Кылмыс істерін тергеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 20:20, дипломная работа

Описание

Соңғы жылдардағы әлеуметтік-саяси және экономикалық өзгерістер заңдарды батыл түрде өзгерту қажеттігін туғызды. Ұлттық құқықты қалыптастыру жағдайында социалистік түсініктегі категориялар мен институттардың және олардың осы заманға лайық мазмұнмен толығуының арасындағы қарама-қайшылық анық көзге түсе бастады.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................………….2

1-тарау. Қылмыстық істі бастапқы тергеу
1.1. Оқиға жерін қарастыру……………………………………………..………..…5
1.2. Оқиға болған жердің түсінігі………………………………………..………...13
1.3. Оқиға болған жерде криминалистикалық зерттеудің түсінігі………….….17

2-тарау Қылмыстық істі бастапқы тергеудегі сезікті түсінігі
және жауап алу
2.1. Бастапқы тергеу ұғымы, сезікті түсінігі және сезіктіден жауап алу…….…19
2.2. Бастапқы тергеудегі сезікті түсінігі және оның құқықтары………22
2.3. Қылмыстық істегі бастапқы тергеуде сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу……………………………………………………….……………………28

3- тарау. Кылмыстық іс жүргізу сатыларының жалпы сипаттамасы
3.1. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының түсінігі.......................…….………….32
3.2. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының түрлері және олардың мақсаттары ……………………………….......……………………………………33

4- Тарау. Қылмыстық іс қозғау және алдын-ала тергеу жүргізу сатысы
4.1. Қылмыстық іс қозғау және оның негіздері.......................…………………...35
4.2. Алдын-ала тергеу жүргізу тәртібі және оны жүргізу барысындағы
алдын-ала тергеу амалдары.................……………………………………..…….39

5- Тарау. Бірінші сатыдағы сотта, аппеляциялық және қадағалау
сатысындағы іс жүргізу.
5.1. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі және сот тергеуі………………...45
5.2. Аппеляциялық сатыдағы іс жүргізу............................…...………………..…49
5.3. Қадағалау сатысындағы іс жүргізу..............................……………………….50

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................……………….64

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................…………

Работа состоит из  1 файл

Кылмыс ис баст тергеу ЮКГУ.doc

— 592.50 Кб (Скачать документ)

Жауап алу хаттамасы ңолмен, машинка жазбасымен немесе компьютер арқылы жасалуы мүмкін. Жауап алу хаттамасын толың болуын қамтамасыз ету үшін, стенографиялау, киноға түсіруі, дыбыс және бейнежазба қолданылуы мүмкін. Бүндай жагдайда, техникалың ңүралдарын қайсысы   қолданылатына              жөнінде      сезікті      хабардар етілуге тиіс және алынған материалдар іске тіркеліп, бірге сақталуы қажет.

Дыбыс және бейнежазба жауап алудың барысын толығымен бейнелеуге және жауап алынатын адамдардың айғақтарын толық қамтуға тиіс. Жауап алу барысында бір бөлігін дыбыс және бейнежазбаға түсіріп-, оны жазып алу үшін қайта қайталауға жол берілмеуі тиіс.

Сонымен қатар дыбысжәне бейнежазба қолданылған жауап алу барысында алынған айғақтар жауап алу хаттамасына енгізіледі. Жауап алу хаттамасына дыбыс жөне бейнежазба колданылғаны және оның қолданылатыны жөнінде сезіктіге хабарланғаны, тоқтатылған жағдайда, оның себептері, сезіктіге дыбыс немесе бейнежазбаны- тыңдағаны жайлы мәлімдемесі, толықтыру енгізгендері, яғни барлық көрсетілуі тиіс. Дыбыс және бейнежазба таспалары қылмысты іспен бірге сақталады және алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін, мөрмен бекітілуі тиіс. Жауап алу аяқталғаннан кейін хаттама оқып шығу үшін сезіктіге және оның қарғаушысы, заңды өкілдеріне ұсынылады немесе дауыстап оқылады. Жауап алу хаттамасының дүрыс жазылғандығын сезіті жөне қатысушылар қолдарын қою арқылы куәландырады. Сезіктінің қолы жауап алу хаттамасыңың  барлық  бетінің  соңына қойылуы  қажет.

Егер, сезікті тән кемістігіне байанысты болмаса басқалай себептерімен өзі қоя алмайтын болса, онда оның қорғаушысы және сенімді өкіліне ңол қойдыртып, бүл туралы хаттамада көрсету  қажет.

Егер, жауап алуға аудармашы ңатысатын болса, ол да хаттаманың барлық бетіне қолын қояды және хаттаманың аяғында қол қояды. Сонымен қатар аударылған хаттама көшірмесіне  де қол  қойып  бекітеді.

Хаттамада жауап алуға қатысқан барлық адамдар көрсетіліп, олардың барлығы да қол қойып куәландырады.

Сезіктіден жауап алу басталар алдында тергеуші оның кандай сезікпен келтірілгендігі туралы хабарлайды және аиғақ  беруден  бас тартуға  қүқығы  бар   екендігін  түсіндіреді.

Егер сезікті қылмыс жасады деген сезікпен ұсталынған болса немесе оған бүлтартпау шаралары қолданылған болса, міндетті түрде қорғаушының қатысуымен жауап алынуы тиіс. Егер тез арада қорғаушының қатысуы мүмкіншілігі жоқ болатын болса, тергеуші сезікті үсталғаннан немесе күзетпен қамауға алынғаннан бастап 24 сағаттың ішінде қорғаушымен қамтамассыз етуге тиіс және жауап алу уақатын соған шегеруі керек, яғни бүндай жағдайда 24 сағаттың ішінде жауап алынуы   керек. /10.76/.

Жалпы сезіктіден жауап алу мүмкіншілігі тек өзі жауап беруге келісім берген жағдайда ғана болады, ал жауап беруден бас тартатын болса, ол өзінің заңды қүқығын пайдаланғаны себепті   жауап  алу  мүмкіншілігі   болмайды.

Сезіктіден жауап алғанда қылмыс оқиғаға байланысты мынандай жағдай - анықталуға жатады: қылмыстың болған уақыты, оның орны, жасалуы тәсілі, қылмысты кімдермен бірге жасағаны, оған қанша адамның қатысқаны, оның өсеріне Қандай зардабтың келгені, оның сипаты мен мөлшері және тағьі да басқа дөлелденуге жататын мән - жайлар, яғни Қьілмьіс  оқиғасына  байланысты  деректер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3- тарау. Кылмыстық іс жүргізу сатыларының жалпы сипаттамасы

 

3.1.           Қылмыстық іс жүргізу сатыларының түсінігі

 

Қылмыс болып, оның нәтижесінде қылмыстық іс қоғалса, тергелсе, қылмыскер анықталып ұсталса, ол іс сотта қаралып – қылмыскерге жаза тағайындалып, сот шешімі орындалса не болсмаса болмаса шағымдалса, тағы бір жаңадан ашылған мән жағдайларға байланысты іс қайта тергеу және осы айтылып өтілген шаралардың заңдылыққа сай өтуін қадағалау сияқты шараларды қылмыстық іс жүргізу сатыларына жатқызуға болады. Олай дегеніміз қылмыстық іс жүргізудің әр сатысында әр түрлі мәселелер шешіледі.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің ерекше бөлімінде  қылмыстық іс жүргізу сатылары толық көрсетілген.

Осы негіздерге сұйене отырып қылмыстық іс жүргізу саталарына түсініктеме берейік.

Қылмыстық іс жүргізу сатылары деп қылмыс болып, ол туралы хабар түскен уақыттан басталын, қылмыскер істеген қылмысы үшін жазасын алып оны өтегенше созылатын уақыт және осы уақыт ішінде өткізілетін процессуалдық әрекеттер.

Процессуалдық әрекеттердің мақсаттарына қарай қылмыстық іс жүргізуде сегіз сатыны ажыратуға болады, олардың алтауын негізгі, ал қалған екеуін қосымша деп атауға да болады. Олай атау себебіміз, қылмыстық істердің қөбісі алдыңғы алты сатының барлығын өтеді. Қалған екі саты: жаңадан ашылған мән-жайлармен және кәмелетке толмағандардың қылмыстық істерімен байланысты.

Қылмыстық іс жүргізу сатылары:

1.      Қылмыстық іс қозғау;

2.      Қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу өткізу;

3.      Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылаудың өтуі;

4.      Апелляциялық сатыда іс жүргізу;

5.      Қадағалау сатысында іс жүргізу;

6.      Соттың шешімін орындау сатысында іс жүргізу;

7.      Жаңадан ашылған мән жайлар бойынша қылмыстық іс жүргізуді  жаңадан өндіру (жалғастыру);

8.      Кәмелетке толмағандардың қылмыстық ісі бойынша іс жүргізу.

Бір қылмыстық іс жүргізу барысында барлық негізгі сатылар қайталанып отырылуы міндетті шарт емес. Кейбір жағдайларда, бір іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу өткізілу барысында іс басқа істермен біріктірілуі (ҚІЖК, 48-бап), бөлектенуі (ҚІЖК, 49-бап), тоқтата тұрылуы (ҚІЖК, 50-бап),  қысқартылып кетуі мүмкін (ҚІЖК, 51-бап). Оның себептері мен негіздері әр түрлі болады. Мысалы: алдын-ала тергеу барысында шардап шеккен адаммен зардап түсірген адамның татуласып кетуі себебінен іс қысқартылып кетуі мүмкін.         

              Бұл сатылар енді өзгеріске түспейде деп ойлау қате ой деп санаймыз. Өйткені уақыт талабтарына сай жаңадан қылмыстық іс жүргізудің құрылымы, немесе процеске қатысушылар өзгерсе, тағы басқа қылмыстық істі құрайтын элементтердің өзгеруіне байланысты, кейбір сатылардың керегі жоқ болуы немесе жаңадан тағы бір сатылардың тайда болуы мүмкін деп ойлаймыз.   

 

 

 

 

3.2. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының түрлері және

олардың мақсаттары

 

 

Қылмыстық іс жүргізу сатыларын жоғарыда атап шықттық. Енді осы сатыларға қысқаша мінездіме беріп олардың өз алдарына қойған мақсаттарымен танысып шығайық.

Бірінші саты, қылмыстық іс қозғау (ҚІЖК, 23-тарау) – бұл сатыда қылмыстың болғанын не болмағанын тексеріп, керек болса қылмыстық іс қозғалмай жатып, оқиға болған жерді қарау және сараптама тағайындау тергеу әрекетерін өткізіп солардың берген қорытындысына сүйене отырып қылмыстық істің қозғауын не қозғамауы шешіледі.

Қылмыстық іс жүргізу кодекісінде, қылмыстық іс қозғауға анықтама берілмеудің салдарынан, құқықтардың нормаларын оларға берілетін түсініктердің, олардың қолданылуын әркім әртүрлі түсінеді.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің  7-баптың,  27-бөлімінде «істі өндіру» мағынасына бір қылмыстық іс бойынша қылмыстық іс қозғау барысында, сотқа дейіндгі дайындықта, сот талдауында және сот каулысын (шешімдерін) орындау барысында өткізілетін  процессуалдың әрекеттерінің және шешімдердің қосындысы жатады.

Соныменен, қылмыстық іс қозғау барлық уақытта ең бірінші және міндетті саты болып табылады. Қылмытсық іс қозғалмай алдын ала тергеу жүргізілмейді.

Бұл сатыда қылмыстық қудалау функциясын орындайтын мемлекеттік органдар мен лауызымды тұлғалар қылмыс туралы хабар алып, оны тексеріп, іс бойынша қылмыстық іс қоғауын шешеді.

Қылмыстық іс қозғау негіздері мен себептері ҚІЖК 177-бабында көрсетілгендей:

1.      Азаматтардың арызы;

2.      Кінясін мойындап келу;

3.      Басқару функциясын орындап отырған мемлекеттік органдар және лауазымды адамдардың хабарлары бойынша;

4.      Информациалық құралдардың хабарлары бойынша;

5.      Қылмыстық іс қозғауға құқықылы органдармен лауазымды адамдардың қылмыстың іздері табу.

Екінші саты, алдын ала тергеу жүргізу (ЌІЖЌ, 24-тарау) - бұл кезеңде, қозғалған қылмыстық іс бойынша анықтауға жататын мән жайлар анықталып, керекті деректер, дәлелдемелер жиналып қылмыскердің кінәсі мойнына тағылады.

Т.Е.Сарсенбаев пен А.Л. Хан атап кљрсеткендей, ЌІЖК-нде көрсетілген ортаќ шарттар – «олар барлыќ ќылмыстыќ ізге тусу органдары ушін біріңғай жэне міндетті тэртіпті реттейтін, істің әділ жүргізілуінің кепілдігін және азаматтардыњ зањды мудделерініњ саќталуын ќамтамасыз ететін талаптар болып табылады»[1].

Жалпы шарттар ќарастырылатын сатыда туындайтын ќұќыќ ќатынастарының мынадай жаќтарын реттуге жатады:

А) алдын-ала тергеу жургізуге ќұќылы ќылмыстыќ ізге түсу органдары: Ұлттыќ ќауіпсіздік комитеті, ішкі істер органдары, ќаржы полициясы;

Б) барлыќ ќылмыстыќ істер бойынша алдын-ала тергеу ісін жургізудің міндеттілігі;

В) ЌІЖК-нде белгіленген тергеу реттілігін саќтау;

Г) алдын ала тергеу жургізудің басталуы және аяќталуы;

Д) алдын ала тергеудің басталуы жэне аяќталуы;

Е) алдын ала тергеу жургізілетін жер;

Ж) алды ала тергеу мерзімі;

З) алдын ала тергеу ісін жургізудің ұйымдыќ нысандары;

И) алды ала тергеу жургізудің  барысында іс жургізу жэне ведомстволыќ баќылау жасау;

К) аныќтау органдарныњ алдын ала тергеу жургізу процесіндегі ќызметі;

Л) тергеу іс-әрекеттерін жүргізудің жалпы ережелері және олардың хаттамасы;

М) алдын-ала тергеу жургізудің ќұпиясы.

Бұл  сатыныњ мањызын асыра бағалауға болмайды. Заңды негіздер аныќталғанда ќылмыстыќ іс ќылмыстыќ іс жүргізу сатылардың кез келгеніне сатысында тоќтатылуы мумкін.

Зањда алдын ала тергеудіњ екі турі бекітілген, ол алдын-ала тергеу және  аныќтау. Осыған байланысты В.С.Чистяковтыњ «Алдын ала тергеп-тексеру алдын ала тергеу немесе аныќтау органдарымен жузеге асырылады. Тергеуді – тергеу органы, тергеуші, ал аныќтауды – аныќтау органы, аныќтаушы жургізеді. Алдын ала тергеу сатысында осы органдардың өзара әрекет етуі арќылы бірлесе жұмыс жургізу жолымен де жузеге асырылуы мумкін».[2] Тергеп тексерудіњ сапасы осы органдардыњ эрекет ету жылдамдыѓына байланысты болады.

Үшінші саты, істі басты сотта талқылау – бұл сатыда, сот қылмыстық істі өз құзіретіне алып, онымен танысын, басты сот талқылауын өткізеді, осы әрекеттердің нәтижесі бойынша сотталушының қылмыс жасауда кінәлі немесе кінәлі еместіген анықтайды.

 

 

 

 

 

 

              4– тарау.  Қылмыстық іс қозғау және алдын-ала тергеу жүргізу сатысы

4.1. Қылмыстық іс қозғау және оның негіздері

Алдын ала тергеу жүргізу Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу заңдарымен реттеліп отырады. Қылмыстық с жүргізу заңдарына Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтары, Қазақстан Республипкасының қылмыстық іс жүргізу кодексі және де басқа қылмыстық іс жүргізуге қатысы бар заңдар жатады.

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабындағы берілген анықтамаға сәйкес "қылмыстық іс" дегеніміз жасалды деп жорамалданған бір немесе бірнеше қылмыстар бойынша қылмыстық ізге түсу органы мен сот жүргізетін оқшауландырылған іс жүргізуді айтамыз, ал "қылмыстық іс жүргізу" деп - қылмыстық істі козғау, сотқа дейінгі дайындау, сотта талқылау және соттың үкімін (каулысын) орындау барысында нақты қылмыстық іс бойынша жүзеге асырылатын іс жүргізу әрекеттері мен шешімдерінің жиынтығы, яғни қылмыстық іс қозғалғаннан бастап оны мәні бойынша карау үшін сотқа жолдағанға дейін қылмыстық іс бойынша іс жүргізу (анықтау және алдын ала тергеу), сондай-ақ қылмыстық іс бойынша жеке айыптаушы мен қорғау тарабының материалдарын дайындау - деп түсіну қажет. (7. 6 б.)

Сонымен қатар осы анықтамага сәйкес "қылмыстық ізге түсу органдары" деп прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеуші, анықтау органы, аныктаушыны айтуымыз қажет, ал жалпы қылмыстық ізге түсу, яғни айыптау деп - қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетпен оны жасаган адамды; соңғысының кінәлілігін анықау мақсатында, сондай-ақ мүндай адамга жаза немесе өзге де қылмыстық-қүқықтық ықпал ету шараларын қолдауды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметін айтамыз. (7.5 б.)

Қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу амалдарын жүргізу үшін міндетті түрде қылмыстық іс қозғалуға тиіс. Алдын ала тергеу жүргізу кылмыстық іс жүргізудің алғашқы сатысы болып танылады. Қылмыстық істі қозғау үшін оған заңмен көрсетілген негіздер болуы қажет:

1) Азаматтардың қылмыс туралы арызы.

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес азаматтар болған қылмыс жайлы жазбаша немесе ауызша түрде қүқық қорғау органдарына арыз беруге қүқықты. Арыз беруші адам жазбаша түрде жазатын 5олса, оның астына қойылган қолы болуы қажет, сонымен қатар тұратын жері, жүмыс орны, туған жылы сияқты анықтамаларын көрсету тиіс. Кейбір жағдайларды, азаматтар түрлі себептермен арызды ауызша түрде беруі мүмкін. Мүндай жағдайларды, қүқық қорғау органының қызметкері, мысалы тергеуші немесе анықтаушы алдын ала терге барысында қабылдайтын болса, сол жасалынып жатқан тиісті тергеу іс-әрекетінің хаттамасына кіргізу қажет. Бұндай жағдай сот отырысының үстінде болатын болса, сот хаттамасының ішіне кіргізілуі қажет.

Информация о работе Кылмыс істерін тергеу