Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 10:11, реферат

Описание

«Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі».doc

— 128.00 Кб (Скачать документ)

         Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сиялқы бұл қағидаттың талаптары қаржы қатынастарында ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесін құрыдағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымының ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аймақтық құрылымына сай келуі. Әрбір облыста, ауданда және қалада қыржы органдардың тиісті аппараты бар. Төменгі құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы мүмкін, онда олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады. Федеративтік құрылысы бар көпұлтты мемлекеттерде бұл қағидаттың маңызы аса артып отыр. 

  

                                    Қаржы жүйесінің қағидаттары. 
 

         Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттармен алдын ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржы ресурстарының басты көздерінің ортақтастығында (бірлігінде), олардың қозғалысының  өзара байланыстығында, қажетті қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды аймақтар, салалар арасында қайта бөлуде болып отыр. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жоспарлары мен байланыстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің нақтылы көрінісін табады. 

         Қаржы жүйесінің  жеке құрамды элементтерінің  функциялық арналымының  қағидаты қаржының  әр буыны өз  міндеттерін шешіп  отыратындығынан көрінеді. Оған айырықша қаржы аппараты сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды республиканың Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады. 

         Бюджеттен тыс қорлардың (ресурстардың) мақсатты міндеттерін тиісті аппараттар анықтайды және шешеді немесе белгілі бір министрліктің және үкіметтің басқаруына беріледі. 

         Ұлттық шаруашылықты  басқарудың сатылас  қағидаты жоғары  органдар (министрліктер, ведомстволар, холдингтер, ассоциациялар, бірлестіктер) деңгейінде де, сондай-ақ төмнегі (фирмаларда, компанияларда және т.б.) деңгейде де қаржы аппаратының тиісті құрылымын байланыстырады (қамтамасыз етеді). Бұдан басқа, қаржы аппаратын ұйымдастыруда акционерлік, бірлескен, аралас, кооперативтік, сондай-ақ қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдарды басқарурдың ерекшіліктері қамтып көрсетіледі. 

         Қазіргі кезе қаржы  жүйесі терең өзгерістерге  ұшырап, қайта құрылуда. Қаржы жүйесін  қайта құрудың  басты міндеті оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтадырып, одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады. 

         Нарықтық қатынастарға көшу барысында қаржы жүйесінің ролі мен маңызы шұғыл артады. Қаржы-несие нарықтық мехенизмдердің неғұлрым тиімді жұмыс істейтін секторларының біріне айналыу тиіс. 

         Қаржы және ең  алдымен бюджет  жүйесі жалпы ішкі  өнімнің өсуіне  және оның басты бөлігі – ұлттық табысқа, макро- және микроэкономика кәсіпорындарының, фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптеген жігінің хал-ахуалына айтарлықтай ықпал жасайды. 

         Қоғамда істің  жайы қаржы ахуалымен  анықталады, сондықтан  тұрақтану мен дамудың бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділігін арттыру жөніндегі жалпыэкономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс. Бұл шаралардың қатарыннда – өндірістік қатынастарды жетілдіру, экономиканы әлеуметтік қайта бағдарлау, ұлттық шаруашылықтың құрылымын жаңғырту, ғылыми-техникалық прогресті тездету. 

         Сыртқы экономикалық  қызметті жандандыру, ішкі өндіріс есебінен  тұтыну рыногын  толықтыру проблемасын  шешу шаралары  тұр. Қаржы шараларының  ішінде иннвестицияларды  оңтайластыру, басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейінде үнемдеу режімін қатаңдандыру қажет: экономиканың төменгі деңгеінде – залалдылықты болдырмау, коммерциялық есепті дамыту, қаржы жүйесінің барлық буындарында қаржылық өзара қарым-қатынастарды индикативтік реттеу қажет. 

           Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары  

2007 – 2008 жылдары қабылданған  шаралар

Өткен жылдың күзінде Қазақстан  қаржы дағдарысының алғашқы толқынымен кезікті.

2007 жылдың қазанында  Үкімет, Ұлттық Банк  және Қаржы нарығы  мен қаржы ұйымдарын  ретте және қадағалау агенттігі (бұдан әрі – Қаржылық қадағалау агенттігі) халықаралық қаржы және азық-түлік нарықтарындағы тұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсарту үшін бірқатар бірінші кезекті шаралар қабылдады. 2007 жылдың күзінен бастап мемлекеттік бюджеттен шамамен 550 млрд. теңге бөлінді.

Меншікті  немесе қарыз қаражатын  үлестік құрылысқа  салған азаматтарды  тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс  салушыларға екінші деңгейдегі банктер  арқылы 184,7 млрд. теңге  бөлінді.

Шағын және орта бизнестің  іскерлік белсенділігін қолдау үшін олардың жобаларын шамамен 155 млрд. теңге сомаға қаржыландыру қамтамасыз етілді.

Агроөнеркәсіптік  кешенді дамытуға және азық-түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз етуге 135 млрд. теңге жіберілді.

Осы шараларға қосымша  өтімділік тапшылығының проблемасы жедел шешілді және ұлттық банк жүйесінің келесі сыртқы қауіптерге дайындығының қажетті деңгейі қамтамасыз етілді.

Бірінші кезекті шаралар  кешенін іске асыруды  ескере отырып, ағымдағы жылдың 9 айы ішінде ЖІӨ-нің өсуі шамамен 4%-ды құрады. Жұмыссыздық деңгейі төмен деңгейде тұр және 7%-дан аспайды. Тұтыну бағаларының өсуін тұрақтандыру мүмкіндігі туды. Ағымдағы жылғы 10 айда инфляция деңгейі 8,8%-ды құрады, бұл жылдық болжамның кемінде 10%-ына сәйкес келеді. Қазақстандық банктер өздерінің ішкі және сыртқы міндеттерін ойдағыдай орындауда. Екінші деңгейлі банктердің экономиканы кредиттеуі өткен жылдың соңындағы деңгейде сақталды. Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде банктердегі депозиттер 21,8%-ға дерлік, оның ішінде, халықтың депозиті 2%-ға ұлғайды.

Ағымдағы  жылдың басынан бастап Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын  реттеу және қадағалау  агенттігі ішкі және сыртқы нарықтағы  экономикалық жағдай мониторингін күшейтті және қосымша бірқатар шараларды қарастырды.

«Қазақстан  Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы әзірленіп, қабылданды, онда қаржы ұйымдарының қасақана төлем қабілетсіздігіне дейін жеткізгені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары қатаңдатылды. Үкімет белгіленген пруденциалдық нормативтерді бұзып отырған қаржы ұйымдарының қызметіне араласуға қажетті нарық құралдарын ала отырып, банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алуға құқық алады. Өз кезегінде, банктерге шығарылған облигацияларды және құрылатын Стресті активтер қорының акцияларын мерзімінен бұрын сатып алу құқығы берілді.

Банктерге деген сенімді  сақтап қалу мақсатында заңда жеке тұлғалардың  салымдары бойынша  кепілді қайтару  сомаларын бұрын  көзделген 700 мың  теңгеден 1 миллионға  дейін, ал 2012 жылға  дейін (3 жыл ішінде) - 5 млн. теңгеге дейін ұлғайту көзделген.

Ағымдағы  жылдың 18 қарашасынан  бастап ішкі міндеттемелер  бойынша ең кіші резервтік  талаптар 5%-дан 2%-ға дейін, ал өзге міндеттемелер  бойынша 7%-дан 3%-ға дейін  төмендетілді. Бұл  банктерге олардың  ресурстық базасын  шамамен 350 млрд. теңге көлемінде ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2009 жылдың 1 қаңтарынан  бастап жаңа Салық  кодексі қолданысқа  енгізілетін болады, оның шеңберінде  салықтық жүктемелерді, ең алдымен, экономиканың  шикізат емес секторы  үшін салықтық  жүктемелерді едәуір  төмендету көзделген.

Корпоративтік табыс салығы кезең-кезеңімен 2009 жылы 30%-дан 20%-ға дейін, 2010 жылы 17,5%-ға дейін  және 2011 жылы 15%-ға дейін  төмендейді.

Қосылған  құн салығының  ставкасы келесі жылдан бастап 13-тен 12%-ға дейін  төмендейді. ҚҚС салынатын айналымның ең аз көлемі 2 есе 38 млн. теңгеге дейін ұлғаяды.

Әлеуметтік  салық ставкаларының  регрессивті шәкілінің  орнына 11% мөлшеріндегі бірыңғай ставка енгізілетін  болады.

Экономиканың  барлық кәсіпорындары  үшін инвестицияларды  жүзеге асыру үшін салық преференциялары көзделген. Атап айтқанда, өндірмейтін секторлар үшін жедел өтеу, мұнай өндірушілер үшін - өтеудің екі есе нормасы көзделген.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындары  үшін корпоративтік  табыс салығы бойынша  аванстық төлемдерді төлеу туралы талап алынып тасталады.

Сонымен қатар, барлық кәсіпорындар үшін залалдар мерзімдерін 3 жылдан 10 жылға дейін  ауыстыру көзделді.

Жалпы, салықтық жүктеменің төмендеуі тек 2009 жылы кәсіпорындарға 500 млрд. теңге босатуына  және оларды экономиканы  дамытуға жұмсауына мүмкіндік береді.

Ағымдағы  жылдың үшінші тоқсанында «Мемлекеттік сатып  алу туралы» Қазақстан  Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң  жедел түрде қабылданды. Ішкі сұранысты ынталандыру  және отандық кәсіпорындарды қолдау үшін мемлекеттік сатып алу тек қазақстандық өнім берушілерге басымды түрде бағытталатын болады. Жедел шешімдер қабылдау, кепілдіктер, ұзақ мерзімді тапсырыстар беру есебінен отандық бизнеске нақты көмек көрсету үшін мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялар мемлекеттік сатып алуды реттейтін заңнамалар әрекетінен шығарылды.

Үкімет  әлемдегі қаржы және шикізат нарықтарындағы жағдайдың нашарлау мүмкіндігіне байланысты 2009 – 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қажеттілікпен  қалыптастырды. Осы  кезеңдегі бюджет кірістері мұнайдың бір баррелі үшін 60 АҚШ долларындағы әлемдік бағасын негізге ала отырып есептелген. Үкімет орта мерзімді кезеңде фискалдық тұрақтылықты қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының параметрлерін түзетті. 2009 жылы бюджет кірістері мұнайдың әлемдік бағасының бір баррелі үшін 40 АҚШ долларына төмендеуін ескере отырып нақтыланды. Басымды емес шығыстар қысқартылды, ал бірқатар бағдарламаларды қаржыландыру кейінгі мерзімге қалдырылатын болады. Бұл ретте әлеуметтік шығыстар қысқартылған жоқ.

2009 – 2010 жылдары республикалық  бюджет тапшылығы  ЖІӨ-ге 3,4-3,5% көлемінде  жоспарланған, ал 2011 жылы ЖІӨ-ге 2,4%-ға  дейін төмендетілетін  болады.

Үш  жылдық республикалық  бюджет ағымдағы жағдайда экономикалық белсенділікті қолдау үшін түйінді құрал болып табылады. Жиынтықты сұраныс пен іскерлік белсенділік бірінші кезекте, басымды инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды қаржыландыруға, отандық кәсіпорындардың өнімдеріне сұранысты және экономикадағы жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ адами капиталды дамытуға бағытталатын бюджет шығыстарының жоғарғы деңгейін сақтау есебінен қамтамасыз етіледі.

Тұтастай  алғанда, 2009 – 2011 жылдары  мемлекеттік бюджеттен шығатын инвестициялар 1,5 трлн. теңгеден аса өседі. 
 
 

Бағдарламаның мақсаты мен бағыты

Шикізат ресурстарына әлемдік  бағаның құлдырауы  әсерінен және капиталдың сыртқы нарығына қол  жеткізудің болмауына  байланысты Қазақстан  экономикасына жаңа әлемдік экономикалық шындықтарға бейімделудің күрделі кезеңін бастан өткізуге тура келеді, бұл экономикада құрылымдық өзгерістердің болуын талап ететіні сөзсіз.

Қазақстан экономикасының ғаламдық құлдырау кезеңіне Қазақстан  алтын-валюта резервтерінің  және Ұлттық қордың берік қорымен кіруде. Олардың жалпы көлемі 2008 жылғы 1 қарашада 47 млрд. АҚШ долларынан астамды құрады. Мемлекеттік борыштың мөлшері ЖІӨ-нің 1,5%-ынан аспайды, бюджет тапшылығы төмен деңгейде тұр және ЖІӨ-нің 2%-ынан аспайды.

Үкімет  қалыптасқан жағдайды экономиканы сауықтыруға және оның болашақта тиімді жұмыс істеуі үшін негіз қалауға пайдалануда. Жинақталған резервтер Қазақстан экономикасын түзеу процесін жақсартуға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның мақсаты Қазақстандағы  әлеуметтік-экономикалық жағдайға ғаламдық дағдарыстың теріс салдарын жұмсарту және болашақта сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негіздерді қамтамасыз ету болып табылады.

Мақсатқа  жету үшін Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі  мынадай бес бағытта  шоғырланатын болады.

1. Қаржы секторын  тұрақтандыру

2. Жылжымайтын мүлік  нарығындағы проблемаларды  шешу.

3. Шағын және орта  бизнесті қолдау.

4. Агроөнеркәсіптік  кешенді дамыту.

5. Инновациялық, индустриялық  және инфрақұрылымдық  жобаларды іске  асыру.

Информация о работе Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі