Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 11:12, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты – нарықтық экономикада кәсіпкерліктің өзектілігін, Қазақстан Республикасындағы оның рөлін және мәнін ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті:
кәсіпкерліктің теориясын ашу;
ұйымдық-құқықтық формасымен танысу;
кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттудің қажеттілігін түсіну;
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті дамыту мүмкіндіктерін талдап, сараптау және тиісті ұсыныстар жасау.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………….......................3
1-тарау. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны……………………….............................4
1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі……………...……......................4
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері және бизнес ұйымдастыру формалары...................7
1.3. Кәсіпкерлікке қажетті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар...............................................................................................................15
2-тарау. Кәсіпкерлік бәсекелестік, франчайзинг жүйесі…...............................17
2.1. Бәсекелестік мазмұны және монополияға қарсы мемлекеттік реттеу......................................................................................................................17
2.2 Франчайзингтік қатынастар жүйесі ……………………..............................20
2.3 Қазақстандағы кәсіпорындардың қазіргі жағдайын талдау........................24
3-тарау. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу……………..................................32
3.1. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі………........................32
3.2. Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері………….......34
3.3. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері мен болашағы..............................................………………………..............................35
Қорытынды………………………………………………………........................39
Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………….........................................41

Работа состоит из  1 файл

Касипкерлик.doc

— 354.00 Кб (Скачать документ)

Еншілес мекеме және тәуелді акционерлік қоғам

     Еншілес мекеме – басқа заң тұлғалары  құрастырған немесе олардың арасындағы келісімге сәйкес жарғы капиталының  бір бөлігін иемденуші заңды  тұлға, сонымен қатар негізгі  мекеме берілген мекеме шешетін шешімдерді анықтау мүмкіндігі.

     Еншілес мекеме өзінің негізгі мекемесінің  қарыздарына жауап бермейді.

     Акциоерлік  қоғам егер басқа заң тұлғалары 20% астам дауыс беруші акцияларға еи болса, тәуелді болып есептеледі.

     Қатысушы  немесе иемденуші заңды тұлға  акционерлік қоғамға тәуелді акциялардың бір бөлігін алу туралы ақпараттарды кешіктірмей, кезекпен қарастыру қажет.

     Азаматтардың  бірлескен кәсіпкерлік қызметі  үшін мүшелік негізде олардың  өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшіелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі. Өндірістік кооперативтің және оның мүшелерінің құқықтық жағдайы елдің заңнамалық актілеріне сәйкес белгіленеді.

     Кооператив  мүшелері екеуден кем болмауы  тиіс. Өндірістік кооперативтің басты  органы оның мүшелерінің біртұтас жиыны болып табылады. Өндірістік кооператив ерікті түрде оның мүшелерінің біртұтас жиынының шешімімен тартылуы мүмкін. Өндірістік кооператив мүшелерінің шешімімен өндірісті кооператив шаруашылық серіктестікке айнала алады.  

Тұтынушылар кооперативі

     Қатысушылардың  материалдық және өзге қажеттіліктерін  қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің мүліктік (үлнспұлдық) жарналарын біріктіру  арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың мүшелік негізіндегі ерікті бірлестігі, бейкоммерциялық ұйымдар болып  табылатын және кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келетіндей дәрежеде ғана айналыса алады.  

Қауымдастық (бірлестік) формасындағы заңды тұлғалардың  біріктірілуі.

     Коммерциялық  мекемелер, олардың кәсіпкерлік  іс-әрекет етуі, сонымен қатар, жалпы  мүліктік көзқарастарды қорғау өзара келісім бойынша жүзеге асырылады. Шетелдік инвестиция негізінде, кәсіпорынға табыс алу мақсатында салынатын мүліктік және интеллектуалды құндылықтардың барлық түрлері түсіндіріледі.

     Шетелдік  инвесторлар Қазақстан Республикасының шекарасындағы заң тұлғаларымен және жеке адамдармен бірлесе отырып құралатын кәсіпорындарда іскерлік қатысуына, сонымен қатар толығымен шетелдік инвесторлардың кәсіпорынының құрылуына толық мүмкіндік бар. Шетелдік инвесторлар кәсіпорындары Қазақстан Республикасының заңымен қарастырылған акционерлік басқа да қоғамдар мен серіктестіктер негізінде іс-әрекет жасайды.

     Кәсіпорынның  құрылтайшылары құжаттары шетелдік инвесторлармен қатар кәсіпорынның іс-әрекет мақсаттарын, қатысушылар  санын, жарғылық қордың құрылуының көлемі құрылымын, шешім қабылдаудың құрамын, кәспорынның жойылуын анықтау қажет.

Жарғылық  қор салымы дүниежүзілік нарық бағасы негізінде бағаланады. Мұндай бағалар  жоқ болса, салым құны қатысушылардың келісімі бойынша анықталады.

     Бірлескен кәсіпорындарды тіркеу үшін келесі құжаттар керек:

-      Тіркеу туралы құрылатайшылардың жазбаша түріндегі арызы;

-      Сараптамалардың нәтижесі;

-  Құрылтайшылардың нотариаллы тапсырылған құжаттарының екі көшірмесі;

-  Мүлік иесінің кәсіпорын құру туралы шешімі немесе уәкілетті органдардың шешімінің көшірмесі;

-       Шетелдік инвестордың оларға қызмет еткен банк немесе басқа да несие-қаржылық мекеменің берген ақша төлемі туралы құжат.

     Шетелдік  инвесторлар кәспорындары заңға  қарсы келмейтін іс-әрекеттердің барлық түрін жасай алады. Кейбір іс-әрекеттің түрлері лицензия алуды талап етеді. Мысалы: сақтандыру және банк ісі.

     Біріккен  кәсіпорындар Қазақстан Республикасында, сонымен қатар шетелдерде еншілес  кәсіпорындар, филиалдар құруына  толық құқылы.

     Шетелдік  кәсіпорындар жіне инвесторлар жерді иеленеді және мүлікті арендаға алу құқығына ие болады. Кәсіпкерлік іс-әрекеттің бірлескен құқықтық негізгі формалары осындай. Жаңа шарттарға байланысты кәсіпорындар өз іс-әрекет сферасын әр түрлі және заңмен шектеліп қоймай таңдай алады.  
 

  • Бизнесті  ұйымдастыру формалары
  •      Қазақстан Республикасының Заңы меншік формасына  сай кәсіпорындарды классификациялауды ұсынады. Кәсіпорынның құқықтық-ұйымдық  формаларының бірнеше түрлері анықталады. Мен Қазақстан Республикасының  бүгінгі таңдағы ұйымдық-құқықтық бизнес-формаларына сипаттама беремін. Меншік шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін өз атынан мүліктік және беймүліктік жеке құқықтармен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапркер бола алатын, құқықтық қатынастар субьектісі ретінде қаралатын ұйым.

         Заңды тұлғалардың дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.

         Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға, мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтынушылар кооперативі, қоғамдық қор, заңды актілермен қарастырылатын діни бірлестіктер, оның мақсаттарына сәйкес кәсіпкерлік іс әрекет жасай алады.

         Заңды тұлғалардың құрылтайшылары заңды актілермен қарастырылған мүлік меншігі иесі жағдайында болуы мүмкін . 

    Шаруашылық  серіктестік

         Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымына) бөлінген коммерциялық ұйым. Құрылтайшылардың салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі барысында өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады. Шаруашылық серіктестікті бір адам  да құруы мүмкін, ол оның бірден-бір қатысушысы болады. Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестіктер, сенімгерлік серіктестіктер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, қосымша жауапкершіліктер нысандарында құрылуы мүмкін.

    Шаруашыылқ  серіктестіктің акциялар құруға ешқандай құқығы жоқ.

    Шаруашылық  серіктестіктің жоғарғы ұйымы жалпы оның қатысушыларының жиналысы болып табылады.

    Шаруашылық  серіктестіктердің құқықтары мынадай:

    1.Құрылтайшылар құжаттарымен анықталған басқаларда шаруашылық серіктестік жұмыстарына қатысуы керек;

    2.шаруашылық серіктестіктердің іс-әрекеті туралы ақпарат алуы тиіс;

    3.таза табысты бөлуге қатысуы керек;

              Шаруашылық серіктестіктердің қатысушыларының міндеттері:

    1.Құрылтайшылар құжаттарында көрсетілген талаптарды орындау;

    2.Көлемді, мерзімді,және құрылтайшылар құжаттарында көрсетілген салымдарды енгізу;

    3.Шаруашылық серіктестікте коммерцияның құпия болып табылатын ақпараттарды немесе мәліметтерді таратпау;

         Бір түрдегі шаруашылық серіктестіктер басқа түрдегі шаруашылық серіктестіктерге, акционерлік қоғамдарға  немесе өндірістік кооперативтерге айналуы  мүмкін. 

    Сенімді серіктестіктер

         Сенімді серіктестіктер деп құрамына қосымша  жауапкершілікті барлық өзінің маңыздылығымен қамтамасыз ететін бір немесе бірнеше  қатысушалар енетін серіктестік  түрін айтамыз.

         Егер  азамат сенімді серіктестік құрамында  болса, ол толық серіктес болады.      Сенімді серіктестік салымшыларының құқықтары мынадай:

    1.Құрылтайшылар құжаттарында қарастырылған жарғы капиталында оның үлесіне тиетін таза серіктестік пайдасының бір бөлігін алуға тиесілі.

    2.Серіктестіктің қаржылық құжаттарымен танысуға және оның құрылымының дұрыстығын қамтамасыз етуге талап етуге толық мүмкіндігі бар.

         Салымшының  өз үлесін басқа біреуге беруі  оның серіктестіктегі қарым-қатынастарын тоқтатады. Заңды актерде дәне құрылтайшылардың құжаттарында көрсетілгендей, олар серіктестіктен шығуы керек.

       Сенімді серіктестіктердің өмір сүруі барлық қатысқан салымшылардың шығуына байланысты.  

    Жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктер

         Жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктер деп бір  немесе бірнеше жарғылық капиталы құрылтайшылар  құжаттары көлеміндей нақты бөліктерге бөлінген серіктестіктерді атаймыз.  Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысушылары олардың салған салымдары бағасы ішінде серіктестік іс-әрекетпен байланысты шығындарға тәуекелді болады.

         Салымды толығымен төлемеген жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысушылары әрбір салымшы үшін жауап береді.

         Жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктердің қатысушыларының  саны 100-ден асқан жағдайда ол бір  жыл ішінде акционерлік қоғамға  немесе өндірістік кооперативтерге  және басқа да шаруашылық серіктестіктерге айналуы міндетті. Ал мерзімі өтіп кеткен жағдайда мекеменің арызы бойынша заңды түрде жойылуы керек.

         Жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктер қатысушыларының  еркімен қайтадан құрылуға немесе жойылуға құқығы бар.

         Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер басқа шаруашылық серіктестіктерге, акционерлік қоғамдарға немесе өндірістік кооперативтерге айналуына мүмкіндігі бар. 

    Жауапкершілігі  қосымша серіктестіктер

         Жауапкершілігі  қосымша серіктестіктер деп жарғылық капитал салымына жауап беретін қатысушылардан тұратын серіктестіктерді айтамыз. Олардың соммасының жетіспеген жағдайында қосымша мүлік көлемінде өтеуі керек.

         Жауапкершілігі  қосымша серіктестіктерігінің қатысушылары банкрот болған жағдайда оынң серіктестік  жауапкершілігі басқа қатысушылармен пропорционалды салым түрінде бөлінеді. Егер бөлудің басқа жауапкершілігі құрылтайшылар құжаттарында қарастырылмаған жағдай болатын болса.  

    Акционерлік қоғам

         Акционерлік қоғам  деп өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғаларды айтамыз. Акционерлік қоғам акционерлері қоғамдық іс-әрекеттерге байланысты олардың акцияларының құнымен тең, заңды актілерімен қарастырылған жағдайлардан басқа оның әрекеттеріне жауап береді және шығындану қаупін басынан кешіруі мүмкін.

         Акционерлік қоғам өз қатысушылары мүлкімен шектелген  мүлікті иеленеді және өз әрекеттері үшін жауап береді.

         Акционерлік қоғам  бір адамнан тұруы мүмкін, яғни бір адамнан құралса, қоғамның барлық акцияларын өзі ғана иемденеді.

         Басқа акционерлердің келісімінсіз өзінің акцияларынан айырылатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам деп аталады. Акционерлік қоғам шығаратын акцияларын ашық, жеке және жабық түрде шығара алады.  
     
     
     

    1.3. Кәсіпкерлікке қажет  экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар 

         Кәсіпкерлікпен  айналысу үшін ең алдымен оған экономикалық жағдай керек. Олар: нарыққа тауар, қызметтер  ұсыну, тауарлардың, қызиеттердың алцуан түрлері; тұтынушылардағы ақша-қаражат  көлемі, яғни олардың сатып алу  қабілеттілігін, жұмыс орнының және жұмыс күйінің артық кемдігі; қарыз (несие) беретін мекемелердің ақша ресурстары болуы керек т.б.

         Кәсіпкерлікпен  айналысу үшін нарықтың инфрақұрылымы  болуы керек: банктер, шикізат, материал, құрал-жабдықтар, сатушылар, тауарды  тұтынушыға жеткізетін мекемелер, заң, бухгалтерлік т.б. қызмет көрсететін мекемелер, еңбекке орналастыру агенттігі, оқу орындар, жарнама, көлік, сақтандыру, байланыс, ақпарат т,б, мекемелері. 
     
     
     
     
     
     
     
     

         Кәсіпкерлік пен бизнестің қалыптасуының  ел экономикасына әсері төмендегі  сызбадағыдай ықпал береді.

    1-сызба 

     

         Кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалыптастыру үшін тұтынушыларға  тауар сатып аларлақ қаражаты болуы, олардың тауарға, қызметке деген  талғамы, төлем қабілеттілігі бар  сұранысы болуы шарт, оған қоғамның  рухани даму дәрежесі және діни нормалар ықпалын тигізеді. Әлеуметтік жағдай  әрбір адамның жұмыс орнындағы жағдайы еңбекақы мөлшерімен байланысты.

    Информация о работе Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу