«Сөзмерген» сайысы өтті
Творческая работа, 20 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Мемлекеттік тілдің мәртебесін асырып, тіл дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда мектеп мұғалімдерінің атқарып жатырған іс-шаралары аз емес. Солардың біреуі өзім куә болған 5 «б»-сынып жетекшісі Ә.Сарғойшинаның ұйымдастыруында өткен «Сөзмерген» бағдарламасы. Мақал-мәтел сөз мәйегі болса, тұрақты тіркестердің тіл байлығын дамытып, сөздік қорымызды молайтып, тілімізді құнарландырып, нәрлендіріп тұратыны сөзсіз.