Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қаржы жүйесінің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2012 в 15:02, курсовая работа

Описание

Өзінің әлеуметтік–экономикалық қызметтерін атқару үшін мемлекет қажетті көлемде ақша қорларын жасап, оларды мақсатты бағыттарға пайдаланады. Осыған байланысты қаржы қатынастары және оларды қалыптастыратын институттар қаржы жүйесіне жатады. Қаржы жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Ол елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін және мемлекеттің құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Бюджеттің құрылымы елдің мемлекеттік құрылысына байланысты. Қазақстан Республикасы сияқты унитарлық құрылысты елдерде бюджет қос деңгейлі болады, ол жалпы мемлекеттік және жергілікті бюджеттен тұрады.