Бағалы қағаздар нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 19:27, курсовая работа

Описание

Қазақстан Президентiнiң халыққа бiрден-бiр ұзақ мерзiмдi басты Жолдауы – “Қазақстан-2030” – мұнда “экономикалық өсу, ашық нарықтық экономикада жоғары деңгейде шетелдiк инвесторлар және iшкi ақша жинағын” тартуға негiзделген.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жобасында жекешелендiру жүргiзуде шаруашылық жүргiзкдiң жаңа нысандары пайда болады: серiктестiктер, акционерлiк қоғамдар және жеке меншiк компаниялар шеңберi едәуiр кеңейедi

Содержание

КIРIСПЕ ..........................……….................................................................................3

I БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЖӘНЕ ОНЫҢ РЫНОГЫ ................................…….........5

Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік және оның жіктелуі ............................5

Бағалы қағаздардар рыногы және оның экономикадағы қызметі …...............9



II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР РЫНОГЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ …..........……….12

2.1 Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы және олардың екінші деңгейлі банктердегі айналымы ......……...........................................................…12

2.2 Екінші деңгейлі банктерде бағалы қағаздар нарығын құру және оның даму барысы .......................................................................................................................17

ІІІ ЕЛІМІЗДЕГІ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ АЙНАЛЫМЫ ……………………………………………………………………21

3.1 Мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар есебі …………………….




ҚОРЫТЫНДЫ ..………............................................................................................27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......….................................................................28

Работа состоит из  1 файл

БҚН курсовой.doc

— 338.50 Кб (Скачать документ)

2. Бағалы қағаздар  шығарушысы (эмитентi) жөнiнен де  жiктеледi. Олардың эмитенттерi мемлекет, жергiлiктi әкiмшiлiк, корпорациялар,  қаржы институттары және т.б.  заңды тұлғалар болуы мүмкiн.

3. Бағалы қағаздар  қай жерде сатылады деген сұрақ бойынша да жiктеледi. Сатылу жерiне байланысты ақша нарығындағы және капитал нарығындағы болып бөлiнедi.

 

1.2 Бағалы қағаздардар  рыногы және оның экономикадағы  қызметтерi 

 

Экономикада қаржы  рыногының құрамдас бөлiгi ретiндегi бағалы қағаздар рыногы – шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен мемлекет шығарған бағалы қағаздардың сан алуан түрлерi сатылатын және сатып алынатын қаржы рыногының бөлiгi. Бұл рыноктың қызмет етуi көптеген экономикалық, әсiресе инвестициялық процестердi реттеп, олардың тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiлiк бередi. Бұған осы рыноктың қор құрылымдарының – бағалы қағаздардардың сан алуандығымен қол жеткiзiледi. 

Бағалы қағаздар рыногы экономиканың барлық субъектiлерiнң өздерiне қажеттi ақша ресурстарын алуының  кең мүмкiндiктерiн жасайды және алудың жолдарын жеңiлдетедi.

Көптеген экономистер  бағалы қағаздар рыногына инвесторларға  байланысты көзқараста болып отыр.  Мысалы Тарканов В.С. бағалы қағаздар рыногы – бұл нарық капиталының қарыз  бөлiгi, яғни бағалы қағаздарды сатып  алу және сату жүзеге асырылатын және эмитент пен инвесторлардың арасындағы қаржы айналымы.

Бағалы қағаздар рыногында сатып алушылыр мен  сатушылар басты ойынға қатысушы болып табылады. Бағалы қағаздарды сатып алушылар – бұл еркiн  ақша қаржылары бар және оны үлестiруде олардың максималды кiрiс әкелуiн қалайды.

Қ.Р-ның “Бағалы  қағаздардар туралы” Заңында  бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi: инвесторлар және эмитенттер болып табылады деп көрсетiлген.

Бағалы қағаздар рыногы басқа рыноктардан өзiнiң  айрықша тауарымен өзгешеленедi. Ол өзгеше тауар – бағалы қағаздар және оның сан алуан түрлерi. Олар бiрiншiден, меншiк белгiсi, екiншiден, қарыз мiндеттемесi, яғни олар арқылы табыс алу құқы және табыс төлеу мiндеттемесi пайда болады. Бұл тауардың өз құны аз болсада, өте жоғары нарық бағасымен сатуға болады. Егер бағалы қағаздарға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, онда оның бағасы көрсетiлген құнынан (номиналынан) жоғары болады. Бұндай нарықтық бағаның ауытқуы, бағалы қағаздардың «жалған капитал» екенiн көрсетедi.

Жалған  капитал – нақты капиталдың қағаз белгiсi, яғни өндiрiстiк капиталдың оқшауланып шыққан бiр бөлiгi.

Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретiн «символы»  болғандықтан оны «қордың құндылықтары»  деп те атайды. Сонымен қатар, бағалы қағаздар «қордың инструментi немесе құралы» болып та есептеледi. Себебi, тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткiзуге немесе сол құндылықтар бiр субъектiден екiншiге ауысуына болады.

Бағалы қағаздар рыногы өз кезегiнде капитал рыногының, яғни ақша және басқа материалдық құндылықтардың нақты қызметiн көрсетедi. Бағалы қағаздар рыногы рыноктық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердi реттеушi қызмет атқарады. Бұл алдымен капиталды инвестициялау процесiне қатысты. Капиталды инвестициялау деген оның капиталға мұқтаж өндiрiс салаларына құйылуы, ал артық болған жағдайда сол саладан қайта алынады. Мысалы: кейбiр тауарларға немесе қызмет түрлерiне сұраныс өссе, онда соған сәйкес бағасы да өседi. Демек, оларды өндiруден пайда да өседi, сондықтан басқа салалардың өнiмдерiне сұраныс азайып, олардың экономикалық тиiмдiлiгi кемiп, ондағы капитал өнiмiне сұраныс өсiп тұрған салаларға құйылады. Бағалы қағаздардың осы механизмнiң қызметiн қамтамасыз ететiн құрал. Олар уақытша бос капиталды сату – сатып алу арқылы тиiмдi өндiрiске бағыттап отырады.

Кәсiпорынның қосымша  капиталға мұқтаждығы көптеген жағдайларға  байланысты. Олардың бастылары –  негiзгi қорды құру және ескi қорларды жаңарту болып табылады. Бұл мәселе әсiресе бiздiң елiмiз үшiн өте маңызды болып табылады. Өйткенi елiмiз өндiрiсiндегi негiзгi капиталдардың 80% дерлiк моралдық және физикалық жағынан тозығы жеткен. Ал осы капиталдарды инвестициялауда бағалы қағаздар рыногының қызмет етуi өте маңызды екенi белгiлi.

Сонымен бағалы қағаздар рыногының басты қызметтерiн  келесiдей топтастыруға болады:

Жалпы нарықтық қызметi:

  • Коммерциялық функция, яғни осы нарықта пайда табу.
  • Баға қызметiн, нарықтық бағаны және оның үздiксiз қозғалысын қамтамасыз етедi.
  • Ақпараттық қызмет, нарық өзiнiң қатысушыларын ақпаратпен қамтамасыз етедi.
  • Реттеушi қызмет, нарықтық құқықтар белгiлейдi, яғни саудада және оған қатысушылар арасындағы дауларды реттейдi.

Айрықша қызметiне:

    • қайта бөлу, тарату функциясы.
    • Баға және қаржы тәуекелдiлiгiн сақтандыру қызметi.

Қайта бөлу және тарату қызметi үш түрге  бөлiнедi:

    • Нарықтық қызметте ақша қаржыларын салалары бойынша қайта бөлу.
    • Жинақ ақшаны ауыстыру, барлық халыққа өндiрiстiк немесе өндiрiстiк емес формасында.
    • Инфляциялық емес негiзде республикалық бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру.

Қаржы және баға тәуекелдiлiгiн сақтандыру қызметi немесе хеджерлеу. Бұған туынды бағалы қағаздар фьючерстiк және опциондық контрактiлер жатады. Бұл қызмет пайданы немесе бағаны сақтандыру үшiн жасалынған мерзiмдiк мәмiле.

Қоғамдық өндiрiс нарық жүйесiнде дамиды: оларға тауар және қызмет көрсету нарығы, жұмыс күшi, несиелiк капитал, шикiзат және Бағалы қағаздар рыногы  жатады. Осы жүйелер iшiнде бағалы қағаздар рыногы басты рольде ойнайды.

Бағалы қағаздар рыногының  құрамды бөлiктерiне келесiлер жатады:

    • Алғашқы және екiншi нарық;
    • Ұйымдасқан және ұйымдаспаан нарық;
    • Биржалық және биржадан тыс нарық;
    • Дәстүрлi және кампьютерленген;
    • Кассалық және мерзiмдi нарық;

Алғашқы нарық – БҚ-дың жаңа шығарылымы сатылатын нарық. Алғашқы нарықтан акция және облигация сатып алушы инвесторлар, әдетте сыйақы төлемейдi, себебi эмиссияны сатуға кеткен сыйақы жаңа шығарылған БҚ-дың құнына кiрiп, оны эмитент төлейдi.

Екiншi нарық – шығарылған БҚ-ды инвесторлардың делдал арқылы сатып алу нарығы.

Ұйымдасқан бұл БҚ-ды сатып алу және сату жүргiзiлетiн қор биржалары болып табылады.

Биржалық нарық – бұл БҚ-ды қор биржасында саудаға түсуi.

Биржадан тыс – биржалық ережелермен өтетiн, бiрақ биржадан тыс тек қана биржалық делдалдар арқылы жүредi.

Кассалық БҚН – мәмiлелердi 1-2 күн iшiнде дереу орындайтын нарық.

Мерзiмдi – мәмiлелердi орындауда мерзiмi көрсетiлген, яғни 2 күннен 3 айға дейiнгi аралық нарығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  МЕМЛЕКЕТТІК БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР  РЫНОГЫНЫҢ  ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН  ДАМУЫ

 

2.1 Мемлекеттік  бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы  және  олардың екінші деңгейлі  банктердегі айналымы

 

 

Қазiргi  егемен Қазақстанда  бағалы қағаздар рыногының алғашқы  нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негiзiнде  90-шы жылдардың басынан  бастап пайда бола бастады. Елде дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшiн оның құрамдас бөлiктерi болуы қажет. Олар:

    • Сұраныс пен ұсыныс;
    • Делдалдар мен басқа қатысушылар;
    • Нарықтық инфрақұрылым, яғни коммерциялық банктер, қор биржалары, инвестициялық институттар және т.б.
    • Нарықты реттейтiн және өзiн-өзi реттейтiн жүйе.

Нарықтың осы құрамдас бөлiктерi қазiргi уақытта негiзiнен  құрылып болды. Бұл жөнiнде елiмiзде  экономикалық жүйенi реформалауды тереңдету  жолында қабылданған Қазақстанда  мемлекетiк меншiктi жекешелендiру ұлттық бағдарламасы БҚН-ның негiзгi субъектiлерi – акционерлiк қоғамдардың құрылуын тездетуде шешушi роль атқарады.

Дегенмен, Қазақстан экономикасының дағдарысы жағдайында толыққанды БҚН  болуы мүмкiн емес. БҚН-ның даму деңгейi көп жағдайда халықтың әл-ауқатына байланысты. Себебi  БҚ-ға сұраныс халықтың тұрмысын айқындайды. Сондықтан халықтың табысының өсуi – Қазақстанда БҚН дамуының басты шарты.

Елiмiздегi БҚН-ның құрылымы және БҚ-дың өтiмдiсi қандай  деген  сұраққа келесiдей жауап беруге болады:

Республикада қалыптасқан жағдай сипаттағанындай БҚ-дың ең көлемдiсi және ең өтiмдiсi мемлекеттiк қарыз мiндеттемелерi (МҚМ). МҚМ нарығының ерекшелiгi оған қатысушыларға байланысты:

Бiрiншiден, мемлекеттiк бағалы қағаздардың  эмитентi – Қаржы Министрлiгi;

Екiншiден, Ұлттық банк – оның (Қаржы Министрлiгiнiң) Қаржы агентi (уәкiлi), сонымен бiрге мемлекеттiк бағалы қағаздарының дилерi. Дегенмен, бағалы қағаздар нарығына бұл қатысушылар мемлекеттiк бағалы қағаздарды шығару мен оларды айналымға түсiру шартарын анықтаушылар. Мемлекеттiк бағалы қағаздар:

    • мемлекеттiк қазыналық векселдер;
    • мемлекеттiк қазыналық облигациялар;
    • Қазақстан Ұлттық банкiнiң қысқа  мерзiмдi ноталары;
    • жекешелендiру купондары.

Мемлекеттiк  қазыналық векселдер мен мемлекеттiк  қазыналық облигацияларды iшкi мемлекеттiк қарыз мөлшерiнде мемлекеттiк бюджеттi қаржыландыру мақсатында Қаржы Министiрлiгi шығарады. Ал қысқа мерзiмдi ноталарды банк жүйесiнiң бiрқалыпты жұмысын қамтамасыз ететiн қаржы қорын толтыру мақсатында ұлттық банк шығарады. Жекеменшiктендiру купондары аукцион арқылы сақталған мемлекеттiк кәсiпорындарды жекеменшiктендiруге пайданалынды, ал оның көптеген мөлшерi жеке адамдар қолында осы күнге дейiн сақталуда. Кәсiп орындар банкротқа ұшырап, жұмыс iстемей тұрған қазiргi кезде  жекеменшiктендiру купондарының орнына берген акциялар оны иемденушiлерге әлi дивденд (пайда) түсiре қойған жоқ.

Мемлекеттiк  БҚ-дар келесi мақсаттар үшiн шығарылады: ағымдық бюджет тапшылығын қаржыландыру, бұрын орын тепкен заемдардың орнын  толтыру, коммерциялық бланкiлер мен  басқа да инвесторларды ликвидтiк, резервтiк активтерiмен қамтамасыз ету, әлеуметтiк маңызы бар мекемелермен ұйымдарды қолдауды атқарушы өкiметтiң органдары атқаратын мақсаттық бағдарламаларды қаржыландыру.

Қазiргi кезеңде  әлемнiң барлық елдерiнiң, әсiресе, бұрынғы Одақ республикаларының үкiметтерi алдында мемлекеттiк шығындардың кiрiстерден асып кету мәселесi тұр. Мұнда бюджет толтырудың негiзгi тәсiлi – сыртқы заемдар және Орталық (Ұлттық) банкiден несиелiк ресурстарды қарызға алу. Қазақстанның бюджетi қаржыландырудың экономикалық тұрғыдан тиiмдiрек әдiсiне – iшкi инвесторлардың мемлекеттiк БҚ-ры (МБҚ) шығару және олардың арасына жайғастыру арқылы бос қаражатын тарту. Мұнда, бiрiншiден, айналымда ақша массасы көлемi ұлғаймалы, екiншiден, инвесторлардың бос ақша қаражаттары байланысады да экономикада елiмiздiң ақша жүйесiнде инфляциялық процестер туындамайды.

Қазақстанда 94-шi жылдан берi заңды және жеке тұлғаларға арналған мемлекеттiк қазыналық  мiндеттемелер (МҚМ) шығарылып, оларды инвесторлар белсендi түрде сатып алуда. Осы уақытқа дейiн МҚМ нарығы тиiмдiлiгiн көрсеттi. Өйткенi, МҚМ-дi сатып алу бағасы (олар жеңiлдiкпен сатылады) және тиiсiнше сол бойынша кiрiстiлiгi аукциондық негiзде немесе нарық жолымен анықталады.

Қ-да МҚМ-дi шығарғандағы маңызды мақсаттардың бiрi – коммерциялық банктер мен басқа да инвесторларды бос қаражаттарды салудың жоғары ликвидтi объектiлерiмен қамтамасыз ету.

Қазақстан үкiметiнiң  жүргiзiп отырған экономикалық реформалаоры және ұлттық банкiнiң инфляция қарқынын төмендету шараларын мемлекетке ұзақ мерзiмдiк негiзде iштей қарыз алу саясатын жүргiзуде де және МҚМ нарығын олардың айналым мерзiмi бойынша түрлендiрумен бiрге осы нарықтық туындыларын кеңейтуiне мүмкiндiк бередi.

ҚР-сы үкiметi мемлекеттiк iшкi жинақ заем бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында республикалық бюджеттiң ағымдық тапшылығын қаржыландыруға арналған ұлттық жинақ облигацияларын (ҰЖО) шығару iске асты.

ҰЖО-ның ерекшелiгi кiрiстiң проценттiк мөлшерлемесi құбылмалы және де үш айлық айналым  мерзiмдерiндегi МҚМ-дiң кiрiсiне байланысты тағайындалады.

ҰЖО-ның тағы бiр ерекшелiгi – оның айналымдылығы. ҰЖО-ның белгiлi бiр ликвидтiгiн  қолданған кезде инвесторлар  кез-келген уақытта өздерiнiң облигацияларын кез-келген заңды және жеке тұлғаны  нарықтық баға бойынша сатып жiберуiне және өзiнiң кепiлдiк кiрiсiн алуына болады.

БҚН реттеу мемлекеттiң  ең маңызды мiндетi. Ондағы мақсаты  – БҚ-мен келiсiмге қатысушылардың заңды мүдделерi мен құқығын сақтауды қамтамасыз ету. Бағалы қағаздар нарығында  қызмет атқаратын қаржы инстуттарының iсiң бағыттау мен реттеу мемелекеттiк органдарға жүктелген.

Республикада  ондай органдар болып бағалы қағаздар жөнiдегi ұлттық комисия (БҚЖҰК), Қаржы Министрлiгi, Ұлттық банк, Мүлiктi басқару жөнiндегi Мемелекеттiк комитет   комитет саналады. Осы БҚН реттейтiн мемлекеттiк органдардың ең негiзгiсi – Бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссияның құрамы 1995 жылдың қаңтарында анықталып, сол жылғы сәуiрдiң 21-дегi Республика Президентiнiң «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» жарлығына сәйкес оның құқықтық статусы, қызметi және өкiлеттiгi бекiтiлдi.

БҚЖҰК оның төрағасы және төрт комиссия мүшелерiнен құрылады. Олар республика заңдарымен мiндеттелген жауапкершiлiкпен толық өкiлеттiлiктi атқарады. Комиссия төрағасы мен оның мүшелерiн Премьер-Министрдiң ұсынуымен 5 жыл мерзiмге республика президентi бекiтедi. Комиссияның тұрақты қызметiн қамтамасыз ету үшiн оның атқрушы аппараты құрылған.

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы