Никколо Макиавелли және Макиавеллизм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2012 в 21:46, реферат

Описание

Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ілімінің негізін қалаушы Никола Макиавелли саяси қайраткер, дипломат және тарихшы ретінде де кеңінен танылады. Мемлекет және құқық концепциясы тарихында оның саяси идеялары қарама-қайшылықтар мен жаңа ізденістерге толы болды. Оның мемлекет пен қоғам дамуы туралы көзқарастарын жақтаушылар мен сынаушылардың көптігі олардың бұл мәселедегі даулы айтыстары да Макиавелли еңбегінің қыр-сырын одан әрі анықтай алады.

Содержание

І. Кіріспе
1.1. Макиавеллизм тақырыбының тарихнамасы.
ІІ. Негізгі бөлім.
Италия ойшылы-Никколо Макиавелли.
Өмірі мен шығармашылығы.
Саяси және құқықтық көзқарастары.
Саясат саласындағы еңбегі- «Патша».
ІІІ. Қорытынды.

Работа состоит из  1 файл

Макиавелли.doc

— 97.00 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ  С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК  УНИВЕРСИТЕТІ. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Тақырыбы:

Никколо Макиавелли және Макиавеллизм.                                  

(Реферат) 
 

                                                
 
 

                                                    

                                                                     Орындаған: «

                                                                     Тексерген: Сейтембетов Е.Ж.                                      
 
 
 
 
 

ӨСКЕМЕН, 2009. 
 

Жоспар.

І. Кіріспе

1.1. Макиавеллизм тақырыбының тарихнамасы.

ІІ. Негізгі бөлім.

    1. Италия ойшылы-Никколо Макиавелли.
    2. Өмірі мен шығармашылығы.
    3. Саяси және құқықтық көзқарастары.
    4. Саясат саласындағы еңбегі- «Патша».

ІІІ. Қорытынды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе.

Н. Макиавеллидің  саяси және құқықтық көзқарастары туралы әр түрлі тарихи  кезеңдерде көптеген еңбектер жарияланған. Мысалы, Алексеев А.С. Макиавелли как политический мыслитель. М., 1880; Виллари П. Макиавелли и его время. Т.1.СПб,. 1914; Коркунов Н.М. Макиавелли. «Рассуждения» и «Государь» // История философии права. Пособие к лекциям. 6-е изд.СПб., 1915. С. 123-128; Бошко В.И. Никколло Макиавелли // Очерки развития правовой мысли. Харьков, 1925.С. 167-174; Розин Э.Л. Политические учения в Западной  Европе в период начавшегося разложения феодализма // История политических учений. Қысқаша оқу құралы. I бөлім / Ред. басқ. К.А. Мокичев М., 1954. С. 100-102; Кечекьян С.Ф. Политические взгляды Макиавелли // История политических учений / Ред. басқ. С.Ф. Кечекьян мен Г.И. Федькин. М., 1955. С. 163-168: Зорькин В.Д. Политические взгляды Никколо Макиавелли // Вестн. Моск. Унта.Сер. 11, Право. 1969. №6; Рутенбург В.И. Жизнь и творчество Никколо Макиавелли // Макьявелли Никколо. История Флоренции/ Жалпы ред., соңғы сөзі мен түсінд. В.И. Рутенбург Л., 1973; Сонда. Титаны Возрождения. Л., 1976; Графский В.Г. Никколо Макиавелли // Политические учения: история и современность М., 1976. С. 230-261; Бурлацкий Ф.М. Загадка и урок Николо Макиавелли. Драматургические, исторические и социологические новеллы. М., 1977; Темнов Е.И. Макиавелли. Сер. «Из истории политической и правовой мысли». М., 1979; Горфункель А.Х. Философия эпохи Возрождения. М., 1980; Долгов К. Гуманизм, Возрождение и политические  философия  Николо Макиавелли //  Макиавелли Никколо. Избранные сочинения. М., 1982. С. 3-128; Зорькин В.Д. Политико-правовое учение Макиавелли // История политических и правовых учений / Ред. басқ. В.С. Нерсесянц. М., 1983. С. 139-147;  Ракитская И.Ф. Политическая мысль итальянского Возрождения. Гуманизм конца XIV-XV века. Л., 1984; Зорькин В.Д. Никколо Макиавелли // История политических и прововых учений. Средние века  и Возрождение / Жауапты ред. В.С. Нерсесянц. М., 1986. С. 310-326; Юсим М.А. Этика Макиавелли. Сер. «Из истории мировой культуры». М., 1990. Бакунин М.А. Коррупция. О Макиавелли. Развитие государственности // Вопрос философии. 1990. №12. С. 53-66; Лейст О.Э. Возникновение буржуазной  политико-правовой  идеологии. Учение Н. Макиавелли о государстве и политике //  История политических и правовых учений: Домарксистский период / Ред. баск. О. Э. Лейст. М., С. 163-174; Рассел Б. Макиавелли // История  западной философии: В 2т. Т.2.М., 1993. С.21-28; Мартышин О.В. Н. Макиавелли // Азаркин Н.Н., Левченко В.Н., Мартышин О.В. История политических учений / Жалпы ред.баск. О.В. Мартышин. 1 шығарылым. М., 1994. С. 97-105; Мамут Л.С. Новая политика  о политике. Н. Макиавелли // История политических и провавых учений. Жалпы ред.баск., В.С. Нерсесянц. М., 1995. С. 164-170; Темнов Е.И. Макиавелли- политический писатель // Никколо Макиавелли. Государь. Рассуждения о первой декаде Тита Ливия.  О военном искустве / Е.И. Темновтың  алғы сөзі мен  түсіндірм. М., 1996. С. 5-36; Дживелегов А.К. Никколо Макиавелли // Сонда. С. 549-606; Дельбрюк Ганс. Макиавелли и его время // Сонда. С. 607-614; Ударцев С.Ф. Макиавелли // Фемида. 1996. №11. С. 40-45; Лейст О.Э. Учение Н. Макиавелли о государстве и политике // История политических и правовых учений // Ред. баск. О.Э. Лейст. М., 1997. С.129-139; Чичерин Б.Н.  Томас Мор и Макиавелли // Политические мыслители древнего и нового мира. Сер. «Мир культуры, истории и философии». СПб., 1999. С.109-129; Мамут Л.С. Новая наука о политике. Н. Макиавелли // История политических и правовых учений. Краткий учебный курс. / Жалпы ред. баск., В.С. Нерсесянц. М., 2000.С.78-84; Барисов Л.П. История политических и правовых учений: Учебное пособие. М., 2000. С. 67-69; Ударцев С.Ф. Политические и правовые взгляды Никколо Макиавелли // В кн.: Макиавелли Никколо. Государь. Алматы. 2001. С. 5-56; Чанышев А.А. История политических  учений. Классическая западная традиция. М., 2001. С. 207-225; История политико-правовых учений; жоғарғы оқу орындарына  арналған оқу құралы. Ред. басқарғ. А. Н. Хорошилов. М., 2001. С. 74-79;  Баскин Ю.Я.  Никколо Макиавелли // В кн.: История политических  и правовых учений: Дәрістер конспектісі. СПб, 2001. С. 22-24; Козлихин И.Ю. История политических и правовых учений. Новое время: от Макиавелли до Канта. Курс лекций. Изд. 2-е, доп. СПб., С. 7-26.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Негізгі бөлім.

    1. Италия ойшылы-Никколо Макиавелли.

     Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті  өкілі  буржуазиялық  саяси ілімінің  негізін қалаушы Никола  Макиавелли саяси қайраткер, дипломат және тарихшы  ретінде де кеңінен танылады. Мемлекет және құқық концепциясы  тарихында оның  саяси идеялары қарама-қайшылықтар мен жаңа ізденістерге  толы болды. Оның мемлекет пен қоғам дамуы  туралы көзқарастарын  жақтаушылар мен сынаушылардың  көптігі олардың  бұл мәселедегі  даулы айтыстары  да Макиавелли еңбегінің қыр-сырын одан әрі анықтай алады.

      1469 жылы Италияның Флоренция қаласында заңгер отабасында  дүниеге келген Никола  жас кезінен бастап-ақ құқықтану негіздерімен еркін таныса алды. Қаржы қиындығынан  университеттегі оқуын толық аяқтай алмаған ол оқуға деген құштарлығы мен ізденісінің нәтижесінде өздігінше оқып ғылымның  әртүрлі саласы бойынша терең білім алады. 1948 жылы  Флоренция республикасында әртүрлі мемлекеттік істермен шұғылданады, осы дәуірдегі көрнекті  саяси қайраткерлер мен жүздеседі. Саяси іс-шараларды  ұйымдастыруға  және өткізуге  қатысады.

      Басқа елдермен Италияның әртүрлі  қала-мемлекеттерінде дипломатиялық сапармен болған Макиавелли бұл елдердің мемлекеттік басқару істерімен тереңірек танысады. Осы жылдар аралығында Н. Макиавелли үкіметтік жарлықтар мен заңдарды дайындауға қатысумен бірге  мыңдаған әртүрлі деңгейдегі  хаттар мен ұсыныстар жазады. Қызмет бабында  үлкен тәжірибе  жинақтаған ол мемлекет  және саясат мәселелері  жөнінде мемлекет басшысының сенімді  көмекшісі  және кеңесшісіне айналады.

      1512 жылы Флоренция республикасының құлауына байланысты бірге бүкіл үкімет құрамымен бірге ол да қызметсіз қалады және оған қандай  да бір мемлекеттік іспен айналысуына тыйым салынады. Саяси және  мемлекеттік  қызметтен шеттетілген ол бұдан кейінгі өмірін әдеби шығармашылыққа  арнайды. 1513 жылы «Патша», «Тит Ливийдің бірінші онкүндігі», 1519 жылы «Әскери өнер туралы», 1520 жылы «Флоренция тарихы» және тағы басқа еңбектерін жазады.

      Макиавеллидің  мемлекет және саясат туралы  іліміндегі маңызды  жаңалығы саясат саласын  және ғылым ретінде көрсетуге  тырысу идеясы болып табылады.  Бұл  салада орасан зор  тәжірибе жинақтаған ол саясат қоғамдық өмірдің  бөлек  саласы болып табылады деген қорытынды жасайды.  Ол қоғамдық өмірді  түрлі мақсаттары  және оларды  іске асырудағы  мүмкіндіктері бір-біріне  ұқсамайтын көптеген әлеуметтік  күштер мен әрқилы  мүдделердің қақтығысы  ретінде қарастырады. Оның айтуынша саясат –адам еркіне бағынышты жанды қозғалыс, дауылды стихия,  күштер арасындағы күрес, олардың үздіксіз қақтығысы, қайшылықтардың шешімі, өзгерістер мен қайта құрулар.

      Макиавелли  саяси оқиғаларға баға беру мен саясаттың  аясы туралы  идеяларында  іс жүзіндегі  саясат пен саясат теориясын қосуға ұмтылу. Оның пікірі бойынша, саясат түрлі  әлеуметтік күштердің билік үшін, оны ұстап тұру және  пайдалану жөніндегі  күрес аймағы. Мұнда  түрлі күштердің  ең айлалысы  және ең ұтқыры ғана жеңіске  жетеді, адамгершілік саяси мақсатқа бағындырылады.  Саясат пен билік аймағы-күрестің ерекше  заңдары бар ортасы. Билік үшін күресте  барлық құралды пайдалану заңы  қарсыласты жеңу  мақсатында қолданылады. Макиавеллидің бұл идеясы билік тарихын зерттеу тәжірибесінен алынған.

      Саясаттың жеке билік үшін күресте  әлдекімдердің құйтырқы әрекеті болатындығын одан бұрынғы ойшылдар  да білген болатын. Бірақ оны алғаш рет ресми түрде қыр сырын үңіле зерттеген Макиавелли еді. Оның өмір сүрген дәуірі Италияның саяси бытыраңқылығы, өзара тартыс-таластар, жат елдік басқыншылармен күрес, шіркеудің мемлекет  ісіне араласуы да  оның мемлекеттігі  билік жүргізуші  мен оның  қол астындағылардың қарым-қатынастарын зертеуге итермеледі. Оның мемлекеттік  қызметтегі тәжірибесі де сол замандағы тарихи оқиғалардың шымылдық артындағы «сценарийлерін», оны жасаушылар мен режиссерларын, бірінші рольді орындаушыларын, негізгі күштердің механизмдері мен тетіктерін зерттеуге, әрқилы құбылыстар мен процестерді жақсы білуі де  саяси-құқықтық ойдың асыл қазынасын жасауына көмектесті.

      Макиавеллидің айтуынша, әлемде теңдей дәреже шамасында  қайырымдылық пен жауыздық, әділдік  пен зұлымдық бар, бірақ олар бір  елден екінші елге  жылжи отырып, өздерінің географиялық  бағытын  өзгерту мүмкін. Яғни, бір елде қайырымдылық пен  әділдік үстем болса, екінші елде  жауыздық пен  зұлымдық басым болады. Мемлекет тарихында  бұл процесс әдет-ғұрып пен мінездің  және басқа да факторлардың  ықпалымен үнемі өзгеріп отырады.  Бірақ әлемдегі жақсылық пен жамандықтың жалпы жиынтығы өзгеріссіз қалады.

      Макиавеллидің саясат саласындағы ең басты еңбегі- «Патша» шығармасы мемлекет басындағы адамдардың ел билеуде басшылыққа  алуына  арналған әртүрлі кеңестер мен ұсыныстар және қағидалар берілген туында болып табылады.  Ол бұл шығармасында  Италияны біріктіретін  директорға қажет  қасиететрді ежектеп көрсетеді. Макиавелли елді біріктіру мен  билік мақсатына жету үшін барлық амал-айланы  қолдануға, яғни қол астындағыларды  алдауға, өтірік айтуға, уәдені аяққа басуға, зұлымдыққа баруға  адамдарды қырып-жоюға, қатал тәртіп пен күш  қолдануға және  опасыздық жасауға  да болады деп үйретті. Бұл үшін, ол билеушінің  бойында арыстан мен түлкінің қасиеттері қатар болуы және өтірік пен екіжүзділіктің  ұлы өнерін  терең меңгеруі керек деп тапты.

      Оның  айтуынша, билеушіде табиғат пен  адамның қасиеттері қатар жинақталуы қажет. Андардың қасиеттерін айтқанда ол арыстан мен түлкінің қылықтарын үйренуге  жөн сілтеді. «Егер князь аңдардың әдіс-тәсілдерін үйренуге мәжбүр болса, онда олардың арасынан түлкі мен арыстанды таңдауы керек, өйткені, арыстан жыланнан, ал түлкі қасқардан қорғана алмайды. Сондықтан да жыланмен күресу үшін түлкі, ал қасқырды жеңу үшін арыстан болу керек, тек арыстан болғандар істің мәнін түсіне алмайды» деп жазды Макиавелли.

      Итальян ойшылының пікірінше, билеуші өз іс-әрекеттерінде дұрыс деп тапқан әдістер мен шараларды  қолдана алады. Ал, бұл мақсатта бұрынғы айтылған уәделер мен анттар бұзылса, әдептілік қағидалары   мен адамгершілік принциптері аяққа тапталса, азаматтық бостандық шеттетіліп ескерілмей қалса, онда тұрған  ештеңеде жоқ. Билеуші оған бас ауыртып көңіл бөлмеуі керек. Өйтпеген жағдайда саясатта мақсатқа жету қиыныраққа соғады   «Макиавеллизм» деген атқа ие болған оның бұл ілімі саясат пен билікте өз мақсатына қалай жетсең де дұрыс деген қағиданың пайда болуына әкеледі. Оның бұл көзқарастары феодалдық және  буржуазиялық билеушілердің арасында кеңінен таралды. Макиавеллидің бұл ілімін  қазіргі кезеде де қолданатындар бар.

      Дегенмен  Макиавеллиді зұлымдық пен құйтырқы саясатты ғана уағыздаушы деп түсіну қателік деп түсінуі қателік болар еді. Ол ел билеу мен саяси мақсатқа жетудің бұл әдіс-амалдарын жеке бастың мүддесі үшін емес, мемлекет, қоғам игілігі үшін, елдің тұтастығы мен бірлігі, қуаттылығы және  тыныштығы үшін қолдануға кеңес береді. Ол ең алдымен өз заманының патриоты, гуманисі, адал ұлы болды. Оның теориясы, концепциясы, көзқарастары –сол дәуірдің  саяси жағдайын бейнелейтін еді. Саясат саласында ол ешқашан да зорлықты, азғындықты, жақтаған жоқ. Керісінше, ол билеуші, саясаткер халықтың  пікірімен санасуы керек деп есептеді. Егер саясаткер зорлыққа сүйенсе ол оның жеке мақсаты болмауы керек. Оның айтуынша, зорлықтың мақсаты қирату емес, бүліншілікті қалпына келтіру. Кез-келген зорлық әрекетті  мемлекет мүддесі үшін жасалған ғана  ақтауға болады.

      Макиавелли  саяси билікті жүзеге асырудың міндетті ережелерінің бірі қол астындағылардың сеніміне ие болу керек екендігін жақсы түсінді. Жақсы билеушінің  басты қасиеттерінің  бірі халық сеніміне  ие бола білуі деп есптеді. Халық билеушінің  билік қызметін жүргізуіне  кедергі жасамауы үшін, олар билеушіге толық бағынышты  болуы да қажет. Макиавеллидің  айтуынша, халықты өзін толық бағынышты етудің екі жолы бар. Оның біріншісі- халықтың билеушіге деген сүйіспеншілігі, екіншіден- оның алдында қорқынышта болу. Бұның қайсысы тиімді және  қолайлы деген мәселеде Макиавелли «сүйіспеншілік пен қорқыныш бір мезгілде болғанда тиімді нәтиже берер еді, бірақ сүйіспеншілік қорқынышпен сіңісе алмайды, ол осылардың біреуін таңдау қажет болғанда, қорқынышты таңдау тиімдірек болады» деген қорытындыға келеді.

      Қол астындағыларды өзіне мүлтіксіз  бағынышты ету үшін билеуші ең қатал және ауыр шараларды ғана пайдаланып қоймай, ең бастысы айламен билей білуі керек. Макиавелли қаталдық соғыс және  төтенше жағдайларда ғана емес, бейбіт уақытта да қажет деп есептейді. Мысалы, мемлекеттік билік жаулары мен сатқындардың көзін жойып отыру билеушінің  міндеті болып саналады. Олардың алдына билеушінің жауапкершілік міндеті болуының қажеті жоқ. «Билеуші сотқа бағынышты емес».

      «Патша» шығармасында Макиавелли «билеуші қандай әдістермен мемлекетті басқара алады және билікті ұстап тұрады» деген сұраққа «биліктің мықты негізін қалау» арқылы қол жеткізуге болады деп жауап береді. Оның айтуынша, қандай да бір мемлекет болсын, биліктің негізгі жақсы заңдар бола алмайды, мықты әскер бар жерде ғана жақсы заңдар бола алмайды, мықты әскер бар жерде ғана жақсы заңдар өмір сүре алады. Күшті мемлекет пен мықты биліктің өмір сүруі мемлекеттік басқару аппаратына да тікелей байланысты болмақ. Билеуші өзі құрған мемлекеттік  аппарат арқылы ғана бүкіл елге билігін жүргізе алады. Билеуші елдегі саяси биліктің  әлдебіреулердің де  қолында болуына ешқашанда жол бермеуі тиіс.

      Мемлекеттің басқару формалары туралы ойларында Макиавелли антикалық заманнан сақталып келе жатқан Платонның, Аристотельдің және Полийбидің еңбектерінде көрініс тапқан  классификацияларды  дұрыс көреді. Ол Полийбидің басқарудың үш дұрыс формасы-монархия, аристократия, демократиясын және үш дұрыс емес формасы-тирания, олигархия және охлократияны бөліп қарайды. Оның алғашқы үшеуі басқарудың жетілген, соңғы үшеуі жетілмеген формасы болып есептелінеді.

      Макиавеллидің көзқарасы бойынша, мемлекеттің шын мәнінде таза күйіндегі жақсы немесе жаман формалары болмайды. Дұрыс формалар тарихи жағдайлар мен міндеттерге, оқиғаларға  қатыстылығымен ғана дұрыс форма болуы мүмкін. Ол мемлекеттік басқару формаларының  бір түрден екінші түрге ауысу заңдылығы туралы антикалық ойшылдардың пікірімен  келіседі. Оның ұғымынша, формалардың алмасу  заңдылығы төмендегідей реттелікпен өтеді.  Монархия тиранияға айналады, тиранияға қарысы қастандық аристократияның жеңісіне әкеледі, аристократияның  эволюциялық дамуы билік басындағы бай адамдардың  олигархиясына  жеткізеді. Бай билеушілердің  жүгенсіз әрекеттері  халық наразылығын туғызып, ол олигархияны  құлату мен және демократияны орнатумен аяқталады.  Демократия өз кезегінде тобыр билігі-охлакратияға ұласады. Охлократиялық биліктен жәбір көрген халық  монархиядан әділдік күтеді және осылай жалғаса береді.

Информация о работе Никколо Макиавелли және Макиавеллизм