Анамның тілі – ардақтым менің

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 12:40, реферат

Описание

«Тіл – тіршілік бастауы» деп бекер айтылмаған. Себебі, адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, оның мәнін түсіне бастайды. Тілді адам кішкентай кезінде әке-шешесіне, әжесі мен атасына, айналадағы ересектерге еліктеп үйренеді. Ал адам өскен сайын халықтан, мектептен, қоғамнан, кітаптан үйреніп, тілін тереңірек біле береді.

Работа состоит из  1 файл

Анамның тілі.docx

— 16.62 Кб (Скачать документ)

Анамның тілі – ардақтым менің.  

«Тіл – тіршілік бастауы» деп бекер айтылмаған. Себебі, адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, оның мәнін түсіне бастайды. Тілді адам кішкентай кезінде әке-шешесіне, әжесі мен атасына, айналадағы ересектерге еліктеп үйренеді. Ал адам өскен сайын халықтан, мектептен, қоғамнан, кітаптан үйреніп, тілін тереңірек біле береді. Солай ана тілі бойымызға ананың ақ сүтіндей, біртіндеп сіңе береді.

Ана тілі – халықтың өткен, қазіргі және келешек ұрпақтарын әрқашан біріктіріп тұратын ең сенімді құрал. Тек ана тілімізбен біз өз Отанымызды, өз халқымызды, салт-дәстүрімізді, тарихымызды танып білеміз. Ана тіліміз арқылы ата-аналарымызға, елімізге, Отанымызға деген махаббатымызды жеткізе аламыз.  
Қазір біз - егеменді, тәуелсіз елміз. Бізде байлық та, жер де, жарқын болашағымыз да бар. Бірақ ана тіліміз әлі де ақсап, дұрыс жолға қойылмай келеді. Тілімізді дүрыс жолға қоюшы – бүгінгі жастар, яғни біз! Ол үшін еліміздегі әр адам ана тілін қадірлеп, өз сөзіне өзге тілдердің сөздерін қоспай сөйлеуі тиіс. Шығыстың бір данышпаны: «Дүниені түзеткің келсе, әуелі өзің түзел, сонаң соң балаң мен достарыңды түзе», – деген екен.  
Әрине, мен де ана тілімде сөйлеп жатқанда, кей кездері бірнеше сөздерім орысшаланып кетеді. Бірақ мен өз қазақ тілімді сүйемін және қадірлеймін. Қанша тырысқаныммен, мен бұл жаман қылығымнан арылмадым. Дегенмен, мен таза қазақ тілінде сөйлеуге  және өзгелерге де үлгі болуға тырысамын. Өйткені  ана тілім – менің бақытым! 
Осы сәтте маған ақиық Мұқағалм ақынның «Үш бақытым» деген өлең шумағы есіме түсті:                   «Ал екінші бақытым – Тілім менің,  
                                  Тас жүректі тіліммен тілімдедім.  
                                  Кей – кейде дүниеден түңілсем де, 
                                 Қасиетті тілімнен түңілмедім.»  
    Әрине, тек ана тілін біліп, өзге тілдерді мүлдем оқымауға да болмайды. Немесе басқа тілдерді оқып, өз тілін де ұмытуға болмайды. Осы туралы ақын Қадыр Мырза Әли: 
Ана тілің – арың бұл, 
Ұятың боп тұр бетте, 
Өзге тілдің бәрін біл, 
          Өз тіліңді құрметте!  –  деген  өлең жолдарын жазып кеткен.  Мен Қадыр атамыздың айтқанын құптаймын. Өйткені, ана тілін білмеген ұят екеніндей, өзге тілдерді білмеген де- ұят. 
Қорыта айтқанда, адам баласы өз анасын қалай сүйсе,  өз тілін де солай сүюі керек!

Информация о работе Анамның тілі – ардақтым менің