Кылмыс істерін тергеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 20:20, дипломная работа

Описание

Соңғы жылдардағы әлеуметтік-саяси және экономикалық өзгерістер заңдарды батыл түрде өзгерту қажеттігін туғызды. Ұлттық құқықты қалыптастыру жағдайында социалистік түсініктегі категориялар мен институттардың және олардың осы заманға лайық мазмұнмен толығуының арасындағы қарама-қайшылық анық көзге түсе бастады.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................………….2

1-тарау. Қылмыстық істі бастапқы тергеу
1.1. Оқиға жерін қарастыру……………………………………………..………..…5
1.2. Оқиға болған жердің түсінігі………………………………………..………...13
1.3. Оқиға болған жерде криминалистикалық зерттеудің түсінігі………….….17

2-тарау Қылмыстық істі бастапқы тергеудегі сезікті түсінігі
және жауап алу
2.1. Бастапқы тергеу ұғымы, сезікті түсінігі және сезіктіден жауап алу…….…19
2.2. Бастапқы тергеудегі сезікті түсінігі және оның құқықтары………22
2.3. Қылмыстық істегі бастапқы тергеуде сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу……………………………………………………….……………………28

3- тарау. Кылмыстық іс жүргізу сатыларының жалпы сипаттамасы
3.1. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының түсінігі.......................…….………….32
3.2. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының түрлері және олардың мақсаттары ……………………………….......……………………………………33

4- Тарау. Қылмыстық іс қозғау және алдын-ала тергеу жүргізу сатысы
4.1. Қылмыстық іс қозғау және оның негіздері.......................…………………...35
4.2. Алдын-ала тергеу жүргізу тәртібі және оны жүргізу барысындағы
алдын-ала тергеу амалдары.................……………………………………..…….39

5- Тарау. Бірінші сатыдағы сотта, аппеляциялық және қадағалау
сатысындағы іс жүргізу.
5.1. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі және сот тергеуі………………...45
5.2. Аппеляциялық сатыдағы іс жүргізу............................…...………………..…49
5.3. Қадағалау сатысындағы іс жүргізу..............................……………………….50

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................……………….64

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................…………

Работа состоит из  1 файл

Кылмыс ис баст тергеу ЮКГУ.doc

— 592.50 Кб (Скачать документ)

Апелляциялық, сатыдағы сот шағымдар мен наразылықтың уәждеріне қарамастан, сотталған адамдардың мүдделері мен заңды құқықтарының бұзылуы анықталган жағдайда, үкімге (қаулыға) жағдайды жақсартуға бағытталған тиісті өзгерістерді енгізуге немесе үкімді (қаулыны) заңсыз деп тануға және ҚІЖК-нің 404-бабының 2-бөлігінің тәртібімен күшін жоюға құқылы.

Шағым берілмеген, наразылық білдірілмеген адамдарға қатысты үкімді (қаулыны) бүзу немесе өзгерту үшін негіздер болған жағдайда, екінші сатыдағы сот қаулының кіріспе бөлігінде осы сотталған адамның жеке басы жөнінде мәліметтер келтіріп, оның қандай заңмен, қандай жазаға кесілгені туралы көрсетіп, оған қатысты істің ҚІЖК-нің 404-бабыңның 2-бөлігінің тәртібімен қаралып отырғанына сілтеме жасауы қажет.

Егер шағым берілмеген жөне наразылық білдірілмеген адамдарға катысты сот үкімін (қаулысын) қайта қарау үшін негіздер анықталмаған жағдайда, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында істі толық көлемінде тексеру туралы және осы адамдарға қатысты сот қаулыларын өзгеріссіз қалдыру туралы көрсетілуге тиіс емес.

ҚІЖК-нің 58-бабының талабына сәйкес, аса күрделі қылмыстық істер бойынша істер ҚІЖК-нің 90-бабында судьяға қойылатын талаптарды міндетті түрде сақтай отырып, бес, жеті және сдан да коп (тақ санды) судьялардың қүрамында қаралуы мүмкін.

