Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қаржы жүйесінің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2012 в 15:02, курсовая работа

Описание

Өзінің әлеуметтік–экономикалық қызметтерін атқару үшін мемлекет қажетті көлемде ақша қорларын жасап, оларды мақсатты бағыттарға пайдаланады. Осыған байланысты қаржы қатынастары және оларды қалыптастыратын институттар қаржы жүйесіне жатады. Қаржы жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Ол елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін және мемлекеттің құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Бюджеттің құрылымы елдің мемлекеттік құрылысына байланысты. Қазақстан Республикасы сияқты унитарлық құрылысты елдерде бюджет қос деңгейлі болады, ол жалпы мемлекеттік және жергілікті бюджеттен тұрады.

Работа состоит из  1 файл

курсовойкаржы.doc

— 180.50 Кб (Скачать документ)

Бүгін де Қазақстанның қаржы  жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:

мемлекеттің бюджет жүйесі;

арнаулы бюджеттен тыс  қорлар;

мемлекеттік несие;

жергілікті қаржы;

шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қаржысы;

халықтың қаржысы.

Қаржы қатынастарының алғашқы  үш бөлігі жапымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.

Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік ролі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүтелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.

Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке біріктіріледі:

мемлекеттік және муниципалдық қаржы;

шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.

Мемлекеттің қаржысы қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекекттің негізгі қаржы жоспары ретінде мемлекеттік бюджетте, қоғамдық құжаттарды мақсатты қаржыландырудың қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік несиеде көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды.

Несие қатынастарының қаржы қатынастарынан айырмашылығы болғанымен мемлекеттік  несие қаржы жүйесіне қамтылады. Бірақ несиенің бұл түрі мемлекеттің бюджеттің тапшылығын жабу мақсатына бағытталғандықтан, мемлекет қаржысының тұрақтылылығын қамтамасыз ететіндіктен, ол бойынша есеп айырысу бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан –  бұл буын қаржы жүйесіне де, сондай-ақ несие жүйесіне де жатады деп есептеуге болады.

Қаржы қатынастары сфераларының әрқайсысының ішінде буындар бөлінеді, оның үстіне қаржы қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша қорларының құрамы мен арналымына белгілі бір әсер ететін субъектк қызметінің сипатына қарай жүргізіледі. Бұл белгі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы сферасында мынадай буындары бөлуге мүмкіндік береді: коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы.

Қаржы жүйесінің әр буыны өз кезегінде буыншаларға(ондағы қаржының өзара байланысының ішкі құрылымына сәйкес) бөлінеді. Мәселен,  салалық бғыныштылығына қарай коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар (ұйымдар) қаржысының құармына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік, құрылыс және т.б. кәсіпорындарының қаржылары болып мүшеленеді. Мемлекет қаржысының құрамында буындар ішіндегі қаржы қатынастарын топтастыру, мемлекеттік басқарудың деңгейіне (республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге асырылады. Сақтық қатынастары сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың түрлеріне (жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру) бөлінеді.

Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы  жүйесін құрудың қағидаты – фискалдық (қазыналық) федерализм қағидаты.

Қаржы жүйесінің функциялық құрылысы мынадай негізгі қағидаттарды қанағаттандыруды тиіс:

  біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша қатынастарының аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын «қаржыға» ғана тән қасиет;

екіншіден, тұтастай алынған қаржы  жүйесі әрбір нақты сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.

Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:

Қаржы жүйесін ұйымдастыруға централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілергі кең құқық пен дербестік берілген.

Бұл қағидат жергілікті қаржы ограндарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы  органдарына екі жақты бағынышты  жүйесін алдын ала айқындайды.

Салалық қаржыларды басқарудағы  дамократиялық негіз шаруашылық жүргізуші органдарға капипалды (негізгі және айналым капиталдарын) бекітіп беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақша қорларын жасауға және оларды пайдалануға құқық беріде көрінеді. Жоғары тұрған органдар өзінің құзыры шегінде салалық қорлар мен резервтерге орналастырылатын қаражаттардың бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды, оларды мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды.

Кәсіпкерлік секторда қаржы  дербестігі неғұрлым толық көрінеді: оның қатысушылары мемлекеттің қаржы  жүйесі алдындағы міндеттемелерді  орындағаннан кейін қаржы ресурстарын еркін иемденеді.

Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сиялқы бұл қағидаттың талаптары қаржы қатынастарында ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесін құрыдағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымының ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аймақтық құрылымына сай келуі. Әрбір облыста, ауданда және қалада қыржы органдардың тиісті аппараты бар. Төменгі құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы мүмкін, онда олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады. Федеративтік құрылысы бар көпұлтты мемлекеттерде бұл қағидаттың маңызы аса артып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің ерекшеліктері

 

 

Қазақстан Республикасының  қаржы жүйесінің модельдерін  оқыту ұстамдық ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл:

    • Күрделі жүйелі дағдарыс жағдайында дербестікті иелену. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің қазіргі моделі Кеңес одағы құлдырағаннан бастап құрыла бастады. Бұрынғы жүйе өзінің тапсырмаларын орындамай қалды, ал жаңасы өзінің мақсаттары мен қызметтерін анықтаған жоқ. Бұл инвестициялық қызметтің құлдырауына ерекше әсерін тигізді. Алтын валюталық резервтер қатысқан жоқ, бұл кездегі жүйенің бақылау функциясы нақты болмады.
    • Ақша қаржы жүйесінің қалыптасу процесінің аяқталмауы, тәуелсіздіктің он жылы ішінде оның негізгі жүйелері, құрылымдық элементтері құрылды. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі әзірге толыққанды және нақты қалыптасқан болып есептеледі. Сондықтан оны аяқталмаған жүйе ретінде қарау дұрыс болады.
    • Қабылданған ақша – қаржы жүйесінің моделінің ашықтылығы. Ол қазіргі әлемдік тенденцияларға, қаржы – экономикалық қатынасының жобаландыру шартында, заңды сәйкес келуі қажет. Сонымен қатар бұл ашық модель елдің Ұлттық мүдделеріне жауап береді. Бұл шарттар әлі құрылған жоқ, нәтижесінде ақша айналысындағы наркодолларлық айналыстың өсуі, көлеңкелі бизнестің қаржыландыру каналдарының жабылмауы, ұлттық экономика жүйесіне зиянын тигізеді.
    • Жалпы меншік құрылымындағы коорпоративтік инвесторларды иелену. Халықтың менталитетіне және әлеуметтік – экономикалық ерекшеліктеріне сай елдегі инвестициялаудағы корпоративтік модель қалыптасты. Тұрғындардың нарықтық ой пікірлері толық дамымаған, бағалы қағаздарды инвестициялаудағы білімі қалыптаспаған, ақша құралдарын банкке салу тенденцияларын иеленген. Бұл процесс нәтижесінде жоғарғы инфляция кезеңінде комерциялық банктердің дамуы, қаржылық делдалдар арасында банктік жүйе монополиясы құрылды. Оның үлесі барлық активтердің 78% - де беріледі.
    • Тұрғындардың нақты сектордан қаржылық сектордың бөлінуі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Ресейдің қаржы жүйесі

2.1 Ресейдің  қаржы жүйесі және оның буындары

 

Қаржы жүйесі – бұл  мемлекет пен кәсіпорынның орталықтандырылған  және орталықтандырылмаған ақша қорларын құру және пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының оқшауланған, бірақ өзара байланысқан әртүрлі салалары мен буындарының, сондай – ақ оларды ұйымдастыратын қаржы органдарының жиынтығы.

Ресей Федерациясының қаржы жүйесі қаржы қатынастарының біршама дербес мына салдарынан тұрады:

- мемлекеттік бюджет;

- сақтандыру қорлары;

- қор нарығы;

- мемлекеттік несие;

- шаруашылық жүргізушілердің  субъектілерінің қаржылары;

- бюджеттен тыс қорлар.

Жоғарыда келтірілген қаржы қатынастарын екі жүйеге бөледі. Шаруашылық жүргізу субъектілердің қаржылары орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономикамен әлеуметтік қатынастарды реттеу мен көтермелеу үшін пайдаланылады, ал жалпы мемлекетке орталықтандырылған қаржылар жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады.

Қаржы жүйесін буындарға  бөлу себебі: әр буынның міндетіне  байланысты  және де орталықтандырылған және де орталықтандырылмаған ақша қорын  қалыптастырумен байланысты. Жалпы мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорларының ресурсы ұлттық пайданы бөлу және қайта бөлу арқылы құрылады.

Экономикалық - әлеуметтік дамудағы мемлекеттің маңызды рөлі, оның қол астындағы мөлшерлі көлемдегі  қаржылық ресурстардың орталықтандыруына әкеледі. Бюджеттік және бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етеді.

Ақша қорларының басқа  да формаларын пайдалану қаржы жүйесінің  несиелік және сақтандыру салалары арқылы жүзеге асырылады.

Орталықтандырылмаған ақша қорлары кәсіпорынның өздерінің жинақтарынан және ақша пайдасынан құралады.

Жалпы мемлекеттік қаржылар халық шаруашылығының дамуын қамтамасыз ету, қаржы ресурстарын эканомика  салаларымен елдің аймақтарында қайта бөлуде маңызды рөл атқарады. Жалпы мемлекеттік қаржылар кәсіпорынның қаржыларымен тығыз байланысты.

Бір жағынан, бюджет пайдасының басты көзі ұлттық пайда болса, екінші жағынан, өндірісті көтермелеу үшін кәсіпорынның өзінің қаржыларымен ғана емес, жалпы мемлекеттік ақша қорларын банк несиелерін тарту арқылы дамытады. Кәсіпорынның өзінің жарғылық қоры жетіспеген жағдайда акционер негізінде басқа фирманың қаражаттарын тарту арқылы дамытуға болады.

Қаржы жүйесі арқылы орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша, жинақ  қорларына мемлекеттік несиенің, салықтарының, мемлекеттік бюджеттің шығындары арқылы ықпалын тигізеді.

Мемлекеттік бюджет –  қаржы жүйесінің басты саласы. Ол мемлекеттің де басты саласы. Ол мемлекеттің басты кірістері  мен шығыстарын біріктіреді.

Бюджеттен тыс қорлар – федеративтік және жергілікті үкіметтің қаржылары.

1995 жылы жалпы бюджеттен  тыс қорлардың пайдасы 90,5 трлн,немесе  мемлекеттік бюджеттің 63% құрады.

Қоғамның сан алуан  қажеттерін үздіксіз қанағаттандырып  отыру мақсатында мемлекет өзінің шығындарын жабуға шаруашылық құрылымдар мен халықтың қаражаттарын тартуы мүмкін.Оны алудың басты әдісі мемлекеттік несие болып табылады, ол жалпы мемлекеттік қаржылардың басты буындарының бірі. Жеке және заңды тұлға, кәсіпорындар мен ұйымдар несиегерлер болып келеді. Қаржы нарығында облигация және де т.б. құнды қағаздарды сату арқылы қосымша қаржы ресурстарын тарта алады. Мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы болады.

Ресей Федерациясының ішкі қарызы ұзақ мерзімді міндеттемені білдіреді. Яғни, Ресей Федерациясынан алынған  несие, мемлекеттік қарыз ұзақ мерзімді міндеттеме болып табылады.

 

 

 

 

 

 

1 – сызба. Ресей  Федерациясының қаржы жүйесі.

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Ресейдің  негізгі әлеуметтік – экономикалық  көрсеткіштері

 

Ресей Федерациясының соңғы  жылдарда макроэкономикалық көрсеткіштеріне қысқаша шолу жасайтын болсақ, нақты 2002 жылғы қаржылық көрсеткіштері төмендегідей болады:

Халық саны – 145,2 млн адам

Жұмыссыздар саны – 6153 мың  адам

Халықтың ақшалай табыстары (орташа жан басына шаққанда бір  айға) – 3949,8 рубль.

Халықтың ақшалай шығындары (орташа жан басына шаққанда бір  айға) 38,805 рубль.

Экономика саласында  еңбекпен қамтылғандардың жылдық орташа саны – 65359 мың адам.

Жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) - 10863,4 млрд рубль

Жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда – 75497,0 рубль

Өнекәсіптік өнім көлемі – 6867,9 млрд рубль

Негізгі капиталға күрделі  салымдар – 175807 млн рубль

Бюджет табыстары – 3519,2 млрд рубль 

Бюджет шығындары – 3422,3 млрд рубль

Экспорт – 106154,3 млн доллар

Импорт – 461530 млн доллар

Ал, күрделі салымдар мәселесі бойынша Ресей бірнеше ірі дамыған мемлекеттермен тығыз байланысты.Төмендегі кестедегі көрсеткіштер арқылы 2001 – 2002 жылдар аралығындағы Ресейге салынған күрделі салымдар мен инвестор мемлекеттері көрсетілген.

 

 

 

 

2004

2005

АҚШ – ң млн долл.

%

 АҚШ – ң млн  долл.

%

Барлық күрделі салымдар

14258

100

19780

100

Германия

1237

8,7

4001

20,2

Кипр

2331

16,3

2327

11,8

Ұлыбритания

1553

10,9

2271

11,5

Швейцария

1341

9,4

1349

6,8

Франция

1201

8,4

1184

6,0

Нидерланды

1249

8,8

1168

5,9

АҚШ

1604

11,2

1133

5,7

Жапония

408

2,9

441

2,2

Австрия

423

3,0

376

1,9

Швеция

72

0,5

139

0,7

Басқа да елдер

2839

19,9

5391

27,3

Информация о работе Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қаржы жүйесінің ерекшеліктері