Автомобиль

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 09:52, реферат

Описание

Автомобильдер атқаратын жұмыс түрлеріне қарай жүк машинасы, автобустар, жеңіл машиналар және спорттық автомобильдер болып бөлінеді.Осыған байланысты олардың әрқайсысы жеке – жеке түр – түрге бөлінеді. Себебі жүк машинасының бір түрін жеңіл машинаның сондай бір түрімен мүлде болмайды. Олай болса төменде сондай түрлендірудің мағынасы келтірілген.

Содержание

1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ



1.1. АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ



2. ДВИГАТЕЛЬДІҢ ТҮРЛЕРІ. ІШТЕН ЖАНАТЫН ПОРШЕНЬДІ ДВИГАТЕЛЬДЕРДІҢ ЖҰМЫС ПРИНЦИПТЕРІ

2.1. ІШТЕН ЖАНАТЫН ПОРШЕНЬДІ ДВИГАТЕЛЬДЕРДІҢ ЖҰМЫС ПРИНЦИПТЕРІ

2.2. ДВИГАТЕЛЬДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ

2.3. КАРБЮРАТОРЛЫ ДВИГАТЕЛЬДЕРДІІҢ ҚОРЕКТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІ



3. АВТОМОБИЛЬ ТРАНСМИССИЯСЫ



4. АВТОМОБИЛЬДІҢ ЖҮРІС БӨЛІГІ



5. ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

Автомобиль.doc

— 532.50 Кб (Скачать документ)

Екіге бөлінбейтін, штампталып жасалған белдемелер (3.11 б – сурет) салмағы жағынан жеңіл болатындықтан жеңіл машиналардж\а қолданылады. Мұның ерекшелігі, трансмиссия бөлшектері бекітілген қуыстың (9) алды – артын ашық етіп жасайды. Сол ашық жер арқылы басты берілісті, дифференциалды құрастыра беруге болады. Белдеменің басқа құрылыстары жоғарғы белдеме сияқты.

Екіге бөлінбейтін, құйылып жасалған белдемелерді  (3.11 в – сурет) ауыр жүк машиналарда қолданылады.. Себебі оларды шойыннан немесе болаттан құйып жасағандықтан салмақтары ауыр болады. Дөңгелек аспалары үшін арнаулы алаңдар бекітіп жатпау үшін, белдеменің қимасын төрт бұрышты етіп жасайды. Мұндағы трансмиссия бөлшектерін бекітетін қуыс та алды – арты ашық жасалған. Оның алдыңғы жағына басты беріліс қорабы бекиді да, арт жағы арнаулы қақпақпен жабылады. Белдеменің екі шетінде дөңгелек подшипниктері орналасатын трубалар (11), ал тежегіш механизмді бекітетін диск (12) бар. Осылайша жасалған белдемелердің беріктіктері өте жоғары болады.

Басқару белдемелері көбінесе автомобильдің алдыңғы осьтерінде қолданылады. Олар да автомобильдің түрлері мен дөңгелек схемаларына байланысты әртүрлі болады. Жалпы құрылысына қарай басқару белдемелерін екі түрге бөлуге болады: тұтас немесе бөлініп жасалған белдемелер. Тұтас жасалған белдемелер көбінесе салмағы ауыр машиналарда және тәуелді дөңгелек аспасын қолданғанда пайдаланылады. Ал жеңіл машиналарда басқару белдемесі бөлініп жасалады, яғни әрбір дөңгелектің өзінің белдемесі болады. Ол кезде тәуелсіз дөңгелек аспасын пайдалануға мүмкіндік туады.

Басқару белдемелері, құрылыстары әртүрлі болғандығына қарамастан, белгілі бір қызметтерді атқаруға міндетті. Ол қызметтердің негізгілері – алдыңғы басқару дөңгелектерін жүріс кезінде бұруға мүмкіндік туғызу. Сол үшін осы белдемеде алдыңғы дөңгелектер бекітілетін арнаулы топсалар болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. АВТОМОБИЛЬДІҢ ЖҮРІС БӨЛІГІ

Жүріс дөңгелектері.Жүріс дөңгелектері автомобильді жол бетімен байланыстыратын торап болып табылады. Олар атқаратын қызметтеріне қарай жетекші және басқару дөңгелектері болып бөліңнеді. Осы екі түрі де автомобильдің салмағын жол бетіне таратады. Осыған қосымша, жетекші дөңгелектер двигательден трансмиссия арқылы келген моментті автомобильді тарту күшіне айналдырады, ал басқару дөңгелектері машинаның жүріс бағытын өзгертеді. Егер автомобильде жетекші дөңгелек алдыңғы дөңгелектер болатын болса, онда алдыңғы дөңгелектер әрі жетекші әрі басқарушы дөңгелектердің қызметін атқарады. Ол кезде  артқы дөңгелектер әрі жетекші, әрі басқарушы дөңгелектердің қызметін атқарады. Ол кезде артқы дөңгелектер тек ұстап тұрушы дөңгелектер ғана болады.

Автомобильдердің жүріс дөңгелектері үшін пневматикалық дөңгелектер қолданылады. Оның құрылысы тұғырдан, құрсаудан, екеуінің аралығын жалғастыратын дискіден және пневматикалық шинадан тұрады.Мұндағы пневматикалық шинадан басқа бөлшектері қатты металлдан жасалып, машина белдемесіне бекітіледі. Ал пневматикалық шина ішіне ауа толтырылған қуыс тәрізді. Олар камералы немесе камерасыз болып екі түрлі жасалады. Камералы шиналарда ауа арнаулы бітеу жасалған камера ішіне қысыммен үрленеді де ол шинаны берік етіп ұстап тұрады. Ал камерасыз шиналарда  ол өзі дөңгелек құрсауымен тығыз беттесіп, ішіндегі қысыммен айдалған ауаны ұстап тұрады.

Пневматикалық шинаның негізгі міндеті, жол бетінде кездесетін ойлы – қырлы жерлердің әсерінен пайда болатын күштерді автомобиль тұғырына жұмсартып беру болып табылады. Яғни ол өзі сол күштердің әсерінен майысып, олардың әсерін азайтады. Пневматикалық шиналардың құрылыстары өте күрделі болады және қолданылатын автомобиль түрлеріне қарай бірнеше түрлі болып жасалады.

Автомобидь жүріс дөңгелектерінің жұмысы олардың орналасу жағдайларына тікелей байланысты. Егер орналасу жағдайларына тікелей байланысты. Егер орналасу жағдайлары алғашқы жасаушы завод қойған мөлшерден алшақтап кететін болса, онда олардың жүріске көп зияны тиюі мүмкін. Сондықтанда, әрбір техникалық күтім кеөзінде, сол дөңгелектердің жағдайын қарастырып, тексеріп отырады.

Дөңгелек аспалары.Дөңгелек аспаларының  негізгі қызметі жер бетінен жүріс дөңгелектері арқылы келетін күштерді жұмсартып, сол күштердің әсерінен автомобильдің тербелісін азайту болып табылады. Сондықтанда олар негізінен екі түрлі элеменгттен тұрады: серпімді және жұмсартқыш элементтер.

Серпімді элементтер, жол бетіне келген әсер күштерін өздеріне жинап алып, ол күштер әсерін тоқтатқан кезде қайтарып береді. Ал осы күштер серіппеге берілерде онымен қатар жұмыс істейтін жұмсартқыштар да оларды әлсіретеді, яғни оның энергиясын жұтып алады.

Дөңгелек аспаларының осы екі элементі, машина түрлеріне қарай әртүрлді жағдайларда жұмыс істейді және бірнеше түрлерге бөлінеді. Солардың түрлері 4.2 – суретте көрсетілген.

Дөңгелек аспалары жұмыс істеу принциптеріне қарай негізінен екі түрге бөлінеді: тәуелді және тәуелсіз аспалар. Тәуелді аспада (4.2 а – сурет) бір дөңгелектің жүріс жағдай өзгеруіне байланысты екінші дөқңгелектің де жағдайы өзгереді. Әрине бұл құбылыс машина жүрісіне жағымсыз әсер етеді. Сондықтан мұндай тәуелді аспалар жүріс жылдамдықтары онша  жоғары емес жүк машиналарында немесе жеңіл машиналардың артқы басқару қызметін атқармайтын белдемелерде пайдаланылады.

Көпшілік жағдайда, әсіресе басқарылатын дөңгелектердің аспасы үшін тәуелсіз аспалар қолданылады. Олардың өзі бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі бір рычагты немесе ұзындықтары әртүрлі екі рычагты немесе ұзындықтары әртүрлі екі рычагты немесе ұзындықтары әртүрлі екі рычагты немесе ұзындықтары әртүрлі екі рычагты тәелсіз аспаларда (4.2 б, г  – суреттер) дөңгелектер бір –біріне тәелсіз қозғалғанымен, қозғалған дөңгелектің өзі әрі l - бұрышына бұрылып, әрі көлденең бағытта – қашықтығына жылжиды. Осындай өзгерістер ол дөңгелектің  жұмысына жағымсыз әсерін тигізеді. Ұзындықтары бірдей екі рычагты тәуелсіз аспада (4.2 в – сурет) дөңгелек бұрылмаса да, көлденең – жылжуы болады. Ондай жылжуды болдырмайтын телескоптық тәуелсіз аспа (4.2 д – сурет). Бұл кезде дөңгелек бұрылса да, көлденең жылжу болмайды. Ал көлденең жылжуды ұзындық бағытына ауыстыратын ұзындық бойында орналасқан екі рычагты тәуелсіз аспа (4.2 ж – сурет) басқаларына қарағанда жұмысы едәуір жақсарады. Бірақ бұл кезде машинаның құрылысы    күрделірек болады. Кейбір кездерде серпімді элемент үшін, цилндрлі серіппелер мен жазық рессорлардың орнына, торсионды біліктер қолданылады (4.2 д – сурет). Ол кезде тек аспаның құрылысы қарапа»йымды болады, ал жұмыстар алғашқы аспалармен бірдей.

Осы көрсетілген аспалардың барлығында да еекі түрлі элемент болады. Олардың бірі серіппелі элемент, ал екіншісі жұмсартқыш элемент. Серіппелі элементтердің негізгі міндеті жол бедерінің әсерінен пайда болған күштерді бірден машина тұғырына бермей, өзіне қабылдау болып табылады. Сонда өзі майысып, машина тұғырына күштің біразы ғана беріледі. Ал жол бедерінің әсерінен пайда болған күш әсері тоқтаған кезде ол қайтадан жазылып, өз бойында жинақталған энергияны қайтарып машина тұғырына береді. Осылайша машина тұғырында тербеліс пайда болады.

Серіппелі элементтің әсерінен пайда болған тербелісті тоқтату үшін жұмсартқыш элементтер қолданылады Олардың міндеті осы тербелістің кинетикалық эннергиясын өзінне қабылдап, әрі қарай қоршаған ортаға таратып жіберу болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.      П. Жүнісбеков, М. Жетпейісов - Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет. Астана: Фолиант, 2007.

2.      Алиев Б – Тракторлар мен автомобильдер құрлысы. Алматы: Наз 2005.

3.      Жүнісбеков П. Ж – Автомобильдің құрлысы және пайдалануы – Астана: Фолиант, 2007

4.      Родичев В – Тракторлар мен автомобильдер – Алматы: Мектеп - 1986     

 



Информация о работе Автомобиль