Туризм және рекреациялық география кафедрасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 19:21, реферат

Описание

Кешпелі тұрмыс салтын Шыңғыс ханның «Жаса» деп аталатын, жаңа жағдайда бейімделген карапайым күкыктар жиынтығы реттеп отырды. Кейіннен казактың «Жеті жарғы» зандар жинағын жасаганда «Жасаны» да пайдаланған. Мемлекеттіліктің көптеген түрлері де кейіннен Қазакстанда, монғол дәуірінен соңғы кезенде пайда болған мемлекеттерде пайдаланылды. Монғол шапқыншылығы Казақстан аумағындағы этностык процестерге үлкен әсерін тигізді. Дегенмен, Шынғыс хан мен оның ізбасарлары жүргізген соғыстар жаулап алынған елдердің ғана емес, Монғолиянын өзінін де өндіргіш күштерінің кұлдырауына алып келді.

Содержание

КІРІСПЕ
1. Ақ Орда
1.1 Ақ Ордаға жалпы сипаттама
1.2Саяси тарихы,құлдырауы
1.3 Ақ Орда көркем әдебиетте
2. Ноғай Ордасы
2.1 Ноғай ордасының құрылуы,аумағы
2.2 Саяси тарихы.
2.3 Құлдырауы
3. Моғолстан мемлекеті
3.1 Моғолстан мемлекетінің құрылуы,халқы,хандары
3.2 Саяси тарихы
3.3 Ыдырауы
4. Әбілқайыр хандығы
4.1 Әбілқайыр хандығының құрылуы
4.2 Әбілқайыр хандығына жалпы сипаттама
4.3 Хандықтың құдырауы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.docx

— 606.05 Кб (Скачать документ)

       Бұдан кейін  де  Моғол   хандығындағы   билікті   дулат   тайпасының  атақты  әмірлері   Қамар ад –дин  мен    оның  інісі  Шаме  ад – диндер  жүргізген. Қамар  ад –дин  де  өзін тыңдайтын, жас   Тоғылық –Темірдің  соңғы   ұрпағы  Қызыр -  Қожа  оғланды   хан тағына  отырғызып, дулат  тайпасының  әмірлері мен  шонжарларының   жағдайын  жақсартуға   күш  салады.

       Моғол  хандығын  осындай   саяси   бытыраңқылық  жайлап  жатқанда  Мауараннахрдағы  билікті  өз  қолына алып, күшейген  Әмір  Темір  енді Моғолстанды   жаулауға   кіріседі.

       ХІҮ ғасырдың  аяғында   Әмір  Темір  Моғолстан  жеріне  бас    көтертпей, дүркін  –дүркін  жорықтар  жасайды.  Алғашқы  жорығы  1371 – 1372   жылдары   болған. Бұл жорықта   Алмалық  қаласына дейін   жетеді,  бірақ қалаға  кірмейді. Жол  бойындағы   елді  мекендерді  тонап,  халықтың  мал – мүлкін  талан – таражға   ұшыратып,  көптеген  тұтқын  алып  қайтады.  Екінші  жорықта – 1375 – 1377  жылдары  Оңтүстік  Қазақстан   арқылы  жүріп, Жетісудың   Шарын   өзеніне  дейін жетеді. Моғол   ұлысының  басшысы  Қамар ад- динмен шайқасып, аны  жеңеді. Қамар ад – дин Шығыс Түркістанға,  Үш  Тұрфанға   қарай   қашып   құтылады.

       Әмір Темір  Моғолстанға  1380 -1390   жылдары да   бірнеше   рет  жорық  жасаған.Бұл жолғы   жорықтың  жойқындығы  соншалықты,  Әмір Темір  өзінің  балаларының    қолындағы   әскерлермен  қосқанда  120 мың  адаммен  аттанған.

        Сонымен,  Әмір Темір  шабуылдары  әбден  титығына  жеткен  Моғол   хандығы   мүлде  әлсірейді.  Хандық  бірнеше  иеліктерге  бөлініп,  саяси жағынан  бөлшектенеді. Қызыр -Қожа   хан  Темірге   өзінің  тәуелділігін  мойындайды. Моғолстан  Әмір Темір  қаза  болғаннан  кейін  ( 1405  жылы ) ғана  Қызыр – Қожаның   мұрагері  Мұхаммед ханның    кезінде  ( 1408  -1416) тәуелсіздікке   қол жеткізе     бастайды. Моғол ханы  Темір өлгеннен  кейін   оның   әулетінің     ішіндегі    талас – тартысты  пайдаланып     қалады. Мұхаммед  хан Темірдің   немерелері  Ахмед  мырза мен  Ұлықбектің   арасындағы  Ферғана   үшін  таласта  ол   өзінің әскер   күшімен  Ахмед мырзаға    көмектесіп,  жеңіске жеткен еді.  Осы кезден бастап   Моғолстан  өз  тәуелсіздігін     ала   бастаған. Мұхаммед  хан қаза болған  соң,  Моғол хандығының   ішіндегі  талас – тартыс   қайта басталады.  Бұл талас – тартысты   Темірдің  немересі  Ұлықбек    пайдаланып, өзін жақтаушы   Қызыр -Қожаның    немересі  Шер – Мұхаммед тің   хан болуын   қолдайды. Оның  хан тағына  отыруына көмектескен    Ұлықбек  енді  одан өзіне   тәуелді болуын   талап етеді.  Бұған  қарсы болған   Моғол   шонжарлары   Қызыр – Қожаның    екінші бір  немересі   Уәйісті   хан тағына   отырғызады. Бұған   наразы   болған   Ұлықбек  1425 жылы  Моғолстанға  шапқыншылық   жасап, халықты  талан –  таражға  ұшыратып  қайтады. 

        Моғолстандағы жағдай  1428 жылы  Уәйіс хан қайтыс болғаннан  кейін  сол баяғы  бытыраңқы   күйінде  қалады. Хандық  билік  үшін  талас  енді   Уәйіс   ханның  балалары  Жүніс пен  Есен -Бұға   арасында  басталады.  Есен  -бұға  1433 -1462  жылдары хан тағына  отырады. Бірақ Жүніс таласын тоқтатпайды. Тартыс нәтижесінде 1462 жылы  Есен –бұғаның  қаза болуымен  аяқталады. 

 

 Моғолстан  Темірдің  басып кіру  қарсаңында.

     Ілияс  – Қожа  ханның билік  жүргізген   аз ғана    уақыты   шонжарлар   топтарының  оқшаулану   ниетімен  жүргізген  күресіне толы болды.  Моғолстанда  хан  билігі   рулық – тайпалық  үстем   таптың  еркімен  шектелген   тым  әлсіз еді. Хандар  шонжарлар   алдында  іс жүзінде  дәрменсіз  болатын. Бұл  Мауараннахрда   жеңілгеннен  кейінгі  Ілияс  – Қожаның  мысалынан   көрінеді. Ілияс – Қожа  хан билігінің   күйреуі мен  оның өлімінің  нақты  мән- жайы  деректемелерде  тым  қарама- қайшы  келтіріледі.  Әдетте  бұл  жағдайлар  дуғлат  шонжарларының   көрнекті өкілдерінің   бірі  әмір  Қамар  ад –диннің   қарсылығымен  байланыстырылады. Қамар  ад –дин, Мұхаммед  Хайдардың   хабарлауы бойынша, Тоғылық –  Темірдің   хан өлген соң   бірден –ақ  Моғолстандағы   жоғарғы билікті   басып алуға  тырысқан. Мұхаммед  Хайдардың   жазуында, оның ханға  деген   ежелгі  дұшпандығының    себебі  – Тоғылық – Темірдің  оған  моғол  мемлекетінің  әкімшілігіндегі  мұраға   қалып отыратын   ұлыс  бегінің  ( ұлысбегі) жоғары  лауазымын   бермегенлігі. Поладшы  өлгеннен  кейін  Тоғылық –Темірдің   жарлығымен  дуғлаттың   қалған   көсемдерінің ішіндегі  үлкені  Қамар ад –дин емес  Поладшының   жасы әлі  жетпеген мұрагер   баласы    Хұдайдад  ұлысбегі  болып тағайындалды. Тоғылық –  Темірдің  ұлысбегілікті  Қамар   ад –динге  бермеу себебі  ұлыстың   құдіретті  билеушісінің   аузына қараудан  құтылғысы  келген  еді,  мұның өзі  ханның   шонжарлар  сепаратизмімен   күресі  жағдайында   әбден  түсінікті болатын.

        Му ин ад-дин Натанзидің  пікірі  бойынша, Қамар ад –дин  мен  оның  інісі  дуғлат  Шамс  ад- дин әуелі  Ілияс –Қожа   оғланды  хан тағына  отырғызады,бірақ   бір жыл  өткен соң, жаңа  ханның   өзара  қырқысқан   талас – тартысты  тоқтата   алмайтынын  көрген соң, Ілияс  –Қожа  хан  өлгеннен кейін   ғана  Қамар ад –дин бүлік  шығарған. Мұхаммед Хайдардың   айтуынша, Қамар ад –дин   Тоғылық  –Темір  ханның  соңғы  ұрпағы  әлі жас  Қызыр – Қожа  оғланнан   басқа хан  әулетінің   барлық мүшелерін  қырып   салыпты -мыс,  ал Қызыр –  Қожа  оғланды  дуғлат  ұлысбегі  әмір  Хұдайдад  жасырып  алып  қалыпты./16/

        Моғолстанның  феодалдық – тайпалық  ақсүйектерін  бағындыру  Қамар   ад-динге  оңай   іс болмады.  Елде саяси және  шаруашылық  өмірдің  қым –қуат  ала  – сапыраны   басталды./17/

 Ірі тайпалардың   көсемдері ең  жоғары  әкімшілік   қызметтерге  ие болып,  айрықша   артықшылықтарды  пайдаланған   дуғлаттардың  одан әрі  күшеюіне   жол   бергі лері   келмеді.  Алайда  Қамар  ад –дин біраз   уақытқа  болса да  моғол   тайпаларының  едәуір  бөлігін   өзіне  бағындыра  алды.

        Қамар  ад –дин  мен  оның  аға – інілері  тәрізді   дуғлат  шонжарларымен қатар    деректемелер  бұл кезде   Моғолстанда   бірқатар басқа  тайпалар  басшыларының  есімдерін   атайды. Шараф ад –дин Әли  Йазди Моғолстанның  билеуші топтары  ішіндегі бытыраңқылық,  қайшылықтар мен   араздықтар  туралы  жазады. «Жете әмірлерінің   арасында,- деп хабарлайды   ол, - өшпестік  орын алды. Дуғлат  амағынан  шыққан  Қамар ад –дин, Кебек, Темір және  Ширавул біраз  әскермен  аргинуд  Қажыбекке  қарсы  бірікті»./18/

       Моғолстанның  жекелеген  тайпалары   мен ұлыстары  иеліктерінің   шекаралары   жиі  өзгеріп   отырды, жайылымның  жақсысын    алып, олжа түсіруді  көздеген   күрес  жүріп жатты. Бітпейтін   өзара  қырқыстар, күшейе  түскен  езгі халық  бұқарасының   наразылығын   туғызды. Әмір  Темір  әскерінің  басып  кіруі  қарсаңында  жалпы   Моғолстандағы, соның ішінде  Оңтүстік – Шығыс  Қазақстандағы   жағдай  осындай  еді./19/

        Моғолстанның  құрылуы  Қазақстанның  аумағында  этникалық  жағынан   біртектес  мемлекеттік  бірлестіктің  пайда болуы  жолындағы   ілгері  басқан  қадам  болатын,  сонымен қатар  мұның өзі  саяси  жағынан  Жетісудың    түркі тілдес  халқын Қазақстанның  басқа аумағындағы  туысқан   халықтан  уақытша  бөліп   тастады да, қазақ   халқының   қалыптасу  процесіне  салқынын  тигізді. 

      ХҮ  ғасырдың бірінші жартысындағы   Моғолстан.

         Моғолстандағы  ішкі  саяси   жағдайдың    тұрақсыздығы    Орта  Азиядағы  Темір  ұрпақтарының   Оңтүстік – Шығыс  Қазақстанға   көз  тігуін  одан әрі   жалғастыруларына   мүмкіндік   берді. Қызыр – Қожа   ханның   төрт баласы   - Шам и- Жахан, Мұхаммед   оғлан, Шерәлі  және  Шах – Жахан   арасындағы билік   жолындағы  өзара қырқысулары    салдарынан  «уәлаят   құлдырауға   ұшырап, ал адамдары    жан – жаққа   қашып кетті», Моғолстан мемлекеті   бірнеше  бөлікке  ыдырады /20/

Іс жүзіндегі   биліктің  жоқтығын пайдаланған  Темірдің    немересі, Ферғана  билеушісі   Ескендір 1402 -1403 жылдары  шекарадағы   Үш –Фирман, Ақсу қалаларын   тонап алды, содан   соң   тереңдеп ене  түсіп,  Бай, Күш  (Құсан), Тарим, Хотан  қалаларының  төңірегін  талан – таражға   салды. Бұрынғыдай, Темір  кезіндегідей, басып алған жерлерді  адамсыз   қалдыру  әдісі   жүргізілді. Деректемелер    Темір ұрпағының  қыруар   табысқа  кенелгенін  атап  көрсетеді. Ескендір  Қашқарияны    тонағаннан  кейін   Жетісу  жеріне, «Моғолстанның ең  шалғай  шептеріне   дейін», «Алмалық пен  Бесбалыққа дейін»  жеткен. Моғол  билеуші   топтары оған  қарсылық   көрсете  алмады. Ұлысбек  дуғлат  Хұдайдад  әмір   тауға  қашты, ағаларымен  айқаста    мерейі  үстем  болған  жаңа  хан  Шам  и – Жахан да кері шегінді.

       Бұл хан  ( 1399 -1408 жылдар), ал одан  кейін  Мұхаммед   хан  ( 1408- 1416 жылдар) Темірдің   Қытайға   жорығын дайындау   кезінде      басып алған  Моғолстанның   батыс  бөлігін   ( Ашпара, Йанги  – Тараз ауданы) азат  етуге   әрекет  жасады. Өздерінің  саяси  және  әскери  жағдайларын бірте  – бірте  нығайтып алған   бұл хандар   ( Му ин ад  –дин Натанзидің   мағлұматтарына  қарағанда   бұлардың алғашқысының   қарамағындағы халық   тоқсан  түменге, яғни  900 мың адамға   жеткен) өз кезектерінде   Темір  әулеті   мемлекетінің өзара    алауыздық  күресіне   араласып отырған, дәлірек  айтқанда, Түркістан қамалдары   мен  Таласқа  ( Йан-ги –Тараз  және  Ашпара ) бекінген  Темір әулетінен  шыққан бүлікшіл    әмірлерге  әскери    көмек көрсеткен. Өзара жасасқан  бейбіт   бітім    шарттарына сәйкес  басып алған   аймақтарынан  кете қоймаған  Хұдайдад  Хұсайниді  1408- 1409  жылдар  шамасындағы   моғолдар  өлтірді   де,   Янги  ( Тараз) бен  Сайрам   тағы да    екі  жылға тарта   Темір    әулетінің   мирасқоры  атағы  мен міндеттерін  мойнына  алған  Хұдайдад  ұлы  Әбділхалықтың   қолында  болды.

        1411  жылға дейін  басып алған   жерлерінде   билік жүргізген   және  Шахрух   пен  Ұлықбектің  жоғарғы  өкіметіне  мойын  ұсынбаған   Шайх   Нұр ад  – дин   Қыпшаққа  байланысты   Жошы  әулетінің   түрік ақсүйектерімен   туыстық  қатынасын ашып  беретін  өте  қызықты  дерек  бар.  Мырза Хайдар  мынадай   дерек  береді: Өз ағасы  Шер – Мұхаммедпен  ( 1418 -1425 жылдары  Моғолстан   ханы) күрес   жүргізген, таққа   үтіткер  моғол  Уәйіс хан   оғдан  Түркістандағы  Шайх  Нұр ад – динге  қашып  келеді. Шайх  Нұр ад –дин    Қыпшақ   Уәйіс    оғланға   қызы   Дәулет – Сұлтан  Саканджиді   (  болашақта  Жүніс  ханның  шешесі ) тұрмысқа  беріп, оның  Моғолстан    тағы  жолындағы   күресіне   көмек   көрсетті. Өз кезегінде   тіпті  бұған   дейін  Шайх Нұр ад- дин Моғолстан   билеушісі  Мұхаммед  ханнан  көмек   алған  болатын. 

        1411  ж. Темір   әулетінің   Янги ( Тараз) мен Сайрамдағы   мирасқоры  Әбділхалық   өлісімен  Мұхаммед  хан  әскерімен   осы   өңірге енеді. 

       Мұхаммед ханның  тұсында  Моғолстан   іс жүзінде  Темір  әулетіне  тәуелді  болған  жоқ./21/

Сәтті   жүргізілген  сыртқы  саясат  ішкі  саяси  жағдайды   белгілі  дәрежеде    нығайта  түсті, феодалдық   қырқысулар   азая   түсті.

