Шағын кәсіпкерлік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2012 в 14:13, курсовая работа

Описание

Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде алатын орны зор. Қазіргі экономикалық өркениетті дүниенің қрылымдық даму жүйесіндегі болашағы келтірмейтін салалардың бірі – шағын кәсіпкерлік болып табылады.

Содержание

Кіріспе .......................................................................................................... 3

І-ТАРАУ. Шағын кәсіпкерліктің теориялық негіздері
1.1 Кәсіпкерліктің мәні және маңызы ...................................................... 5
1.2 Шағын кәсіпкерліктің қызметі мен бағалау әдістері ........................ 10
ІІ-ТАРАУ. ҚР-дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму тенденциялары
2.1 ҚР-да шағын кәсіпкерліктің дамуын талдау ........................................ 13
2.2 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары .......18
ІІІ-ТАРАУ. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың шетелдік тәжірибелері
3.1 АҚШ-та шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері ................23
3.2 Германиядағы шағын кәсіпкерліктің даму тетіктері.............................26
Қорытынды ................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиет көздері ..............................................................32

Работа состоит из  1 файл

Shagyn kasypkerlyk- kursavoi.doc

— 193.50 Кб (Скачать документ)

-         несиелендірудің тиімді және қол жеткізілетін жүйелерін қалыптастыру;

-         шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын дамыту;

Белгіленген шараларды іске асырудың нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілері санының өсуі, жаңа жұмыс орындарының құрылуы, шағын бизнес саласында жұмыс істейтіндер санының артуы, нақты бәсекелестік орта құру, қоғамның орта негізі ретінде меншік иелерінің жаппай жігін қалыптастыру күтіп отыр.

Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру мақсатында елімізде 2001-2002 ж.ж. шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың Мемлекетік бағдарламасы қабылданған (07.05.01ж.). Бұл бағдарлама шағын бизнесті қабылдау, бәсекені және табиғи монополияны реттеу жөніндегі ҚР-ның Агенттігі негізінде жүзеге асқан. Негізгі мақсаты – шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының дамуының қамтамасыз етуінің белгілейтін мемлекеттік қолдау саясатын ынталандыру.

Бағдарламаның негізгі бағыттарына:

-         шағын кәсіпкерлікті қолдау бағытында құрылған инфрақұрылымды пайдаланудың тиімділігін көтеру;

-         шағын кәсіпкерлікті қолдау саясатының қаржылай несие және инвестициялық механизмдерін дамыту;

-         шағынкәсіпкерлікті кадрлық, ғылыми-методикалық жәнеақпараттық қамтамасыз ету;

-         шағын кәсіпкерлікті аймақтық дамыту;

Бұл бағдарламаның нәтижесінде екі жылдан кейін шағын кәсіпкерліктің жалпы ұлттық өнімдегі үлесі 22% -ке дейін өседі деп болжам жасайды.

ҚР-дағы шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік шараларарының бірі «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жетілдіру жөніндегі шаралар туралы». ҚР-ның Президентінің жарлығы (06.03.97 ж). Бұл жарлық бойынша :

-         шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау институты құрылды: ҚР-ның экономика және сауда Министрлігінің шағын кәсіпкерлікті қолдау Департаменті : (бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлікті қолдау функциясы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелген ) ;

-         «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы », «Жеке кәсіпкерлік туралы»  және басқа заңдар қабылданды;

-         мемлекеттік тексеруші органдар саны азйтылды;

-         шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры құрылды;

-         екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субьектілеріне минималды көлеміне несиелендіру бекітілді.(банктің несиелік портфелінің неізгі қаражаттарының / қарызының 10% кем емес мөлшерде);

Сонымен қатар, Қазақстандағы шгағы кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлкеттік саясатының негізгі үйлестірушісі мен серігі болып 1997 жылы мамырда құрылған Шағын кәсіпкерлікті қолдау департаменті болып табылады. Оның құрамында екі сараптау кеңесі құрылған:

Біріншісі – нормативті және құқықтық актілерді зерттеу үшін шағын бизнесті қолдау жөніндегі кәсіпкерлік құрылымын өкілдерінен;

Екіншісі - кәсіпкерлік қызметі жандандыру жөніндегі Президент жарлықтарын жүзеге асырумен айналысатын ведомствоаралық, министрлік өкілдерімен;

Жоғарыдағы аталған кәсіпкерліктің дамуына мол сенім, мемлкет тарапынан кепіл, экономикалық негіз ретіндегі заңдар мен құқықтық – нормативтік құжаттар мен қатар қаржылай, салықтық, инветициялық және тағы басқадай қолдаудың түрлері бар. Ақша несие саясатын ынталандырудың кәсіпкерлік қызметінің жүзеге асуына ықпалы өте маңызды. Шағын кәсіпкерліктідамыту мен қолдау туралы мәселе қозғалғанда несие мәселесі маңызды, өйткені несие кәсіпкерлер үшін басты қаржы көзі. Республикада шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше жолдары қалыптасқан. Бұл тұрғыда кәсіпкерлік субьектілері банктердің несиелері мен халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік арнайы бағдарламаларына сүйенеді. Еліміздегі қырықтан астам банктердің несие саясаты негізінде шағын кәсіпкерлік субьектілерін несиелеу жүйесі жүзеге асырыған. Мысалы, «Казкоммерцбанк» жеке тұлғаларға 500 доллардан жоғары көлемде және мерзімі 12 айдан асатын уақытқа белігілі бір пайыз мөлшерлемесімен несие беруді жүзеге асырады. Сонымен қатар, Еуропалық Қайта құрумен Даму Банкі Қазақстан Републикасының шағын бизнесі қолдау қорымен бірлесе отырып шағын бизенсті несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыруда. Бұл Бағдарламаның мақсаты шағын және орта кәсіпорындарға орта мерзімді несиелер беру арқылы бәсекелі жеке секторды кеңейту және жақсартуға ықпал ету.

Несиелік линия көлемі 775млн. долл. Сонымен қатар, несиенің үш түрін беруді ұсынады:

1)                                  mikro ( 10 мың доллорға дейін) – бұл теңгемен шетел валютасымен беріледі; 12 айға дейін беріледі;

2)                                  large – mikro ( 10 нан 30 мың долларға дейін) – шетел валютасымен 12 айға дейін, теңгемен 18 айға дейін беріледі;

Бұл бағдарлама бойынша келесі банктер жұмыстар атқарады: «БанкЦентрКредит», «Казкоммерцбанк», «ТуранАлемБанк», тағы басқа.

Жалпы шағын кәсіпорындарға несие берушілердің:

-         37%-ті коммерциялық банктер;

-         21%-жеке қарыз берушілер (достары, туыстары);

-         18% Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау қоры;

-         12% Ұлттық Банк қаражаттары құрайды;

1998-99жж облыс бойынша 3750 адам 119,6 млн. теңге саласында микронесиелер алған. Сол сияқты әр облыстар мен қалада тиісінше кәсіпкерлерді қаржылық қолдау жұмыстары жүзеге асырылуда.

Осыған байланысты нарықтық экономикадағы сектордың негізгі бөлігі болып келетін жеке меншік кәсіпкерлік қызметінің мемлекеттік тиімді кірісуін қажет етеді. Сонымен қатар, еліміздегі кәсіпкерлік қызметінің дамуы үшін оған қолайлы жағдай тұғызып, ынталандыру жұмыстары атқарылуы тиіс. Ол үшін мемлкет тарапынан тиісті іс шаралар, әртүрлі бағдарламалар мен реформалардың кәсіпкерлік қызметінің бағыттарының жандануына ықпал етуі тиіс. Соның бір дәлелінің бірі ретінде – шағын кәсіпкерлікті дамытуға және ынталандыруға бағытталған несиелендіру бағдарламасының ұйымдары қалыптасуда: «Кәсіпкерлерге қызмет ететін Қазақстандық Қор» қоғамдық ұйым. Бұл қор 1999 жылы коммерциялық емес ұйым ретінде және ауылшарушылығын несиелендіру жүйесі шеңберінде пайда болған ұйым. Қордың негізгі қызметінің мәні микронесиелер беру арқылы фермерлік шаруашылықтарға қаржылық қолдау  көрсету болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

      ІІІ-ТАРАУ. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың шетелдік тәжірибелері

3.1 АҚШ-та шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері

 

Бүкіл дүние жүзінде шағын және орта бизнестің экономика құрылымындағы  үлесі жоғары.  Сол шағын кәсіпкерліктің даму деңгейіне елдің экономикалық дамуының өсуі тәуелді болады. Әсіресе соңғы кезеңдерде АҚШ-та шағын кәсіпкерліктің кеңінен дамуы орын алып отырғандығы байқалып отыр. АҚШ-та шағын бизнеске жұмыскерлер саны 50 адамға дейінгі шағын және орта фирмалардың жиынтығына тең формалар болып табылады. Бұл фирмалар американдық фирмалардың 99% қамтиды. Бұлардың негізгі бөлігі ұсақ, көбінесе жанұялық немесе жеке кәсіпорындар. Мұндай фирмалардың 87% саны 20-дан аспайтын, ал 80% 10-нан аспайтын адамдар жұмыс істейді. 1980 жылдардың аяғында АҚШ-та шағын фирмалардың өсуі сандық және сапалық жағынанда ерекше байқалады. Мысалы үшін тек 1988 жылдардың өзінде ғана 1млн. шағын кәсіпорындар пайда болса, ал 1999 жылы 1,3 млн. шағын фирмалар құрылды. Мұның алдындағы жылдары жыл сайын 600 мыңға жуық қана шағын кәсіпорындар өмірге келіп отыратын болатын. АҚШ-та шағын және орта фирмалар жалпы ұлттық өнімнің 40% өндіреді, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте 21%, құрылыста 80%, көтерме саудада 86%, қызмет көрсету саласында 81% құрайды.

АҚШ экномикасында олар ғылыми – техникалық прогресс сферасына жататын барлық жаңалықтарды жасаудың, игерудің және өндіріске енгізу тең жартысына жуығын қаматамасыз етеді. Өндіріске  жұмсалған әрбір доллар шығынға олар ірі кәсіпорындармен салыстырғанда орташа есеппен алғанда 17 еседен көп ғылыми жаңалықтар енгізуде. Шағын инновациялы өндіріс мұнда ғалымдар және инжинерлер, сол сияқты тапқырлардың еңбегінде ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда жыл сайын құрылатын 600-700 мың фирмалардың 1/8 бөлігін ғылыми-техникалық жаңашылдық өндірісінде мамандандырылған, сонымен қатар, АҚШ-тың инновациялық саясатының негізгі бағыттарының бірі – ол қаржы түсімдерін реттеу болып табылады. Ол екі бағытта құрылады:

1)                                  бюжеттен мақсатты бағытталған субсидияландыру арқылы;

2)                                  қаржыландыру үшін жеке капиталдарды тарту;

Бұл бағытты іске асыруда АҚШ-та шағын бизнестің әкімшілігі

( ШБӘ) құрылған және ол шағын кәсіпкерлікке қаржылық, консультациялық, материалдық көмектеседі, кәсіпкерлерді оқыту мен дайындауды жүзеге асырады. Шағын бизнес әкімшілігі шеңберінде АҚШ-та келесі бағдарламалар жүзеге асырылады:

-         халықаралық саудаға көмектер;

-         зерттелу мен жобаларды жасауға көмектері және қаржыландыру;

-         ұлттық  кәсіпкерлікті дамыту;

-         әйел кәсіпкерлерге жағдай жасау;

-         ардагер - кәсіпкерлерге көмектер;

Сонымен қатар, АҚШ-та шағын кәсіпкерліктің субьектілеріне қаржы ресурстарын қамтамасыз ету келесі бағыттарды қарастырады:

-         шағын кәсіпкерлікті инвестициялауды компаниялардың  конкурстық негізде несиелермен қамтылуы;

-         қарыздар мен несиелер негізінде мемлекеттік  іс ұсынылуы (ШБӘ 25 жылға дейін 750 мың долларға дейінгі саудалар береді;

-         қошаған ортаны қорғауға байланысты шағын бизнесті қаржыландыру ( бұл жағдайда ШБӘ максималды деңгейі бір млн. доллар мөлшерінде сауда береді).

Сонымен қатар, АҚШ-та қолдау жұмыстары шағын кәсіпкерлік субьектілеріне салықтық жеңілдіктер берумен ерекшелінеді. Мысалы, табысы 50 мың доллар кәсіпорындарға 15% салық мөлшерлемесі бекітілген, 70 мың долларға дейін табысы бар шағын фирма салық нормасы 25 %; ал ең жоғарғы мөлшері 34%. Барлық федералды ведомоствалар мен 12 шағын бизнесті дамыту мекемелерінің 100млн. долларлық бюджетінен шағын ғылыми зерттеу фирмалар қызметін қаржыландыруға өздерінің 1,25% қаржы ресурстарын бөлуге міндетті болып табылады.

Өтпелі кезең экономикасында шағын кәсіпкерлік мәселесі дамыған мемлекеттер тәжірибелерін талдау маңызы өседі. Дамыған капиталистік мемлекеттердің тәжірибелерге талдау көпшілігінде шағын және орта фирмалардың жалпы жұмысбастылықтағы үлесінің артуын көрсетеді.

 

ЖҰӨ-гі шағын кәсіпорындар үлесі, 1998 ж.

 

Мемлекет

Шағын кәсіпорындар саны

Жұмысбасы

Шағын кәсіпорындар үлесі

Мың бір.

Мың адамға

Мың адам

Жұмысбастылық үлесі, %

ЖҰӨ,

%

Япония

6450

49,6

39,5

78

52-55

АҚШ

19300

74,2

70,2

54

50-52

Еуропа елдері

15770

45

68,0

72

63-67

Германия

2590

37,0

18,5

46

50-54

Ресей

870,6

5,9

8,5

10,1

10-12

 

Сонымен қатар, мемлекеттерде шағын бизнестің ұйымдастырылуы әр түрлі қаржыландыру көздері арқылы, техникалық және технологиялық көмек көрсетуге, бюджетті – қаржылай жеңілдіктер болуы, инфраструктуралық қолдау шаралары және шағын кәсіпкерлікті қолдау, дамыту іс-шаралары жатады.

 

 

 

 

 

3.2 Германиядағы шағын кәсіпкерліктің даму тетіктері

 

Германияда шағын және орта кәсіпкерліктің басты сипаттамасы ең алдымен меншік құқы мен кәсіпорынды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады. Екінші сипаттама - кәсіпорынды тікелей басқарудың айқындылығы, яғни кәсіпорын қызметінің айқындылығы: оның көлемінің шектеулілігі қожайын мен жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше қатынастар сипаттарын білдіріп, өндірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтың да бірдей мүдделігін, ынталылығын тудырады.

Үшіншіден, кәсіпорындар өмірінде басқарушы рөлінің ерекше маңыздылығы: ол шаруашылықтың нәтижелілігіне тек қана мүлік иесі болғандықтан тәуекелге бел буатындығынан ғана емес, сонымен бірге оның өзінің де өндіріспен тікелей айналысып, оны ұйымдастыруға барлық жағынан қатысуынан көрінеді.

Төртінші – істі жанұялық негізде жүргізу, кәсіпорындар қызметін нәтижелі жүргізу, ұйымдастыруға атадан балаға мұра ретінде машықтану.

Бесіншіден – шағын кәсіпкерліктің тағы бір сипатты белгісі ретінде кәсіпорынды қаржыландыру мәселесін айтуға болады.

Егер «алыптар» қажетті ресурстарды негізінен капиталдар нарығы (қор биржалары) арқылы алатын болса, ал шағын және орта кәсіпорындар банктердің аздаған несиесіне арқа сүиейді, сондықтан да олар үшін қаржылындыру мәселесі басты проблема болып табылады.

Шағын кәсіпкерліктің жоғарыдағы аталған сапалық жақтарымен бірге сандық жағынан да сипаттамалары бар. Олар екі көрсеткішке негізделеді: жылдық айналым сапасы мен еңбекпен қамтылғандар саны. Германияда қабылданған есептеу методологиясына сәйкес халық шаруашылығының бұл секторына мыналар жатқызылады:

1.                             Белгілі бір жағдайда өзіндік фирма түріндегі – барлық жеке еркін мамандық иелері (дәрігер, нотариустар, салық пен жарнама бойынша консультанттар, аудиторлар, өз бетінше дербес әрекет ететін инженерлер, педогогтар, баспасөз, өнер қызметкерлері және тағы басқалар ).

2.                             Жұмыс істейтіндер саны 1-ден 43 адамға дейінгі және жылдық айналымы 1 млн. маркаға дейінгі ұсақ кәсіпорындар;

3.                             Жұмыс істейтіндер саны 50-ден 499 адамға дейінгі және жылдық айналымы 1 млн.-нан 10млн. маркаға дейінгі орта кәсіпорындар.

Информация о работе Шағын кәсіпкерлік