«Сөзмерген» сайысы өтті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 20:16, творческая работа

Описание

Мемлекеттік тілдің мәртебесін асырып, тіл дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда мектеп мұғалімдерінің атқарып жатырған іс-шаралары аз емес. Солардың біреуі өзім куә болған 5 «б»-сынып жетекшісі Ә.Сарғойшинаның ұйымдастыруында өткен «Сөзмерген» бағдарламасы. Мақал-мәтел сөз мәйегі болса, тұрақты тіркестердің тіл байлығын дамытып, сөздік қорымызды молайтып, тілімізді құнарландырып, нәрлендіріп тұратыны сөзсіз.

Работа состоит из  1 файл

созмерген.docx

— 12.79 Кб (Скачать документ)

«Сөзмерген» сайысы өтті

 

Мемлекеттік тілдің мәртебесін асырып, тіл дамыту бағдарламасын  жүзеге асыруда мектеп мұғалімдерінің атқарып жатырған іс-шаралары аз емес. Солардың біреуі өзім куә болған 5 «б»-сынып жетекшісі Ә.Сарғойшинаның ұйымдастыруында өткен «Сөзмерген» бағдарламасы. Мақал-мәтел сөз мәйегі болса, тұрақты тіркестердің    тіл байлығын дамытып, сөздік қорымызды молайтып, тілімізді құнарландырып, нәрлендіріп тұратыны сөзсіз. Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін ұғына білуге баулу, оқушылардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту, Отанды, туған тілін, дәстүрін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында өткен бұл тәрбиелік іс-шараның оқушылар үшін маңызы жоғары, берер тәлімі мол деп ойлаймын. Ойын 2 айналымнан, 3 кезеңнен тұрды. Сыныптан үздік шыққан 6 оқушы ойыншы болып танылды. «Мықты болсаң, озып көр», «Жүйрік болсаң, шауып көр», «Тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталған ойынның қай кезеңінде болмасын оқушылар аянып қалмай, өз мүмкіндіктерінше жауап берді. Ойын қорытындысында 5 «б»-сынып оқушысы Иманғали Дильназ жеңімпаз болып танылды.

Бүгінгі күні оқушыларымыз мақал-мәтелдердің, тұрақты тіркестердің мәні мен мағынасын түсіне бермейді. Осындай тіл дамытуға арналған іс-шаралардан оқушылар тәлім-тәрбие алып, сөздік қорларын молайтса, тұрақты тіркестердің мәні мен мағынасын ұқса мұғалімдердің еңбегінің еш болмағаны.

                                                                                         Асылай Ниязбаева.

                                              «Көктем» қазақ орта мектебінің оқушысы.


Информация о работе «Сөзмерген» сайысы өтті