Ақша жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 16:07, курсовая работа

Описание

Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездері болған.
Қағаз ақшалардың өздерінің меншікті құны болмағандықтан да, олар айналыс саласындағы ақшаның қызметтерін толық құнды ақшалардың қызметтері арқылы атқарады.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................3
бөлім. Ақша. Ақшаның мәні, экономикалық мазмұны мен қызметтері
1.1. Ақшаның пайда болуы мен даму кезеңдері.....................................4-5
1.2. Құн формалары мен ақшаның түрлері.............................................6-9
1.3. Ақшаның экономикалық мазмұны мен атқаратын қызметтері.......10-14
бөлім. Ақша айналымы және ақша айналысы
2.1. Ақша айналымы, оның маңызы құрылымы мен құрылысы және ақша айналысының сипаттамасы.........................................................................15-18
2.2. Ақша айналысы..............................................................................19-22
2.3. Ақша реформасы..........................................................................23- 26
бөлім. Ақша жүйесі мен оның элементтері
3.1. Ақша жүйесі...................................................................................27-28
3.2. Биметализм мен монометализм жүйесі.........................................29-31
3.3. Ақша жүйесінің элементтері..........................................................32-33
Қорытынды.........................................................................................34-35

Қолданылған әдебиеттер.....................................................................36

Работа состоит из  1 файл

Акша к.doc

— 272.00 Кб (Скачать документ)

Қорыта айтқанда, өндіргіш күштерінің жетілуі айырбас процесін  үздіксіз құбылысқа айналдырып, тауар айырбасталуының өмірлік мәнге ие болуы жалпыға ортақ құн эквивалентінің  қажеттілігін туғызды. Бірақ ондай роль көп уақытқа дейін тек бір тауарға  ғана бекітілген жоқ.

Уақыт өте келе және тауар  өндірісінің өрістеуі  айырбасты  ұлғайтып, оның жергілікті нарықтың шегінен шығуына әкеп соқтырды. Бұл кезде құнның  жалпыға ортақ  эквивалент  қызметін белгілі бір тауар  атқара бастады. Ол тауар – ақша. Нәтижесінде құнның жалпыға ортақ  формасы  құнның ақшалай  формасына ауысып, айырбас процесіне  нақты орнықты. Оның  формуласы:

1 қой 


4 қап астық     

1 балта              = 1 ақша өлшемі

1 құмыра 

және т.б.

Сөйтіп, ақша пайда болды. Ақша деген тауардың жалпы  эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік  формасымен тұтыну  құны біте қайнасқан ерекше тауар. Немесе ақша деген тауар өндіру мен оны айырбастау  процесінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі –барлық  тауарларға ортақ балама   (эквивалент) ролін атқару.

Тауар өндірісінің тарихи даму барысында ақшаның ролін әр түрлі тауарлар атқарды. Әрбір тауарлы өндіріс тауардың  жалпы эквивалентін пайдаланды. Қоғамдық еңбектің бірінші ірі бөлінуі нәтижесінде малшы тайпалары пайда болып, олар айырбас құралы ретінде   малды қолданды. Оның нақты түрі  жергілікті жердің жаратылысына байланысты әр түрлі болды. Мысалы, далалық жерлерде тауардың   жалпы эквиваленті ролін жылқы, өгіз немесе қой атқарса, шөл және шөлейт  жерлерде- түйе, қысы ұзақ тундрада- бұғы  атқарды. Ақшаның айырбас құралы қызметін мал атқаруы әр  халықтардың ауыз әдебиетінде сақталғаны соншалық, кейін металдан соғылған ақшаны  да  мал атауларымен атаған. Мысалы, латын сөзі «пекус»- «мал», ал «пекуня»-«ақша», үнділердің ақша өлшемі «рупия»-«рупа»-«мал» деген сөзден шыққан.

Қазіргі кезде көп қолданылып жүрген «капитал» деген сөздің шығу  тарихы да мал атауымен байланысты көрінеді, өйткені ескі герман тілінде меншігінде көптеген мал басы болса, оның байлығын «капитал» деп атаған.

Ақша, пайда болғаннан бері бірнеше  рет өзгеріске ұшырады. Бірақ, бұл  өзгеріс оның тек сыртқы түріне ғана тиді, ішкі мағынасы өзгерген жоқ. Ақшаның сыртқы түрінің өзгеру себебі, оның жұмыс істейтін  жағдайларымен, яғни қоғамдағы болған өзгерістермен байланысты. Мысалы, жоғарыда айтылғандай, адамзат өмірінің бастапқы кезінде жалпыға бірдей баламаның  ( ақшаның), маңызын әртүрлі тауарлар атқарған ( оның ішіне мал да кіреді).Бара-бара, өндіру мен алмастырудың көлемінің өсуіне байланысы, жалпыға бірдей  баламаның  маңызын бір текті, оңай  бөлшектенетін, сақтағанда  бұзылмайтын,  тасымалдауға қолайлы тауардың  орындауы керек  болды. Осының салдарында өмірге кесектелген қола, мыс, күміс, алтын ақшалар келді. Одан кейінгі  қоғамдық дамудың  нәтижесінде, кесек металл  ақшаның  орнына,  металдан  дайындалған  монеталар  пайда болды, оның  ішінде алтын ақша да бар.  Бұл ақшаның кесек ақшадан айырмашылығы,  оған қажетті деректер ( мемлекеттің аты, гербісі,  басылған жылы, т.б. )  басылатын. Бұл сол кездегі ақшаның жетілдірілген түрі болды.

Ең бірінші металл  ақша, біздің заманымыздан  бұрынғы, үшінші ғасырда  Римде  басылған, ал біздің  заманымыздан бұрынғы 7-8 ғасырларда,  Малазиядағы Лидия  мемлекетінде  және   Ежелгі  Грецияда басылған.  Басқа,  Европа  елдерінде және  Ресейде  өз металл  ақшасын басу, IX-X ғасырларда басталған. Сөйтіп, металдан жасалған ақша   өте ұзақ  өмір сүрген.  Мысалы, Ресейде, 5-10 сомдық алтын ақша, біріінші империалистіксоғыс басталғанға дейін қолданылған.

Алтын ақшаның жеке өзіндік құны бар.  Сондықтан ол ешуақытта, тіпті  инфляция кезінде де құнсызданбайды. Осыған байланысты  алтын ақша өз  бетімен айналымға қанша керек екенін   шамалай алды. Егер  айналыстағы алтын  ақша, керек мөлшерден артық болса, олар айналымнан шығып, қазынаға  сақталуға  ауысады, ал егер айналыс керегі алтын ақшамен қамтамасыз етілмесе, олар қайтадан ешқандай кедергісіз айналысқа енеді. Мұндай жағдайда, айналысқа қанша ақша керек екенін анықтап, оны тәртіптеп жатудың ешқандай керегі жоқ.

Дегенмен, алтын ақшаны пайдаланудың бірқатар қиындықтары бар. Біріншіден, алтыннан ақша басу, алтын шығарумен тығыз байланысты, ал алтын шығарудың, өз кезеггінде, қымбатқа түсетіні белгілі.

Екіншіден,айырбастау операциясының  өсуі, айналыстағы ақшаның көбейуін

Керек етеді, ал ол үшін, алтын шығаруды көбейту керек. Осыған байланысты, қымбатқа түсетін алтын  ақшаны, арзанырақ ақшаға ауыстырудың  қажеттілігі  туды. Сөйтіп, өзінің жеке құны жоқ, қағаз ақша белгісі пайда болды.

Қағаз ақша. Ең  бірінші қағаз ақша XI-ғасырда  Қытайда шықты.  Содан кейін VII-ғасырдың аяғында Солтүстік Америкада, ал XVIII- ғасырдың аяғында, XIX- ғасырдың басында Англияда  шығарылған, Ресейде 1769 жылы «ассигнация» деп аталатын қағаз ақша шығарылды.

Қағаз ақшалар алтынға, не күміске  айырбасталынбайды  және оны Үкімет  тек мемлекеттік  бюджеттің  тапшылығын жабу үшін ғана шығарады.  Осыған байланысы қағаз ақша  мөлшерден артық шығып кетіп, құнсыздануы мүмкін,  ал бұл өз кезегінде, инфляциялық жағдайға әкелетін анық.  Бұл қағаз  ақшаның өзіне тән ерекшелігі. Дегенмен, бұндай жағдайды, несиелік ақшаның көмегімен, оқшандыруға  болады. Сонымен, енді несиелік ақшаға тоқтаймыз.

 Несиелік  ақша.  Несиелік ақша айналысқа шығару және оны қолданудан алып тастау, несиелік операцияларды жүзеге асыратын,  кез-келген банктің қолында. Шаруашылықтарға несие бергенде,  болмаса вексельдерді есепке алғанда,  не қайта есептегенде, банктер қарыз алушыларға  өзінің банкнотын береді. Мұндай несиелік ақша шығару ешқандай Үкіметтің артық шығынымен, болмаса  бюджеттің тапшылығымен байланыспайды. Тек, тауар өндірумен, оны өткізудің  анық қажеттілігімен байланысты шығарылады. Бұл ақшаның қағаз ақшамен салыстырғандағы үлкен артықшылығы бар. Бұлай болудың ең басты себебі несиенің материалдық құндылықтар мен шаруашылық  шығындардың  нақты қозғалысына қарай беріліп және қайтарылып отыратыны. Өйткені,  мұндай құндылықтар мен шарушылық шығындар несиенің уақытында қайтарылуын қамтамасыз етеді. Сондықтан несиелік ақша шығару ақша айналысына ешқандай зиян келтірмейді, керісінше, айналымда жүрген ақшаның санын азайтуға, сөйтіп, оның құндылығын арттыра түсуге әсер етеді. Тек, мұндай, қолма-қол ақшаберу мен несие берудің, сонымен қатар, қолма-қол ақшаның банкке түсуімен несиенің ққайтарылуының байланыстары әрбір операциядан байқалмайды. Оны тек барлық операцияларды бір тұтас, жиынтық ретінде қарағанда ғана байқаймыз. Егер, несие жоғарыда  айтылған  байланыссыз,  шаруашылықтардың нақты керегінен артық берілсе, бүкіл халық шаруашылығы бойынша несие көбейіп кетеді де, инфляциялық жағдай туып, оның ұлғая түсуіне апарып  соғады.

 

 

 

 

1.3. Ақшаның экономикалық мазмұны мен атқаратын қызметтері

Бір тауарды  екінші тауарға айырбастау мүмкін болмаған кезде, оның иесі өз тауарын басқа  бір, көбірек тараған, құндырырақ тауарға  айырбастады, сонан соң, сол тауарды  өзіне керек тауарға айырбастайтын  болды.

Осылайша  бір тауардың құнын, екінші бір тауардың құнымен баламалап анықтайтын, құнның жалпыға бірдей нысаны пайда болды. Алғашқы кезде жалпы құнның баламасынын міндетін әртүрлі тауарлар орындады. Бара-бара, ол міндетті орындау үшін көбірек пайдаланатын, бір-ақ тауар іріктеліп алынды.

Бұл жөнінде  К.Маркс былай деген: "Натуралдық нысаны балама  нысанымен, қоғам  бойынша, тұтасып кеткен ерекше тауар, ақшалай тауар болып табылады, яғни ол ақша болып жұмыс істейді". Осыған байланысты ақшаның мәнін  былай деп келтіруге болады: Ақша ерекше тауар, жалпыға бірдей балама, яғни, басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны.

Ақша - тауардың ерекше қасиеті, оның кез-келген басқа тауарлардың құнын көрсете алатындығы, оның жалпыға бірдей балама болып жұмыс істейтіндігі, яғни, алмастырудың жалпыға бірдей құралы екендігінде. Ақшаның тағы бір ерекше қасиеті құнның сақталуын қамтамасыз ететін күші. Мысалы, кұнды товарға салса, оның ақшалай көлемі кұн санап азая береді. Өйткені, ол тауарды сақтау үшін белгілі көлемде шығын шығарылады. Ал, егер, құн ақшаға салынса, оңдай шығын болмайды.

Ақшаның мәнін  көрсетуші (білдіруші) оның атқарымы болып  есептеледі. Экономиканың кез келген үлгісінде ақшаның атқарымы өзгермей, бір қалыпта қалады. Қазіргі жағдайда да (Нарық жағдайында да)  ақшаның атқарымдары бұрынғыдай:

  1. Ақша құнды өлшеуші ретінде,
  2. Ақша, айналым құралы ретінде.
  3. Ақша төлем құралы ретінде.
  4. Ақша қорлану құралы ретінде.
  5. Дүниежүзілік ақша атқарымы ретінде.

Айта кететін  нәрсе, көрсетілген атқарымдарды тек ақша ғана орындай алады. Енді осы атқарымдардың әрқайсысымен толығырақ танысамыз.

Ақша құн өлшемі ретінде. Ақшаның бұл атқарымы оның көлемі мен тауардың өзіндік құны анықталған кезде байқалады. Бұл жерде тауардың өзіндік құны, оны өндіру жолындағы, қоғамдық қажетті шығынмен тең. Олай болса, тауар өндіру, болмаса басқаша қызмет көрсету үшін, алдымен еңбек бұйымдарын табу керек, тек содан кейін, солардың көмегімен, керекті өнім шығарылады, болмаса, қызмет көрсетіледі. Осыған байланысты жаңадан шығарылған тауардың (көрсетілген қызметтің) өзіндік құны екі элементтен түрады. Біріншісі, жоғарыдағы айтылған еңбек құралдары мен еңбек бұйымдарының құны. Өйткені, ол түгелімен, жаңадан шығарылған өнімнің (көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына ауысады. Екіншісі, осы өнімді өндіру жолындағы жұмсалатын тірі еңбек күшінің құны. Сонымен қатар, жаңа өнімнің өзіндік құнына қосылатын, еңбек құралдарының және еңбек бұйымдарының құны да, тірі еңбек күшінің құны да әрбір тауар өндірушілерде бірдей болмайды. Өйткені, барлық тауар өндірушілердің техника мен жабдықтандырылуы, мамандық дәрежесі және үнемшілдігі әр түрлі. Сондықтан, әрбір өндірушінің өндірген  бір түрлі тауарларының,  өзіндік құны әртүрлі  болады.  Алайда,  кез-келген тауар, тек қоғамдық қажетті шығынға байланысты сатылады. Осы жағдайды төмендегі кестеден байқауға болады.

 

Көрсеткіштер

Бірінші тауар өндіруші

Екінші тауар өндіруші

Сатылу бағасы

 

1.

 

2.

3.

4.

5.

 

6.

 

Еңбек құралдары мен  бұйымдарының ауысылған құны (теңге)

Шыққан еңбек күшінің  саны (сағаты)

Бір сағаттық еңбек күшінің  құны (теңге)

Тауар шығаруға кеткен еңбек құны (теңге)

Шығарылған тауардың өзіндің  құны (теңге)

(1жол+4 жол)

Тауардың сату бағасы (нарықтық бағасы, қоғамдық қажетті шығын)

 

150

 

10

50

500

650

 

х

 

150

 

13

50

650

800

 

х

 

х

 

х

х

х

х

 

700


 

Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей бірінші тауар өндіруші осы тауарды шығару үшін 10 сағат уақыт шығарса, екінші тауар өндіруші 13 сағат жұмсады. Тек, осының салдарынан, (басқа да себептер көп қой) бірінші өндірушінің тауарының өзіндік құны 650 теңге болса, екінші өндірушінің тауарының өзіндік қүны 800 теңге болады. Бірақ ол өзінің тауарын 800 теңгеге сата алмайды. Өйткені, мұндай тауардың нарықтық бағасы 700 теңге. Осының нәтижесінде, бірінші өндіруші шығарған шығынын қайтарып, оның үстіне 50 теңге пайда тапса, екінші өндіруші 100 теңге шығын шекті. Егер осындай тауардың саны жүздеген, мындаған болса, пайда да, шығын да соншалық көбейеді. Сонымен қатар, тауардың бағасын анықтағанда төмендегі жағдайларға көңіл аудару керек.

  • тауардың тұтыну құны қандай? Яғни, бүл тауар сатып алушының керегін қандай дәрежеде қанағаттандырады. Бұл дәреже жоғары болған сайын, бағада жоғарылауы мүмкін;
  • Өндірілген тауардың орнына пайдалануға болатын басқа тауар бар ма? Бар болса, оның бағасы қандай? Егер бұл тауардың орнына пайдалануға болатын, өзі арзанға түсетін тауар болса, өндірілген тауардың бағасы жоғары болмауы керек;

- Бұл тауарды сатып алушылардың төлеу қабілеті қандай?  Егер,  халықтың тұрмысы онша жоғары болмаса, табыстары аз болса, өте қымбат тауарды ешкім сатып ала алмайды. Дәл осындай жағдай, сұралымнан ұсыным көп болған күнде де тууы мүмкін. Мұндай жағдайда тауардың бағасын төмендету керек. Әйтпесе, тауар сатылмайды.

Осы айтылғандардың бәрі тауардың бағасын анықтауда ақшаның құн өлшемі ретіндегі атқарымын көрсетеді.

Ақша, айналым құралы ретінде. Барлық тауарлар, қай жерде шығарылғанына қарамастан, қандай меншіктің шығарғанына қарамастан, керекті уақытында сатылуы керек. Яғни, құнның тауарлық нысаны ақшалык, нысанға ауысуға тиісті. Сонымен қатар, әрбір тауар өндіруші, сатылған тауардан түскен ақшаға жаңадан құрал саймандар мен еңбек бұйымдарын сатып алады, еңбек ақы төлейді, және басқа да шаруашылықтың қажеттерін қанағаттандырады. Сөйтіп, өндіру мен өткізу процесін үздіксіз жалғастырады (ұдайы өндіріс).

Сонымен, ақшаның  айналым құралы ретінде жұмыс істеуі ақшаның тауарға, тауардың ақшаға айналуының толассыз тізбегі болыл табылады. Осылайша ақша үздіксіз айналымда жүреді.

Бұл атқарымның өзіне тән бір ерекшелігі, ақша мен тауардың біріне-бірінің қарсы козғалатындығында: ақша сатушыға қарай қозғалса, тауар сатып алушыға қарай қозғалады.

Айта кететін  бір жәй, осы айналымның құралы ретінде істеу, тек ұлттық ақшаға ғана тән. Заң бойынша елдің ақша айналымында басқа мемлекеттің ақшасы болуға тиіс емес. Өйткені, олай болған күнде айналымдағы ақшаның саны көбейіп, сапасы азайып, құнсыздандылуына апарып соғады. Басқаша айтқанда, айналымда жүрген ақшаның саны (ақшаның көбейуі) осы атқарымның дұрыс орындалуымен тығыз байланысты. Егер, ақша айналымы тезірек жүрсе, айналымға керек ақшаның саны азаяды. Керісінше, айналымның қозғалысы баяулап кетсе, айналымда көбірек ақша жүруі керек. Бүл жөнінде кейінірек толықтау айтылады.

Ақша төлем кұралы ретінде. Бұл атқарымға тауардың козғалысы мен ақшаның қозғалысындағы айырмашылық тән. Өйткені, тауар, оны сатып алушының қарауына, ақшаның, сатушының қарауына түсуіне қарағанда, әлдеқалай кеш түседі. Егер сатушы мен сатып алушының арасындағы келісім бойынша тауардың құны алдын ала төленетін болса, ақша сатушыға ертерек түседі. Сөйтіп, келтірілген екі нұсқада да тауар мен ақшаның қозғалысы екі бөлек.

Тарих тұрғысынан қарағанда, ақша төлем құралы ретіндегі атқарымда тауарды несиеге берумен байланысты пайда болған.

Бұл жөнінде К.Маркс былай деп жазған: "Бір тауардың иесі өзінің қолда бар тауарын сатады, ал басқа біреу оны сатып алады, тек ақшаның өкілі ретінде тіпті болашақ ақшаның өкілі ретінде. Сатушы несие беруші болады да, сатып алушы қарыздар болып қалады".

Ақшаның бұл атқарымы, несие беріп және оны қайтарғанда, қаржы органдарымен ақшалай қарым-қатынаста (салық бөлімдері), халыққа қызмет ететін көсіпорындар мен көрсетілген қызметі үшін есеп ажырасқанда, жеке тұлғаларға еңбек ақы, зейнет ақы, жәрдем ақы, стипендия және басқа да ақшалай төлемдерді өтегенде байқалады. Көбінесе жоғарыда айтылған төлемдер қолма-қол ақшасыз, яғни бір шоттан, екінші шотқа аудару арқылы жүргізіледі. Қолма-қол ақша тек, есеп ажыратушылардың бір жағы (біреуі) жеке тұлға болғанда ғана қолданылады.

Информация о работе Ақша жүйесі