Бухгалтерлік және қаржылық есеп берудің принциптері және сапалық сипаттамалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2011 в 13:50, курсовая работа

Описание

Кез келген ғылымның, соның ішінде бухгалтерлік есептің принципінің болуы заңдылық. Латын тілінен аударғандағы принцип сөзі мағынасы жағынан-бастамасы, негізі деген түсінікті білдіреді. Қаржылық есеп беру тұжырымдамасы (концепциясы) шаруашылық үдерістері барысында шешім қабылдау үшін бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің қажеттілігін анықтайды. Жалпы оқулықтар мен оқу құралдарын оқи отырып бухгалтерлік есептің жиырмадан астам принципін кездестіруге болады. Авторлар өз еңбегі барысында оларды кей кездері белгілі бір ұқсастықтарына қарай біріктіріп отырады. Есеп беру дегеніміз кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының

Содержание

Кіріспе..........................................................................................2

Негізгі бөлім.

2.1. Қаржылық есеп берудің сапалық сипаттамалары...............................3
2.2. Қаржылық есеп берудің негізгі қағдалары...........................................4
2.3. Бухгалтерлік есеп принциптері.............................................................6
2.4. Негізгі принциптер................................................................................10
2.5. ҚР-ғы бухгалтерлік есептің стандарттарына сай принциптері .......11
2.6. Бухгалтерлік және қаржылық есеп берудің негізгі принциптері.....11
Қорытынды...................................................................................13

Қолданылған әдебиеттер тізімі.....

Работа состоит из  1 файл

Қаржылық есеп берудің сапалық сипаттамалары.docx

— 33.48 Кб (Скачать документ)
 
 

                                     Жоспар:

  1. Кіріспе..........................................................................................2
 
  1. Негізгі бөлім.
 

2.1. Қаржылық есеп берудің сапалық сипаттамалары...............................3

2.2. Қаржылық есеп берудің негізгі қағдалары...........................................4

2.3. Бухгалтерлік есеп принциптері.............................................................6

2.4. Негізгі принциптер................................................................................10

2.5. ҚР-ғы бухгалтерлік есептің стандарттарына сай принциптері .......11

2.6. Бухгалтерлік және қаржылық есеп берудің негізгі принциптері.....11 

  1. Қорытынды...................................................................................13
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................14 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                         Кіріспе

  Менің практикалық жұмысымның тақырыбы «Бухгалтерлік және қаржылық есеп берудің принциптері және сапалық сипаттамалары»

   Кез келген ғылымның, соның ішінде бухгалтерлік есептің принципінің болуы заңдылық. Латын тілінен аударғандағы принцип сөзі мағынасы жағынан-бастамасы, негізі деген түсінікті білдіреді. Қаржылық есеп беру тұжырымдамасы (концепциясы) шаруашылық үдерістері барысында шешім қабылдау үшін бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің қажеттілігін анықтайды. Жалпы оқулықтар мен оқу құралдарын оқи отырып бухгалтерлік есептің жиырмадан астам принципін кездестіруге болады. Авторлар өз еңбегі барысында оларды кей кездері белгілі бір ұқсастықтарына қарай біріктіріп отырады. Есеп беру дегеніміз кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады. Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талджау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.

 Осымен  қоса, есеп беру кәсіпорынның  шаруашылық қызметін жедел басқару  үшін қажет және ол болашақ  кезеңдерді жоспарлау мен болжау  үшін басты база болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 

 

2.1. Қаржылық есеп берудің сапалық сипаттамалары : 
 
1. Түсініктілік - қаржылық есеп беруге ұсынған ақпарат пайдаланушыға түсінікті болуға тиіс. 
 
2. Орындылық - пайдалануға өткен , қазіргі және болашақ оқиғаларды бағалауға, растауға немесе түзетуге көмектесіп, экономикалық шешімдерге ықпал ету. 
 
3. Сенімділік – ақпараттарда елеулі қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ екендігіне шынайы сенім білдіру. 
 
4. Шынайы көрсету – сенімділікті қамтамасыз ету жағдайы, қаржылық жағдайы, операция нәтижелері, ақшалай қаржылардың қозғалысы және тағы басқа операцияларды шынайы көрсетуі тиіс. 
 
5. Мәннің формадан артықшылығы – операциялар мен басқа оқиғаларды шынайы көрсету тек заңды формада ғана емес, экономикалық заңдылығына сәйкес есептеп ұсынуы қажет. 
 
6. Бейтараптық - қаржылық есеп берудегі ақпараттың сенімділігін қамтамасыз ету, яғни күні бұрын теріс түсініктеме болмауы керек. 
 
7. Байқампаздық - активтер мен кірістер, кемітілмей, міндеттемелер мен шығыстар әдейі арттырылмауы үшін талап етілетін есептеулерге сақтық деңгейін ұстау. 
 
8. Толықтылық - сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында қаржылық есептердегі ақпарат толық болуы қажет. 
 
9. Уақыттылық - ақпарат ұсынуда ақталуға келмейтін тежеу болған жағдайда өзінің орындалғандығын жоғалтуы мүмкін. 
 
10. Пайда мен шығын арасындағы баланс – ақпараттан алынатын пайда, оны алуға кететін шығыннан артып түспеуі тиіс. 
 
11. Сапалық сипаттаулар арасындағы баланс - қаржылық есеп беру тепе – теңдік немесе салалық сипаттары арасында байланыс болу қажет. Қаржлық есепті жасаушылар кәсіби пайымдау мен әртүрлі жағдайларды садыстырмалы маңыздлығын анықтайды. 
 
12. Сенімді және әділ көрсету – бухгалтерлік есептің сәйкес стандарттарын қолдану.Сенімді және әділ қаржылық есеп беру барысында ешқандай алаламай, қамтамасыз етуі қажет.
 
 

2.2. Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:

Толассыздық. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.

Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс, қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған мәліметтер өз септігін тигізуі керек.

  Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.

 Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен құралады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса.

 Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъектінің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсыну керек.

Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табысты, сондай-ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.

 Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттардың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.

 Жүйелілік. Пайдаланушы субъектінің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі есептік кезеңмен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.

 Есеп  беруге қойылатын ең басты  талап тазалығы (ашықтығы) болып  табылады, яғни акционерлер мен  инвесторларға есеп берудің мәліметі  түсінікті болуы тиіс. Есеп беру  берілген мәліметтердің мерзімінде  жасалғаны жөн. Кәсіпорынның есеп  беруі бухгалтерлік, статистикалық  және жедел болып бөлінеді.

 Жедел-статистикалық  есеп беру кәсіпорынның өндірістік  және қаржылық қызметінің жекелеген  жақтарын бухгалтерлік және жедел-статистикалық  есепке алудың деректері бойынша  жасалады.

 Бухгалтерлік  есеп беру кәсіпорынның өндірістік  және қаржылық қызметін бастапқы  құжаттармен және есепке алу  жазбаларымен расталып, жинақталған  деректерден жасалады. Қандай кезең  үшін берілгендігіне қарай есеп  шұғыл және почта арқылы берілетіндер  болып бөлінеді.

  Балансты және басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептерін толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек. 
 
 

2.3. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарында бухгалтерлік есептің мына төмендегідей принциптері анықталған:

  • есептеу;
  • үздіксіз (ұдайы);
  • түсініктілік;
  • мәнділік;
  • маңыздылық;
  • сенімділік;
  • әділетті әрі тура көрсету;
  • бейтараптық;
  • сақтық;
  • толықтылық;
  • салыстырмалық;
  • дәйектілік.
 

      Түсініктілік, маңыздылық, сенімділік және салыстырмалық  деп аталатын төрт принцип-бухгалтерлік есептегі ақпараттық мәліметтерінің негізгі, сонымен қатар сапалы мінездемесі болып табылады.

      Түсініктілік  принципі 

      Бухгалтерлік  есептің ақпараттық мәліметтері  оны пайдаланушыларға шешім қабылдауы  барысында түсінікті болу керектігімен түсіндіріледі. Ол үшін бұл мәліметтерді пайдаланушылар бухгалтерлік есеп жайында  белгілі бір дәрежеде білімді  болулары қажет. Дегенмен де түсініктілік принципі ақпараттық мәліметтерді жәй  қарапайым адамдардың, кәсіпқой емес тұлғалардың пайдалануы үшін сапасын  төмендету деген түсінікке сай  емес. Сонымен қатар осы мақсат үшін оны қаржылық есептен алып тастауға болмайды. Ақпаратты пайдаланушы  тұлғалар бұл мәліметтерді түсіну үшін алдын ала кеңес алулары қажет.

      Маңыздылық  принципі      

      Бухгалтерлік  ақпараттық мәліметтердің, қаржылық есептің  сыртқы пайдаланушыларға олардың шешім  қабылдауы үшін қажет болуы мен  түсіндіріледі. Олар негізінен бухгалтерлік есеп мәліметтерін келесідей мақсаттарға  пайдаланады:

  • алдағы уақыттағы экономикалық жағдайды болжау үшін;
  • бұрын жасалынған болжамдардың барысында алынған нәтиженің дұрыстығын анықтау үшін.

      Бухгалтерлік  ақпараттық мәліметтердің маңыздылық деңгейін өлшеу үшін үш түрлі сапалық  аспектілер қолданылады.

  1. Уақытылы. Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтер өз

пайдаланушыларына керекті уақытында жеткізіліп отырылуы қажет. Бұл мәліметтің жеткізілу  уақытының кешіктірілуі оның маңыздылық деңгейін төмендетеді.

  1. Болжамның құндылығы. Өткен немесе қазіргі кездегі

жасалынған  болжаулардың нәтижесінде алынған  бухгалтерлік ақпараттық мәліметтер пайдаланушыларға тиімді болуы қажет.

  1. Кері байланыс. Өткен уақытта жасалынған болжамдар

немесе  оларға енгізілген өзгерістер пайдаланушыларға тиімді, оң әсер етуі қажет.

      Сенімділік  принципі

    Берілген ақпараттық мәліметтерде  қате болмаса, сондай-

ақ пайдаланушылар оған сенімді болса, онда бұл сенімді  ақпарат болып табылады.

      Салыстырмалық принципі

    Қандай да бір кезеңнің бухгалтерлік  есеп мәліметтері (қаржылық есебі)  өткен уақыттардағы мәліметтермен  салыстырылып көрсетілген кезде  ғана оның пайдалылығымен мазмұндылығы  арта түседі.

      Сақтық  принципі

      Бухгалтерлік  есептің ақпараттық мәліметтерінде жазылатын цифрлар кәсіпорынның экономикалық жағдайын суреттейді (бейнелейді) және пайдаланушылар осы мәлімет  арқылы түрлі шешім қабылдайды. Сондықтан  да әрбір әріптің және цифрдың  дұрыс жазылуы үшін сақ болу қажет.  
 

      Есептеу принципі  

      Кәсіпорындағы кез келген операциялар (кірістер, шығыстар) есептеліп отырылуы қажет.

      Үздіксіз  принципі

      Ұйымның қызметі үздіксіз жалғаса береді деп болжам жасалынады.

      Мәнділік  принципі

      Ұйымның бухгалтерлік есеп ақпараттары пайдаланушылардың  қажеттілігін қанағаттандыруы қажет. Сондай-ақ пайдаланушылардың кәсіпорын  жұмысына (қызметіне) баға беруіне көмек  тесуі керек.

      Бейтараптық принципі

      Ақпарат сенімді болуы үшін алдын ала  бір шешімді қабылдауы арналмаған болуы керек. Егер ақпарат өзінің іріктеліп дайындалуымен немесе ұсынылуымен белгілі бір шешім  қабылдауға немесе ойды қорытындылауға жету мақсатымен қалыптастыруға әсер ететін болса ондай ақпараттар бейтарап болмайды. Алдын ала дайындалған  ақпараттық мәліметтер болмаған жағдайда, негізделмеген, бір қорытындыға  келтірілмеген ойды пайдалану бейтараптыққа  сәйкес келеді.

Информация о работе Бухгалтерлік және қаржылық есеп берудің принциптері және сапалық сипаттамалары