Қазақстан Қарулы Күштері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 19:01, реферат

Описание

Военная сила Республики Казахстана

Содержание

Кіріспе ............................................................................................3
Қазақстан армиясы ........................................................................4
Қазақстан Армиясының қарулары ..................................................14
Ұлан туралы білесің бе? .................................................................17
Тұңғыш қазақ генералы .................................................................20
Қосымша №1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы ............22
Қосымша №2. Қазақстан Республикасының Заңы: Қазақстан
Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштері туралы .............24
Қосымша №3. Қазақстан Республикасының Заңы:
Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы ...............................35
Қосымша №4. Әбілқайыр хан ......................................................53
Қосымша №5. Бөгенбай батыр ......................................................56
Қосымша №6. Аңырақай шайқасы .............................................59
Қосымша №7. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында ....................62
Қосымша №8. Генерал Сағадат Нұрмағамбетов ............................65
Қосымша №9. Ауған соғысы: Саңлақ жауынгер .............................68
Қосымша №10. Қазбриг ...............................................................70
Қосымша №11. Даналық сөздер ...................................................73
Әдебиеттер тізімі .......................................................................76

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Қарулы Күштері.doc

— 372.50 Кб (Скачать документ)

 Гвардия термині  ХІІ ғасырда Италияда пайда  болып, ол мемлекеттік туды  күзетуге арналған іріктелген  жасақ деген мағынаға ие болған. Кейіннен бұл айрықша әскер ХV ғасырда Францияда, ХVІІ ғасырда Англия, Швеция, Пруссияда, ХІХғасырда Түркия мен Жапонияда құрылған. Ресейде гвардиялық полктер І Петрдің бастамасымен ХVІІ  ғасырдың 80-жылдары пайда бола бастады.

Қазақ мемлекетінің негізін  қалаушы Жәнібек пен Керей, олардың мұрагерлері Есім, Қасым, Тәуке хандар қазіргі ұланға ұқсас әскер ұстаған деген дерек бар. Әскерге ханға берілген ақсүйектер отбасынан шыққан жасөспірімдер алынған. Олардың негізгі міндеті ханның отбасын қорғау, жол жүру кезінде ханмен ілесе жүру, көрші мемлекеттерден елші келгенде жарғылық рәсімдерді атқару еді. Сол батыр бабаларымыздың бүгінгі ұрпағының батыр болмасқа хақы жоқ. Жаңа заман сарбаздары – Республикалық ұлан да баба тарихтың көне дәстүрлерін сақтай отырып, өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Ұландықтардың әскери антқа адалдығы, Қазақстан Республикасының Президенті мен халқына мүлтіксіз қызмет етуі, батылдығы , кәсіби шеберлігі, салауатты өмір салты мен дене күшін жетілдіру қажеттілігі өзгелерден ажыратып тұрар айрықша қасиеттер болып отыр.

Ұлан жастары “өз  елімнің басы болмасам да, сайының  тасы болайын” деп Отан үшін от кешуден  тайсалмай, “тізе бүгіп өмір сүргенше, қасқайып тұрып өлгеніміз артық” деген қағиданы ұстанған.

Қазіргі таңда Республикалық  ұланның 2 полкі бар. Оның бірі Алатау баурайында, екіншісі Астана төріне шоғырланған. Алматыдағы полкке әр жылдары тәжірибелі командирлер полковниктер Мұрат Майкеев, Бақыт Мұхамеджанов, Ерлан Сұлтанбаевтар басшылық жасады. Бұл күндері бұл ұжым подполковник Мейрам Махатовтың қарауында. 1997жылы Елбасы Алматыдағы полкте болып, ұландықтардың жауынгерлік даярлығына жоғары баға берді. 1997 жылы 11 шілдеде Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бөлімге Ту тапсырды.

Қос бөлімде де әскери қызметшілерді тәрбиелеуде жастардың  бастамашыл орталығы, сержанттар кеңесі, ақпараттық-тәрбие жұмыстары бөлмесінің кеңесі сияқты қоғамдық ұйымдар аянбай тер төгіп келеді.

Бүгінде Республикалық  ұланда үстінен қылмыстық іс қозғалған  бірде-бір әскери қызметші жоқ. Осыған қарап-ақ мерзімді қызметі мәреге жеткен әрбір сарбаз белгілі бір  ілім қорын жинақтап, есейіп азаматтық өмірге еркін араласады деуге негіз бар.

Республикалық ұлан жанынан  құрылған Президент оркестрі осы  күні тек ұланның ғана емес, бүкіл  республикамыздың мақтанышына айналды  десек, асыра айтқанымыз емес. Бұл оркестр дүниежүзінің барлық мемлекеттерінің  әнұранын орындай алады. 1996 жылы олар АҚШ-та болып қайтты. Вашингтондағы атақты Линкольн театрына жиналған жұрт Айман Мұсақожаева, Айгүл Қосанова, Алексей Ефременко, Раушан Мұсақожаеваның өнерін сүйсіне тамашалады. Өткен жылы Қазақстанда ресми сапармен болған Малайзияның Премер-министрі құрметті қарауыл мен оркестрді көріп, “Біз де дәл осындай оркестр мен қарауыл жасақтағымыз келеді, бізге нұсқаушылар жіберіңіз” деп тілек білдірген. Енді дипломатиялық келісім бойынша 150 адамнан құралған оркестрді Малайзияға аттандыратын болдық. Барлық шығынды Малайзия өкіметі көтереді. Міне осының өзі зор табыс емес пе,- дейді Сәт Бесімбайұлы.

 

Республикалық ұланның  емдеу-алдын алу мекемесі әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелеріне білікті медициналық көмек көрсетуге арналған. Бүгінгі күні госпитальда  1 профессор, 1 доцент, 1 медицина ғылымдарының докторы мен 3 ғылым кандидаты жұмыс істейді. Енді аз сөз ұлан әскерлерінің әлеуметтік тұрмыстық жағдайы жайында. Әрине оларды басқа құрылымдармен салыстыруға болмайды. Өзгешелік бар. Жауынгерлердің жұмсалған күш қуат шығынын толықтыру үшін, ұландықтар барынша нәрлі және қуатты тағамдармен тамақтанады. Иә, Республикалық ұлан бүгіндері еліміздің әскерлері арасындағы ең үздік құрамалардың бірі десек қателеспеспіз. Республикалық ұланның жанынан құрылған “Көкжал” атты арнайы мақсаттағы айрықша топ өзінің құрамы жағынан қамтамасыз етілуі мен қаруландыру жағынан еліміздегі теңдессіз топ болып есептеледі.

 

Тұңғыш қазақ генералы

 

Ғұбайдолла Жәңгіров Ресейдегі алғашқы әскери телеграф байланысын жолға қойған, Ресей империясы  қарулы күштері байланыс әскерлерінің тұңғыш басшысы болған, қазақтан шыққан алғашқы генерал еді.

 Әсіресе, орыс-түрік  соғысы кезінде оның әскери  дарыны айрықша көзге түсті. Орыс-түрік соғысы  әскери байланыс жүйесінің арнаулы бір түрі ретінде жасақталып, шұғыл дамуына да көп септігін тигізді. Әскердің бұл түрі ұлан ғайыр соғыс сахнасындағы бүкіл іс қимылды басқарып отыруды жетілдіре түсуге тіпті, жеңіске жетуге айтарлықтай үлес қосты.

Оның үстіне жас қазақ  генералы бірнеше шетел тілін  білетін, әдебиет, тарих, жағрафия, математика, заң, дипломатика, экономика, және өзге де ілімдерге жүйрік болатын. Ғұбайдолла Жәңгіровтың арқасында , байланыстың  жауынгерлік тәжірибесі молығып, бұл сала дербес бір әскери құрылымға айналды. 1877-1878 жылдардағы орыс-түрік соғысында ерекше көзге түскен әскер басыларға “Ерлігі үшін” деген жазуы бар алтын қарулар сыйға тартылды. Солардың бірі – қазақтың тұңғыш генералы Ғұбайдолла Жәңгіров еді.

 Ғұбайдолла Жәңгіров  сонау ХVІІ ғасырдың ортасында  әйел патша Елизавета Петровна  Санкт-Петербургте негізін қалаған  Паж корпусын тәмамдаған болатын.  Бұл негізінен гвардиядағы “әскер  қатарында қызмет ететін текті  әулеттер мен қызметшілер отбасынан шыққан жастарды” даярлауға арналған жоғарғы әскери оқу орны. Бұл корпусқа Ресейдегі ең ақсүйек дворяндар мен император әулетінің 10-15 жас аралығындағы ер балаларды оқытып, жылына барлығы 50 шәкірт қабылданатын. Оқуға талапкердің денсаулығы мұқият тексеріліп, сырт келбетіне де айрықша көңіл бөлінді. Оған имиген еңкіш, секпілбет, аяғы қисық адамдар  алынбайтын. Үрдіс бойынша, астанада өткізілетін шерулердің  қай қайсысында солар бастап ашып беретін.  Денесіне құйып қойғандай әдемі киімді, сымбатты да сұңғақ бойлы бұл жігіттер, тіпті ең бай гвардиялық жастардан да өзгеше көз тартарлықтай ерекшеленіп тұратын. Ғұбайдолла Жәңгіров Паж корпусынан 1-ші санатты сардар болып шығып, әскери өмірін атты әскердегі корнеттік қызметтен бастады. Бірте-бірте казактар полкының гвардиясында, 1867 жылдан бастап Орынбор генерал губернаторы жанындағы арнаулы тапсырмалар қызметкері болды. Ғұбайдолла Жәңгіров 1868 жылы поковник, Ұлы мәртебелі Император қауымының флигель-адьютанты атағын алды. Ал, бұл қауымға тек патша сарайы мен қала сыртындағы қызмет үйлеріндегі, жалпы императордың бас ғимаратындағы кезекші сардар міндетін  атқарушы алғыр да адал, әрі батыл, императордың жеке басына ұнаған жандар ғана кіре алатын.

Міне өзінің батылдығы  әрі әскери білімділігімен қатар, сымға тартқандай келбетті тұлғасымен ақсүйектер арасында және армияда үлкен беделге ие болған, қазақтың тұңғыш генералы Ғұбайдолла Жәңгіров осындай жан еді.

 

 

 

 

 Қосымша №1

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасының 

Қарулы Күштерін құру туралы

 

 

 

 

“Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тәуелсіздігі туралы”  Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын басшылыққа алып, қорғаныс саласында  біртұтас мемлекеттік мақсатты жүзеге асыру қажеттігіне сүйеніп, Қарулы Күштер мен шекара әскерлері жайында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы – Мемлекеттер басшылары кеңесінің келісімінде қуатталған дербес Қарулы Күштер құруға деген заңды құқықтың негізінде және достастықтың басқа мемлекеттерінің дербес Қарулы Күштерін жасақтағанын еске алып қаулы етемін:

 

1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылсын. Достастықтың Біріккен қарулы күштерінің Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан әскери бірлестіктері, құрамалары, бөлімдері, мекемелері, ұйымдары, полигондары, арсеналдары, сақтау базалары, қоймалары, жылжитын және жылжымайтын әскери мүлкі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Біріккен қарулы күштері туралы келісімнің шарттары сақтала отырып, Қазақстан Республикасының юрисдикциясына берілсін және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрамына енгізілсін.

 

2. Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан қолында ядролық қаруы бар барлық әскери құрамдар оларды толық жойғанға дейінгі кезеңде Достастыққа қатысушы мемлекеттердің арасында бұрын қабылданған келісімдерге сәйкес стратегиялық күштерді басқарудың қазіргі қолданылып отырған жүйесін сақтасын.

3. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне басшылықты қажетті заң актілері қабылданғанға дейін Қазақстан Республикасының Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы жүзеге асырады, ал тікелей басқару Қазақстан Республикасының қорғаныс министріне жүктеледі.

4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 3 ай мерзімде Достастықтың біріккен қарулы күштерінің Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан әскери бірлестіктерін, құрамаларын, бөлімдерін, мекемелері мен ұйымдарын қабылдап алуды жүзеге асырсын, әскерлерді тікелей басқару жүйесі жасалуын қамтамасыз етсін, Біріккен қарулы күштер Бас қолбасшысымен бірлескен іс-қимылды ұйымдастырсын және олардың жауынгерлік әзірлігін сақтау жөнінде шаралар қолдансын.

 Біріккен қарулы  күштер Бас қолбасшысына тікелей  бағыныштыларын қоса әскери бірлестіктердің,  құрамалардың, бөлімдердің, мекемелердің, ұйымдардың, полигондардың, арсеналдардың,  сақтау базалары мен қоймаларының  командованиеге үкіметтің келісімінсіз оларды бір жерден екінші жерге көшіруге, сондай-ақ әскери техниканы, қару-жарақты және материалдық-техникалық мүлікті Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тасып әкетуге тыйым салынсын.

5. Қазақстан Республикасының Министрлер кабинеті Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан әскерлерді қаржыландыру, азық-түлікпен, материалдық-техникалық және медициналық жағынан қамтамасыз ету мәселелерін шешетін болсын.

6. Әскерлердің тұрмысы мен қызметін және олардың жауынгерлік әзірлігін сақтауды реттейтін қазіргі қолданылып жүрген құқықтық нормалардың, нұсқаулар мен ережелердің күші Қазақстан Республикасының тиісті актілері қабылданғанға дейінгі кезеңде сақталатын болсын.

7. Осы Жарлық оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.

Алматы қаласы, 1992 жылғы  мамырдың 8-і.

 

 

 

      

 

 

Қосымша №2

 

Қазақстан Республикасының  заңы

Қазақстан Республикасының  қорғанысы және Қарулы Күштері туралы

(үзінділер)

Осы Заң Қазақстан  Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкілеттіктерін, азаматтар мен ұйымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен міндеттерін реттейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда  пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай  негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ұрысқа әзірлік – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың белгіленген мерзімдерде өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайындығының дәрежесін айқындайтын жағдай;

2) ұрыс қимылдары - әскери бөлімдердің, құрамалар мен бөлімшелердің тиісті әскери басқару органдарының басқаруымен жауынгерлік міндеттерді орындау кезіндегі ұйымдасқан іс-қимылдары;

3) жауынгерлік міндет – ұрыста (операцияда) белгілі бір мақсатқа белгіленген мерзімде қол жеткізу үшін жоғары тұрған командир (бастық) қойған міндет;

4) Қарулы Күштердің түрі – мемлекеттің белгілі бір салада(құрлықта, теңізде, әуе кеңістігінде) соғыс қимылдарын жүргізуге арналған Қарулы Күштерінің бір бөлігі;

5) соғыс қимылдары – агрессияға тойтарыс беру кезінде алға қойылған жауынгерлік міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің барлық түрін қолданатын стратегиялық ауқымдағы (ұрыс қимылдарын қоса алғанда) іс-қимылдар кешені;

6) соғыс басталған сәттен бастап, соғыс қимылдарын тоқтату туралы жарияланғанға дейінгі, бірақ олардың нақты тоқтатылуынан бұрынғы кезең;

7) әскери мүлік – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерінің жедел басқару құқығындағы қорғаныс объектілері, қару жарақтың, әскери техниканың барлық түрлері, оқ-дәрі, арнайы құралдар мен басқа да мүлік;

8) соғыс қаупі – саяси және өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасына қарсы әскери күш көрсету құралдарын қолдану мүмкіндігі көзделетін тұрақсыздық факторы;

9) мемлекеттің әскери ұйымы – негізгі қызметі Қазақстан Республикасының қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге тікелей бағытталған Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жиынтығы;

10) соғыс қатері – туындаған қарама-қайшылықтарды әскери күш қолдану әдістерімен шешуге, Қазақстан Республикасына қарсы бағытталған соғыс жанжалына(соғысқа) ұрындыруға деген нақты қалыптасқан ниет;

11) әскери техника – Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар жарақтандырылатын қарулар, ұрыс машиналары, аспаптар мен басқа да техникалық құралдар;

12) әскери бөлім – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ұйымдық-дербес бірлігі болып табылатын мемлекеттік мекеме;

13) қару-жарақ - әр түрлі қару, оқ-дәрі түрлерінің кешені, бұларды қолдануды қамтамасыз ететін олардың тасығыштары мен құралдары;

14) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері (бұдан әрі – Қарулы Күштер) – қорғанысты қамтамасыз ету, агрессияға тойтарыс беру немесе тікелей сыртқы қатерді болдырмау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінен туындайтын міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасы құрған және ұстайтын мемлекеттің әскери ұйымының негізі;

15) Жоғары қолбасшылық (жоғары қолбасшылық құрам) – Қорғаныс министрі, оның орынбасарлары, Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын өзге де лауазымды адамдар;

16) азаматтық персонал – Қарулы Күштерде мемлекеттік қызметте болатын немесе еңбек қатынастарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;

17) басқа да әскерлер мен әскери құралымдар – ұлттық қауіпсіздік органдары, Республикалық ұлан, Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері мен әскери-тергеу органдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлімдері, әскери прокуратура органдары;

Информация о работе Қазақстан Қарулы Күштері