Қазақстан Қарулы Күштері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 19:01, реферат

Описание

Военная сила Республики Казахстана

Содержание

Кіріспе ............................................................................................3
Қазақстан армиясы ........................................................................4
Қазақстан Армиясының қарулары ..................................................14
Ұлан туралы білесің бе? .................................................................17
Тұңғыш қазақ генералы .................................................................20
Қосымша №1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы ............22
Қосымша №2. Қазақстан Республикасының Заңы: Қазақстан
Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштері туралы .............24
Қосымша №3. Қазақстан Республикасының Заңы:
Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы ...............................35
Қосымша №4. Әбілқайыр хан ......................................................53
Қосымша №5. Бөгенбай батыр ......................................................56
Қосымша №6. Аңырақай шайқасы .............................................59
Қосымша №7. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында ....................62
Қосымша №8. Генерал Сағадат Нұрмағамбетов ............................65
Қосымша №9. Ауған соғысы: Саңлақ жауынгер .............................68
Қосымша №10. Қазбриг ...............................................................70
Қосымша №11. Даналық сөздер ...................................................73
Әдебиеттер тізімі .......................................................................76

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Қарулы Күштері.doc

— 372.50 Кб (Скачать документ)

18) материалдық запастар – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдарында, базалары мен қоймаларында сақталатын әскери мүліктің белгілі бір саны;

19) пайдаланылмайтын әскери мүлік – қаруландырудан алынған, тікелей мақсатына орай пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепілді мерзімі өткен, Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы басы артық және олар қолданбайтын мүлік;

20) жабдықтау нормалары – бейбіт кезде немесе соғыс уақытында әскери қызметшілерге, бөлімшелерге, әскери бөлімдерге (мекемелерге) және құрамаларға беруге белгіленген материалдық құралдардың саны;

21) қорғаныс – Қазақстан Республикасының  әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету, егемендігін, аумақтық тұтастығын және оның шекарасына қол сұғылмаушылықты қару-жарақпен қорғау жөніндегі саяси, әскери, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік-құқықтық және өзге де сипаттағы мемлекеттік шаралар жүйесі;

22) қорғаныс объектілері – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелеріне жедел басқару құқығында бекітіліп берілген жылжымайтын мүлік;

23) аумақты жедел жабдықтау – қорғаныс мақсатындағы міндеттерді жедел шешу үшін пайдалануға көлік құрылыстарын, жол желілерін, қойма шаруашылығын, байланысты, сумен, жылумен және энергиямен жабдықтауды даярлауға және ұдайы әзірлікте ұстап тұруға бағытталған іс-шаралар кешені;

24) әскери басқару органдары - әскери басқарудың стратегиялық, жедел-стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық және жергілікті органдары;

25) әскерлер түрі - өзіне ғана тән негізгі қарулары мен әскери техникасы, сондай-ақ оларды ұрысқа қолдану тәсілдері бар Қарулы Күштердің дербес не құрамдас бөлігінің құрамына кіретін түрі;

26) арнаулы әскерлер – Қарулы Күштердің жауынгерлік қызметін (инженерлік, химиялық және техникалық қамтамасыз ету, барлау, байланыс, радиоэлектрондық күрес) қамтамасыз ету жөніндегі арнаулы міндеттерді орындау үшін құрылған әскери бөлімдер мен бөлімшелер;

27) арнаулы құрылымдар – жұмылдыру жарияланған кезде темір жолдар мен автомобиль жолдарын, теңіз және өзен порттарын, әуежайларды, аэродромдарды,  байланыс желілерін, газ және мұнай құбырларын, энергиямен және сумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды орындау үшін өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, көлік және байланыстың кідіріссіз жұмысын ұйымдастыру үшін және медициналық көмек көрсету үшін құрылатын құралымдар;

28) соғыс кезі – мемлекеттер арасындағы соғыс жарияланған (соғыс қимылдары іс жүзінде басталған) кезден ол аяқталғанға (іс жүзінде тоқтатылғанға) дейінгі қарым-қатынастар;

29) аумақтық қорғаныс – Қазақстан Республикасының халқын, обьектілерін және коммуникацияларын қарсы жақтың іс қимылынан, диверсиялық немесе террорлық актілерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асыратын іс-шаралар жиынтығы, сондай-ақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы режимдерін енгізу және қамтамасыз ету;

