Ақша жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 14:48, реферат

Описание

Ақша (ағылш. money; cash;) — жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ол барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қаматамасыз етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды.

Содержание

1.Ақша. Ақшаның пайда болуы, атқаратын қызметтері(2-4).
2.Ақша жүйесі, элементтері мен типтері(4,5).
3. ҚР-ның ақша бірлігі туралы жалпы түсінік(5-7).
4. Ұлттық валюта жүйесі туралы түсінік(8-10)
5. Пайдаланылған әдебиеттер(11).

Работа состоит из  1 файл

ақша жүйесі СРС.docx

— 29.43 Кб (Скачать документ)

                                    Жоспар:

1.Ақша. Ақшаның пайда болуы, атқаратын қызметтері(2-4).

2.Ақша жүйесі, элементтері мен типтері(4,5).

3. ҚР-ның ақша бірлігі туралы жалпы түсінік(5-7).

4. Ұлттық валюта жүйесі туралы түсінік(8-10)

5. Пайдаланылған әдебиеттер(11). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Ақша  (ағылш. money; cash;) — жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ол барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қаматамасыз етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды. Сөйтіп, құнның толық және жайылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі – ақша пайда болды. Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішкі және сыртқы сауда-саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Ақша рөлін кейбір халықтарда (гректер, римдіктер, славяндар, моңғолдар, т.б.) мал, ертедегі Русьте, Скандинавияда – аң терісі, Қытайда – шай, Абиссинияда – тұз атқарды. Қазақстанда ішкі сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылды. Бертін келе тауар өндірісі мен тауар айырбасының дамуы және халықтар арасындағы қарым-қатынастың ұлғаюы нәтижесінде ақша рөлі түрлі металдарға ауыса бастады. Өйткені, металл (әсіресе алтын, күміс) өзінің табиғи қасиетінің арқасында ақша рөлін атқаруға өте қолайлы болды. Алтын мен күмістің жалпыға бірдей балама рөлін атқаруына байланысты құнның жалпылық формасы ақша формасымен айырбасталды. Ол кез келген тауарға айырбасталды.

    Ақша  өзінің дамуы барысында екі түрге  бөлінеді:

    -толық  құнды ақшалар (нағыз ақшалар);

    -толық  құнсыз ақшалар (құндық белгілері).

    Толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар) —  номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін  ақшалар.

    Толыққұнсыз ақшалар (құнның белгілері) — номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың  өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.Оларға мыналар жатады:

    құнның  металдық белгілері—арзан бағалы металдардан  жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар; 

    Ақша  әр алуан қызмет атқарады: тауарлар мен әр түрлі қызметтердің құнын көрсетеді, айналым құралы, төлем құралы ретінде пайдаланылады, сол сияқты қор жинау және сақтау құралының рөлін атқарады. Ақша өнімді шығаруға кеткен шығынды өлшеуге, еңбекті сан және сапа жағынан бақылауға мүмкіндік береді. Ақшаның мәні оның атқаратын қызметінен көрініс береді. Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы үдерісінен туындайтын тауар өндірушілердің нысаны ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды. Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:

    -құн  өлшемі және баға масштабы;

    -айналыс  (айырбас) құралы;

    -төлем  құралы;

    -қорлану  және қор жинау құралы;

    Құн өлшемі ретінде – ақшамен нарыққа  ұсынылған кез келген тауардың құны өлшенеді

    Ақша  айналысы — шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға  қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша нысандарындағы ақшалардың қозғалысы.Ақша айналысының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар  өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар  және ақшаға бөліне отырып, олардың  арасында өзара қарама-қайшылықтар  туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің  терендеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен  байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да әрі қарай дами түседі. Сонымен ақша, капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық  қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол  және қолма-қолсыз нысанының көмегімен  тауарлар айналысы, сондай-ақ ссудалық және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.

    Ақша  айналысының кұрылымына колма-қол  ақшалар айналысы мен қолма-колсыз ақшалар айналысы кіреді.

    Қолма-қол  ақшалар айналысы — бұл нақты  ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді. Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір белігін орталық банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене белігі (10-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді.

    Қолма-қолсыз ақшалар айналысы — қолма-қолсыз ақшалар айналымы ақшаларының қозғалысы.Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар — чектер, пластикалық  карточкалар, электрондық карточкалар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардагы сақтаған ақшалары (депозиттер).

    Қорлану қоры қызметін атқарады – егер тауар өндіруші тауарды сатқаннан түскен ақшаны өзге тауарларды сатып алуға ұзақ уақыт пайдаланбаса, ақша қазына құрау қызметін атқарады.

    Ақша  жүйесі —белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен белгіленген ақша айналымын  ұйымдастыру түрі. Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады.

    Әрбір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.

    Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына  сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін  және формаларын белгілейді, онда ресми  ақша бірлігі, акша белгілерінін эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау  тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру  және реттеу тәртіптері қамтылады.

      Ақша жүйесінің типтері

    Ақша  жүйесінің өзіне тән типтері  және элементері болады. Ақша жүйесінің  типі — бұл ақшаның қандай нысаны болуын сипаттайды. Ақша жүйесінің типтері:

    -металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тікелей айналыста бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;

    Металл  ақша айналысы екіге бөлінеді:

    -Биметализм;

    -Монометаллизм.

    Биметализм  — жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын мен күміске) негізделген  ақша жүйесі.

    Биметаллизмнің  үш түрі болған:

    -қос валюталы жүйе, яғни мұнда алтын мен күмістің арасындағы шекті қатынас, металдардың нарықтық құндарына байланысты белгіленген;

    -қатар жүретін валюталар жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас мемлекет тарапынан белгіленген;

    -ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда алтын және күміс монеталары заңды төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс монеталарын жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталарын жасауға ерік берілді.

    Биметаллизм XVI—XVII ғасырларда кеңінен тарап, ал Еуропа елдерінде XIX ғасырда дами бастады. Бірақта биметалдық ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың даму қажеттілігіне  сәйкес келмеді, себебі екі металды  құн өлшемі ретінде қатар пайдалану  ақшаның бұл қызметінде қарама-қайшылық тудырды. Нәтижесінде, жалпы құн  өлшемі ретінде қызмет ететін бір  ғана металдың болуы талап етілді. Сөйтіп, биметализм ақша жүйесінің  орнына монометализм ақша жүйесі келді.

    Монометаллизм

    Монометаллизм — бұл барлығына бірдей балама және ақша айналысының негізі ретінде  бір ғана металл (алтын немесе күміс) қызмет ететін ақша жүйесі.

    -несиелік және қағаз ақшалар жүйесі, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі.

    Ақша  жүйесінің элементтері

    Қазіргі ақша жүйесі мынадай элементерден тұрады: ақша бірлігі, ақша түрлері және эмиссиялық жүйе.

    Ақша  бірлігінің атауы. ҚР-ның ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылды.

    Ақша  бірлігі — барлық тауарлардың  бағаларын бейнелеуге қызмет ететін, заңды түрде бекітілген ақша белгісі. Ақша бірлігі ұсақ бөлшектерге бөлінеді. Кептеген елдерде 1:10:100, яғни ондық бөлу жүйесі бекітілген. Мысалға, АҚШ-тың 1 доллары 100 центке тең, ағылшынның 1 фунт стерлинг — 100 пенсаға, Ресейдің 1 рублі —100 копеекке, Қазақстаннның 1 теңгесі — 100 тиынға және т.с.с.

    Ақша  бірлігі (стерлинг, теңге, доллар, марка, франк, т.б.) одан әрі бөлшектеніп, баға көлемінің рөлін, ақша айналымын ұйымдастыру, ақша кеңістігі, ақша рыногы және ақша реформасы сияқты ұғымдармен тығыз байланысты. Ақшаның белгілі бір аймақта өз күшін сақтауы ақша кеңістігін құрайды. Әр мемлекеттің ақшасы сол елдің аумағында пайдаланылады. Кейбір елдер өзара келісім бойынша ортақ ақша кеңістігін орнатуы мүмкін. Мысалы, Кеңестер Одағы кезінде сом пайдаланылды, яғни, одақтас республикалар бір ақша кеңістігінде болды. Кейін республикалар тәуелсіздік алғаннан кейін олар өз ұлттық ақшаларына көшті, сөйтіп біртұтас ақша кеңістігі жойылды. Қазіргі кезде Батыс Еуропа елдері өздерінің ақша кеңістігін кеңейту мақсатында ұлттық ақшадан мемлекетаралық ақшаға көшуге бағыт алып отыр (қазіргі Еуро).тқарады. Ақша массасы банктік және қағаз ақшадан, тиын ақшадан тұрады.

    Ақша  белгілерінің түрлері. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде ҚР ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктін міндеттемесі болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етіледі.

    Ақша  түрлері. Заңды төлем кұралы болып табылатын: қағаз және несие ақшалар. Қағаз ақшалар — бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.

    Металл  ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептері  мынадай:

    -металл  ақшалардың тасымалдап алып жүру  қолайсыздығы;

    -металл  ақшалардың мемлекеттік билік  органдарының жасаған әрекетінің  нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша  табыс алу мақсатында металдық  құрамын төмендетуі барысында  бүлінуі;

    -бағалы  металдарды өндірудің қағаз ақшаларды  шығаруға қарағанда қымбатқа  түсуі;

    -эмиссиондықтабыс (шығарылған ақшалардың номиналдық  құны мен олардың, нақты құны  арасыңдағы айырма) алу мақсатында  қазынаның, қағаз ақшаларды шығаруы;

    -бюджет  тапшылығын жабу мақсатында қағаз  ақшалардың шығарылуы.

    Қазақстанның  ақша рыногы. Қазақстанның ақша рыногы заңдар мен нормативті актілерге сәйкес реттеледі. Нақтылы экономикалық саясатты жүзеге асыру мақсатында ақша реформасы жүргізіледі.

    Қазақстан Ақша түрлері

    Ақша  түрлеріне — бұл заңды төлем  құралы болып табылатын: несиелік және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады. Қазақстанның бүгінгі ақша айналысында: 10000, 5000, 2000, 1000, 500, 200, 100, 50, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік банктік билеттер, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік металл монеталармен бірге 500 теңгелік алтыннан мерейтойға арнап, дайындалған монеталар, алғашқыда көлемі 64x100 мм. су тамғылы қағазға басылған 50, 20, 10, 5, 2 және 1 тиындар кейіннен олардың орнына осы номиналдарда металл тиындар шығарылды. Бірақ, бүгінгі күні 1 теңгеге дейінгі тиын монеталар айналыстан алынған, сондай-ақ 100 теңгеге дейінгі номиналдағы банкноталар (қағаз түріндегі) айналыста жүрмейді, олардың орнында металдан жасалған монеталар қолданылыста жүр. Қазыналық билеттер айналымда жоқ.

    Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ірі ақша бірлігі 1 теңге = 100 тиын 

    Теңге нышаны — Қазақстан теңгесінің Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасының Президенттің 1993 ж. қараша 15 жарлығы бойынша айналысқа енді. Алғашқы кезде Теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрды:

    1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар

    1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар,

    1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар  (бастапқыда қағаздан жасалған).

    Эмиссиондық жүйе

Информация о работе Ақша жүйесі