      Мұхаммед хан  кейін  Моғолстанда   бүліктер  мен  өзара    дау – дамай   қайта өрбіп,  мұны  Мауараннахр   билеушілері   дереу   пайдалана  қойды. 1414 ж. Қашқария   қайтадан  Темір  әулетінің   иелігіне   көшті.  Ұлықбек  20 –жылдарда   Моғолстанның  өз ішінде, яғни   Жетісу  жерлерінде, Солтүстік   Тянь –Шаньда    Темір әулетінің    ықпалын   кеңейту       қадамдарын   жасады. Мұның  ең басты әдісі  - өзара алауыздық   қырқысуларға   араласу, өздері  қойған  адамдарға   қолұшын беру.

       1418 – 1421  жылдары   Моғолстанда   өкімет  билігі  Уәйіс ханның  қолында   болды. Моғол тағынан   екінші бір  үміткер   Шер  – Мұхаммедтің  өтініші   бойынша  1421 ж. маусымда  Ұлықбектің     өзі   Моғолстанға   жорыққа   аттанды, бірақ әзірге  Моғолстанға   өзара   қырқыстарға    араласуға   бас  тіккісі келмей,  Қарабұлаққа   дейін  жетті де,  кері қайтты. Бұл елдегі   өзара алаауыздық   қақтығыстарға   сипаттама   беру   тұрғысынан   Хафиз-и   Абрудың  Темір ұрпағы   Шапхрух   елшілігінің   Моғол  жері  арқылы  Қытайға   барған жолын   баяндайтын әңгімесі   көңіл   аудартады. Егіншілік  солтүстік   жолмен, яғни  Оңтүстік – Шығыс Қазақстан арқылы    Ташкен т – Сайрам – Ашпара –«моғол  елі», яғни Моғолстан   арқылы   жүрді. «Уәйіс  хан  ( Вайс хан) Шер – Мұхаммед  оғланға   қарсы соғыс ашты, ұлыс алауыздық   жағдайда » деген хабар алдық. Елшілер  Белгіті   мекеніне   соқпай   өтіп, бектердің  бірі,   Мұхамамед  бектің  жеке   иелігіне   жетті. Деректемеде   оны   «ұлыс хакімі», ұлан – ғайыр  иелікті    билеуші деп  атайды. Күнгір  өзенінен  өткен соң, Жұлдызға    келіп, одан әрі    «Шер  - Бахрам еліне», әрі қарай   «бүкіл   Моғолстан     арқылы  Турфанға» барады. Елшілер  Қытайдан  қайтар жолда   тоқтамай отырған    өзара бақталастық  қақтығысулардың   салдарынан    «Моғолстан   жолдары   тынышсыздану    болғаны   себепті» оңтүстік  бағытпен: Хотан – Қашқар - Әндіжан арқылы  жүргенді   жөн   көрді.

       Ұлықбектің  көмегіне   сүйенген  Шер- Мұхаммед   1421  ж. елде  билікті   өз қолына алды. Моғол  әмірлері   мен  бектерінің   бір тобы   оны    қолдаса,  енді бір тобы   Уәйіс хан   жағында қаллды. Шер – Мұхаммед   Моғолстан ханы   болғаннан  кейін   Ұлықбекке бағынуды  қойды, бұл  1425  ж.  Темір   әулетінің    Моғолстанға   жорыққа    аттануына  себеп  болды. 

       Темір әулетінің    ХҮ ғасырдың  1 –ші   жартысында   Оңтүстік  және   Оңтүстік – Шығыс   Қазақстан   аумағына байланысты   ұстаған   саясаты   осы аймақтар  «көшпелілердің      шапқыншылықтарына    тойтарыс беруден»  гөрі осы  аумақтарға   шабуыл жасау   бағытында болды.  Темір әулеті   Түркістан қалаларын    басып  алды. Жоғарыда атап өткен    Барақ   ханның   Ақ Орданың  бұрынғы астанасы    Сығанақ  қаласының  қай тару бағытында   талаптары  1427 ж.  Ұлықбектің   Ақ  Ордаға қарсы    жорығына себеп болды.

       Жорық  алдында  Темір   әулиетінің  әскерлері  Сайрам , Отырар, Сауран, Янги –Тараз  қалаларымен   қоса  Оңтүстік -  Шығыс  Қазақстан   аудандарын  басып  алды./24/.

   Жекелеген   жасақтарының  құрамы  20 мың   адамнан  құралған  қалың  80 -100  мыңдық  әскер  жолы  әуелі   Оңтүстік  Қазақстанды  басып   өтті . Ұлықбек  әскерінің  сол   қанаты  қыста  Отырар  мен   оның  төңірегінде  орналасты./25/    

Информация о работе Туризм және рекреациялық география кафедрасы