Кылмыс істерін тергеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 20:20, дипломная работа

Описание

Соңғы жылдардағы әлеуметтік-саяси және экономикалық өзгерістер заңдарды батыл түрде өзгерту қажеттігін туғызды. Ұлттық құқықты қалыптастыру жағдайында социалистік түсініктегі категориялар мен институттардың және олардың осы заманға лайық мазмұнмен толығуының арасындағы қарама-қайшылық анық көзге түсе бастады.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................………….2

1-тарау. Қылмыстық істі бастапқы тергеу
1.1. Оқиға жерін қарастыру……………………………………………..………..…5
1.2. Оқиға болған жердің түсінігі………………………………………..………...13
1.3. Оқиға болған жерде криминалистикалық зерттеудің түсінігі………….….17

2-тарау Қылмыстық істі бастапқы тергеудегі сезікті түсінігі
және жауап алу
2.1. Бастапқы тергеу ұғымы, сезікті түсінігі және сезіктіден жауап алу…….…19
2.2. Бастапқы тергеудегі сезікті түсінігі және оның құқықтары………22
2.3. Қылмыстық істегі бастапқы тергеуде сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу……………………………………………………….……………………28

3- тарау. Кылмыстық іс жүргізу сатыларының жалпы сипаттамасы
3.1. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының түсінігі.......................…….………….32
3.2. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының түрлері және олардың мақсаттары ……………………………….......……………………………………33

4- Тарау. Қылмыстық іс қозғау және алдын-ала тергеу жүргізу сатысы
4.1. Қылмыстық іс қозғау және оның негіздері.......................…………………...35
4.2. Алдын-ала тергеу жүргізу тәртібі және оны жүргізу барысындағы
алдын-ала тергеу амалдары.................……………………………………..…….39

5- Тарау. Бірінші сатыдағы сотта, аппеляциялық және қадағалау
сатысындағы іс жүргізу.
5.1. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі және сот тергеуі………………...45
5.2. Аппеляциялық сатыдағы іс жүргізу............................…...………………..…49
5.3. Қадағалау сатысындағы іс жүргізу..............................……………………….50

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................……………….64

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................…………

Работа состоит из  1 файл

Кылмыс ис баст тергеу ЮКГУ.doc

— 592.50 Кб (Скачать документ)

Алдын ала тергеу сот отырысында болмайтын болса, ауызша арналған жағдайда жеке хаттама толтырылуға тиіс. Бұл жеке хаттамада, ауызша арыз берушінің аты-жөні, түратын жері, жүмыс орны, сондай-ақ оның жеке бас куәлландыратын құжаттары болуға тиіс. Арызға оны беруші және қабылдаған лауазымды адам қол қоюға тиіс.

Қылмыс туралы берілген "домалақ" арыздар алдын-ала тексергеннен кейін ғана, онда қылмысты істі қозғауға негіз болған жағдайда гана қозғалуы мүмкін, яғни "домалақ" арыз бойынша бірден қылмыстық іс қозғалмайды.

2) Қылмыстық істі қозғаудың тағы бір негізі "өз кінәсін мойындап келу" болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінде берілген анықтамаға сәйкес "кінәсін мойындап келу" деп адамның оған қатысты әлі күмән келтірілмегенде немесе аталған қылмысты жасағанына айып тағылмаған жағдайда өзі жасаған қылмыс туралы ерікті түрде мәлімдеуін айтамыз. (7. 80. б.)

Кінәсын мойындап келу мәлімдемесі ауызша түрде немесе жазбаша түрде болуы мүмкін және ол қылмыстық іс жүргізуші органға берілуге тиіс. Ауызша мәлімдеме жасаған жагдайда ол туралы хаттама жасалынып, оны беруші және қабылдап алушы адам қол қоюға тиіс. Кейбір жағдайларда, кінәсын мойындап келуші адам қылмысқа қатысқан басқа адамдар жайлы мәлімет беретін болса, онда ол әдейі жалған хабар бергені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны ескертіліп, ескертілгені жайлы қол қоюы қажет.

Қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін кінәсын мойындап келуімен қатар, басқа да оны айыптайтын дәлелдер жинауға тиіс. Сондай жағдайды ғана оны қылмыстық жауаптылыққа тартуға болады, ал тек қана өзінің кінәсын мойындап келу бойынша, басқа дәлелдер болмаған жағдайда қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.

1993 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы Арыс қаласында өз үйінде балталап кескілеп өлтірілген ерлі зайыпты, 75 жастағы "А" және 72 жастағы "С"-ның мәйіттері табылған. Олар өздерінен бөлек бүрын есірткі қылмысы үшін сотты болған үлкен баласы "Б"-мен бірге түратын болған. Оқиға болған күні баласы үйінде болмаған. Бүл қылмыс бойынша алдын ала тергеу барысында күдіктілер қатарында олардың баласы "Б"-да болып, көптеген жүмыстар жүргізілген. "Б" - өзінің қылмысқа қатысы жоқ екендігін көрсетіп

отырган. Ешқандай дәлелдер табылмағандықтан және айыпталатын адам аныкталғамандықтан қылмыстық іс ашылмай тоқтамага адынған. "Б" тағы да есірткі қылмысымен сотталып кеткен.

1998 жылы Арыс қалалық ішкі істер бөліміне әке-шешісін өзінің өлтіргені жайлы айтып, "Б" өзінің кінәсын мойындап келген. Өзінің мәлімдемесінде ол кару ретінде қолданған балтаны сол жақын маңындағы туәлетке тастағанын көрсеткен. Осыдан соң, қылмыстық іс қайта өндіріске алынып, алдын ала тергеу амалдары жүргізілген, бірақ "Б"-ның айтқандарының барлығы дәлелденбеген, ешқандай қару немесе басқа куә, дәлелдер табылмаған. Сот-психиатриялық экспертиза оның жүйке ауруына шалдыққандығы жөнінде қорытынды берген және ол соңғы кездерде басталғандығы туралы мәлімет берген. Барлық тергеу амалдары және іздестіру шаралары жүргізіліп, ешқандай дәлелдер табылмаған себептен "Б"-ға қарсы қылмыстық қудалау қысқартылған. Осылайша, кінәсын мойындап келу жағдайлары болған ол жан-жақты тексерілуге жатады және ол сол кінәсын мойындағаны бойынша қылмыстық жауптылыққа тартылуға жатпайды, яғни тағы да қосымша дәлелдер жинауға тиіс.

3)              қылмыстық   іс   қозғаудың   тағы   бір   негізі   болатын   жағдай,   ол "Мемлекеттік    органның    лауазымды    адамның    немесе    ұйымда    басқару функцияларын атқаратын адам болған қылмыстық оқиға жайлы" хабарлау жатады.

Өзінің мазмүнына қарағанда бүл жеке мүлік егесінің жазган арызы сияқты, өйткені мекеме басшысы сол үйымның басшысы ретінде барлық жағдайда жауапты болып саналады. Мекеме басшысының хабарламасы жазбаша түрде жасалуы қажет және хабарламага ол қылмысты растайтын қүжаттар қоса тірклуі қажет.

4)              Қылмыстық    іс    қозғау негіздерінің  бірі  "Бүқаралық    ақпарат
құралдарындағы жарияланған хабарлар" да жатады.

Бүқаралық ақпарат қүралы деп газет, журнал, радио немесе телевиденияда таратылған хабарламаларды айтамыз. Осындай басылымдарды немесе телерадиодағы хабарлар қылмыстық іс қозғауға негіз болады. Басылымдарда немесе телерадиода қылмыс туралы хабарлар таратылған жағдайларда, ол бүқаралық ақпарат қүраладарын басқарып отырған адамдар, тергеу органдарының талабы бойынша, өздері жариялауға негіз болған мәліметтерді, қүжаттарды тергеу органдарына беруге міндетті және осы мәліметтерді берген адамның атын атауга да міндетті екендігін ескеруіміз шарт. Кейбір жағдайларда, бүқаралық ақпарат қүралдарының басқару функциясын жүзеге асырушы адам, міліметтерді, қүжаттарды бере отырып, оны берген адамды немесе ақпарат көзін қүпия үстауға шарт жасасып беруге қүқылы.

Сонғы кездегі осыған мысалды алатын болсақ, "КТК" телеканалынан көрсетілген жазаны өтеу колониясындағы орган қызметкерлерінің сотталушыларды себепсіз үрып-соғатындыгы жайлы келенсіз хабар. Осы оқиға

көрсетілісімен қылмыстық іс қозғалып, кінәлы адамдарды қамауға алынғандығы, алдын ала тергеу жүргізіліп жатқандығы туралы хабарланды.

5) Қылмыстық іс қозғауға негіз болатын жағдайлардың бірі "кылмыстық істі қозғауға құқық берілген лауазымды адамдардың және органдардың қылмыс туралы тікелей мәліметтері" - болып табылады.

Қылмыстық іс қозғауға құқық берілген адамдарға прокурор, тергеуші, аныктама органы қызметкерлері жатады. Егер, сот қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істерін талқылау барысында қылмыс белгілерін байқайтын болса, ол туралы жеке қаулы шығарып прокурорға хабарлауға міндетті болып табылады.

Қылмыс туралы мәліметтердің тікелей анықталуы деп, тергеуші немесе анықтаушы қылмыстық ісіт жүргізу барысында басқа бір қылмыс туралы мәліметтер алатын болса немесе өздерінің кыземттік міндеттерін атқару кезінде жасалған қылмыстың ізін, салдарын байқайтын болса немесе тікелей қорған болса, одан бөлек прокурордың заңдарды қадағалау барысындағы қызмет кезінде қылмыс туралы мәлімметтер алуын айтамыз.

Құқық қорғау органын қызметкерлері қылмыс туралы хабар алғанда ол арызды тиісті кітапқа тіркеп, оның тіркелгендігі жайлы құжатты арыз берушіге міндетті. Арызды алудан негізсіз бас тартқан жағдайда, арыз иесі бұл туралы прокурорға немесе сот орындарына шағымдануға құқылы.

Егер, қылмыс туралы арыз немесе хабар сот орынан түсетін болса, ол міндетті түрде прокурорга жіберілуге тиісті. Бұл жерде жеке айыптау істері болатын болса, сот орындары қарайтынын ескеруіміз қажет.

Қылмыстық оқиға туралы хабар немесе арыз қүқық қорғау органына түскеннен соң үш күн мерзім ішінде шешім қабылдануы қажет. Егер, түскен хабарлама немесе арыз бойынша қосымша тексерулер, дәлелдер жинақтау қажеттігі туындаутын болса 10 күнге ұзартылуы, ал ерекше жағдайларда 30 тәулікке үзартылады. Оларды үзартатын тергеуші болса тергеу бөлімінің бастығы, ал анықтаушы үзартатын болса анықтама бөлімінің бастығы ұзартуға тиіс. әрбір тексеру мерзімі үзартылған жағдайда прокурорға жиырма төрт сағаттың ішінде хабарланып отыруы қажет.

Жоғарыда көрсетілген негіздер болған жағдайда қүқық корғау органдары қызметкерлері мынадай үш түрлі шешімнің біреуін қабылдау қажет:

1.      Қылмыстық іс қозғау қаулысын шығарып, алдын ала тергеу жүргізу.

2.      Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шыгару, яғни қылмыс
қүрамы болмаган жағдайда немес қылмыстылықты болдармайтын жағдайлар болғанда шығарылуы тиіс.

3.      Қылмыстық  оқиға болған  жерге  байланысты  басқа құқық  қорғау
органынна немесе тергеу реті бойынша басқа жаққа жіберуге, ал жеке айыптау істері болатын болса сот орындарына жолдау қажет.

Бұлардан басқа шешім болмауға тиіс.

Қазастан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 177-бабында көрсетілген негіздер болған жағдайда анықтаушы, анықтау органы, тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, прокурор қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығарады.

Қылмыстық іс қозғау қаулысында оның шығарылған уақыты мен орны, қылмысты жасаған адам туралы, іс қозғаудың себептері мен негіздері, қандай белгілері бойынша қозғалып отырғаны туралы қылмыстық заңның бабы, қаулыны шығарған адамның аты жөні, шені көрсетілуге тиіс. Қаулының көшірмесі 24 сағаттың ішінде прокурора жіберілуі керек. Сонымен қатар қабылданған шешім жайлы хабарлама арыз беруші адамға және өзіне қарсы қозғалған адамға хабарланады және олардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілуі қажет.

Қозғалған қылмыстық іс бойынша прокурор заңдылықты хабарлап отырып анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушінің қылмыстық іс қозғау туралы каулысының күшін жоюға және қлмыстық іс қозғаудан бас тарту каулысын шығаруға, ал қылмыстык іс қозғаудан бас тартылған болса, керісінше қылмыстық іс қозғаулан бас тарту қаулысының күшін жойып, қылмыстық іс қозғауға қүқығы бар.

 

4.2. Алдын ала тергеу жүргізу тәртібі және оны жүргізу барысындағы алдын-ала тергеу амалдары

Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабында алдын ала тергеу (алдын ала іздестіру) деп уәкілетті органдардың қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленген өкілеттік шегінде істің мән-жайын жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапка тарту жөнінде сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны болып табылатыны көрсетілген. (7. 5 б.)

Алдын ала тергеу сотқа дейінгі кезеңдердегі қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асырады. Және уәкілетті адамның қылмыстық іс қозгау туралы қаулы шығарған кезінен басталады, ал аяқталу сәті айыптау қортындысын жазу немесе қылмыстық істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберу туралы қаулы, не болмаса қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарған кезде біткен болып саналады. (11. 77 б.)

Алдын ала тергеу жеке айыптау істері және анықтама жүргізілетін істрден басқа барлық істер бойынша жүргізіледі. Сонымен катар алдын ала тергеу кәмелетке толмағандар немесе өздерінің дене немесе ақыл-ой кемістіктерін байланысты өздерінің қоргану күқықтарын өздері жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған қылмыстар туралы барлық қылмыстық істер бойынша жүргізілуге тиіс.

Алдын ала тергеуді қылмыстық істер бойынша ¥лттық қауіпсіздік комитетінің, ішкі істер және қаржы полициясының тергеушілері жүргізеді.

Алдын ала тергеу мерзімі қылмыстық іс қозғалған күннен бастап екі ай мерзім болып табылады. Қылмысты іс күрделілігіне қарай, аудандык прокурор үішнші айға, облыстық прокурор алты айға дейінгі ұзартуы мүмкін. Ары қарай алдын ала тергеу мерзімін үзарту айрыкша жағдайларда ғана, Қазақстан республикасының Бас прокуроры, оның орын басарлары, Бас әскери прокурор гана күқықты болады.

Алдын ала тергеу мерзімін үзарту үшін тергеуші мерзімді үзарту туралы каулыны аудандық, облыстық прокурорға тергеу мерзімі бітуге 5 тәулік қалардың алдында, ал Бас прокурорға, оның басарларын 10 тәулік қалған кезде кылмыстық іспен бірге алып баруы қажет.

Бұл жерде апдын ала тергеу барысында бас шарасы ретінде қамауға алу колданылған кездегі қамаудың ұзарту мерзімімен аздаған айырмашылықтары бар екенін айта кеткеніміз жөн болады. Алдын ала тергеу бас шарасы ретінде қамауға алынған кезде оның да алғашқы мерзімі екі аи болып табылады. Үшінші айға үзарту аудандық прокурорға, алты айға дейін облыстык прокурор, тоғыз айға дейін Бас прокурордың орынбасары, он екі дейін ұзарту тек Бас прокуордың өзінің ғана қүқығы екенін ескертуіміз қажет. Қамау мерзімін ұзарту кезінде аудандық прокурорға қамау мерзімі аяқталған жеті тәулік қалғанда, ал Бас прокурордың, оның орынбасарларының адына қамау мерзімі он бес тәулік қалғанда қамау мерзімін үзарту қаулысын қылмыстық іспен бірге алып баруымыз тиіс екенін ескертуіміз қажет.

Алдын ала тергеу кезінде барлық тергеу амалдары жүргізілуге тиісті. Сонымен қатар сезікті адамды, айыптаушының және де басқа қылмыстық процеске қатысушыларды ажырата білуіміз қажет және олардың әрқайсына байланысты тергеу амалдары жүргізіледі.

Тергеу амалдарына: жауап алу, тергеу қарауы, куәландыру, оқиға болған жерді қарау, беттестіру, тінту және алу, эксгумация, тергеу эксперименті, жауапты оқиға болған тексеру, сараптама тағайындау т.б. жатады.

Қазіргі кезеңде қылмыстық істер бойынша дәлелдемелердің 80 % -ке жуығы куәлардың, жәбірленушілердің, сонымен қатар сезіктілердің де жауаптарына негізделіп отыр. Сондықтан да жауап алу сияқты тергеу әрекеттерінің маңыздылығына көп көңіл аударылуы қажет. Жауап алушы тұлға, яғни анықтаушы, тергеуші, прокурор жауап алудағы өзінің ерекше орнын сезініп жоғарғы денгейдегі кәсіби және адамгершілік қасиеттерін таныта білуі тиіс. /9.97 б./

Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 69-бабында айыпталушы туралы анықтама берілген. Бүл анықтама бойынша -«Өзіне қатысты айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шаққан адам, не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық іс қозғалған адам, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын жасаған және бекіткен адам айыпталушы болып танылады. Іс бойынша басты соттың талқылауы тағайындалған айыпталушы - сотталушы деп, өзіне қатысты айыптау үкімі шығарылған айыпталушы - сотталған адам деп, өзіне қатысты ақтау үкімі шыққан айыпталушы - ақталушы адам деп аталады» - деп көрсетілген. /3.316./

Жоғарыда көрсетілген анықтамадан, біз 3 жағдайда айыпталушы болып танылатынын байқаймыз.

Бірінші жағдай: Сезіктіге айыпталушы ретінде жауапқа тарту қаулысы шығарылып, өзіне жарияланған жағдайда. Жалпы сезіктінің жағдайы айыпталушы жағдайына көп үқсас болып келеді. Бұл жерде біз «сезік» және «айып» үғымдары арасындағы өзгешіліктерді айыра білуіміз қажет. Оларды өзі төрт жағдайды - дәлелдену деңгейі бойынша, мақсаттары бойынша, іс жүргізуді бекіту тәсілдері бойынша және қүқықтық салдарлары бойынша ажыратылады.

а/ дәлелдену деңгейі бойынша «сезік» - бүл іс жүзіндегі деректерге негізделген нақты адамның кінәсі жөніндегі уәкілетті органдар мен қызмет адамдарының болжамдары болса, айып» - белгілі бір адамның қылмыс жасағаны туралы анықтау органының, тергеушінің, прокурордың, соттың дәлелденген сенімі болып табылады.

б/ мақсаттары бойынша «сезік» - нақты кінәлі адамды анықтаура анықтаушының, тергеушінің ол шынында да қылмыс жасады немесе деасаған жоқ деген сенімін қалыптастыруға, нығайтуға бағытталса, "айып"- алыптасқан айыптауды растау немесе жоққа шығару жөніндегі алдағы қызметті жорамалдайды.

Информация о работе Кылмыс істерін тергеу