Қытай ақша жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 13:33, реферат

Описание

Ақша жүйесі — белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі. Ақша жүйесінің типтері
Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементері болады. Ақша жүйесінің типі — бұл ақшаның қандай нысаны болуын сипаттайды. Осыған байланысты, ақша жүйесінің төмендегідей типтерін бөліп қарайдық.
металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тікелей айналыста бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;

Содержание

Ақша жүйесі туралы түсінік
Қытай валютасы - юань
Қытайдағы монополия мен жемқорлық
АҚШ Доллары мен Қытай юанының теке тіресі

Работа состоит из  1 файл

Кытай акша жуйеси.docx

— 38.27 Кб (Скачать документ)

 

 

Жоспар:

 

  1. Ақша жүйесі туралы түсінік
    1. Қытай валютасы - юань
  2. Қытайдағы монополия мен жемқорлық
    1. АҚШ Доллары мен Қытай юанының теке тіресі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақша жүйесі — белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын  ұйымдастыру түрі. Ақша жүйесінің  типтері

Ақша жүйесінің  өзіне тән типтері және элементері болады. Ақша жүйесінің типі — бұл ақшаның қандай нысаны болуын сипаттайды. Осыған байланысты, ақша жүйесінің төмендегідей типтерін бөліп қарайдық.

металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тікелей  айналыста бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;

несиелік және қағаз ақшалар жүйесі, яғни алтын  айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа  түседі. 

Металл ақша айналысы екіге бөлінеді:

Биметализм —  жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын мен күміске) негізделген ақша жүйесі.

Биметаллизмнің  үш түрі болған:

қос валюталы жүйе, яғни мұнда алтын мен күмістің арасындағы шекті қатынас, металдардың  нарықтық құндарына байланысты белгіленген;

қатар жүретін  валюталар жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас мемлекет тарапынан белгіленген;

ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда алтын және күміс монеталары заңды төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс монеталарын жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталарын жасауға ерік берілді.

Биметаллизм XVI—XVII ғасырларда кеңінен тарап, ал Еуропа елдерінде XIX ғасырда дами бастады. Бірақта биметалдық ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың даму қажеттілігіне  сәйкес келмеді, себебі екі металды құн өлшемі ретінде қатар пайдалану ақшаның бұл қызметінде қарама-қайшылық тудырды. Нәтижесінде, жалпы құн өлшемі ретінде қызмет ететін бір ғана металдың болуы талап етілді. Сөйтіп, биметализм ақша жүйесінің орнына монометализм ақша жүйесі келді. 

Монометаллизм — бұл барлығына бірдей балама және ақша айналысының негізі ретінде  бір ғана металл (алтын немесе күміс) қызмет ететін ақша жүйесі.

Күміс монометаллизмі Ресейде 1843—1852 жылдары, Индияда 1852-1893 жылдары, Голандияда 1847—1875 жылдары қызмет етті. Алтын  монометаллизмі (стандарт) алғаш рет  ақша жүйесінің үлгісі ретінде XVII ғасырда  Ұлыбританияда қалыптасып, 1816 жылы заңды түрде бекітілді. Көптеген елдерде ол XIX ғасырдын, аяғына қарай енгізілді, айталық: Германияда — 1871—1873 жылдары, Швецияда, Норвегияда және Данияда — 1873 жылы, Францияда 1876— 1878 жылдары, Австрияда - 1892 жылы, Ресейде және Жапонияда —1897 жылы, АҚШ-та — 1900 жылы. Алтынға ауыстырылатын құн белгілерінің сипатына байланысты алтын монометаллизмі мынадай түрлерге бөлінеді: алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын девиздік (алтын валюта) стандарты. 

Алтын монета стандарты  — бұл еркін бәсекенің тұсындағы  капитализмнің талаптарына біршама  сәйкес келе отырып, өндірістің, несие  жүйесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталды сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт мынадай өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады:

алтын елдің  ішкі ақша айналысында болып, ақшаның  барлық қызметтерін бірдей атқарды;

алтын монеталарды  құюға рұқсат етілді (әдетте елдің монета сарайында);

толық құнды  емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және шектеусіз мөлшерде алтын  монетаға ауыстырылды;

алтынды және шетел  валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруға және ішке алып келуге болатын  болды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсындағы бюджет тапшылығының өсуі, оны займдар және ақша шығару есебінен жабу эмиссиялық банктердің алтын қорларынан көп мөлшерде айналыстағы ақша массасының өсуіне әкеліп, нәтижесінде қағаз ақшаларды алтын монеталарға еркін ауыстыру қаупін туғызды. Бұл кезендерде алтын монета стандарты соғысушы елдерде өзінің қызметін тоқтатса, кейіннен көптеген елдерде де (АҚШ-тан басқа) тоқтатты. Сөйтіп, банкнотаны алтынға ауыстыру тоқтатылады, және оны сыртқа шығаруға тыйым салынады, сондай-ақ алтын монеталар қазынаға сақталуға жіберіледі.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң жайлаған капитализм дағдарысы  тұсында, ешбір капиталистік мемлекет өзінің валюталарын алтын монета стандарты негізінде калпына  келтіре алмады.

 

Қытайдың басты валютасы юань болып  табылады. Юән (жалпы: 元; дәст. қытайша: 圓; жеңіл. қытайша: 圆; пинйін: yuán; Wade-Giles: yuen; дәлме-дәл «дөңгелек») — қытай тілінде пұлдың жалпы атауы. Мысалы АҚШ доллары Мейюән (美元) болады. Бірақ, халықаралық ортада, юән бірнеше қытай пұл бірліктеріне қатысты, соның ішінде женминби (CNY) және Жаңа тайуан доллары (TWD) кіреді.Бір юән 10 жәу (角) дегенге бөлінеді немесе ауызша мау (毛). Бір жәу 10 фын (分) дегенге болінеді. Шәңғаң және Мақау аумақтарында кең жайылған юе тілінде, жәу және фын дегендерхо (毫) және сін (仙) деп аталады. «Сін» сөзі ағылш. cent дегеннен шыққан.

Юань

Юань – Қытай Халық Республикасының ақша өлшемі, 10 цзаоға және 100 фыньге тең. Юань түріндегі алғашқы мыс мәнеттер 6-ғасырда шекілген. 1933 ж. юань Қытайдың бірыңғай ақша өлшемі болып жарияланды.

Тектесуі

Чиң әулеті дәуірінде Қытайда күмістен дөңгелек шақа шығару бастаған, содықтан шақалар юән («дөңгелек») деп аталып кеткен.

Қытай сандары сияқты, юән таңбасы екі түрде: жоралауы кем — 元, және жоралауы артық — 圓 не 圆, соңғысы боямалық пен есеп қателіктен сақтану үшін пайдаланылады. Жапон ені түпнұсқа түрінде бұрын 圓 деп жазылған, бірақ соңра 1946 ж. тойо кандзи жарияланған бойынша жайдақтап 円 таңбасымен жазылып кетті. Кәріс уоны Екінші Дүниежүзілік соғыстан соң 圓 таңбасымен белгіленген және де 圜 таңбасымен — 1902—1910 жж., бірақ ағымда екі кәріс мемлекеттерінде тек былай — 원 хангүл арқылы жазылады. Қытайша жазғанда Шәңғаң доллары және Мақау патакасы юән деп жазылады.

Қытай мен Тайуан дүкендерінде бағаларды сандардың соңынан қойылған 元 таңбасымен белгілейді. Тағы да Қытайдың өзінде, сандардың алдында қойылған ¥ латын нышанымен (қазақша екі таяқшасы бар Ұ әрпіне уқсас) белгіленеді.

Қытайша юән сөзі бір буынды екпінмен айтылады, /йен/ дегенге жақын. Қытайдың көп аумақтарында ауызша қуай (дәст. қытайша: 塊; жеңіл. қытайша: 块; пинйін: kuai; дәлме-дәлді «бөлшек») деп те айтылады.

 

Күллі әлем экономикасын жыландай арбап  жұтып, айдаһарға айналған алып қытай  енді шаршай бастағандай. Әлде жан-жақтан құйылған ақшаға қағанағы қарық, сағанағы сарық боп тояттай қалды ма!? Әлде бір алпауыт алаяқтардың қақпанына түсіп қалды ма? Әйтеуір бір тықыр таянғаны белгілі. Бұл туралы олар өздері дабыл қағып отыр.

Экономикалық даму тұрақты болуы  екіталай, тұрақты болуы үшін экономикалық саясат жиі өзгеріп тұру керек. Себебі, сұраныс пен ұсыныс тіпті саяси жағдайдың жиі өзгеруі экономикаға әсер ететіні белгілі. Қытай елі де дәл осындай кезеңге тап болуда. Соңғы 10 жылдағы қытай экономикасының қарыштап дамуы әлемді таңдантты әрі шошытты. Енді, міне бірден шайқала бастады.

Тағы бір себеп ретінде алпауыт  АҚШ доллары мен Қытай юаны арасындағы тәуелділік пен саяси  күндестіктің кімнің пайдасына шешілетінін қарауға болады. 

Тоқыраудың ең басты бейнесі  ретінде алдымен азық-түлік бағасының өсуін және Қытай юанының құнсыздану процесінде тұрғанын айтуға болады.

Біріншіден, жалпы экономикалық саланы дамытуға жаңа талпыныс болмады. Көне сүрдек қиындыққа тіреді. Экономиканың арту қарқынының баяулауы ең төменгі айлық жалақы өлшемінің өсу көрсеткішін көтеруге мүмкіндік бермеуде. Атап айтқанда Қытайдың 16 провинциясында бұл көрсеткіш 17%-дан аспады.Бұл өткен жылғы 22%-ға тең төмендегенін көрсетеді.

Екіншіден, үкімет шет елден инвестиция тартуда тығырыққа тірелді және көптеген ірі, орта-шағын компанияларды мемлекет өз күшімен сүйемелдеп отыр. Әсіресе сыртқы сауда мөлшері айтарлықтай тоқырады, бұны Европа елдерінің экономикалық кризисімен және Еуразиялық одақтың импортты айтарлықтай шектеуымен де түсіндіруге болады.

Үшіншіден, қытай ақшасы құнсыздана бастады. Бұл бір жағынан халықтың қаржы танымына әсер етті. Халық ақшаны жылжымайтын мүлікке салайын десе үй бағасы аспандай бастады, енді бір жағынан жеңілдетілген несие саясатынан пайдаланған ірі үй-құрылыс компаниялары тұрғын үйді көптеп салуда, бұл ертеңгі үй бағасының тұрақты бола алмайтындығын көрсетіп отыр.

Төртіншіден, үкімет ірі, орта және шағын кәсіпкерлікке берген төмен өсімді қаржылар қайтарылымы болмай отыр. Себебі ұйымдастырылуы әлсіз, тек үкметтің сүйемелі керек. Сонымен ішкі қаныққан базарды кеңейту мен экономикаға серпіліс беретін жаңа базар ашу мәселесі қатар келіп отыр.

Бесіншіден, массасы анағұрлым  көп халық нақты ақшаны қаржылық айналымға салудан қорқып бірден аманат қоюға өте бастады, бұның себебі мына 3 жақтан көрінеді: алдымен, үй бағасы тұрақсыз; екіншіден, жарна базары тұрақсыз, өсуінен өшуі көп боп тұр; үшіншіден, құнды заттарға салуға халық тартынады, олай болатыны шын-жалғанын парықтай алмайтын халық алданып қалудан қорқады.

Қытайдағы монополия мен жемқорлық немесе «Шаңқұй» туралы

Қытай үкіметі жемқорлықты құртудың қиындығын сезіне бастады, мұндағы себептің ең үлкені жоғары шенділердің мүддесінен қалыптасқан монополия болып отыр. Мұндай монополиялар тіптен ашыққа шығып, жұмыс түзілістерін барған сайын кеңейтуде. Жуырда осындай бір үлкен қаржылық монополияның жиналысына барып қайтқан қандасымыз Әділ (толық атын айтуды жөн көрмедік) былай деп сыр бөлісіті: 2012 жылдың жазында Қытайдағы достарымның шақыруымен Үрімжі қаласында өткен «Шаңқұй» деп аталған жиналыста болдым, жиналысқа Шинжиаң провинциясының бұрынғы партия төрағасы Уаң Лычуан жолдастың жерлестерінен, яғни Шан Доң провинциясының адамдарынан құралған мафияның жоғары шенді өкілдері келді. Тіпті, бүкіл Шинжиаңдағы ең ірі компаниялар мен қаржылық құрылымдар сол кісінің иелігінде екенін көріп таң қалдым. Ол ғана ма десем, Шинжиаңдағы үкіметтік орындардағы экономиканы басқару мен қаржы бөлуге қатысты орындағы шенділер негізінен Уаң мырзаның адамдары болып шықты. Олардың шығарған «Шаңқұй» деп аталатын кітапшасында да біршама шенділердің суреті беріліп, таныстырылыпты – деп аяқтады сөзін. Қытай мұнай компаниясында істейтін, атын айтпауды жөн көрген қытай азаматы да мұны жоққа шығармады. Олардың айтуынша Шинжиаңды ашса алқанында, жұмса жұдырығында ұстаған Уаң мырза Үрімжідегі «5-шілде» оқиғасынан кейін лауазымы өсіп орталыққа барды, ал артында қалған командасы мен компаниялары баяғыша шалқып тұр.

Міне, бұдан монополия мен жемқорлықтың қытайдың да ірге тебе бастағанын көруге болады.

АҚШ Доллары мен Қытай юанының теке тіресі немесе қытай ақшасының құнын тұрақты ұстап тұруға кеткен бодау

Осыдан екі жыл бұрын еліміз ақпарат құралдары Қытай юаны «халықаралық ортақ ақшаға» айналуы  мүмкін деп дабыл қаққаны және қатарынан 3-4 жылдан бері Қазақстан Орталық Банкі Қытай Юанын ең сенімді, тұрақты ақша деп тапқаны белгілі. Тіпті, қытайлықтар «Қытайлар заманы туды» деп лепіріп төбелері жер тірегендей шалықтағандары бар еді. Асқанға – тосқан. Оның үстіне бұрыннан мығым АҚШ доллары жылы орнын қайдан босатсын. Экономиканың не екенін емеуірінмен түсінетін еврейлердің қақпанына ақыры Қытай да түскен сыңайлы. Қазір Қытай сайттары «Қытай экономикасының қатерге тап келгенін» жарыса жазып, шығар жол іздеп әлек болуда. Ал Қытай халқы алдағы болатын 18-кезекті Бүкіл Қытайлық Халық Құрылтайының шешімін тағатсыздана күтіп жатыр.

Себебі, қытайлар Қытайдың бір мезеттік экономикалық дамуына масаттанып кетті. Тіпті, Қытай Юанын халықаралық қыламыз деп шетел асырып та үлгірді де бір бөлім Қытай юанының иелік құқығын қолдан шығарып алған еді. Осылайша Массондардың қақпанын басты. Ол кезде қытайлар құнсызданған ақшаның орнын ақша басып шығарумен толықтырғаны тағы бар. Бұл деген сөз қытай ақшасының мүмкіндігін күшпен арттыру мақсатында істелгендіктен нақты экономикалық түзіліс пен құн заңына сай келмей қалды да Қытай юанының АҚШ долларына тәуелділігін келтіріп шығарды.

Қытайлардың тағы бір ұтылуы – шет елге қарата еркін сауда саясатын қолдану барысында орын алды. Инвестор шет ел азаматтарына қарата жеңілдікпен берілген көп ақша (шет елге қаржы қосу мақсатында) мен инвесторларды тарту мақсатындағы экономикалық жеңілдіктер себебінен көп қаржы шет елдіктердің пайдасына өтіп кетті, яғни шет ел қаржысын қызықтыру мақсатында қытай ақшасының шет ел ақшасына сындырылымы шет ел ақшасына құн жаратып беру керек болды. Бұл Қытай ақшасына тұрақсыздық әкелді. Сонымен шет елдегі қытай ақшасының базар бағасына сай құнын тұрақты сақтап қалу үшін шет елде қытай ақшасының құнын төмендетіп ұстаса, ал ел ішінде соның есебінен ақша құны шамадан тыс жоғарлатылды немесе ақшаны көп мөлшерде басып таратты. Суша құйылған шетел қаржысы үшін құнсыздану шамасын толықтырып тұрудың қиындығы ел ішіндегі ақша құнының басына салмақ болып түсті. Осылайша қолдан жасалған құн ұзақ шыдас бере алмауда!

Ендеше, неге бұндай қарама-қарсы қайшылық туындады және бұл қара халыққа қандай келеңсіздіктер тудырады? Бұл туралы қытайдағы «Күлтегін порталында» «халық ақшасы қайда апарады» деген атпен жазған қандасымыз Акудің сараптамасына қарап көрейік:

Аку: - Үкімет халық ақшасын шамадан тыс көбейтіп басып таратып (таратылған ақша да жасырынған баж үлесі болады, - ауд.), халықтың байылғын сүліктей сорды. Шындығында, халық ақшасының шынайы сатып алу қуаты төтенше әлсіз. Егер қытай үкіметі шетел қаржысына үстеме пайдалық құнды күшінде қалдыратын болса, қытай ақшасы көзді ашып-жұмғанша күрт құлдырайтын болады. Ендеше, осығұрлы көп басылып таратылған ақшаны үкімет қалай сіңіріп кете алады деп ойлайсыз ? Үкімет бұл орасан зор ақшаны ел іші базарында үй-құрылыс арқылы халық мойынына аударып кетіп жатыр. Қытайда халық ақшасы тек ақша ғана емес,байлықты қайталай үлеске салатын құрал болып табылады. Халық ақшасын жоғары межелеу қоғамдық байылықты тез жерде финанс саласының санаулы ғана иеленушілеріне табыстап берді. Жағдай аса ауыр, халық ақшасының қалпысыз бағалануы Қытайда қысқа уақыт ішінде шіріген байларды барлыққа келтірді, әрі талан-таражыға түскен қалың жарлы-жақпайларды да жарыққа шығарды, - дейді.

Информация о работе Қытай ақша жүйесі