ноғайлы деп аталса, ал солтүстік батыс Кавказда Кіші Ноғайлы жұрты пайда болды. Бұл, шынында да, қуатты Ноғай ордасының бөлшектенуі және күйреуі еді. 
Бір орталыққа бағынудан қол үзіп кеткен ноғайлар көрші жұрттардың аймақтарына бытырай қоныс аударды. Ноғай жұртының орнында енді ұсақ-ұсақ Едисан, Едишкул, Буджақ тәрізді майда ордалар қалды. Ал ноғай көшпелілері болса тағы да, топтасып, қарақалпақ этносын құрады. Ұзақ жылдар қатар өмір сүрген шығыстағы қазақтар да көрші ноғайлардың кейбір этноқұрылымдарын қабылдады. Он сан коғайлардың Алтыұл ұлысының үлгісімен қазақтарда Алты сан Алаш қауымдастығы қалыптасты. Ноғай көсемдерінің бірі – Жаңбыршы бидің жауынгер ұлының Алаш атанғанын да білеміз. Бір бөлігі ноғайларға кірген керейт, тама, телеу тайпалары ноғайлардың едисан (жетісан) тайпалық одағының үлгісімен қазақтың Жетіру одағының қалыптасуына түрткі болды. Қазақ пен ноғайдың рухани жақындығының жарқын көрінісі болған, екі жұртқа ортақ «Ноғайлы жырлары» әлі де талай ұрпақты ерлік пен елдікке тәрбиелей береді.

Информация о работе Туризм және рекреациялық география кафедрасы