Апелляциялық сатыңағы соттар істерді қараған кезде ҚІЖК-нің 409-бабында белгіленген тәртіпті сақтап, процеске қатысушыларға өздерінің іс бойынша айқындамаларын білдірулері үшін бірдей жағдай мен мүмкіндік туғызып, олардың заңды қүқықтарын іске асыруларын қамтамасыз етулері қажет.

Тараптардың қосымша материалдарды іске қосу жөніндегі өтініштерін қарау кезінде олардың қандай жолмен алынғанын және қандай жағдайды растау үшін ұсынылып отырғанын анықтаған жөн. Осы орайда ҚІЖК-нің 116 жөне 409-баптарына сәйкес тергеу амалдарын жүргізу жолымен алынған материалдардың қабылдануға тиіс емес екенін назарда ұстау қажет.

Апелляциялық сатыңағы сот ҚІЖК-нің 409-бабының 5-бәлігінің талаптарына сәйкес, қосымша материалдарды қабылдау немесе қабылдамау туралы жеке құжат ретінде рәсімделетін сот қаулысын шығарады.

Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сотта тексеруді және баға беруді талап ететін қосымша материалдардың, мәліметтердің немесе акпараттардың негізінде үкімді өзгерте және істі қысқарта отырып, оның күшін жою жөнінде шешім қабылдауға тиісті емес.

ҚІЖК-нің 409-бабының 5-бөлігінің ережелерін жөне 7-бабының түсіндірмелерінің мағынасын негізге ала отырып, тергеу амалдарын жүргізбестен алынған, іс бойынша мән-жайды анықтау үшін маңызы бар материалдарды қосымша материалдар деп түсіну қажет. Олар хабарлар, қүжаттар және ақиқатты анықтауға көмектесетін, іс бойынша ақпараты бар заттар болуы мүмкін. Оларға сондай-ақ мінездемелер, наградалар туралы мәліметтер, хаттар, арыздар, түбіртектер, шарттар, қолхаттар, тексеру актілері, қызметтік хатқа-барлар, ауырғанын, сотталғаны туралы анықтамалар, полиция қызметкерлерінің рапорттары, фонограммалар, бейнежазбалар, кино, фото, құжаттар жөне фактілер мен мән-жайларды куәландыратын басқа да материалдар жатады.

Апелляциялық сатыдағы сот үкімін (қаулының) заңдылығы мен негізділігін те серу кезінде ҚІЖК-нің 317-бабының бөлігінің талаптарын ескеріп отыруға қажет. Ол бойынша бірінші сатыдағы мемлекеттік, жеке айыптаушы айыптауда; бас тартқан кезде істі толық немесе ішін қысқартуға не істі айыптау тарабының бастамасы бойынша сотта қолданған жаңа айыптау бойынша қарауға тиіс.

Мұндай жағдайларда айыптау тарабы бірінші сатыдағы сот мемлекеттік, жеке айыптаушылардың басты сот талқылауындағы, апелляциялық сатыдағы айқындамасын сәйкес шығарған қаулысын, үкімін жоқ немесе өзгерту туралы шағымды, наразылықты қарау кезінде апелляциялық қараудың нысанын айқындайтын ҚІЖК-нің 40: бабының талаптарын және шешім қабылдау барысында екінші сатыдағы сотты шешімдерді қабылдау кезіндегі өкілеттіктері реттейтін ҚІЖК-нің 420,421 -баптарын негізі алулары қажет. Осы баптарға сәйкес, прокурор мен жеке айыптаушының бірінші сатыдағы соттағы айқындамасы апелляциялы қараудың пәніне кірмейді және бірінші сатыдағы соттың үкімін (қаулысын) бұз немесе өзгерту үшін негіз болып табылмайды.

Апелляциялық сатыңағы сот отыры сында істі қарауға қатыскан прокурор қол дамаған және белгіленген тәртіппен керіқайтарылып алынбаған, прокурордың сот талған адамның жағдайын ауырлату туралы мәселе қойған наразылығында келтірілген дәлелдер үкімді (қаулыны) жою немесе өзгерту жөнінде шешім қабылдау үшін негіз болып табылмайды.

Сотталған адамның жағдайын ауырлату туралы дәлел келтірілмеген прокурор наразылығы жалпы тәртіппен қарауға жатады.

ҚІЖК-нің 410-бабына сәйкес, апедлляциялық, сатыдағы сот процеске катысушылардың өтініші бойынша немесе өз бастамасы бойынша сараптама тағайындауға, сотталған адамның бұрынғы соттылығы, іске қатысушы басқа да адамдардың денсаулық, отбасылық жағдайы туралы құжаттарды алдыртуға, сотталған адамды міндетті түрде қатыстыра отырып, әр түрлі жауап берген куәгерлерді (жәбірленушілерді) апелляциялық соттың отырысына шақыртып, сұрақ алуға құқылы.

Егер осының нәтижесіңде қосымша мәліметтер анықталса, онда апелляциялық сатыдагы сот оларды ҚР ҚІЖК-нің 409-бабының 5-бөлігінің талаптарын катаң орындай отырып пайдалануы мүмкін.

Апелляциялық сатыдағы сот өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі барлық әрекеттер қаулымен ресімделеді. Жәбірленушіден, куәгерден жауап алынған кезде хатшы хаттама жүргізеді.

Апелляциялық сатыңағы сот істі айыптау тарабы басты сот талқылауы кезінде қолдаған айыптау шегінде карайды және ҚІЖК-нің 411-бабында көрсетілген.

ҚІЖК-нің 412-бабында көрсетілген заң бұзушылықтар сот үкімін бүзу немесе өзгерту үшін негіз болып табылады.

Апелляциялық сатыңағы сот жекелеген адамдарға немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (әрі қарай — ҚК) бір немесе бірнеше баптары бойынша сотталған адамдарға қатысты сот үкімін толық немесе ішінара жоюға құқылы.

Апелляциялық сатыдағы сот сот үкімін бүза отырып, қандай мән-жайлар тексерілуге жататынын жөне жол берілген олқылықтарды қалай жою керектігін көрсетіп, істі жаңадан қарау кезінде бірінші сатыдағы соттың тұжырымын алдын ала шешпейтін және бірінші сатыдағы соттардың дәлелдемелерді өз қалауы бойынша жан-жақты бағалау мүмкіндігіне кедергі келтірмейтін үсыныстар беруге ғана қүқылы.

Сот тергеуінің біржақты жөне толық жүргізілмеуі, егер істегі материалдардың және апелляциялық сатыдағы сотқа қосымша үсынылған материалдардың негізівде оларды тексермейінше шағымның немесе наразы-лықтың мәні бойынша шешім қабылдау мүмкін болмаса, үкімді бұзуға және істі соттың жаңадан қарауына жіберуге негіз бола алады.

Айыптаудың басқа көріністерімен бірге ҚК-нің бір бабы бойынша сараланған жекелеген көріністер жөнінде істің мән-жайы жеткілікті зерттелмеген жағдайда апелляциялық сатыңағы сот істі жаңадан сот талқылауына жібере отырып сот үкімін бұзуға не осы көріністерді үкімнен шығарып тастап, оны қалған бәлігінде өзгеріссіз қалдыруға құқылы.

ҚК-нің тиісті баптары бойынша өз алдына бөлек сараланған бірнеше қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп таныған жағдайда апелляциялық сатыдағы сот зерттелмеген деген уәжбен үкімді адамды баптардың бірі бойынша соттау бәлігінде жоюға жөне үкімді басқа баптар бойынша өзгеріссіз қалдыруға қүқылы.

Дөлелдемелерге баға беруде, кабылданған шешімді дәлелдеуде
жіберілген қателіктерді, айыптауды сот талкылауы кезінде зерттелмеген
дәлелдемелермен негіздеуді, сондай-ақ үкімде баяндалган мән-жайлардың
сот    анықтаған    нақтылы     мәліметтерге      қайшы     болуын      сот

тұжырымдарының істің нактылы мән-жайымен сөйкес келмеуі деп түсіну қажет.

Егер апелляциялық сатынын сотты істі қарау кезінде соттың түжырымдары істің нақтылы мөн-жайымен сәйкес келмейді деп тапса, ол егер сотталған адамның жагдайын нашарлатпаса істі жаңа сот талқылауына жібермей-ақ түжырымдарды істегі дәлелдемелерге сәйкес келтіре алады.

Бірінші сатыдагы сот ҚІЖК-нің 415-бабының 3-бөлігінде көрсетілген және үкімнің сөзсіз бүзылуына әкеп согатын елеулі заң бүзушылықтарды анықтаған жағдайда, апелляциялық, сатыдағы сот шағымдар мен наразылықтың айыптаудың дәлелділігіне, өрекетке заңдық бага берудің дұрыстыгына, жазаның әділдігіне және басқа да мәселелерге қатысты дәлелдерді де мәні бойынша қарап, олардың негізділігі жөнінде түжырым жасауга, сондай-ақ істі сот ісін жүргізудің барлық сатыларында заңдылықтың сақталуы жөнінде толық көлемінде тексеруге тиіс.

Осы орайда істегі орын алған қылмыстық іс жүргізу заңын бұзушылықтар апелляциялық сатыдағы сотқа заңсыз үкімді бүзу және ҚІЖК-нің 37-бабының 1 -бөлігінде және 38-бабының 1-бөлігіңде көрсетілген негіздер бойынша істі қысқарту туралы шешім қабылдауына кедергі болмайтынын назарда үстау қажет.

ҚІЖК-нің 37-бабының 1-бөлігінде және 38-бабының 1-бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша істі қысқарта отырып айыптау үкімін бүзу туралы шешім қабылдау кезінде мүндай шешімнің істің мәнжайы жанжақтылы, толық, обьективті зерттелген жағдайда қабылдануы мүмкін екенін назарда үстау қажет.

Егер сотталған адамның біреуіне қатысты іс соттың жаңадан қарауына жіберілсе, ал істің дүрыс шешілуі басқа сотталған адамдарга қатысты істің

мән-жайының зерттелуіне байланысты болса, онда сот үкімі толық бұзылуға жатады.

ҚІЖК-нің 416, 421-баптарына сәйкес, қорғау тарабының шағымы бойынша істі қарау кезінде бірінші сатыдағы соттың заңды дұрыс қолданбауы тек осындай шешім сотталған адамның жағдайын ауырлатуға әкеп соқпайтын жағдайда ғана үкімді (қаулыны) бұзу үшін негіз бола алады.Үкімді (қаулыны) сотталған адамның жағдайын ауырлату жағына қарай өзгерту,шағымда, наразылықта айыптау тарабы нақ осы негіздерді көрсеткен жағдайларда ғана орын ала алады. Егер үкімге (қаулыға) басқа негіздер бойынша жеке айыптаушы, жәбірленуші, олардын өкілдері шағым берсе немесе прокурор басқа негіздер бойынша наразылық келтірсе, онда сот сотталғанның жағдайын ауырлатуға және осы шағымда немесе наразылықта көрсетілген талаптар-дың шегінен шығуға тиіс емес.

Процеске қатысушы басқа тараптардың әлдеқайда ауыр қылмыстар жөніндегі заңдарды қоғану қажеттігіне немесе жазаның жеңілдігіне байланысты үкімді өзгерту туралы шағымдары үкімді ауырлату жағына қарай өзгерту үшін негіз бола алмайды.

Қылмыстық занның әлдеқайда ауыр жаза көздейтін санкциясы бар басқа нормаларынын (бап, бөлім. тармақ, баптар) айыптау шегінде қолданылатын жағдайларды әлдеқайда ауыр қылмыстар туралы заңның қолданылуы деп есептеу қажет. қылмыстың ауыр-женілдігін анықтау кезінде ҚК-нің тиісті бабымен көзделген қылмыстық жазаның мөлшері мен түрін, сондай-ак қылмыстык-кұкыктық, маңызы бар өзге де мәнжайларды бағалау қажет.

Апелляциялық сатыдағы сот ҚІЖК-нің 421 -бабының 1 -бөлігінің 3) тармағына сәйкес әлдеқайда ауыр қылмыстар туралы заңды қолдану туралы шешімді айыптау тарабы шағымда. наразылықта Бүл туралы мәселе қойғанда ғана қабыдауга құқылы. Осы орайда апелляциялық сатыдағы сот тағылған айыптың немесе мемлекеттік айыптаушы, жеке айыптаушы қолдаған айыптаудың шегінен шығуға тиіс емес.

Мұндай жағдайларда адамды әрекет жасағаны үшін кінәлі деп тану бірінші сатыдағы соттың қүзыретіне жататыны негізге алына отырып, апелляциялық саты қаулысының сипаттау дәлелдеу бөлігінде қабылдаған шешімнің дәлелдері мен негіздерін келтіріп, ал қорытынды бөлігінде сотталған адамның іс-әрекетін қайта дәрежелеу және оған осы бап (бәлік, тармак. баптар) бойынша жазаның тағайындалғаны туралы корсету қажет. Әлдеқайда ауыр қылмыстар туралы заңның қолданылуымен қатар апелляциялық сатыдағы сот, сотталған адамның жағдайын ауырлату туралы шешімді, егер айыптау тарабының шағымында, наразылығында осы туралы

көзделген жағадайда ҚІЖК-нің 421-бабының 1-бөлігінің 4)-9) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша қабылдауға құқылы.

Егер сотталған адам ҚІЖК-нің бір бабы бойынша сараланған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылса, ал апелляциялық сатыдағы сот, сотталған адамның әрекетін жауапкершілікті жеңілдететін екі немесе сдан да көп баптар бойынша саралау қажет деп тапса, сот қылмыстар жиынтығы бойынша жаза тағайындай отырып, үкімге тиісті өзгерістер енгізуге қүқылы. Осы жазаның мөлшері сот үкімі бойынша тағайындалған жазадан аспауы керек.

Егер қылмыстың қайта саралануына байланысты қылмыстық заң дұрыс қолбылданған жағдайда істі қозғауға жатпағаны анықталса, ал қозғалған іс ҚІЖК-нің 37-бабының 1-бөлігінде көзделген негіздер бойынша қысқартылуға жатса, апелляциялық сатыдағы сот әрекетті қылмыстық заңның тиісті бабына қайта саралағаннан кейін үкімді бұзып, істі қысқартуға тиіс.

Апелляциялық сатыңағы сот әрекетті ҚІЖК-нің жасалған қылмысты ашу үшін қылмыстык, ізге түсудің жеке немесе жеке-жари-ялы тәртіппен жүзеге асырылуын көздейтін бабы бойынша саралау қажет деген қорытындыға келген жағдайда ол ҚК-нің тиісті бабына қайта саралау туралы шешім қабылдайды және жәбірленушіден қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру туралы арыз түскен жағдайда ғана сол бойынша жаза тағайындайды. Осындай арыз болмаған жағдайда сот үкімі бұзылуға жатады, ал іс ҚК-нің 37-бабының 1-бөлігінің 5 тармағында көзделген негіздер бойынша қысқартылуға жатады.

Істі апелляциялық тәртіппен қарау кезінде істің мәнжайы толық анықталған жағдайларда сот үкімге азаматтық талапқа қатысты өзгерістер енгізуге қүқылы, осы орайда ол, егер азаматтық талапкердің арызында тиісті өтініш болса, өндіріп алу мөлшерін кемітумен қатар оны ұлғайта алады.

Өндіріп алу мөлшерінің ұлғаюына байланысты саралау мен айыптау көлемін мемлекеттік немесе жеке айыптаушы бірінші сатыдағы сотта қолдаған айыптау шегінде озгертуге болады.

Соттар ҚІЖК-нің 24. 404-бабынын, 421-бабының 1-бөлігінің 1) және 2) тармактарына сәйкес, сотталган адамның жағдайының ауырлауына әкеп соқпайтын үкімді өзгерту негіздерінің түпкілікті болып табылмайтынын назарда ұстаулары қажет.

Апелляциялық, сатыдағы сот сотталған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бүзылуы анықталған жағдайда, атап айтқанда: іс материалдарымен расталмаған немесе қылмыс құрамы болып табылмайтын не процессуалдық заң бұзыла отырып таңылған айыптаудың жекелеген көріністерін үкімнен алып тастауға:

      адамды өз алдына бөлек сараланған айыптау бойынша соттау бөлігінде сот үкімін бұзуға және осы бөлікте іс жүргізуді қыскартып, қалған бөлігінде өзгеріссіз қалдыруға;

Информация о работе Кылмыс істерін тергеу