30) техникалық қамтамасыз ету – Қарулы Күштерді, басқа да әскелер мен әскери құралымдарды қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын іс-шаралар кешені;

31) тыл – Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды тыл және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын әскери бөлімдер;

32) тыл жағынан қамтамасыз ету – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ұрысқа әзірлігін ұстап тұру мақсатында олардың материалдық, көліктік, тұрмыстық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған іс-шаралар кешені;

33) кәдеге жарату – қару-жарақты, әскери техниканы, арнаулы құралдарды олардың ұрысқа жарамды қасиеттерін пайдалануды немесе тікелей мақсаты бойынша қолдануды болдырмайтын жағдайға келтіру, сондай-ақ олардың компоненттерін кейіннен пайдалану мақсатында бөлшектеу;

3-бап. Қазақстан Республикасының  әскери қауіпсіздігін қамтамасыз  ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері

Қазақстан Республикасының  әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету  саласындағы мемлекеттік саясаттың  негізгі принциптері:

1) басқа мемлекеттердің егемендігін, мемлекеттік шекараларының мызғымайтындығын, аумақтық тұтастығын құрметтеу және олардың ішкі істеріне араласпау;

2) әскери саладағы сенімділік және ашықтық шараларын нығайту;

3) халықаралық дауларды бейбіт жолмен реттеу;

4) Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық міндеттемелерді сақтау және шарттардың мақсатына қол жеткізуге жәрдемдесу;

5) өзара тиімді ынтымақтастық және өзара түсіністік негізінде барлық елдермен достық қарым-қатынасты ұстану;

6) әскери жанжалдарды болғызбауға, бейбітшілікті қолдау мен қалпына келтіруге бағытталған жаһандық және өңірлік қауіпсіздік жүйелерін құруға қатысу болып табылады.

2-тарау. Қазақстан  Республикасы Президентінің, Парламентінің  және Үкіметінің қорғаныс саласындағы  өкілеттіктері

5-бап. Қазақстан Республикасы  Президентінің қорғаныс саласындағы  өкілеттігі:

1. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.

2.Қазақстан Республикасының  Президенті:

1) Қазақстан Республикасы  әскери саясатының негізгі бағыттарын  айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрылысы мен даму жоспарын, қорғаныс мәселелері жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді;

3) Қарулы Күштерді  қолдану жоспарын, сондай-ақ мемлекеттің  жұмылдыру жоспарын бекітеді;

4) Қарулы Күштерге, басқа  әскерлер мен әскери құралымдарға  жалпы басшылықты жүзеге асырады;

5) Қарулы Күштердің  құрылымын, штат санының лимитін,  сондай-ақ әскери қызметшілер  мен мемлекеттік қызметшілерге  еңбекақы төлеу жүйесін бекітеді;

6) осы Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген міндеттерді орындау үшін бұл туралы Республика Парламентін дереу хабардар ете отырып, Қарулы Күштерді тарту туралы шешімдер қабылдайды;

7) жоғары офицерлік  құрамның адамдары атқаруға тиісті  лауазымдар тізбесін бекітеді, жоғары әскери атақтар береді;

8) Қарулы Күштердің  жоғары қолбасшылығын қызметке  тағайындайды және қызметтен  босатады;

9) әскери ант мәтінін,  жалпы әскери жарғыларды, әскери  қызметті өткеру ережесін, әскери  нышандарды, Қарулы Күштердің, басқа  да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери киім нысаны мен айырым белгілерін бекітеді;

10) Қазақстан Республикасының  қорғаныс және әскери ынтымақтастық  саласында келіссөздер жүргізеді  және халықаралық шарттарға қол  қояды;

11) Республиканың азаматтарын  мерзімді әскери қызметке шақыру және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару, соғыс уақытында, жұмылдыру бойынша әскери қызметке, сондай-ақ әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы шешім қабылдайды;

12) Парламент палаталарының  бірлескен отырысының қарауына Қарулы Күштерді бейбітшілікті қолдау және қауіпсіздік жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін пайдалану туралы ұсыныс енгізеді;

13) Қазақстан Республикасының  Конституциясында көзделген жағдайларда  Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе соғыс жағдайын енгізеді, ішінара немесе жалпы жұмылдыру жариялайды және бұл туралы Республика Парламентін дереу хабардар етеді;

14) Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен заңдарына  сәйкес өзге де өкілеттіктерді  жүзеге асырады.

6-бап. Қазақстан Республикасы Парламентінің қорғаныс саласындағы өкілеттіктері

Қазақстан Республикасының  Парламенті:

1) Қазақстан Республикасының  қорғанысын қамтамасыз ету мәселелері  бойынша заңдар қабылдайды, оларға  өзгерістер мен толықтырулар  енгізеді;

2) соғыс және бітім мәселелерін шешеді;

3) Қазақстан Республикасы  Президентінің ұсынысы бойынша  Қарулы Күштерді бейбітшілікті  қолдау және қауіпсіздік жөніндегі  халықаралық міндеттемелерді орындау  үшін пайдалану туралы шешім  қабылдайды;

4) әскери атақтарды  белгілейді;

5) қорғаныс және әскери  ынтымақтастық мәселелері жөніндегі  халықаралық шарттарды бекітеді  және күшін жояды;

7) қарғаныс және Қарулы Күштер мәселелері бойынша парламенттік тыңдаулар өткізеді.

7-бап. Қазақстан Республикасы  Үкіметінің қорғаныс саласындағы өкілеттіктері

Қазақстан Республикасының  Үкіметі:

1) мемлекеттің әскери саясатының негізгі бағыттарын әзірлейді, Республиканың қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асырады;

2) мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

3) Қорғаныс министрлігінің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;

4) Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті органды айқындайды;

5) Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті органның ұсынысы бойынша жыл сайын мемлекеттік қорғаныс тапсырысын бекітеді;

6) Қорғаныс өнеркәсібінің, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды;

7) әскери оқу орындарын, жоғары оқу орындарының әскери кафедраларын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды;

8) жоғары оқу орындарындағы әскери даярлық туралы ережені бекітеді;

9) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі мен шарттарын айқындайды;

10)  Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қару-жарақпен, әскери техникамен және материалдық-техникалық ресурстармен жарақтандыруды және қамтамасыз етуді ұйымдастырды;

11)  жабдықтау нормаларын және материалдық запастардың санаттарын бекітеді;

12)  мемлекеттің жұмылдыру жоспарын әзірлеуді және орындауды ұйымдастырады, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтерді қалыптастыру, жинақтау және пайдалану тәртібін белгілейді;

13)  мемлекеттік органдардың, меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың жұмылдыру даярлығына басшылық жасауды жүзеге асырады;

14)  қорғаныс мақсатында Республика аумақтарын жедел жабдықтау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

15)  әскери міндеттілер мен шақырылатындардың әскери есебін жүргізу тәртібі туралы ережені бекітеді;

16)  әскери-көліктік міндеттілік туралы ережені бекітеді;

17)  әскери басқарудың жергілікті органдары туралы ережені бекітеді;

18)  әскери қызметке шақырылуға тиісті азаматтардың санаттары мен санын, сондай-ақ әскери жиындарға шақырылуға тиісті әскери оқытылған мамандардың жыл сайынғы санын айқындайды;

19)  әскери оқытылған резервті құруға және даярлауға жалпы басшылықты жүзеге асырады, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекітеді;

20)  азаматтық және аумақтық қорғанысты жоспарлауды және оған басшылық жасауды жүзеге асырады;

21)  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жерді, орманды, суды, және басқа да табиғи ресурстарды қорғаныс мұқтаждары үшін беру және пайдалану тәртібін белгілейді;

22)  пайдаланылмайтын әскери мүлікті тапсыру, сату және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) тәртібін белгілейді;

23)  әскери ынтымақтастық және үкіметаралық келісімдерге қол қою мәселелері бойынша халықаралық келіссөздер жүргізу туралы шешімдер қабылдайды;

24)  қорғаныс мұқтаждары үшін жеке және заңды тұлғалардан реквизицияланған, сондай-ақ берілген мүліктің құнын мемлекеттің өтеу тәртібін белгілейді;

25)  әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару тәртібін белгілейді;

26)  қару мен әскери техниканың, стратегиялық материалдардың, озық технологиялар мен қос мақсатта пайдаланылатын өнімдердің экспортын бақылауды ұйымдастырады;

27)  Конституциямен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Президенттің актілерімен өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

10-бап. Қазақстан Республикасы  азаматтарының қорғаныс саласындағы  құқықтары мен міндеттер                                  

1.Қазақстан Республикасының  азаматтары:

Информация о работе Қазақстан Қарулы Күштері