Шағын кәсіпкерлік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2012 в 14:13, курсовая работа

Описание

Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде алатын орны зор. Қазіргі экономикалық өркениетті дүниенің қрылымдық даму жүйесіндегі болашағы келтірмейтін салалардың бірі – шағын кәсіпкерлік болып табылады.

Содержание

Кіріспе .......................................................................................................... 3

І-ТАРАУ. Шағын кәсіпкерліктің теориялық негіздері
1.1 Кәсіпкерліктің мәні және маңызы ...................................................... 5
1.2 Шағын кәсіпкерліктің қызметі мен бағалау әдістері ........................ 10
ІІ-ТАРАУ. ҚР-дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму тенденциялары
2.1 ҚР-да шағын кәсіпкерліктің дамуын талдау ........................................ 13
2.2 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары .......18
ІІІ-ТАРАУ. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың шетелдік тәжірибелері
3.1 АҚШ-та шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері ................23
3.2 Германиядағы шағын кәсіпкерліктің даму тетіктері.............................26
Қорытынды ................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиет көздері ..............................................................32

Работа состоит из  1 файл

Shagyn kasypkerlyk- kursavoi.doc

— 193.50 Кб (Скачать документ)

Сонымен кәсіпкерлік қызметінің сферасына байланыссыз өз қабілеттіліктерін келесі функциялардыорындау арқылы жүзеге асырады.

Сонымен қатар, шағын кәсіпкерліктің қызметін бағалаудың бірнеше бағыты бар, шағын кәсіпкерлікті анықтаудың сандық, сапалық және аралас әдістері бар.

Сандық көрсеткіштер негізінде жалпы кәсіпорындардың шағын бизнес секторына кіретіндігін анықтау үшін: персонал саны, жалпы өнімнің көлемі, өндірістік қорлардың көлемі; өндіріспен сату көлемі; активтердің баланстық құны сияқты сандық көрсеткіштермен анықталады: ал шағын кәсіпкерлікті анықтауда сапалық көрсеткіштерге негізінен субьективті сипаттар мен тәжірибе;

Аралас әдіс «экономикалық» және «статистикалық» тәсілдерді қолдануды ұсынады: нарықтағы үлесі; тәуелсіздік, жалпы ұлттық өнімдегі үлесі; бірқалыпты басқару айналымы.

Дамыған елдерде негізгі критериялардың есебінде шағын кәсіпорындардың анықтауы негізінен шаруашылық айналымның көлемдері мен жұмысшылар саны жатады.

Сонымен қатар, «шағын бизнес», ағылшын елдерінде айтылады, ал Япония және Батыс Еуропада «ұсақ кәсіпорындар» деп пайдаланылады.

Әлемнің дамыған елдерінде шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың басты мақсаты – қолайлы орта қалыптастыру. Бұл негізде мемлекеттің экономикалық саясатының тұрақтылығы, нарық инфрақұрылымының дамуы, интелектуалды меншікті қорғаудың тиімді әдісі; жеңілдетілген әкімшілік шаралары; салық демалыстары және тағы басқалай басты нысанаға алынады.

 

 

 

 

 

 

 

ҚР-ғы кәсіпкерліктің классификациясы

 

                                         Жалпы кәсіпкерлік

 

 

         Көлемі:                     Меншік түрі:                    Территория:

-         шағын                       - жеке                                 - жергілікті

-         орта                           - мемлекеттік                   - аймақтық

-         ірі                               - шетелдік                         - респ.-лық

                                                  - аралас              - хал.аралық        

 

 

  Салалық бағыты                          Қызмет түрі:

-         өнеркәсіптік                       - өндірістік

-         аграрлық                            - коммерциялық

-         құрылыстық                      (ойын бизнестерінен

-         саудалық                                және шоу

-         көліктік                                басқалары)

-         инфрақұры-                        - қаржылық

              лымдық                                 кеңестік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-ТАРАУ. ҚР-дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму              тенденциялары

 

2.1 ҚР-да шағын кәсіпкерліктің дамуын талдау

 

Қазастандағы шағын кәсіпкерлік субьектілерінің санының тұрақты өсуі және онда жұмыс істейтіндердің көлемінің артуына қарамастан шағын бизнес секторы мемлекет экономикасының мәселелерін шешуде айтарлықтай үлесі көп емес. Ол осы  экономика секторының проблемаларымен түсіндіріледі: салық салу, несиелендіру, мемлекеттік органдармен өзара әрекеті және тағы басқа салалардағы мәселелер. Сондықтан кәсіпкерлер алдында несиені алу кезіндегі немесе қаржылық көмек жағдайында әртүрлі кедергілер орын алады. Сол проблеманың ең бастыларының  бірі – заң шығарушылық базаның тұрақсыздығы, иә, заңдар қабылданған, мысалы: «жеке кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға байланысты заңы (04.07.92жыл); «шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы заңы» ( 19.06.97 ж); «шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР-нің Президентінің Жарлығы бойынша ( 06.03.97ж), және бүгінгі күніде қабылдануда. Бірақ бұл нормативтік құқытық актілер іс жүзінде толық жүзеге асырылмағандықтан кәсіпкерлер үшін біршама қиындықтар туады. Ол нормативті – құқықтық акілердің орындалмауы, шағын кәсіпорындардың ісіне араласу, көптеген тексеруші және қадағалаушы басқару органдарының тексерушілік қызметтері шағын кәсіпкерлер жұмысының тоқталуына әсерін тигізеді. Бұл кедергілермен қатар, кәсіпкерлік қызметті бақылайтын салық инспекциясы, жергілікті әкімшілік бөлімдері, санитарлық – экологиялық инспекциялар, өрттен қорғау бөлімшелері, тұтынушылардың құқығын қорғау орталықтары жән е тағы басқасы кәсіпкерлердің мүдделері мен көзқарасына кеміте отырып көп жағдайда заңдық және заң шығарушылық пен сот органдарының функциялары мен өкілеттіліктеріне иемденіп алды. Бұл өз кезегінде бюрократизмге ұштасады, яғни ол дегеніміз заңсыз ақша талап етудің тиімді құралы болып табылады. Ауыр салық екі түрде жүргілізеді: жартылай жария және жасырын. Жартылай жарияға, жергілікті үкіметтің бастамасымен жүргізілетін кәсіпорындарға заң щеңберінен шығып кететін шекте, ақшалай сомада салық салу. Екінші форма – жасырын ауыр салық, нақтылы шенеуніктердің қалтасына тікелей пара ретінде түседі. Ол өз деңгейінде кәсіпкеерлерге теріс ықпал етіп, олардың жұмысын жүзеге асыруға кедергі болады.

Келесі негізгі мәселе – ол тиімді қаржылық қолдау, яғни кәсіпкерлердің инвестициялық несиелерді алуы болып табылады. кәсіпкерлер республиканың банк жүйесінен; шағын кәсіпкерлікті дамыту қорынан; Европалық Қайта құру және Дамыту банкісінің ашық несиелік тізбегінен; шағын кәсіпкерлікті қолдайтын басқа да қаржы көздерінен ала алады. Бірақ шағын бизнесті қолдау көздері анықталғанымен, оны қолдану инвестициялау механизмінің жетілдіруін қажет етеді. Бұл тұрғыда несие алу кәсіпкерлер алдында жиі кездесетін кедергілерге;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

 

 

 

 

 

   І – жоғары пайыз мөлшерлемесі;

ІІ – несиені қайтарудың қысқамерзімділігі;

ІІІ – несие алудағы құжаттар санының көптігі;

ІV – кепілдікпен қамтамасыз ету проблемалары.

Жоғарыдағы несие алудың негізгі мәселелерін келесі факторлар да толықтырады:

-         несие алу кезіндегі банктерге тапсыратын құжаттарды толтыру білімінің жетілмеуі;

-         ақпаратпен толық қамтылмауы;

-         бизнес-жоспар жасаудың толықсыздығы;

-         елдегі шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған несиелердің көздері туралы шетелдік, олардың бағдарламаларды ақпаратпен қамтамасыз етпеуі;

Аталған барлық факторлар кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне несие алуға кедергі келтіреді.

 

Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру көздері

             

 

             

                           

              1) Жеке капитал                                          2) Қарыз капитал

 

 

 

 

1)     Жеке жинақтар                              1) Мемлекеттік құралдар:

2)     Қаржылай ресурстар                    - мемлекеттік бюджет              

3)     Туысқандар мен дост-                      қаржылары;

     арының құралдары                         - жергілікті бюджет құралдары;

4)     Индивидуалды басқа                     2) ссудалық капитал нарығының

инвесторлар                                      тартылған қаржылары:

5)     Қызметті сақтау құралдары            - банктік ұзақ, орта, қысқа

                                                                   мерзімді несиелер;

                                                                          - бағалы қағаздаршығару.

 

Бүгінгі таңдауда еліміздегі шағын кәсіпкерлердің қаражат көздерінің 75% жеке жинақтары мен туыстарының қаржы құралдарынан, 15% сыртқы көздер, 10% банктерден құралады.

Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы негізгі проблемаларының ең маңыздыларының бірі – салық саясатының жетілмеуі болып табылады. Бұл мәселе заңдылық нормативті актілердің жиі өзгеруі, салық салу қойлымдарының жоғары болуы, салық түрлерінің өте көп жақтылығы және салықтар мен төлемдерді жинаудың күрделі жүйесін жатқызуға болады. Ал шағын және орта бизнесті дамытуда салықтың маңызы зор. Қазіргі кездегі шағын кәсіпорындардың 40% 1992-1993 жж. да салықтық жеңілдіктер мен несиелендіру мүмкіндіктеріне ие болған уақытта құрылған. Салық кодексін қабылданғаннан кейін бұл кәсіпорындардың құрылуы мен жүзеге асырылуы қысқартылды. Негізгі себеп- кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру бойынша шаралар жүйесінің жоқтығы болды.

Қазақстан Республикасының Салық Кодексі бойынша салықтардың он бір түрі, ал алымдардың соммалық көлемі 45-50% құрайды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметтің салықтық реттелуінде, елімізде заңдардың, яғни салық туралы заңдар жүйесінің шексіз өзгертіліп отырылуы негізгі проблемалардың бірі болып табылады. Салық жүйесін белгілейтін заңның 24.06.95ж. енгізілгеннен кейін, оған толықтырулар мен өзгертулер он алты рет болған, сондықтан бұл мәселе кәсіпкерлер үшін салық заңдарының шығарылуына орай тұрақсыздық тұдырады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шағын кәсіпкерлікті дамытудығы кедергілер

 

Мүмкін болатын факторлар

Сұранғандарға %-ін

Жоғары  мөлшерлемелі салықтар

 

63,6

Несилелердің жоғары  құндылығы

 

55,6

Бақылаушы органдармен қатынас

 

36,5

Халықтық тұтыну сұранысы төмен

 

22,2

Төмен ақпараттық қамтылу

 

22,2

Нарықтағы жоғары бәсеке

 

14,3

Білікті мамандардың аздығы

 

9,5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың бағыттары.

 

Дамыған елдерде шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саясатының жалпы мақсаты – ол шағын кәсіпкерлікке қолайлы ортаны қалыптастыру болып табылады, яғни экономикалы саясаттың тұрақтылығы, нарықтық инфрақұрлымның дамуы, интеллектуалды меншікті қолдаудың тиімді жүйесі, жеңілдетілген әкімшілік талаптар, жеке бастамшылыққа дем беретін идеологиялық жағдайлар және тағы басқалар. Мысалы, АҚШ-та шағын бизнес мәселелерін шешетін арнайы ұйым шағын бизнес админстрациясы бар. Японияда жергілікті билік органдары қарызды кепілдендіру жөніндегі ассоциация құрған және ұйымдастырған. Канада да бизнесті дамытудың федералды банк арқылы кәсіпкерлерді несиемен, соның ішінде кепілдемемен қамтамасыз етеді. 

                Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті қолдау мәселесі алғаш рет 1992ж 4-ші шілдеде қабылданған. «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» заңында көрініс тапты. Соңғы уақытта шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында  елімізде ҚР Президенттінің бастамасымен  5 заң заңды күші бар 7 қаулысы, бірнеше бағдаламалар қабылданды ( шағын бизнесті дамыту мен қолдаудың 1999-2000, 2001-2002жж арналған бағдарламалар). Сондықтан, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен ынталандыру бүгінгі күні мемлекетіміздің алдындағы өзекті мәселелердің бірі. Бұл тұрғыдағы негізгі мақсат – шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық қызметін тиімді атқаруына мүмкіндіктер жасап, өмір сүру мерзімінің неғұрлым ұзаруына ықпал ету болып табылады.

Бүгінде, ҚР-нің аса назар аударып жатқан аясы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаумен оны материалдық, құқықтық қамтамасыз етудің өзекті проблемалардың мүмкінігінше шешу болып табылады. Ол үшін мемлекеттің көмегі қажет:

Біріншіден, құқықтық реттеудің ұтымды түрлері мен шегін белгілеу;

Екіншіден, кәсіпкерліктің қарқынын төмендетпеуге назар аудару;

Үшіншіден, салық салу жүйесін шешу жолдарын дамыту;

Төртіншіден, бақылау органдарының кәсіпкерлік обьектілерінің тексеру жөніндегі қызметтерін бәсеңдету.

Сондықтан бұл мәселе тіпті ҚР-дің Президентінің «Қазақстан – 2030» бағдарламасында да көрініс тапқан: мұндай экномикалық өсу стратегиясының принципі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың мақсаты -  оны даыту үшін қолайлы жағдай  жасау. Негізгі басымдықтар:

-                     мемлекеттік,  қоғамдық және халықаралық ұйымдардың шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өзара іс-қимылы;

Информация о работе Шағын кәсіпкерлік