Қаржыны басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 19:19, дипломная работа

Описание

Нарықтық экономикада қаржылар бүкіл аймақтық шаруашылықтық қызмет етуін ретке келтіретін негізгі шарт болып табылады. Сондықтан мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мен басқару ел экономикасы үшін маңызды рөл атқарады. Осы тұрғыдан қарастырғанда дипломдық жұмыс тақырыбы қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналған. Бүгінгі ел экономикасының дамуында мемлекеттік қаржысы үлкен рөл атқарады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

1
Қаржыны басқару жүйесін ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік аспектілері............................................................................................................5
1.1
Қаржыны басқару түсінігі, түрлері және жүзеге асу шарттары......................5
1.2
Қаржылық басқару жүйесінде мемлекеттік реттеудің атқаратын ролі.........10
1.3
Қаржыны басқарудың шетелдік тәжірибесі және оларды отандық тәжірибеде қолданудың әдістемелік негіздері................................................14

2
Қаржыны тиімді басқару жүйесін ұйымдастыру үдерісін зерттеп-талдау (Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаменті мысалында).......................................................................................................21
2.1
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің қызмет көрсету механизмін зерттеп-талдау................................................................................21
2.2
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің қаржыны басқару жүйесіндегі негізгі қызметтері мен ұйымастырушылық құрылымына талдау жасау....................................................................................................................28
2.3
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің бюджет салалары бойынша қаржылық ресурстарды басқару, қадағалау және атқару қызметіне сараптама жасау..................................................................................................32

3
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржыларды басқару жүйесін дамытудың перспективалы бағыттары.......................................40
3.1
Мемлекеттік қаржыларды басқару механизмін жетілдіру – әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді теңдестірудің негізгі міндеті........................40
3.2
Қахақстандағы мемлекеттік қаржыларды нарық талаптарына сәйкес басқаруды дамытудың перспективалы бағыттары..........................................47

Қорытынды..............................................................................................................61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................64
Қосымшалар............................................................................................................67

Работа состоит из  1 файл

ДР қаржыны басқару.doc

— 663.50 Кб (Скачать документ)

Тұтастай алғанда, жүргізіліп отырған салмақты фискалдық саясат бюджет тұрақтылығын қамтамасыз етуге, мемлекеттің қаржылық міндеттемелерін тиімді орындауға және шығыстарды мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына бағдарлауға бағытталған. Мемлекеттік сатып алу саласында  мемлекет пен бизнестің мүдделерін ескеретін және мемлекеттік қаражатты жұмсаудың тиімділігі мен икемділігіне ықпал ететін жүйе қалыптастырылатын болады.

Орта мерзiмдi кезеңдегi бюджетаралық қатынастар саясатының негiзгi мақсаты мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiне бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк қызметтердi толық көрсетуi және өздерiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруы үшiн оларды жеткiлiктi қаржы қаражатымен қамтамасыз ету болып табылады.

Бюджетаралық қатынастар Бюджет кодексінде белгiленген қағидаттардан  және түсiмдер мен шығыстардың бюджет деңгейлерi арасында бөлінуінен бастау алады әрi өзара қатынастардың, ең алдымен, облыс-аудан деңгейіндегi анықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге, әрбiр басқару деңгейінің дербестiгін күшейтуге, сондай-ақ тиімді бюджет саясатын жүргізуге бағытталған. Бюджет кодексiне сәйкес бюджетаралық қатынастар ресми трансферттер мен бюджеттiк кредиттер арқылы, облыстық және аудандық бюджеттер арасында, сондай-ақ кiрiстердi бөлу нормативтерiмен реттелетiн болады. Ресми трансферттер жалпы сипаттағы ресми трансферттер, ағымдағы мақсатты трансферттер, дамуға мақсатты трансферттер болып бөлiнедi.

Аумақтардың экономикалық дамуының тым күштi саралануы салдарынан кiрiс базасының өңiрлер арасында бiркелкi бөлiнбеуiне байланысты халықтың мемлекеттік сектордың қызметтер көрсетуiне тең қол жеткiзуiне жету үшiн өңiрлердiң бюджеттiк қамтамасыз етiлу деңгейiн теңестіру саясаты жүргізiледi. 2005 жылдан бастап үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемін айқындау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған жалпы сипаттағы ресми трансферттерді есептеу әдістемесі негізінде жүргізіледі.

Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы бюджеттік субвенциялар мен алып қоюлардың 2009-2011 жылдарға арналған көлемі Қазақстан Республикасының Заңымен, ал облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетері арасында – абсолютті көріністе облыстық мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген. Бюджеттік субвенциялар мен алып қоюлардың көлемі әр үш жыл сайын өзгертілуі тиіс, осыған байланысты 2009 жылы 2010 – 2012 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемі туралы Қазақстан Республикасы Заңының және облыстық мәслихаттар шешімдерінің жобалары әзірленеді.

Орта мерзiмдi кезеңге  арналған субвенциялар мен алып қоюлардың  мөлшерiн бекiту тұрақтылығы жергiлiктi атқарушы органдардың салық әлеуетiн ұлғайтуға мүдделілігін, жергілікті бюджеттердiң шығыстарын жоспарлаудың анықтығын қамтамасыз етедi. Жергiлiктi атқарушы органдар республикалық бюджет жобасының жасалуын күтпей, жергілiктi бюджет жобасын қалыптастыруды жүзеге асыруға мүмкiндiк алады. Жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң үш жылдық көлемiнiң әрекет ету кезеңiнде мақсатты ағымдағы трансферттер бюджетаралық қатынастарды реттеу құралы болады. Алдағы кезеңде төмен тұрған бюджеттерге қосымша функциялардың шығасыларды тиісті өтеусіз жүктелуiне жол бермеу қағидаты қатаң сақталады.

Жоғары тұрған органдар жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң  үш жылдық көлемiнiң әрекет ету кезеңінде  жергiлiктi бюджеттер шығыстарының ұлғаюына немесе кiрiстерінiң азаюына әкеп соғатын нормативтік құқықтық актiлердi қабылдаған жағдайда, төмен тұрған бюджеттердiң шығасыларын өтеу мақсаты ағымдағы трансферттердi бөлу жолымен жүргізіледi. Нысаналы трансферттерді тек мақсатты бағытына сәйкес пайдалану мүмкiндiгiне байланысты, оларды пайдалану тиiмдiлігін бақылауды күшейтуге ерекше назар аударылатын болады. Қазіргі таңда Қазақстандағы қаржы жүйесі ел экономикасының негізін құраушы буын болып табылатындықтан, елбасымыз жыл сайынғы кезекті 2009 жылғы жолдауында да еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында және дамыған бәсекелестік қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін осы қаржы жүйесін басқару арқылы, оны тиімді және ұтымды пайдалану қажет екенін атап өтуі де бекер емес. Қазіргі кезеңде негізгі шаруашылық қызметтің аймақтарда жүзеге асырылатындығын ескерсек, оларға әлеуметтік -экономикалық мәселелерді өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып табылады. Осымен байланысты бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді ажырату, бюджетаралық қатынастарды реттеу мәселелері еліміз аймақтарының экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін негізгі шарттар ретінде қарастырылады.

Алдағы үш жылдық кезеңде  билікті одан әрі орталықсыздандыруға, мемлекеттік басқару жүйесін  реттеуге және оның тиімділігін арттыруға  бағытталған атқарушы билік реформасы жалғасады. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және Жергілікті өзін өзі басқаруды қолдаудың және дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленеді. 2010 жылдан бастап мәслихаттардың бақылау өкілеттіктерін кеңейту көзделіп отыр. Бюджетаралық қатынастар саясаты жүргізілген жұмыс нәтижелерімен үйлестіріледі.Мемлекет қаржысын басқаруды жетілдіру мақсатында осындай көптеген шаралар жүзеге асырылуда.

 

 

3.2

Қахақстандағы мемлекеттік  қаржыларды нарық талаптарына сәйкес басқаруды дамытудың перспективалы  бағыттары


Экономикалық өсуге  жәрдемдесу және Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары бәсекеге қабілеттілігіне  қол жеткізу мақсатында  мемлекеттік қаржылық және материалдық ресурстарды құру және пайдалану кезінде операциялардың айқындығын және уақтылы жүзеге асырылуын, дұрыс есепке алынуын және сенімді бақылануын қамтамасыз ету.

Әлемдік қаржылық қоғамдастық  айтарлықтай дамыған, тұрақты және прогрессивті түрде эволюцияланатын қаржылық жүйелердің бірі ретінде жіктелетін, тиімді жұмыс істейтін мемлекеттік қаржыны басқару жүйесі.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкес еліміздің Үкіметі әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарларын барынша азайту, отандық экономиканы ықтимал сыртқы тәуекелдерден қорғаудың алдын алу шараларын әзірлеу жөніндегі шараларды қабылдауда.

Қойылған міндеттерді  шешу мақсатында еліміздің басты  экономикалық ведомстволарының бірі және бюджеттің атқарылуы бойынша  уәкілетті орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ең алдымен салық салу, кеден ісі, бюджеттің атқарылуы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, мемлекеттік сатып алу саласында және басқа да бірқатар маңызды қызмет түрлерінде мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Бюджеттің атқарылу сапасын  жақсарту

Қаржы министрлігінің түйінді  функцияларының бірі бюджеттің толық  және уақытылы атқарылуын қамтамасыз ету болып табылады, сондықтан Қаржы министрлігі бюджеттердің атқарылуына және мемлекеттік мекемелердің шоттарына қазынашылық қызмет көрсетудің сапасын арттыру және мемлекеттік сатып алу процесінің тиімділігін оңтайландыру және арттыру, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің қаражатын пайдалану кезінде қаржылық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда.

Қазіргі уақытта Қазынашылық  жүйеде 15 мыңға тарта мемлекеттік  мекемелерге қызмет көрсетіледі, 3 мыңға  жуық Қазынашылық жүйені пайдаланушылар нақты уақыт режимінде мемлекеттік бюджет қаражаттарын есепке алу және жұмсау рәсімдерін жүргізе отырып, Қазынашылықтың ақпараттық жүйесінде операцияларды жүзеге асырады. Күн сайын орташа есеппен 25 мың төлем, Қазақстандық банкаралық есептер отралығынан күн сайын орташа есеппен 30 мың түсімдер қабылданады, айдың соңында бұл көрсеткіштер екі есе артады, себебі осы кезеңде мемлекеттік органдар негізгі төлемдерді (еңбекақы, жәрдемақы, салықтар және т.б.) жүргізеді. Осыған байланысты, сондай-ақ бюджеттің атқарылу рәсімдерінің маңыздылығын ескере отырып, Қазынашылықтың тікелей міндеті жүйенің өнімділігіне жүктеме артқан кезде, әр бір қаржылық операцияның уақытылы жүргізілуін қамтамасыз ету болып табылады.

Негізгі проблема трафиктің  өсуіне және жүйенің өнімділігіне жүктеменің артуына байланысты құжаттарды өңдеуде және есептілік нысандарын беруде іркілістер болып табылады.

Осыған байланысты, қаржы  құжаттарының өсу қарқынын ескере отырып, Стратегиялық жоспарда Қазынашылықтың ақпараттық жүйесін қазынашылық  пен клиент (мемлекеттік мекеме) арасындағы өзара іс-әрекет бөлігінде жетілдіру жөніндегі міндеттер көзделген. Қазынашылық жүйесін дамыту шеңберінде 2010 жылы  мемлекеттік органдармен электронды құжат айналымын құру бойынша «Қазынашылық- клиент» атты бағдарламалық өнім (бұдан әрі – Жүйе) әзірленді.

Жүйенің мақсаты қазіргі  заманғы, кірістірілген және жоғары тиімді ақпараттық ортаны қалыптастыру арқылы Қазынашылықтың қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелерімен өзара  іс-әрекеттің тиімділігін арттыру  болып табылады, жалпы алғанда, Жүйенің  енгізілуі мемлекеттік органдарға қызмет көрсету рәсімдерін жеделдетуге мүмкіндік береді.

Жүйені дамыту мен  оның таралымы келесі басқарушылық міндеттердің тиімді орындалуын қамтамасыз етеді:

  1. ақпаратты сақтау мен өндірудің қазіргі заманғы жоғары тиімді технологияларын қолдана отырып, Қазынашылық ақпараттық жүйеге құжат мәліметтерін автоматтандырылған енгізуді бірыңғайлау, оңайлату және жеделдету.
  2. қазынашылық өңдейтін мәліметтердің жеделдігін, нақтылығын, сенімділігін, ашықтылығын арттыру.
  3. құжаттардың дұрыстығын растау, құжаттарды келісу процессін оңтайлату және байланыс желілерін қорғаудың құралдарын пайдалану үшін – Электронды сандық қол қоюды (ЭСҚ) – ақпаратты қорғаудың қазіргі заманғы құралдарымен біріктіру.

Қазіргі таңда пилоттық аймақта тәжірибелік пайдалануға Жүйені енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мүдделі тараптармен өзара іс-әрекет жасауды регламенттейтін құжаттар, сондай-ақ Жүйені қодану бойынша ережелер әзірленіп бекітілген, Жүйені қолданушылар үшін оқытып үйрету семинарлары жүргізілуде. Жүйеде ЭСҚ заңдық мәнді құралдарымен мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығымен бірігу жүргізілді.

«Қазынашылық – клиент»  жүйесін іске қосу нәтижесінде 2011 жылдан бастап мемлекеттік органдарға дистанциялық қызмет көрсету қамтамасыз етіледі, бұл өз кезегінде қазынашылық органдарының мемлекеттік мекемелерімен өзара қарым-қатынасында жұмыс тиімділігін арттыра түседі және тиісінше, ол бюджеттердің атқарылуының сапасын жақсартады.

Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімі бөлігінде «жалғыз терезе» принципі бойынша мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру және жүргізу мақсатында мемлекеттік сатып алу «электронды мемлекеттік сатып алу ақпараттық жүйесі» веб-порталы жасалды.

Веб-порталда 2011 жылдың жарты жылдығының қорытындысы бойынша электронды мемлекеттік сатып алудың 19384 қатысушылары тіркелген (бұдан әрі – ЭМС). Сонымен қатар, ЭМС-тің тапсырыс берушілердің, ұйымдастырушылардың және әлеуетті берушілердің өкілдеріне 20546 пайдаланушылардың аттары мен парольдері берілген.

Тек электронды сатып  алуды пайдаланудан 2011 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша шартты үнем пайыздық мәнде 31,68пайыз (бюджеттен бөлінген 829 млн.теңге жалпы сома көлемінде ЭМС-тің жеңімпаздары ұсынған жалпы сомасы 566 млн.теңгені құрады) болады.

Электронды форматта сатып алуды жүргізу мәселесі, түпнұсқаландыру мен ЭСҚ сертификаттарын  алу бойынша Қазақстанның барлық аймағында ақпараттық науқандар  мен түсіндірушілік жұмыстары жүзеге асырылды.

Бірақ, баға ұсыныстарын  сұрау салу әдісімен мемлекеттік сатып алуда ЭМС үлес деңгейі төмен болып қалып отыр. Бұл, ең алдымен әлеуетті берушілер тарапынан электронды мемлекеттік сатып алуға қатысу ықыласының жоқтығына байланысты, сондай-ақ және де:

- әлеуетті өнім берушілердің  көпшілігінде компьютерлік және ұйымдастырушылық техниканың жоқтығы, тиісінше ЭМС-та жұмыс істеу шашығының болмауы;

- шалғай жердегі ауылдық  аймақтың веб-порталда жұмыс істеуге  мүмкіндік беретін компьютерлік  техникамен жеткіліксіз қамтамасыз  етілуі. Телефонды байланыс желісінің техникалық параметрлері барлық жерде модемнің іркіліссіз жұмыс жасауын қамтамасыз етпейді.

Сөйтіп, егер барлық баламалы нұсқалар тек жалғыз мүмкін боларлық  сатып алуларды тек электронды түрде  жүргізгенде ғана тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу рәсімдерін «байланыссыз» жүргізу идеясын іске асыру мүмкіндігі болады. Сондықтан, мемлекеттік сатып алудың веб-порталында келесі модульдер әзірленген:

- есептілікті жинау  және қорыту статистикасын, сондай-ақ  тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді  сатып алуда қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпарат;

- мемлекеттік сатып  алулардың жылдық жоспарларын  ұсыну;

- баға ұсыныстарына  сұрау салу әдісімен сатып  алу.

Бұл ретте, іс-шараларды  жүзеге асыру қолданыстағы заңнамалық базаға өзгерістер енгізбейінше және мемлекеттік сатып алудың веб-порталының ақпараттық – коммуникациялық мүмкіндіктерін одан әрі жетілдірмейінше мүмкін емес (қазіргі таңда байқау әдісі мен бір көзден алу әдісі арқылы ЭМС модульдері әзірленуде), сондықтан Стратегиялық жоспарда ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алу жүйесін енгізуге бағытталған міндеттер көзделген.

Информация о работе Қаржыны басқару