Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 10:11, реферат

Описание

«Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі».doc

— 128.00 Кб (Скачать документ)

Жобаны  қаржылық қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының 10 млрд. АҚШ доллары (1 200 млрд. теңге) көлеміндегі қаражат пайдаланылатын болады. Олар мыналарға бағытталатын болады:

1) қаржы секторын  тұрақтандыруға –  4 млрд. АҚШ доллары  (480 млрд. теңге);

2) тұрғын үй секторын дамытуға – 3 млрд. АҚШ доллары (360 млрд. теңге);

3) шағын және орта  бизнесті қолдауға  – 1 млрд. АҚШ доллары  (120 млрд. теңге);

4) агроөнеркәсіптік  кешенді дамытуға  – 1 млрд. АҚШ доллары  (120 млрд. теңге);

5) инновациялық, индустриялық  және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға – 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге).

Үкімет, Ұлттық Банк, Қаржылық қадағалау агенттігі, «Самұрық-қазына»  ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан  әрі – «Самұрық-Қазына»  қоры) және «ҚазАгро»  ұлттық холдингі (бұдан  әрі – «ҚазАгро» холдингі) осы қаражаттың нысаналы және тиімді жұмсалуына тұрақты мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді.

Жоспарды  іске асыру бойынша  Үкіметтен негізгі  оператор болып «Самұрық-Қазына»  қоры шығатын болады. Ол үшін Үкімет «Самұрық-Қазына»  қорын 607,5 млрд. теңгеге қосымша капиталдандыруды жүзеге асырды.

«Самұрық-Қазына»  қоры мен «ҚазАгро»  холдингі тиісінше 4 млрд. АҚШ доллары  және 1 млрд. АҚШ доллары  сомасына облигация  шығару жолымен Ұлттық қордан қарыз алуды  жүзеге асырады. Бұл  үшін Ұлттық қордың инвестициялық саясатына өзгерістер енгізілетін болады.

Экономикалық  өсу қарқынының төмендеуі  жағдайында Үкімет контрциклдық бюджет саясатын, ал Ұлттық Банк - жағымды  ақша-кредит саясатын жүзеге асыратын болады. Алайда экономика  мен қаржы секторын тұрақтандыру шамасына қарай ақша-кредит және фискалдық саясаттар макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, оның ішінде, инфляцияның төмен қарқынын ұстап тұру мақсатында қаталдандыратын болады.

Үкімет  пен Ұлттық Банк төлем  балансының және валюта бағамының жағдайын бақылайтын болады.

Экономикада жинақталған салалық  теңгерімсіздіктердің ішкі және сыртқы өзгеруші жағдайларын ескере отырып, Үкімет 2009 жылы Қазақстанның 2020 жылға  дейінгі әлеуметтік–экономикалық  даму стратегиясын әзірлейді. Ол:

экономиканың  сыртқы күштерге тұрақтылығын арттыруды;

елде  инвестициялық климатты жақсарту үшін құрылымдық реформалар жүргізуді;

инфрақұрылымды  жаңғыртуды;

адами капиталды дамытуды;

экспортты, бірінші кезекте, агроөнеркәсіптік секторды дамыту есебінен жедел  әртараптандыруды;

мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруды;

елдің сыртқы борышын тиімді басқаруды ескере отырып, таяудағы он жылға арналған нақты  басымдықтар мен  даму индикаторларын белгілейді:

Бұл нәтижелерге бағдарланған жоспарлаудың жаңа қағидаттарын ескеретін елдің  бірінші ұлттық стратегиялық даму бағдарламасы болады. 

Қаржы секторын тұрақтандыру

Отандық банк жүйесін қолдау қажеттілігі оның елдің экономикалық жүйесіндегі маңызды  рөлінің болуымен түсіндіріледі. Тәуелсіздік  жылдарында отандық  банктер отандық  экономикалық жүйенің ажырамас бөлігіне айналған, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және оның нарық жағдайында дамуын ынталандыратын жетілдірілген қаржы жүйесін қалыптастырды.

Отандық банктерге қолдау жасай отырып, мемлекет олардың ішкі экономика  мен нақты секторды кредиттеу көлемін сақтайтындықтарына, атап айтқанда, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруларына және ипотекалық кредиттеу бойынша қолайлы жағдайды белгілейтіндіктеріне сенім артуда.

Мемлекеттің мақсаты – жалпы  жүйе тұрақтылығын қолдау және сақтау. Бұл мақсаттар үшін Қазақстанда тиісті реттеу мен қадағалау, сондай-ақ депозиттерге кепілдік беру жүйесі бар. Жүйе тұрақтылығына қауіп төнген жағдайларда мемлекет банк секторына жағдайды тұрақтандыруға қажетті тәртіпте және көлемде қаржылық қолдау көрсетеді.

Мемлекет  банктің борыштары  бойынша ешқандай міндеттемелер алмайтыны  сияқты банктердің операциялық  қызметіне араласпайды. Ағымдағы жағдайда банктер  банк депозиторларының мүдделері барынша  қорғалатындай етіп активтер мен пассивтерді  тиімді басқаруды  қамтамасыз етулері тиіс. Бұған қарамастан мемлекет қызметі ел экономикасының одан әрі дамуына ықпал ететін жүйе құраушы банктерге қатысты тұрақтандырушылық бастамаларымен шығады.

Қаржы секторын тұрақтандыру үшін мынадай шаралар  қабылданатын болады:

Біріншіден, ол қарапайым және ерекше артықшылығы бар акцияларды сатып алу, сондай-ақ реттелген қарыздар беру арқылы төрт жүйе құраушы банктерді қосымша капиталдандыру. Бұл ретте банктерге мұндай мемлекеттік қолдау көрсетудің басты шарттарының бірі капиталды банк акционерлерінің өздерінің ұлғайтуы болып табылады.

Қазіргі таңда банктер  берген қарыздардың 35,6%-ы  құны айтарлықтай  төмендеген жылжымайтын  мүліктермен және жермен қамтамасыз етілген. Бұл банктер активтерінің сапасын төмендетеді. Осыған байланысты банк секторында залалдардың едәуір көлемі әлеуетті жинақталуда. Банк секторын сауықтыру үшін Қаржылық қадағалау агенттігі банктер құрған провизияларға қойылатын талаптарды арттырады. Бұл банктердің өз шығындарын қабылдауына және оларды жасақталған провизиялар есебінен шығынға жазуына септігін тигізеді. Бірақ, банктердің провизияларды құруы үшін қосымша капитал қажет.

Банктерді қосымша капиталдандырудың  жалпы сомасы кемінде 4 млрд. АҚШ долларын (480 млрд. теңге) құрайды, олардың ішінде:

1 млрд. АҚШ доллары  (125 млрд. теңге) төрт жүйе құрушы банктердің (Қазақстанның Ұлттық Банкінің, Қазкоммерцбанктің, Альянс банкі мен ТӘБ-нің) қарапайым акцияларын сатып алу түрінде берілетін болады.

3 млрд. АҚШ доллары  (355 млрд. теңге) реттелген  борыш түрінде  және дауыс беру  құқығын бермейтін ерекше артықшылығы бар акцияларды сатып алу арқылы берілетін болады.

Берілген  қаражатты банктер  резервтердің (провизиялардың) барабар деңгейін қалыптастыруға және ел ішінде қарыз алушыларға кредиттер беруге жіберуі тиіс.

Мемлекет  банктер капиталының бақылау пакетін сатып алмайтын болады. Құны 2008 жылғы 24 қарашада, яғни, банк ұсыныс жасаған күнге дейін Лондондық және Қазақстандық қор биржаларында акцияларға баға белгілеуге байланысты белгілі болатын банктердің дауыс беруші акцияларының 25%-ына дейін «Самұрық-Қазына» қорының меншігіне түседі.

Мемлекет  капиталданған банктердің ұзақ мерзімді қатысушысы болып қалмайды. Әлемдік  қаржы дағдарысының бәсеңдеуі және халықаралық  капитал нарықтарына  жол ашылған жағдайда «Самұрық-Қазына»  қоры нарық қағидаттары  бойынша банктердің қатысушылары құрамынан шығатын болады, бірақ акцияларды сату бағасы сатып алу бағасынан төмен болмайтын шарт негізінде. Банктердің акционерлері 5 жыл ішінде акциялардың мемлекеттік пакетін қайта сатып алатын құқыққа ие болады.

«Самұрық-Қазына» қоры банктердің сыртқы борыштарын қайта құрылымдау жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Банктер жеткілікті өтімділікке ие болады, ал қайта құрылымдау сыртқы қорландырудың шектеулі қолжетімділігіне байланысты қаржыландыру қаупін азайтуы тиіс. Егер сыртқы борыштарды қайта құрылымдау жөніндегі жұмыстың тиісінше тиімділігі болмаса және банктердің қауіптерге ұшырағыштығы олардың депозиторларының мүдделеріне қауіп төндіретін болса Қаржылық қадағалау агенттігі соңғы шара ретінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес консервациялау рәсімдері шеңберінде банктердің активтері мен міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдауды жүргізуі мүмкін.

Екіншіден, Стресті активтер қоры құрылды.

Стресті активтер қорының  қызметі қазақстандық банктердің кредиттік  портфельдерінің  сапасын жақсартуға бағытталатын болады. Банктердің сенімсіз активтерін сатып алу және кейіннен оларды басқару осы мақсатты іске асырудың негізгі тетігі болады. Макроэкономикалық, нарықтық және басқа да факторлар әсерінен елеулі тәуекелдерге ұшырайтын (құнсыздануға) активтер, атап айтқанда, банктердің жылжымайтын мүлік және жер кепілдігімен қарыздар беруі осындай активтер ретінде қарастырылады.

Банктерден  мұндай қарыздарды сатып  алу банктердің теңгерімін өтімділігі аз активтерден  тазартуға және банктерге  өз залалын мойындауға мәжбүрлейді.

Активтерді  сатып алу Стресті  активтер қоры айқындайтын  дисконтты немесе тәуекелдерді бөлудің  басқа нысанын (банктер  құратын провизиялардың көлемін ескеретін) теңгерімдік құны бойынша жүзеге асырылатын болады.

2008 жылы республикалық бюджеттен Стресті активтер қорын капиталдандыруға алғашқы траншпен 52 млрд. теңге бөлінді. 2009 жылы Қордың жарғылық капиталы республикалық бюджет қаражаты есебінен 122 млрд. теңгеге дейін жеткізілетін болады.

Үшіншіден, банктердің міндеттемелеріне уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында өтімділіктің қосымша көздері ұсынылатын болады. Атап айтқанда, Ұлттық Банк репо операциялары бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылданатын құралдардың тізібесін кеңейтетін болады.

Ресурстық базаны тұрақтандыру мақсатында ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ активтері Ұлттық Банктің басқаруындағы мемлекеттік ұйымдардың уақытша бос ақша қаражаты отандық банктердің депозиттерінде орналастырылатын болады.

Төртіншіден, қаржы секторында мемлекеттік реттеу жетілдірілетін болады.

Қаржылық  қадағалау агенттігі  пруденциалдық реттеу шеңберінде банктердің сыртқы міндеттемелерінің  және тұтастай көтерме  қаржыландыру деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жалғасатын болады. Бұл ретте банк заңнамаларының қолданыстағы және жаңадан енгізіліп жатқан талаптары банктерді қорландырудың әртараптандырылған базасын құруға ынталандыруы тиіс, яғни белсенді операцияларды көп дәрежеде депозиттік база, атап айтқанда жеке тұлғалардың есебінен қаржыландыру.

Таңдаулы  халықаралық практика негізінде банктердің капиталдандыру есебінің тәсілдері оңтайландырылатын  болады. Банк активтерін жіктеудің қолданыстағы тәртібі оңтайландырылатын  болады, бұл банк активтеріне жанама факторлардың болуы мүмкін, оның ішінде экономика секторларында іскерлік белсенділіктің төмендеуі, жағымсыз сыртқы құбылыстарға ұшырау, айырбас бағамдарының күтіліп отырған тұрақсыздығы әсерін ескере отырып банктердің қосымша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруын көздейді.

Тәуекелдерді  басқару жүйесіне және банктердегі  ішкі бақылауға талаптар күшейтілетін болады. Ең алдымен банктер  өтімділікті жоғалту  тәуекелі мониторингіне  тәсілдерді елеулі түрде  қайта өңдеуі тиіс болады, ал банктердің активтері мен  пассивтерін басқару  стресті ахуалдардың туындауын ескере отырып үлгіленуі тиіс.

Көрсетілген шаралар банктерге  жекеше де, шоғырландырылған негізде де, сондай-ақ банк конгломераты шеңберінде де қолданылатын болады.

Бесіншіден, жинақтаушы зейнетақы  жүйесінің жаңа жағдайлардағы  жұмыс істеу тетіктері пысықталатын болады.

Зейнетақы қорларының салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Үкімет халықтың зейнетақы  жүйесіндегі жинақтарының сақталуын, жинақтаушы зейнетақы қорларынның  салымшылары үшін ашықтықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, олардың хабардар етілуін және қаржылық сауаттылығын арттырады.

Халықтың  зейнетақы қорларына  барлық салымдарын мемлекет зейнетақы жинақтарын төлеу сәтіне инфляцияның  деңгейінде олар бойынша  кірістерді есепке ала  отырып кепілдік береді. Үкімет азаматтарға зейнетақы қорларынан тұрақты төлем мониторингін жүзеге асыратын болады және жыл сайын инфляция есебі бойынша зейнетақы жарналары және зейнеткерлікке шыққан сәттегі іс жүзіндегі жинақтар арасындағы айырмашылықтың орнын толтыру үшін республикалық бюджетте жыл сайын қажетті қаражат қаражат көзделеді.

Жинақтаушы  зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерін  әртараптандыру үшін Үкімет пен «Самұрық-Қазына»  қоры зейнетақы активтерін басым инвестициялық  жобаларды қаржыландыру үшін тарту жөнінде  шара қабылдайды, сондай-ақ құрылған Стресті активтер қоры инвестициялық рейтингі бар борыштық бағалы қағаздарды шығаруды қамтамасыз етеді.

Қаржылық  қадағалау агенттігі  жинақтаушы зейнетақы  қорларының инвестициялық  саясатын жетілдіруді, сондай-ақ зейнетақы  активтерінің сақталуын және қорлар мен зейнетақы активтерін басқарушылардың жауапкершілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметін қадағалауды жалғастырады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі