Қазақстан экономикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:45, реферат

Описание

Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы.Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып табылады. Сондықтан ол бәсекелестік бастауға, меншіктің негізгі түрлерін араластыра өзара іс- әрекетке негізделеді. Олардың әрқайсысы жалпы экономикалық және әлеуметтік өзара байланыс жүйесінде өз қызметтерін атқарады.Әрбір елдің экономикалық жүйесі бар.

Работа состоит из  1 файл

Күнделікті экономикалық өмірде адамдар арасындағы қатынастар әрқашанда белгілі экономикалық жүйе ретінде қызмет жасайды.docx

— 54.51 Кб (Скачать документ)

      Күнделікті экономикалық өмірде адамдар арасындағы қатынастар әрқашанда белгілі экономикалық жүйе ретінде қызмет жасайды.

      Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы.Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып табылады. Сондықтан ол бәсекелестік бастауға, меншіктің негізгі түрлерін араластыра өзара іс- әрекетке негізделеді. Олардың әрқайсысы жалпы экономикалық және әлеуметтік өзара байланыс жүйесінде өз қызметтерін атқарады.Әрбір елдің экономикалық жүйесі бар. Бұл жүйе бір – біріне тәуелді әр түрлі компоненттерден тұрады. Экономикалық жүйе – бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстың ерекше реттелген жүйесі.

Қазақстан экономикасы

     Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және     бәсекеге қабілетті.

    Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.

    Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.

   1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1,8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9,1 % болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2,5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5,1 мың АҚШ долларын құрайды.

   Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен айтарлықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда. Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта белсенді орын алуда, 2005 жылы бұл көрсеткіш 15 млрд. АҚШ долларына жетті. Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды, сыртқы қолайсыз жағдайларға тәуелділікті төмендетуді қамтамасыз ету үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды. 2001 жылдан бастап барлық мұнай түсімдерінің 60 % Ұлттық қорда жинақталады. Аталған қордың көлемі 2005 жылдың соңындағы 8 млрд долларға қарағанда, 2006 жылы 14,5 млрд. АҚШ доллары болды. Елдің алтын валюталық қоры Ұлттық қорды қоса есепке алғанда 2006 жылғы 30 қарашада 15,086 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.

   2006 жылы Қазақстанның халықаралық қорлары Ұлттық қордың қаржысын қоса алғанда ағымдағы бағамен 29 764,8 млн. АҚШ долларын құрады.

   Республика экономикасына 50 млрд. АҚШ долларына жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізуде. Мәселен, 2004 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі 7 млрд. доллардан астам оң сальдомен 33 млрд. АҚШ долларына жақындап, 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті.

    2005 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы ұйымдастырылмаған сауданы қоспағанда 41016,4 млн. АҚШ долларын құрады. Сыртқы сұраныстың және жоғары экспорттық бағалар нәтижесінде экспорт 25197,4 млн. АҚШ доллары болды. Тұрақты ішкі сұраныстың қалыптасуы нәтижесінде импорт 15819 млн. АҚШ долларын құрады.

   Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы сауда географиясы негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен шектелсе, ол қазір айтарлықтай кеңейді. 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында бірінші орынға ЕО-қа мүше елдер, Ресей, Швейцария және Қытай шықты.

   Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық, қолайлы инвестициялық жағдай дүние жүзіндегі Қазақстанның жоғары рейтингінің сақталуына ықпал етті.

     Қазақстан бүгінгі таңда ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Moody’s Investors Service, Standard & Poor’s и Fitch Rating’s Ltd сияқты жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің инвестициялық класс рейтингін алды.

    2005 жылғы 20 желтоқсанда Fitch Rating’s рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасының инвестициялық рейтингін шетел валютасындағы ұзақ мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ» деңгейіне дейін және ұлттық валютадағы ұзық мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ+» деңгейіне дейін жоғарылатты, сондай-ақ шетелдік валютадағы қысқа мерзімді облигациялар бойынша «Ғ3» деңгейін растады. Бұл ретте барлық берілген рейтингтер «тұрақты» екені болжанып отыр. Осы агенттіктің соңғы есебіне сәйкес, Қазақстанда минералдық ресурстардың қомақты қорының болуы оның экономикалық келешегі зор екенін айқындайды.

   Қазіргі уақытта Қазақстан Бүкіл әлемдік банктің жіктеуі бойынша, кірісі орта деңгейден жоғары елдердің тобына жатады. Тұрмыс сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстырсақ, соңғы 10 жыл ішінде қазақстандықтардың ақшалай табысы орта есеппен 5 есе өсті; орташа айлық жалақы 6 есеге жуық өсті; ең төменгі жалақы 25 есе өсті; ең төмен жалақы мөлшері 25 есе; зейнетақының орташа айлық мөлшері 4,6 есе артты.

    2006 жылғы мамырдағы жұмыссыздық деңгейі 7,7 % мөлшерінде қалыптасты (2005 жылғы мамырда – 8,2 %). Мемлекеттің 2005 жылы тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне бөлінген шығыстары 2003 жылмен салыстырғанда 1,7 еседен астам өсті.

Тарихы

    Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде көшпелi мал ш-на негiзделдi. Мал жыл бойы өрiсте бағылады. Жер көшпелi қауымның ортақ меншiгi болып саналып, қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншiкте болды. Шын мәнiнде малдың иесi жайылымға да иелiк еттi. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттiлiгi жойылған кезеңнен бастап, әсiресе, 1891 ж. Дала ережесi өмiрге енгiзiлгеннен кейiн, көшпелi ш-тың сипаты өзгердi. Тауар-ақша қатынастарының дамуы көшпелiлердiң едәуiр бөлiгiн жерсiз қалдырды, ал шұрайлы жайылымдық алқаптар ауқаттылардың қолына шоғырланды. Көшу ұзақтығы едәуiр қысқарып, табынның құрылымы және малды бағып-күту жағдайлары өзгердi. Тұрақты тұрғын үйлер мен мал қоралары пайда болды. Болыстар мен ауылдарға бөлiнген жерлердiң шекарасы айқындала бастады.

   9 ғасырың аяғы мен 20 ғ-дың басында көшпелi ш-ты дағдарыс шарпыды. Бұқараның кедей топтары қайыршылыққа ұшырап, мал басы кемiп кеттi. Көшпелiлердiң кедейленген бөлiгi отырықшыға айналды. Дағдарыстың тереңдей түсуiне патша өкiметiнiң ең шұрайлы жерлердi тартып алып, қоныс аударушыларға берген отаршылдық саясаты қатты әсерiн тигiздi. Шын мәнiнде бұл байырғы халықты ата мекендерiнен күшпен ығыстырып, құнарсыз жерлерге қуу болды. 1917 жылға дейiн патша үкiметi қазақтардан 45 млн. гектардан астам жердi тартып алып, iшкi Ресейден келген жаңа қоныс тебушiлерге алып бердi. Патша үкiметiнiң қоныс аудару саясаты жергiлiктi халықтың экон. мүдделерiне нұқсан келтiрдi. Ол қазақтардың ата-бабаларының құнарлы қоныстарын қоныс аудару қорына күшпен алып қосу арқылы жартылай отырықшы мал ш-на және егiншiлiкке бейiмделмеген қазақ көшпелiлерiнiң табиғи дамуын тежедi. Көшпелi ш. дағдарысы құнары аз аймақтарға ығысқан жұрттан мал ш-н анағұрлым тиiмдi жүргiзудi, сондай-ақ, егiншiлiк пен отырықшылыққа көшу мәселесiн шұғыл күн тәртiбiне шығарды. Қазақ халқының жерге қоныстану, оны пайдалану жолындағы күресi, атап айтқанда, жердi әдiл бөлу, орталықтан көшiрiп келген шаруаларға кепiлдi жер телiмдерiн қазақтардан тартып алып берудi доғартуға ұмтылу аса маңызды мәселелердiң бiрiне айналды. Қазақтардың Мемл. Думаға, басқа да мекемелерге жазған көптеген арыздарында жер иелену құқықтарының нақты еместiгi салдарынан көшпелi ш-тар жағдайының тиянақсыз болып отырғандығы атап көрсетiлдi. Мұның өзi олардың еңсесiн түсiрдi, ертеден орныққан үй-жай, қора-қопсыларынан айрылып, шөл және шөлейт, басқа да қолайсыз аймаққа қайта орнығуға, шаруашылықты жетiлдiруге деген ықыласын кемiттi. Отырықшылыққа көшу қазақ шаруалары үшiн қиын үдерiс болды. Жер иелену құқығымен қоса бұған белгiлi бiр мөлшерде қаржы-қаражат та қажет едi. Ал патша үкiметi қандай да бiр көмек көрсетуден бас тартты. Осындай себептерге байланысты қазақ жерiнде отырықшылыққа көшу кең таралмады. Бұл үдерiс егiншiлiктi дамытуға анағұрлым қолайлы жағдайлары бар солт.-шығыс облыстарда, қоныс аударған орыс шаруаларымен тығыз араласқан жерлерде өрiс алды. Сөйтiп, Қазақстанда әрқилы табиғи-геогр. және тарихи жағдайларға байланысты шаруашылықтың көшпелi, жартылай көшпелi және отырықшы сияқты үш түрi қалыптасты. Соңғы екеуiнде шөп шабу мен егiншiлiктi дамыту нәтижесiнде а. ш. машиналары пайдаланыла бастады. Қазақ ауылдарында бұл машиналарды алдымен бiрлесiп, кейiнiрек жекелеген адамдар несиеге сатып алды. 1908 ж. тек Ақмола обл-ның қазақтарында 6160 шөп шабатын машина болды.

     Тауар-ақша қатынастары қазақ ауылына дендеп енiп, бiр жағынан, шаруалардың шаруашылық қызметiнiң ауқымын кеңейттi, екiншi жағынан, өсiмқорлық сауда-саттықтың дамуына жол ашты. Дәулеттiлер бүкiл малды, қауымдық жерлердi өз қолдарына шоғырландырып, барлық су көздерiн, қыстақтар мен жайлауларды иемденiп алды. Қазақ қоғамының көпшiлiгi iс жүзiнде өндiрiс құрал-жабдығы жоқ кедейлер едi. Сауда-саттықты кәсiп етушiлер мен өз шаруашылығында жалдама еңбектi пайдаланушылардың қатары молайып, саудагерлiк-кәсiпкерлiк өрiс алды. Сөйтiп, қазақ жерiндегi нарықтық қатынастардың алғашқы нышандарының шаруашылыққа, шаруаның жеке тұтыну қажетiне ықпалы күшейдi.

   Тауар-ақша қатынастарының дамуына, қазақ ауылының экономикасындағы басқа да өзгерiстерге байланысты, жер жекелеген адамдардың жеке меншiгiне айнала бастады. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Қазақстан экономикасында әр түрлi экон. ұстындардың астасуы байқалды.

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы  қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы жағдайы

     ЖІӨ өндірісі. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанда ЖІӨ өндірісі 7,0%-ға өсті.

    Қысқа мерзімді экономикалық индикатор (ҚЭИ) 2011 жылғы қаңтарда 2010 жылғы қаңтармен салыстырғанда 106,9%-ды құрады.

    Экономиканың нақты секторы. 2011 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 135,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылғы қаңтармен салыстырғанда 5,8%-ға көп. 2011 жылғы қаңтарда кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда нақты көлем индексі 105,0% құрады. Көмір және лигнит (124,8%), шикі мұнай (105,5%), темір кені (100,4%) өндіру өсті.

    Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде 7,5%-ға өсу болды.

   Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны кондициялау 5,1%-ға, сумен жабдықтау – 1,9%-ға өсті.

   Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2011 жылғы қаңтарда 54,3 млрд. теңгені құрап 2010 жылғы қаңтармен салыстырғанда 1,9%-ға ұлғайды.

   Құрылыс жұмыстарының көлемі 2011 жылғықаңтарда 2010 жылғы қаңтармен салыстырғанда 2,2%-ға өсті.

   2011 жылғы қаңтарда жүк айналымының көлемі 31,7 млрд. ткм (комерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалау есебімен) құрып 2010 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,2%-ға өсті.

   2010 жылғы қаңтармен салыстырғанда жолаушылар айналымы 24,2%-ға артып, 13,1 млрд. жкм құрады.

   Байланыс қызметі 2011 жылғы қаңтарда 10,9%-ға өсті.

   2011 жылғы қаңтарда бөлшек сауда тауар айналымы (қоғамдық тамақтану айналымынсыз) 265,3 млрд. теңгені құрап, 2010 жылғы қаңтарға қарағанда 11,1%-ға ұлғайды.

   Есепті кезеңде көтерме сауда тауар айналымы 556,2 млрд. теңгені құрап, 2010 жылғы қаңтармен салыстырғанда 16,9% артты.

  Негiзгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемi 2011 жылғы қаңтарда 189,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылғы қаңтармен салыстырғанда 4,3%-ға көп.

  Ресей және Беларусь елдерімен өзара саудасын есепке ала отырып Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанда 89,0 млрд. АҚШ долл. құрап, 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 24,3%-ға өсті, оның ішінде экспорт – 59,2 млрд. АҚШ долл. (37,1%-ға өсті), импорт – 29,7 млрд. АҚШ долл. (4,8%-ға өсті).

  2010 жылғы қаңтар-желтоқсанда 67,5 млн. тонна мұнай және газ конденсаты экспортталды, бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3%-ға артық, құндық мәнде экспорт 37,0 млрд. АҚШ долл. құрап 1,4 есеге өсті.

  Тұтыну бағаларының индексі 2011 жылғы қаңтарда 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,7%-ды, оның ішінде: азық-түлік тауарлары бағасының индексі – 3,0%, азық-түлік емес тауарларына баға – 0,5% және ақылы қызметтерге 1,2% құрады.

  Өндірістік сипаттағы қызметтерді қоса өнеркәсіп өнімдерін өндіруші-кәсіпорындар бағалары 2011 жылғы қаңтарда 2010 жылғы қаңтармен салыстырғанда 19,7%-ға өсті.

  Дүниежұзілік Банк деректері бойынша 2011 жылғы қаңтарда Brent маркалы мұнайдың әлемдік бағасы бір баррелі үшін 96,3 АҚШ долларын құрады (2010 жылғы қаңтарда 76,4 АҚШ долл).

  Еңбек нарығы. 2011 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 486,3 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санының 5,7%-ына жетті. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2011 жылғы қаңтардың соңына 44,1 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санының 0,5%-ын құрады. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,6%-ын құрады.

  Халықтың табысы. 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 463,0 мың теңгені құрады. Өсім 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 13,9%-ды, нақты ақшалай табыстар үшін – 6,3%-ды құрады.

  2010 жылғы қаңтар-желтоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 77,5 мың теңгені құрады. Өсім 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 14,6%-ды құрады. Нақты жалақы индексі 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 7,0%-ға өсті.

    Ақша-кредит және банк статистикасы. Ұлттық қордың валюталық активтерін қоса алғанда (31,4 млрд. долл.) елдің халықаралық резервтері 2011 жылғы 1 ақпандағы жағдайы бойынша 62,6 млрд. АҚШ долл. құрады, бұл 2010 жылғы 1 ақпандағы жағдайдан 22,7% артық.

    ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша екінші деңгейлі банктердің экономика салаларына салған кредиттік салымдары 2011 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша 7 596,5 млрд. теңгені құрады және бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,6%-ға аз.

   Депозиттік ұйымдарда депозиттердің көлемі 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 7 397,9 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 14,3%-ға артық.

   Жеке тұлғалардың депозиттері 2 194,9 млрд. теңгені құрады және 15,9%-ға ұлғайды.

  Теңгенің АҚШ долларына ресми айырбас бағамы 2011 жылғы қаңтарда 147,0 теңге болды (2010 жылғы қаңтарда – 148,1 теңге), теңгенің еуроға қатысты бағамы – 196,5 теңге (2010 жылғы қаңтарда – 211,8 теңге) болды.

 

 

   Қорытындылай келе, Қазақстан әлемдегі айтарлықтай тұрақты және үдемелі дамыған елдердің бірі болып табылады. Біз тұрақты экономикалық өсу жолымен одан әрі алға жылжи береміз. Соңғы жеті жылда Қазақстанда ЖІӨ өсу қарқыны орташа алғанда жылына 10 пайызды құрады. Халықтың жан басына шаққанда ЖІӨ деңгейі 2006 жылы 5200 АҚШ долларына жетіп, 2000 жылғы деңгейден 4 есе артты. Орташа мерзімді бағдарламаға сәйкес, Үкімет қызметінің стратегиялық мақсаты еліміз Президентінің маңызды бастамасын жүзеге асыру – әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру болып табылады.

Информация о работе Қазақстан экономикасы