Еңбек бөлінісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 16:04, реферат

Описание

Еңбек бөлінісі – еңбек қызметі түрлерінің ара жігін ажырату. Еңбек бөлінісі еңбекті ұйымдастыру жүйесінде қалыптасады. Өндірістің тиімділігін арттырудың тұрақты қолданыстағы факторы болып табылады. Негізгі 3 түрге бөлінеді:
жалпы қоғамдық өндіріс ауқымында қалыптасатын жалпы еңбек бөлінісі;
түрлі салалар мен өндірістер арасында орын алатын жеке еңбек бөлінісі;
жекелеген кәсіпорындар мен бірлестіктер, қызметкерлер арасында орын алатын жеке-дара еңбек бөлінісі

Работа состоит из  1 файл

Еңбек бөлінісі және тәртібі туралы.docx

— 49.55 Кб (Скачать документ)

Еңбек бөлінісі – еңбек қызметі түрлерінің ара жігін ажырату. Еңбек бөлінісі еңбекті ұйымдастыру жүйесінде қалыптасады. Өндірістің тиімділігін арттырудың тұрақты қолданыстағы факторы болып табылады. Негізгі 3 түрге бөлінеді:

  • жалпы қоғамдық өндіріс ауқымында қалыптасатын жалпы еңбек бөлінісі;
  • түрлі салалар мен өндірістер арасында орын алатын жеке еңбек бөлінісі;
  • жекелеген кәсіпорындар мен бірлестіктер, қызметкерлер арасында орын алатын жеке-дара еңбек бөлінісі

Сонымен қатар аумақтық, халықаралық еңбек бөлінісі де болады. Кәсіпорындарда:

  • қызметкерлердің өндірістік-шаруашылық қызметтерге қатысуына, орындалатын міндеттердің сипатына, өндірістік үдеріске қатысуына қарай атқарымдық еңбек бөлінісі;
  • еңбек үдерісінің технологиялық жағынан бір текті жұмыс түрлері бойынша саралануына негізделген технологиялық еңбек бөлінісі;
  • қызметкерлерді кәсібі (мамандығы) және біліктілік деңгейі (разрядтар, санаттар) бойынша бөлетін кәсіптік-біліктілік еңбек бөлінісі.

Тарихы

Саяси экономияның негізін қалаушылардың бірі Адам Смит «Халықтар байлығы» (1776 ж.) атты еңбегінде, тұрмыстық жағдайдың еңбектің бөлінісімен байланысты болатынына көз жеткізіп, мынадай ой айтады: егер әр адам өздерінің жұмыс орындарында әртүрлі еңбек операцияларын орындауға толық маманданса, онда еңбек өнімділігі көтеріліп, оның бөлінісі тиімді түрде жүзеге асады, ал еңбектің бөлінісі дұрыс болуы үшін барлық өндіріс факторлары мен дайын өнім өзара байланыста болуы шарт.

Осы логиканы ұстанатын болсақ, онда еңбек бөлінісінің «тереңдеуі» алға қойылған өндірістік мақсатқа, оған жеткізу үшін қолданылатын материалдық құрал-жабдықтарға байланысты. Басқаша айтқанда, қоғамның өндіргіш күштерінің дамуы пайдалы еңбектің бөлінісіне тікелей байланысты.

Бір топ (Вильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо, Джон Мейнард Кейнс, Милтон Фридман) ғалымдар еңбектің өндіргіш күшінің дамуының, жетістігінің және ептілік пен зеректілігінің белгілі бір бағытта болуының өзі оның бөлінісінің нәтижесінде көрінеді деген түйін жасайды.

«Неміс идеологиясы» атты еңбегінде К.Маркс және Ф.Энгельс осы байланысқа анықтама бере отырып, ұлттың өндіргіш күштерінің даму деңгейінің көрнектілігін ондағы еңбектің бөлінісі дәрежесінен білуге болады деп көрсетеді. Осы тұжырымға қоса олар еңбек бөлінісі үрдісінің қоғамдық, салалық және аумақтық астарларын да ғылыми тұрғыдан зерделеген болатын. Сонымен қатар, кез келген қоғамдық-экономикалық жүйенің тауарлы шаруашылық жағдайында қоғамдық еңбек жиынтығы жекелеген іс-әрекет және оның қосалқы түрлеріне, сфераларға бөлінетіні туралы да алғашқы дәлелдемелерді ғылыми еңбектерінде келтірген.

К. Маркстың пікірінше, еңбектің аумақтық бөлінісі аудандардың нақты өндіріс салаларына мамандануы болса, аймақтанушы Н.Н. Баранскийдің ұстанымында ол жалпы, жеке және бірыңғай еңбек бөлінісі түрлерінің кеңістіктегі өзарабайланысы. Ал, профессор И.С.Судеревский еңбектің аумақтық бөлінісі оның тек жалпы және жеке даму үрдісін көрсететін аумақтық астары десе, П.М.Алампиев, В.Е.Комаров, В.М.Москвич және басқалар оны тек жеке еңбек бөлінісінің бір түрі деп ұйғарым жасаған.

Осылайша, еңбек бөлінісінің күрделілігі әртүрлі жағдайлармен түсіндіріледі және олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:

  • адам еңбегінің көптүрлілігі, оның сұранысының жан-жақтылығы және оларды бір технологиялық процесс базасында қанағаттандырудың мүмкін еместігі;
  • адам еңбегінің өндірімділігін арттыратын ғылым мен техниканың жоғары деңгейде дамып, шаруашылық субъектілерінің әртүрлі өндіріс өнімін шығаруға мамандануы;
  • белгілі бір өнімді шығару үшін бір технологиялық үрдісте көптеген еңбек түрлерінің кооперациялануы.

Қоғамдық өндіріс өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардан тұрады. Өндірістік күштер жұмыс күшінен, өндіріс технологиясынан, өндіріс құралдарынан (өндіріс заты мен құралы) тұрса, өндірістік қатынастар әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық бөліктерден құралады.

Өндірістік қатынастарға кіретін бөліктер еңбектің бөлінісін (қоғамдық, салалық, аймақтық, халықаралық), өндірістің мамандануын (технологиялық, салалық, аймақтық, тораптық және заттық) және өндірістік байланыстардың кооперациясын (қарапайым және күрделі) қалыптастырады.

Соның ішінде еңбектің аумақтық бөлінісі қоғамдық еңбек бөлінісінің түрлері мен нысандарында ерекше орын алып, оның мәні мен қоғамдық ұдайыөндірістегі рөлі қоғамдық еңбек жиынтығының әралуан түрлерін өзарабайланыста қарастыру арқылы толығырақ ашыла түседі.

Сонымен, еңбектің аумақтық бөлінісі аумақты басқарудың объективті негізі ретінде ондағы шаруашылықтардың мамандануы мен маманданушы аумақтар арасында экономикалық байланыстардың даму дәрежесін білдіреді, яғни бұл үрдіс белгілі бір салаға маманданған ауданды қалыптастырудың басты элементі.

Осыдан келіп пайда болатын «маманданған экономикалық аудан» туралы пікірді аймақтанушы-ғалым Н.Н.Колосовский төрт негізгі топқа бөліп көрсетеді:

  • теориялық: экономикалық аудандастырудың қалыптасуының ғылыми негіздері мен заңдылықтары;
  • тарихи: экономикалық аудандастырудың даму тарихын ескеріп, ғылыми ойлардың сол мемлекетте дамуы;
  • әдістемелік: зерттелетін объектінің ғылыми әдістерін (тәсілдерін) дайындау;
  • қолданбалы: экономикалық аудандастыру теориясын тәжірибеде пайдалану.

Сонымен, аудандарда еңбек бөлінісі негізінде экономикалық жүйелердің қалыптасу барысын зерделеудің мақсаты елдің өндіргіш күштерін ұйымдастыруда ең жоғары тиімділікке қол жеткізу болып табылады. Осылайша, еңбектің аумақтық бөлінісі өндірістің жекелеген салаларының белгілі бір аумақтарда болуын және оған тән табиғи, климаттық, экономикалық (географиялық орналасуы, жұмыс күшінің саны мен сапасы, шаруашылықтың қалыптасу тарихы) ерекшеліктерін сипаттайды. Егер осы мәселелерді жергілікті басқару және жергілікті шаруашылықпен байланыстыратын болсақ, онда оның қалыптасу заңдылықтарын еңбектің аумақтық бөлінісімен ұштастыра түсіндіруге тура келеді.

Әрине, еңбектің аумақтық бөлінісін  оның салалық бөлінісінен ажырата қарастыру белгілі бір шарттылықты талап етеді. Өйткені еңбек бөлінісінің бұл екі түрі де өзара өте тығыз байланыста өрбитін құбылыс.

Сондықтан жергілікті шаруашылықтың қалыптасуы мен дамуын зерделегенде аумақтық еңбек бөлінісінің «жетекшілік» рөлін ойда ұстағанмен, оның салалық астарын да есепке алып отыру ләзім. Ол екеуінің кемелдену дәрежесі оның еңбек бөлінісі деңгейімен анықталатындығын әлемдік тәжірибеден айқын көруге болады. Осыдан барып еңбек бөлінісінің аталмыш түрлерінің өзі қандай факторлардан туындайтыны жайлы сөз қозғалуға тиіс.

Факторлары

Бұл факторлардың негізгілері ретінде мыналарды атап көрсету жөн:

  • табиғи қазба байлықтар көзінің болуы;
  • ауыл шаруашылығын дамыту мүмкіндіктері;
  • жергілікті халықтың интеллектуалдық деңгейі.

Осы факторлар жергілікті өндіргіш күштер әлеуетін сипаттап қана қоймай, оған қоса сол аумақтағы шаруашылықтың даму болашағы мен құрылымына да үлкен әсер етеді. Айтылғандарға көрнекілік сипат беретін болсақ, онда оны 1-ші сурет арқылы келтіруге болады.

 

Қарама-қайшылықтар

Сонымен бірге, еңбек бөлінісінде кездесетін кейбір қарама-қайшылықтар да жоқ емес, олардың бірқатары мыналар:

  • аймақтарда табиғат ресурстарының орналасуы мен оның салалық құрылымында;
  • халықтың аумақта орналасу ерекшелігі мен жаңа жұмыс орындарының географиялық орналасуында;
  • аймақтың салалық мамандануы мен оның аймақтық жүйе ретіндегі кешенді дамуында;
  • ұлттық табыстың аумақтық өндірісі мен оның географиялық пайдаланылуында;
  • салалардың экономикалық мүдделері мен аймақтардың әлеуметтік сұраныстарында және т.б.

Дамудың басты бағыттары

Осылайша, нарықтық экономикаға көшуге байланысты қоғамдық өндіріс дамуының аумақтық факторларын күшейтпейінше, интенсивті экономикалық өсуге қол жетпейтіні белгілі. Сондықтан еңбектің жоғарыда аталған аумақтық және салалық бөлінісі мынадай басты бағыттарға негізделуі шартты болып табылады:

  • салалық өндірісті аумақтың шикізат, энергия және еңбек ресурстарына жақындастыру негізінде өндірістік күштерді орналастыру;
  • экономикалық мақсатқа лайық салалық өндіріс сфералары қарым-қатынасы тиімді болуы үшін өндірісті тұтынушыға жақын орналастыру;
  • аймақты мамандандыру және олардың алдында тұрған әлеуметтік мәселелерді шешудің материалдық негізі ретінде өндірісті және оның жеке салаларын аумақтарға шоғырландыру;
  • аймақта (қалада, ауданда, ауылда) шикізатты дайын өнімге дейін жеткізетін өндірісті комбинациялау.

Осыдан келіп, еңбектің аумақтық бөлінісі аймақ өндірісінің басты тетігі ғана емес, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыратын қуатты фактор болып табылады деп қорытынды жасауға болады.

Еңбек Тәртібі– қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қарым-қатынастарының жүйесін құқықтық нормалар арқылы белгілеп, оның қағидаларын орындауға тараптардың өзара міндеттілігін білдіретін құқықтық категория.[1] Еңбек тәртібі жұмыс беруші мен қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібіне мойынсыну, оның белгілеп берген талаптарын орындау жөніндегі өзара міндеттемелерінен көрініс табады. Еңбек төртібі сендіру жөнө мәжбцрлеу сияқты әдістердің көмегімен қамтамасыз етіледі. Сендіру әдісін колдану кызметкерлердің өкімшілік талаптарын, кәсіпорынның (ұйымның) ішкі еңбек тәртібі ережелерін саналы және ерікті түрде орындауға деген ішкі қажеттіліктерін тәрбиелеу мақсатында олардың санасы мен мінез-құлқына әсер етуді көздейді. Сендіру әдісін іске асырудың нысаны кетермелеу шаралары болып табылады. Мәжбүрлеу әдісі сендіру әдісі қажетті нәтижелерге қол жеткізбеген уақытта қолданылады. Ол еңбек тәртібін бұзға ны үшін қолданылатын тәртіптік жазалау шаралары болып табылады.

Еңбекті ұйымдастырудағы  жұмыс берушінің міндеттері:

  • еңбек жарақатына жол бермейтін техника кауіпсіздігінің осы заманғы құралдарын өндіріске енгізу
  • қызметкерлердің көсіби және басқа да науқастарға шалдығуының алдын алатын санитарлық-гигиеналық шараларды қамтамасыз ету
  • қызметкерлердің қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы және өртке қарсы сақтану жөніндегі барлық талаптарды орындауын бақылайды.

Жұмыс беруші еңбектегі табыстары үшін қызметкерлерді көтермелеудің әр түрлі нысандарын қолдана алады. Көтермелеудің түрлері мен тәртібі жәке еңбек, ұжымдық шарттар және жұмыс берушінің актілері арқылы анықталады. Бұл — бағалы сыйлықпен марапаттау, сыйақы беру, алғыс жариялау және басқалары болуы мүмкін. Көтермелеу туралы шаралар деректері еңбек кітапшасына жазылады. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңында мемлекеттік қызметкерлерді адал еңбегі үшін көтермелеу шаралары көзделген. Мөселен, қызмет міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыста басқа да жетістіктерге қол жеткізгені үшін мемлекеттік қызметкерлерге мынадай көтермелеу шаралары қолданылады:

  • жоғары қызмет алу жолымен қызмет бабында көтерілу немесе кезекті біліктілік сыныбын мерзімінен бұрын беру
  • ақшалай сыйлыктар
  • заңда көзделген көтермелеудің өзге де нысандары.

Ішкі еңбек тәртібі ережелерінде және тәртіп туралы жарғыларда көзделген көтермелеу шараларынан басқа қызметкерлер айрықша еңбек қызметі үшін жоғары тұрған органдарга көтермелеуге, Қазақстан Республикасының ордендерімен, медальдарымен, құрметті атақтарымен, құрмет грамоталарымен марапаттауға ұсынылады. Мәселен, білім беру мекемелерінің ерекше көзге түскен қызметкерлерін өңірге тағатын "Қазақстан Республикасының білім озаты" белгісімен марапаттау көзделген. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары туралы" арнайы заңында республиканың жоғары марапаттарына ұсынылған азаматтарды марапаттаудың тізбесі мен реті беріледі.

Еңбек тәртібін бұзғаны  үшін жауапкершілік

Лауазым иелері еңбек тәртібін бұзғаны үшін бағыныштылық тәртібімен жауап береді. Лауазым иелерінің кейбір топтары олардың атқарып отырған қызметінің айрықша сипатына байланысты бағыныштылық тәртіппен еңбек тәртібін бұзғаны үшін ғана емес, оның қадір-қасиетімен сыйыспайтын теріс қылықтары үшін де заңда көзделген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.

Тәртіптік теріс қылықтардың өзіне тән негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • нақты кәсіпорынның (ұйымның) ішкі еңбек тәртібін коғамдық қауіпті емес сипатта бұзу
  • осы кәсіпорынмен (ұйыммен) еңбектік құқықтық қатынастарда тұратын қызметкерлер жасайтын тәртіп бұзушылықтар
  • қызметкерлердің өздерінің еңбек міндеттерін құқыққа қарсы және кінәні орындамауларынан көрінетін тәртіп бұзушылықтар
  • кінәлілікпен құқыққа қарсы іс-әрекеттің немесе әрекетсіздіктің арасындағы себепті байланыстар.

Информация о работе Еңбек бөлінісі