Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2011 в 19:13, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты – қаржы жүйесінің мәні мен маңызын ашу, Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің негізгі буындарымен таныстыру, сонымен қатар шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрылымын еліміздің қаржы жүйесімен салыстыра отырып, оның негізгі мәселелері мен осы мәселелердің шешу жолымен таныстыру.
Курстық жұмыстың мақсатына сәйкес, осы жұмысты жазуда келесідей міндеттер қойылады:
Қаржы жүйесінің ұғымын ашу және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрылымымен таныстыру;
Қаржылардың атқаратын қызметтерін және басқа экономикалық категориялармен байланысын ашу;
Дамыған шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрамы мен құрылымымен таныстыру;
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің негізгі элементтерінің маңызын ашу;
2004-2006 жылдардағы қаржы жүйесінің даму тенденциясын талдау;
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің дамыту мәселелерімен таныстыру;
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғы шарттарының маңызын ашу.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ (тема)
1.1 Қаржы жүйесінің ұғымы және Қазақстан Республикасының қаржы
жүйесінің құрылымы 5
1.2 Қаржылардың атқаратын қызметтері және басқа экономикалық
категориялармен өзара байланысы 7
1.3 Шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрамы мен құрылымы 10
2 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ НЕМЕСЕ 2004 - 2006
ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 Жалпы мемлекеттік қаржылар – қаржы жүйесінің негізгі буыны ретінде 14
2.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы 18
2.3 2004-2006 жылдардағы қаржы жүйесінің даму тенденциясын талдау 21
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру мәселелері 23
3.2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғышарттары 24
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29
ҚОСЫМШАЛАР

Работа состоит из  1 файл

курсовой каржы жуйес1.doc

— 244.50 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ                                                                                                       3 

1 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ (тема)                                    

1.1 Қаржы  жүйесінің ұғымы  және  Қазақстан Республикасының  қаржы

      жүйесінің құрылымы                                                                                             5

1.2 Қаржылардың   атқаратын  қызметтері  және  басқа  экономикалық 

      категориялармен  өзара  байланысы                                                                    7

1.3 Шет  мемлекеттердің қаржы жүйесінің  құрамы мен құрылымы                     10                              

2 ҚАРЖЫ  ЖҮЙЕСІНІҢ   ҚҰРЫЛЫМЫ  НЕМЕСЕ  2004 - 2006

    ЖЫЛДАРДАҒЫ  ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ 

2.1 Жалпы мемлекеттік қаржылар – қаржы жүйесінің негізгі буыны ретінде    14                                                                    

2.2 Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржысы                                         18

2.3 2004-2006 жылдардағы қаржы жүйесінің даму тенденциясын талдау          21 

3 ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН  ДАМЫТУ 

   МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ 

3.1 Қазақстан  Республикасының қаржы жүйесін  жетілдіру мәселелері              23

3.2 Қазақстан  Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғышарттары    24 

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                                           27 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР                                                                      29 

ҚОСЫМШАЛАР                                                                                                       31 
 
 
 

 

                                                 КІРІСПЕ 

    Мемлекет  экономикасында қаржы жүйесінің  атқаратын қызметтері өте маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру,  пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.

    Президенттің  Қазақстан халқына жолдауында қойған біздің мемлекеттің кең ауқымды  мақсаты – тәуелсіз гүлденген  және саяси тұрақты Қазақстанды  орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдылықтарды  жүзеге асыру керек: ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның үйлесімі, шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу, республика азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқаты, инфрақұрылымы, әсіресе көлік пен байланыс, кәсіби мемлекет. Осы басымдылықтарды іске асыру мемлекеттен орасан зор қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен тиімді қолдануды талап етеді. Яғни қаржы экономиканың даму процесін қамтамасыз етуге бағытталады.

      Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; табысты бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкі шаруашылық арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражаттар төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.

      Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыруда, өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қаржылар әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.

      Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржысы материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес бұл қаржылар ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады.  Ал халықтың қаржысы шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, банк салымының проценті және тағы басқалар) негізінде, коммерциялық және халықтық банктегі сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қорды мемлекеттің іске қосуының нәтижесінде ақшалай қаражатты құрайды. Бұл құрылымдардың қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, бөлу, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.

    Менің курстық жұмысымның тақырыбы: «Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің дамуы мен қалыптасуы». Сондықтан бұл курстық жұмыста қаржы жүйесінің мәні, оның құрылымы, қаржылардың атқаратын қызметтері, дамуы мен қалыптасуы және тағы бірнеше мәселелерді қарастырамын.

    Курстық жұмыстың мақсаты – қаржы жүйесінің  мәні мен маңызын ашу, Қазақстан  Республикасының қаржы жүйесінің  негізгі буындарымен таныстыру, сонымен қатар шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрылымын еліміздің қаржы жүйесімен салыстыра отырып, оның негізгі мәселелері мен осы мәселелердің шешу жолымен таныстыру.

    Курстық жұмыстың мақсатына сәйкес, осы жұмысты  жазуда келесідей міндеттер қойылады:

    • Қаржы жүйесінің ұғымын ашу және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрылымымен таныстыру;
    • Қаржылардың атқаратын қызметтерін және басқа экономикалық категориялармен байланысын ашу;
    • Дамыған шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрамы мен құрылымымен таныстыру;
    • Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің негізгі элементтерінің маңызын ашу;
    • 2004-2006 жылдардағы қаржы жүйесінің даму тенденциясын талдау;
    • Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің дамыту мәселелерімен таныстыру;
    • Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғы шарттарының маңызын ашу.

    Қалыпты әлеуметтік-экономикалық дамудағы қаржылардың  маңыздылығы  ерекше. Сондықтан бірінші  бөлімде мен қаржының мән-мағынасын, экономикалық мазмұнын, оның атқаратын  қызметтері жайындағы мәселелерді және шет мемлекеттің қаржы жүйесін, дәлірек айтсақ, АҚШ мемлекетінің қаржы жүйесін қарастырамын. Екінші бөлімде қаржы жүйесінің құрылымын қарастырамын, 2004-2006 жылдардағы қызметіне талдау жасалады және соңғы үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің даму мәселелерін және жетілдірудің бағыттарын қарастырамын.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ  ҚАЖЕТТІЛІГІ  

        1.1 Қаржы   жүйесінің  ұғымы  немесе  Қазақстан  Республикасының   

             қаржы жүйесінің құрылымы        

     

    Қаржы (орта ғасырдағы латын тілінің «financia» сөзінен пайда болған «қолма қол ақша», «табыс» деген ұғымды білдіреді) қоғамда өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Қаржы әрқашанда мемлекеттің өсіп дамуымен тығыз байланысты және мемлекеттермен бір уақытта пайда болған. Қаржылар мемлекеттің атрибуты болып табылады және мемлекеттің материалдық тірегі ретінде көрініс табады. Негізінде қаржылар ақша түріндегі қоғамдық өнімді бөлуге байланысты экономикалық (ақшалай) қатынастардың айтарлықтай аумағын қамтиды және ақшалай сипатта болады. Қаржылар өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде әрқашанда мемлекет меншігінде болады және жалпы мемлекеттік мұқтаждықтардан қанағаттандыру процесінде басты рөл атқарады. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның өзіне тән міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Бұл терминнің авторын 1577 жылы «Республика туралы алты кітап» деген еңбегін жазған француз ғалымы Ж.Боден деп есептеуге болады . [8. 6-б]

    Қаржының  мәні оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің функцияларымен айқындалады. Қаржының пайда болуынын бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі. Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. «Қаржы» термині екі мағынадан тұрады: материалдық мағынада және экономикалық категория ретінде.

      Материалдық (ақшалай) мағынада қаржы деп мемлекеттің өз қармағындағы, меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығын айтады. Бұл жерде айта кететін бір жәйт, азаматтар көбінесе қаржыны ақша деп түсінеді. Қаржы  өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде тек мемлекет қолында болады және ешқандай айырбас процесіне араласпайды. Ал азаматтардың қолында күнделікті өмірде жұмсалатын жалпыға бірдей құндылық баламасы – ақшалар болып табылады. Ал экономикалық категория ретінде қаржы деп мемлекеттің ақшалай ресурстарын жоспарлы түрде қалыптастыратын және бөлетін, сондай-ақ олардың пайдалануын ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесін айтады. Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша – бұл ең алдымен өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы – жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады. Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты тауар ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдардың іс-әрекеті болып табылады. Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды .

    «Қаржы  жүйесі» ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана  түсуі болып табылады. «Қаржы жүйесі»  ақша қаражаттарының қорларын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың  жиынтығын және де осы қатынастарды үйымдыстыратын органдарды қамтиды. Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі тек бір ғана буынмен мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын – мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды. Қаржының мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық процестегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынандай үш бөлікті қамтиды: қаржы қатынастарының жиынтығы, ақша қорларының жиынтығы және  басқарудың қаржы аппараты.  [7. 52-б]

    Ақша  қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды. Қаржы қатынастары негізінен екі сфераны қамтиды: мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары және кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының толық айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.

    Қаржы жүйесі оған кіретін элементтердің  тығыз байланысымен және оның қосалқы  жүйелерінің бірде-бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатталады: қаржы бір жағынан өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, екінші жағынан өзінің функциялық өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады. Функциялық сыныптауға сәйкес қаржыларды функциялық қосалқы жүйелер ретінде мыналарды жатқызады: салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржылық жоспарлаудың, қаржылық бақылаудың және басқа қосалқы жүйелер. Сонымен қаржылар ақшалай құралдар қорының қалыптасу, бөлу және пайдаланумен байланысты қатынастарды көрсетеді. 
 
 
 

    1.2 Қаржылардың  атқаратын  қызметтері  және  басқа  экономикалық

               категориялармен  өзара  байланысы  

    Қаржының  мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның қызметтерін анықтауды да талап етеді. Қаржылардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі рөлдері мен маңызы олардың мына функциялары арқылы көрініс табады: бөлу, реттеу, ынталандыру және бақылау функциялары. Осы аталған функциялар тек мемлекеттік уәкілетті органдардың қаржылық қызметтерінің барысында жүзеге асырылады.

    Қаржының  бөлу функциясы арқылы қаржының қоғамдық мақсаты жүзеге асады. Бұл функцияның көмегімен өндіріс аясында жасалған экономикалық өнімнің құны мен ұлттық табыстың бір бөлігі мемлекеттің қарамағына жіберіледі. Осы ақша қаражаттары мемлекеттің қаржысына айналғаннан кейін еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси құрылыстарының басым бағыттары бойынша қайтадан бөлінеді. Қаржының бөлу функциясының қызмет ету объектісі болып жалпы қоғамдық өнім құны, сонымен қатар ақшалай нысанда сипатталатын ұлттық байлықтың бөлігі болып табылады. Қаржылық бөлудің субъектілері болып ұдайы өндіріс үдерісінің қатысушылары және иелігінде нысаналы мақсаттағы қорлары бар заңды және жеке тұлғалар (мемлекет, кәсіпорын, бірлестік, ұйым, мекеме, азаматтар) табылады. Қаржы арқылы бөлу үдерісі материалдық өндіріс, айналыс және тұтыну салалары тәрізді қоғам өмірінің барлық саласында жүреді. Қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекеті жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты бөлумен  байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден, табыстар мен қорланымдарды қалыптастырудан, ақша қорларын жасаудан туындайды. [5.339-б]

Информация о работе Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі