Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 19:15, курсовая работа

Описание

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің дамуы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Шағын және орта бизнес Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Себебі тәуелсіздігіне 20 жыл толған еліміздің дамуына шағын және орта бизнесті дамыту өте қолайлы. Сондықтан, мен осы тақырыпты, атап айтсам: «Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің дамуы» тақырыбын таңдадым.
Шағын және орта кәсіпкер

Содержание

КІРІСПЕ------------------------------------------------------------------------------3
І. БИЗНЕС ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК
1.1. Кәсіпкерліктің қалыптасуы---------------------------------------------------------5
1.2 Шағын бизнесті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының
экономикалық саясаты.--------------------------------------------------------------------7
ІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ
2.1. Шағын бизнестің дамуы------------------------------------------------------------10
2.2. Қазақстандағы бәсекелік ортаны қалыптастырудағы шағын және
орта бизнестің рөлі----------------------------------------------------------------12
2.3. Шағын және орта бизнесті қаржыландыру----------------------------------16
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШАҒЫН БИЗНЕСТІН ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Қазақстандағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдауды жетілдіру-----19
3.2. Қазақстан Республикасында шағын бизнесті несиелеу.---------------------31
ҚОРЫТЫНДЫ -------------------------------------

Работа состоит из  1 файл

шагын бизнес курсовой.doc

— 494.50 Кб (Скачать документ)

Серіктестік  қызметінде  қаржылық  экономикалық  ахуал  жылдан – жылға  жақсаруда. Бұл  жыл  аяғындағы  2495,0 мың теңге  табыспен аяқтағанын  себебі  ретінде  көрініс  табады. Егін  шаруашылығы  өнімдері  сапалы  әрі  қуаттылығы  жоғары  бидай алуға  мүмкіндік  туғызады.

Серіктестіктің  экономикалық  шаруашылығы  қызметін  келесі  диаграммадан  көре  аламыз.(%  шамасымен)

 

 

 

Серіктестіктің   экономикалық  шаруашылық  қызметінің  бағыттары.

Осы  диаграммадан  көріп  отырғанымыздай   серіктестіктің  негізгі  қызметін  егін  шаруашылығы  құрайды.  Бұл  серіктестіктің  табысының  56% - ын  құрап  өзге  қызметтерді  жүргізуге  себепші  саналады.көре  аламыз.

 

                                   І – залал                     ІІ – пайда

Пайда  мен  залал  динамикасы (млн тг)

Серіктестік  қазіргі  күнде  табысты  жұмыс  істеп, өндірілен өнімді  тиімді  бағамен  өткізуге   аса  зор  мән  беруде. Бұл  2003 жыл  серіктестіктің  өмір  сүру  уақыттағы  табысты  жыл  болды  десе де  болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Республикалық мақсатты кешенді шағын бизнесті қолдау бағдарламасының құрылымы

 

Қазақстан Республикасындағы мақсатты кешенді шағын бизнесті қолдау бағдарламасы

 

 

Шағын және орта бизнесті дамытудың аймақтық қосалқы бағдарламасы

 

Қамтамасыз етуші қосалқы бағдарламалар

 

Шағын және орта бизнесті дамытудың Солтүстік Қазақстандық бағдарламасы

 

Нормативті құқықты қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламалары

 

Шағын және орта бизнесті дамытудың Батыс Қазақстандық қосалқы бағдарламасы

 

Қаржымен қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламасы

    

Шағын және орта бизнесті дамытудың Шығыс Қазақстандық қосалқы бағдарламалары

 

Материялдық –техникалық қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламалары

 

Шағын және орта бизнесті дамытудың Оңтүстік Қазақстандық қосалқы бағдарламалары

 

Кадрмен қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламалары

 

Ақпаратпен қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламалары

 

 

 

 

Шағын және орта бизнесті басқару үшін бағдарлама жұмыстарын үйлестіретін белгілі бір өкілеттерге ие, арнайы басқару органын құру қажет. Республикалық деңгейде ондай органға Қазақстан Республикасының шағын бизнесті қолдау және табиғи монополияларды реттеу агенттігі, аймақтық деңгейде - шағын кәсіпкерлікті қолдау комитеттері және жергілікті деңгейде  шағын кәсіпкерлікті қолдау бөлімдері жатады.

Мақсатты кешенді шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын дайындау, кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:

1.Бағдарламаның концепциясын қалыптастыру және проблеманы бағдарлама бойынша шешуге негіздеу.

2.Бағдарламаның варианттарын жете зерттеу, оларды бағалау және қолайлы вариантты таңдау.

              3. Бағдарламаның жобасын жете зерттеу.

Бағдарламаны қалыптастырудың барлық кезеңдерінде келесі жұмыстарды жүргізу қажет: шағын бизнес жағдайын талдау, шағын кәсіпкерлікті одан ары дамыту қарқыны мен шағын бизнесті қолдаудың жаңа түрлерін пайдалану мүмкіндігін анықтау және шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша келешекке болжам жасау. [10]

Концепцияны дайындау кезеңінде Республика үшін тұтас және аймақтар үшін жеке-жеке, шағын бизнесті дамытудың келешегі зор бағыттарын, сонан соң бағдарлама көрсеткіштерінің құрамын анықтау өте маңызды болып табылады. Осы кезеңде бағдарламаны дайындаудың негізгі тапсырмалары қалыптасады, оған проблеманың қалыптасуы, ресурстардың бағдарланған шығындары, бағдарламаны дайындаушылардың құрамы, дайындау кезеңдерінің тізімі (мерзімі көрсетіледі), соңғы құжаттама нысандарына деген талаптар кіреді.

Жалпылама түрде, мемлекеттік шағын бизнесті дамыту бағдарламасының мынадай мақсатын қалыптастыруға болады: қоғамның экономикалық дамуының маңызды факторы, жаңа жұмыс орындарын кұру құралы, ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу, бәсекелестік ортаны қалыптастыру және кәсіпкерлер класын құру жолымен шағын кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Қойылған мақсатқа сәйкес шағын кәсіпкерлікті дамыту,  елді экономикалық   дағдарыстан   шығаратын   маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Мақсатты кешенді бағдарламаларын құру принципі — мемлекеттік шағын бизнесті қолдау бағдарламасы аймақтық шағын бизнесті қолдау бағдарламасының іске асуы арқылы нақтылайтындай болып ұсынылуы керек. Аймақтық шағын бизнесті дамыту бағдарламасының мақсаты - аймақта шағын бизнесті дамытуға қолайлы ортаны қалыптастыру және өндірістік базаны дамытудын орнына, нарықты тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулерге толтыру;  аймақта жаңа жұмыс орындарын ашу; жергілікті табиғи ресурстарын тиімді пайдалану және аймақта әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсарту болып табылады.

Тереңірек негіздеу үшін тек ресурстарға деген қажеттілікті ғана емес, сондай-ақ шараларды іске асыру мерзімдеріне, ресурстармен қамтамасыз ету көздеріне қажеттіліктерді белгілеу шарт. Мақсатты кешенді шағын бизнесті қолдау бағдарламасын қаржыландырудың негізгі көздеріне бюджеттік  қаражаттардың 60% жатады, бюджеттік емес каражаттар 15% құрайды және басқалары 25%. Бүгінгі күнде республикалық және жергілікті бюджеттердің., шағын бизнеске тікелей қаржылай қолдау көрсету мүмкіндіктерінің жоқ болуына байланысты, алдыңғы орынға шағын кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа нысаны болып табылатын, екінші деңгейдегі банктер несиесі шығады. Бұдан келіп, кепіл қоры түрінде кепілдеме беру сияқты нысандар туады, ал осы жерде кепіл қоры ретінде жергілікті басқару органдарының коммуналдық меншіктері қолданылады. [11]

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың қазақстандық модельінің ерекшелігі келесілер болып табылады:

1.Кәсіпкерлердің әртүрлі мақсаттарын және мотивацияларын, шарттарын ескере отырып шағын және орта кәсіпкерлікті сегменттеу арқылы мемлекеттік қолдаудың деңгейін бөлу, ол үшін алдымен кәсіпорындарды микро, шағын және орта топтарға заңды түрде бөліп алу.

2. Өндірістің жеке кәсіпкерлікке диверсификациялануына және оның мәртебесінің заңды  тұлғаға өтуіне байланысты және еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты тікелей және жанамалай шараларды жүйелері құрылатын болады.

3.Шағын және орта кәсіпкерлікті шаруашылық-кооперациялық жүйеден жоғарғы психологиялық деңгейдегі ірі кәсіпкерліктің лидерлігіне өткізу мақсатында копоративтік басқару қағидаларын тәжірибеде қолдануды кеңейту болып табылады.

4.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік саясаты экономиканың әртүрлі салаларында  кәсіпкерліктің  даму  болашағын   анықтай   отырып  кәсіпкерлердің әр түрлі топтары үшін қолдаудың жеке шараларын жүзеге асыруға бағытталынады. Ол үшін алдымен шағын және орта кәсіпкерліктердің өндірістік және инновациялық іс-әрекеттеріне негізгі көңіл бөлінеді.

5.Шағын және орта кәсіпкерліктің қабылдаған шешімдеріне байланысты барлық орталық және жергілікті атқарушы органдардың ұсынуға міндетті болжамдарында экономикалық реттеудің әрекет етеші механизімі өзгертілетін болады. Салалық, аймақтық және халықаралық саясаттарды жүзеге асыру үшін барлық мемлекеттік органдардың негізгі шарты шағын және орта кәсіпкерліктің нақты қажеттілігін ескеру болып табылады.

6.Экономикалық реттеу аясындағы мемлекеттің шешім қабылдау процессіне кәсіпкерлер және олардың қоғамдық ұйымдарында бірігіп шешім қабылдайтын болады. Ол үшін алдымен Қазақстан Республикасының Президентінің және  шағын  және орта бизнестің  Комиссиясының, Қазақстан Республикасының өкіметінің алдында кәсіпкерлер Одағының рөлін күшейтуіміз қажет. Әр бір мемлекеттік органдарда кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарымен байланыстырылған Эксперттік одақтар құрылуы қажет.

Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлікке өзінің өнімділігін жасауға және жетілдіруге мүмкіншілігін кеңейтетін құқықтық және экономикалық климат құрылатын болады, ал ұзақ мерзімдік болашақта шағын кәсіпкерлік еліміздің ЖІӨ үлесін дамыған елдердің деңгейіне дейін жеткізуді қамтиды. [12]

Қазақстан Республикасының 20-бабында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңірлік бағдарламаларын қарастырсақ:

1.Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңірлік бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады және ол шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін білдіреді.

2.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік  салалық (секторальдық) және өңірлік басқарламалары өндірісті бәсекеге қабілетті өніммен қамтамасыз ету, сондай-ақ инновациялық білім беру қызметі қаржылық және құқықтық консалтинг саласындағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық, оқу-әдістемелік көмек көрсету үшін әзірленеді.

3.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді және олар республиканың барлық аумағында мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.

4.Қазақстан Республикасының Үкіметі шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік және салалық (секторальдық) бағдарламаларын іске асыру барысында алынған нәтижелер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің алдында жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есеп береді.

5.Мемлекет экономикасын дамытудың басым бағыттарына және өңірдің экономикасын дамытудың ерекшелігіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар өңірдің экономикалық даму бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылатын шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлейді.

6.Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңірлік бағдарламаларына:

нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар,

шағын кәсіпкерлік қызметінің басым түрлері;

шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыру жаніндегі шаралар;

шағын және орта кәсіпкерлікті кредиттік-қаржылық және мүліктік қолдау жөніндегі шаралар;

жеке кәсіпкерлікке халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктерін тартуға бағытталған шаралар;

ірі өнеркәсіп ұйымдарының бизнестің бір бөлігін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне беруін ыңталандыруға, сондай-ақ олардан салалық емес жанама қызметтер түрлерін сатып алуға бағытталған шаралар кіреді.[12]

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес