Еңбек қатынастарын ресімдеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 20:09, курсовая работа

Описание

Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда, сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз - өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Сондай-ақ түйіндеменің әдемі рәсімделуіне де көңіл бөлгеніңіз дұрыс.

Работа состоит из  1 файл

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН ҚҰЖАТТАУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ҚҰЖАТТАРЫ.docx

— 72.04 Кб (Скачать документ)

                                                     Қарағанды қаласының

                                                                      СЭС бас есепшісі А.С. Нұржанға  

  Арыз

  Сізге арыз беру себебім, зауыттағы санитарлық жағдайдың нашарлығы. Соның нәтижесінде  шығарылған өнім сапасының төмендігі. Айтылғандарды ескеріп, шара қолдануыңызды  сұраймын.  

  16.12.10 ж.                   

  Қарағанды сүт  

  зауытының еспешісі:                                             Р.А.Исинадан

                         
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Талап-өтініш (арыз) шағымданған сомаларды мәжбүрлі түрде өтеп алу туралы өтінішпен төрелік сотқа беріледі.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                              Ақмола  облысының

                                                               Астана қалалық (аудандық)

                                                               сотына

                                                              Талапкер: Исина Аяужан ,

                                                               Астана  қаласы, 8 наурыз 28а үй.

                                                                                                              (аты-жөнi,  тұратын жерi)

                                                               Жауапкер:        ЖШС «Исмагулов»

                                                                                                        (Ұйымның атауы және мекен-жайы)

Жалақыны  өндіріп алу тралы

ТАЛАП АРЫЗ 

Мен               Исина Аяужан Рахымжанқызы, есепші                                        .        

                                   (қызметі, орындайтын жұмысы) 

Мына                                      ЖШС «Исмагулов»                                               .

                                 (кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы) 

20 08 жылғы «01» шілдесінен бастап қызмет істеймін.  

               Жалақы штат кестесіне  сәйкес төленбегеніне  байланысты               .

 (қандай себептермен төлемдер жасалмағаны, оның мөлшері

_________________________________________________________________

себептері, әкімшілік іс-әрекеттің заңсыздығы) 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағына, 24-бабының 2-тармағын, 76-бабының 2-бабын, «Қазақстан Республикасындағы еңбек  туралы»  ҚР Заңының  76-бабын, ҚР АІК-нің 8, 24, 27, 150-баптарына басшылыққа ала  отырып,

ӨТІНЕМІН:

Менің пайдама                                ЖШС «Исмагулов»                                    .

(Ұйымның  атауы) 

  200000( Екі жүз мың)  теңге жалақы. 

Қосымша:

1. Есептелген, бірақ  төленбеген жалақының мөлшері  туралы анықтама;

2. ҚР Ұлттық  Банкінің  қайта қаржыландыру  ставкасы туралы анықтама және  өсімпұлдың есебі;

3. Талап арыз (көшірмесі);

4. Мемлекеттік  баж салығын төлегендігі туралы  түбіртек. 
 
 
 

Исина А.Р.

16 желтоқсан  2010 жыл

  МІНЕЗДЕМЕ

 Мінездеме, оның түрлері.

   Мінездеме - түрлі мекеме, үйым  бірлестік, оқу орындарында белгілі  бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша  сипаттау мақсатында жиі жазылатын  іс қағазының бір түрі.

 Қызметтік мінездеме — мінездеменің айрықша кең тараған және әмбебап формасы. Қызметкерді объективті өрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады. Қорытынды бөлімі еркін стилъде жазылады жоне құжат мазмұнын түйіндейді.

 Мінездеме қызметкерді басқа бір ваканцияға я болмаса оқу орнына үсыну  мақсатында да жазылады. Мүнда үсынылған  адамның аталған ваканцияға қажет  деген мінез-қасиеттері, кәсіптік шеберлігі  айтылады.

 Аттестациялық мінездеме белгілі бір адамның атқарыл отырған қызмет орнына лайық, лайьгқ еместігін тексеру мақсатында жүргізілетін аттестация қорытындысына орай жазылады. Мүндай мінездеме корытындысында "атқарып отырган қызметіне лайық", "қызмет бабында жогары қызметке усынуга лайық" немесе "атқарып отырган қызмет орнына лайық емес" деген сияқты түйінді сөздер жазылады.

 Жеке (функциональды) мінездемелер адамның жеке басының мінезін, білімін, шеберлігін, икемділіген т.б. сипаттай лтырып жазылады. Қорытындьт бөлімінде мінездеме не мақсатпен жазылгандығы атап корсетіледі. Мысалы, "Еңбек келісімін ұзату ум/ш"т.б.

 Мінездеме А4 форматты параққа жазылады. Көлемі 1 беттен аспауы керек. Мінездеме мотіні жазу машинкасында басылады я компьютерде  теріліп, кейін принтерден шығарылады. Тақырыпты, омірбаяндык мәліметтерді, қортынды мен негізгі түйінді  үлкендеу шрифтімен беруге болады.

 Кейде мінездеме жогары жагында мекеменің  аты, логатипі, фирмалық белгісі көрсетілген  арнайы бланкілерде де жазылады. Әр данасы есепте түратын арнайы бланкілерге  жазылган мінездемелер мінездеме беруші адамның және үйым жетекшісінің қолымен  расталады.

 Барлық  мінездемелерге мекеме мөрі басылады.

 Мінездеме ресми стильде, бейтарап тонмен жазылады. Мотін баяндауышы ашық райлы етістіктен жасалады (беріледі, орындады, көріне білді, көрсетті). 

 Мінездеменің  мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

 1)  тақырыбы;

 2)  мінездеме берілетін адам туралы  қысқаша мәлімет;

 3)  негізгі мәтін;

 4)  қорытынды;

 5)   мінездемені талап етуші үйымның  аты;

 6)   мінездеме берілген күн, ай, жыл;

 7)  мінездеме берушінің аты-жөні, фамилиясы,  қолы;

 8)  қосымша (егер болса).

 Мінездеменің  тақырыбы парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай үлкен әріптермен жазылады.

 Аттестациялық мінездеме

 Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәліметке  мыналар кіреді:

 фамилия, аты-жөні, туған жылы, білімі, мекемедегі жұмыс стажы (-жылдан бастап қызмет етеді), қазіргі атқаратын қызметі. Басқа да кейбір мәліметтер қосымшы берілуі мүмкін (мысалы, диплом бойынша мамандығы немесе білім түрі т.б.)-

 Негізгі мәтінде атқарып жүрген қызметін, өз мамандығын қаншалықты меңгеретіндігі, кәсіптік білім деңгейі, біліктілігі, қызмет бабында жеткен жетістігі мен кемшілігі жазылады. Қысқаша әлеуметтік-психологиялық портреті беріледі. Әріптестерімен карым-қатынас жағдайы, отбасы жағдайы, ұжымдағы орны, абыройы, сын көтеру қабілеті жазылады. Кей жағдайда (оқуға немесе іссапарға жіберу) денсаулық жағдайы да айтылады.

 Қажет деп табылған жағдайда негізгі мәтінге  шетел сапарлары, зерттеу жұмыстары, өз бетімен жүргізген жұмыстары, жетекшілік, ұйымдастыру қабілеті де кіргізіледі.

 Мәтін көбіне жай сөйлемдермен, қалыптасқан  сөз орамдары мен сөз тіркестерін, стандарт терминдерді қолдана отырьгп, басы артық қысқартуларсыз жазылады.

 Қорытынды негізгі мәтіннің түйінделген, жиынтықталған бөлігі болып табылады. Мүнда мінездеме беріліп отырған адамның перспективалық қызметіне байланысты бір-екі накты ұсыныс енгізіледі. Негізгі мәтіннен кейін (қорытынды) сөзін азат жолдан, бас әріптермен жазып, негізгі түйінді немесе үсынысты атап көрсетуге болады. Мысалы,

 ҚОРЫТЫНДЫ: /. Атқарып журген қызметіне лайық. 2. Кәсіптік дайындық децгейін, басшылық қызметтегі тәжірибесін. ескере отырып Н.С.Нуртазаевты копкурстық Ііегізде статистика бөлімінің бастыгыны қызметіне ұусынуеа болады.

 Мінездемені талап етуші ұйымның  аты толық, ресми түрде аталуына сәйкес жазылады. Кейде мінездеме не мақсатпен берілгені атап айтылады. Бұл қорытындыдан кейін 1 интервал жіберіліп барып жазылады. Мысалы, "Абай атындагы Алматы мемлкеттік университетініқ қабылдау комиссиясына тапсыру үшін берілді".

 Мінездеме жазылған дата ұйым атынан кейін 1 интервал жіберіліп барып парақтың сол жақ бөліміне жазылады. Ай аты жазбаша беріледі. Мысалы, 26 мамыр 1999 жыл.

 Мінездеме беруші туралы мәліметке  мінездеме берушінің ресми қызмет аты, қолы, фамилиясы, аты-жөні кіреді.

 Қосымша ретінде қажет деп табылған жағдайда

 1)  белгілі үлгідегі бірнеше фотосурет;

 2)  білімі туралы құжат көшірмесі;

 3)  бүрьшгы мінездемелер көшірмесі  я одан алынған үзінді;

 4)   анықтамалар жіберіледі.

 Егер  мінездемеде қосымша болатын  болса ол жайында парақтың соңында  жазылады. Ал қосымша бірнешеу болатын  болса жолдама хат дайындалып, сонда көрсетіледі.

 Мінездеменің  жалпы қүрылымы осындай. Кей жағдайда мінездеме алушы адам парактың соңына "мінездемемен таныстым" деп жазып  қол қояды. Фамилиясын, танысыскан күнін  де жазады.

 Мінездеме 2 дана етіп дайындалады. Біреуі талап  етуші мекемеге жіберіледі, екіншісі мінездеме иесінің жеке ісіне  я мінездемелер тіркелетін іске тігіледі. Мінездеме де жалпы тәртіп бойынша  жіберіледі. 
 
 
 
 
 

  Мінездеме 

  Серік Өмірбекұлы Әбенов, 1980 жылы туған, ұлты – қазақ, білімі – жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы. Серік Өмірбекұлы Әбенов – 1980 жылғы қаңтар айының 5-інде Қазақстан Республикасы бұрынғы Семей облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1999 жылы қазіргі Ұлттық политехника университетінің компьютерлік техника факультетіне оқуға түсіп, оны 2005 жылы үздік бітірген. 2005-08 жылдар аралығында Ғылыми-жобалау институтының аға ғылыми қызметкері. Қазір – Қазақ ұлттық университеті металлургия өнеркәсібі факультетінің аға мұғалімі. 2006-08 жылдар аралығында ҚазҰПУ-дің өндірістен қол үзбей оқитын аспирантурасында оқып, 2009 жылы кандидаттық диссертация қорғады.

  С.Ө. Әбенов - өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Ол – бірнеше ғылыми еңбектердің  авторы. С.Ө. Әбеновтың «Металлургия өнеркәсібінің терминдері» деп  аталатын еңбегі Шоқан Уәлиханов  атындағы сыйлыққа ие болды.

  С.Ө. Әбенов – қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік  біледі, ЭЕМ /ЭВМ/ машиналарында жұмыс  істей алады.

  С.Ө. Әбенов – студенттер мен әріптестерінің арасында беделді; үлгілі отбасы иесі.

  Мінездеме Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне ұсыну үшін беріледі. 
 

  Мекеме  басшысы                                                                  Оспанов Б.Д.

  16 желтоқсан 2010 жыл 
 
 
 
 

  БҰЙРЫҚ

    Бұйрық  - жетекшінің мекемені басқарудың барысында, алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық мәселелерді шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орынадауға тиісті нормалардан тұратын өкілеттік құжаттың бір түрі.

    Бұл құжаттың жауапкершілігі оған қол қоятын лауазымды адамға жүктеледі. Бұйрық ауызша да жазбаша да беріледі, төменде  біз жазбаша берілетін бұйрық түрлерін қарастырамыз. Жұмыс жүргізу  ыңғайлы болу үшін мекемеде бұйрықты екі топқа бөледі: 1) мекеменің  негізгі жұмыстарына байланысты; 2) жеке құрамға байланысты. Ірі мекемелердің маңызды іс-әрекетіне байланысты бұйрықтар А4 форматты қағазда басылады. Бұйрықтың мынадай реквизиттері бар: елтаңба, мекеме немесе кәсіпорынның аты және оның қандай ұйымға қарасты  екені, құжат аты, жазылған күні, орны, индекс, тақырып, қол, қол қойылған адамның  аты-жөні, келісім туралы белгі. Бұйрық мөтіні әдетте екі бөліктен тұрады:

Информация о работе Еңбек қатынастарын ресімдеу