Қаржыны басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 19:19, дипломная работа

Описание

Нарықтық экономикада қаржылар бүкіл аймақтық шаруашылықтық қызмет етуін ретке келтіретін негізгі шарт болып табылады. Сондықтан мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мен басқару ел экономикасы үшін маңызды рөл атқарады. Осы тұрғыдан қарастырғанда дипломдық жұмыс тақырыбы қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналған. Бүгінгі ел экономикасының дамуында мемлекеттік қаржысы үлкен рөл атқарады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

1
Қаржыны басқару жүйесін ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік аспектілері............................................................................................................5
1.1
Қаржыны басқару түсінігі, түрлері және жүзеге асу шарттары......................5
1.2
Қаржылық басқару жүйесінде мемлекеттік реттеудің атқаратын ролі.........10
1.3
Қаржыны басқарудың шетелдік тәжірибесі және оларды отандық тәжірибеде қолданудың әдістемелік негіздері................................................14

2
Қаржыны тиімді басқару жүйесін ұйымдастыру үдерісін зерттеп-талдау (Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаменті мысалында).......................................................................................................21
2.1
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің қызмет көрсету механизмін зерттеп-талдау................................................................................21
2.2
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің қаржыны басқару жүйесіндегі негізгі қызметтері мен ұйымастырушылық құрылымына талдау жасау....................................................................................................................28
2.3
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің бюджет салалары бойынша қаржылық ресурстарды басқару, қадағалау және атқару қызметіне сараптама жасау..................................................................................................32

3
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржыларды басқару жүйесін дамытудың перспективалы бағыттары.......................................40
3.1
Мемлекеттік қаржыларды басқару механизмін жетілдіру – әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді теңдестірудің негізгі міндеті........................40
3.2
Қахақстандағы мемлекеттік қаржыларды нарық талаптарына сәйкес басқаруды дамытудың перспективалы бағыттары..........................................47

Қорытынды..............................................................................................................61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................64
Қосымшалар............................................................................................................67

Работа состоит из  1 файл

ДР қаржыны басқару.doc

— 663.50 Кб (Скачать документ)

Сонымен жұмысшыны бағалаудағы еңбекақының ролі, еңбекті ынталандыру, еңбекақы төлеудің марапаттау жүйесі және де Қазынашылық Депараментіндегі еңбекақы төлеу мәселелері қарастырылған. Еңбекақы мен мотивация арасында тығыз байланыс бар. Қазіргі күнде мотивацияға байланысты еңбекақы төленіп, жұмысшы еңбегі бағаланады, немесе еңбекақы төлеуге байланысты жұмысшы, яғни қызметкер жұмыс істеуге ынталып, еңбек өнімділігін арттырып отырады.

Бүгінгі таңда нарық талабына сай Қазақстан Республикасы үшін, оның экономикасының дамуы үшін елде кәсіпорындар мен компаниялардың тиімді жұмыс істеулері, жұмысшылардың еңбек ақысының жоғары болуы, жұмысшылардың өнімді еңбек етуі үшін өте қолайлы жағдайлар жасалулары және кәсіпорында еңбекті және еңбекақы төлеуді тиімді етіп ынталандыру қажет.

Қазіргі уақытта қызметкерлерді ынталандыру саясаты маңызды сипатқа ие. Бұл саясатта, персоналды басқару кезінде, әлеуметтік-экономикалық және  әлеуметтік психологиялық тәсілдер, әкімшілік тәсілдерден басым болуы керек. Басшылық алға қойылған мақсаттарға жету үшін, басшы мен персонал арасындағы байланысты жақсартуға бағытталуы керек. Департаментке жаңа қызметткерлерді тарта отырып, ұжымдық принціпті дамыту қажет. Ол өз кезегінде персоналды интенсивті және жемісті еңбекке итермелейді. Қазынашылық департаменттегі жақсы орындалған жұмысқа марапаттау құрылымы төмендегі 6-кестеде көрсетілген.

 

Кесте 6

Ақтөбе облысы бойынша  Қазынашылық департаментіндегі ынталандыру құрылымы

Марапаттау түрі

Нақты

%

Ранг

Құрмет қағазы

20,1

2

Марапат грамотасы

12,8

3

Үздік қызметкер атағын беру

5,2

5

Персоналға ақшалай  сыйлық беру

37,6

1

Шипажайға жолдама

0,3

7

Қымбат сыйлықтар

10,1

4

Үкіметтік наградалар

1,5

6

Ескерту – Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің деректері негізінде автормен құрастырылған.


 

6-кесте мәліметтеріне сәйкес Департамент жұмысшылары жақсы атқарылған жұмысқа  ақшалай сыйақылар алады. Сыйақыларды әрбір жұмысшы алады, бірақ оның деңгейі Қазынашылық департамент және оның құрылымдарының қызмет нәтижесіне байланысты. Департамент жұмысшыларына ақшалай сыйақылар 2000 теңге көлемінде тоқсан сайын бір рет беріледі. Сыйақылар Қазынашылық комитет төрағасының мемлекеттік мекеме жұмысшыларын сыйлықтардыру туралы 19.03.2005 жылдағы №39 бұйрығына сәйкес төленеді. Қызметкер ісінің нәтижесін марапаттауға құқық беретін көрсеткіштер болып келесілер табылады:

- мемлекеттік және еңбек дисциплинасының сақталуы;

- белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижесі;

- қызмет міндеттемелерін, ерекше маңыздағы тапсырмаларды және қиындықтарды байыпты орындауы және жұмыстағы өзге де жетістіктер;

- алдын ала қарастырылмаған және күттірмейтін жұмыстың орындалуы;

- Қазынашылық департамент басшылығының тапсырмалар және іс шараларды өз уақытылы және сапалы орындау;

- мерекелік, кәсіби мейрам және туған күндер;

- қызметке сәйкес жоғары профессионалды деңгейі.

Департаментте сонымен қатар, мемлекеттік тілді белсенді оқып жүргендерге ынталандырушы төлемдер қарастырылған.

 

 

2.2

Ақтөбе облысы бойынша  Қазынашылық Департаментінің қаржыны  басқару жүйесіндегі негізгі қызметтері мен ұйымастырушылық құрылымына талдау жасау


Басқару  адам  қызметінің  барлық  аясына, соның  ішінде  қаржы  қызметіне  де  тән  нәрсе. Ол  белгілі  бір  нәтижеге жету  үшін  субъектінің  объектіге  нысаналы  ықпал  етуінің  тәсілдері  мен  әдістерінің  жиынтығы.

Адамдардың  саналы, мақсатты  қызметі  ретіндегі  басқару  экономикалық  заңдардың  объективті  заңдылықтары  мен  талаптарына  негізделген. Осы  заңдардың  талаптарын  танып  білуге  сүйене  отырып, мемлекеттік, шаруашылық  және  қоғамдық  органдар  арқылы  қоғам қаржыны, бағаны, кредитті  және  тағы  басқаларын  қоса, өндірістік  қатынастардың нысандарын  саналы  түрде басқарады. Қазынашылық  комитетінің  ұйымдық  құрылымы  Қаржы  министрлігі  құрамындағы  Қазынашылықтың  орталық  аппаратынан  және  оған бағыныштағы  аймақтық  бөлімшелерден  тұрады.

Қазынашылық органдар  мынадай міндеттер мен функцияларды  орындайды:

  1. Республикалық  бюджетті  ұйымдастыру, оның  кассалық  атқарылуын  жүзеге асыру, жергілікті  бюджеттерге есеп-қисаптық кассалық  қызмет көрсету  және  мемлекеттік  бюджеттің  орындалуын  бақылау;
  2. Касса  бірлігі  қағидатын  негіздей  отырып, қазынашылықтың  шоттарындағы  ақша  қаражаттарын  басқару;
  3. Республикалық  және  жергілікті  бюджеттер  арасында  өзара  есеп  айырысуды  енгізу;
  4. Республикалық  және  жергілікті  бюджеттер  арасында  салықтарды  және  басқа  міндетті  төлемдерді  бөлуді  қамтамасыз  ету  және  оларды  түрлі  деңгейлердің  бюджеттеріне  есептеу;
  5. Мемлекеттік  мекемелердің  валюталық  операцияларын  басқару  және  есепке  алу, оларды  жүргізген  кезде  заңнамалықтың  сақталуы  жөнінде  тексерулер  ұйымдастыру;
  6. Мемлекеттік  қаржысының  мән-жайы  туралы  ақпаратты  жинау, өңдеу  және  талдау;
  7. Республикалық  бюджеттің  қолма-қол  ақшасының  ағынын  болжау;
  8. Мемлекеттік  сыртқы  қарыздарды  және  мемлекеттің  кепілдігі  бар  мемлекеттік  емес  ішкі  қарыздарды  өтеу  және  қызмет  көрсету  кезінде  ақша  аударуды  жүзеге  асыру;
  9. Бухгалтерлік  есеп  пен  бюджет  жүйесіндегі  есептемені  және  қазынашылық  органдары  жүйесіндегі  ішкі  аудитті  дамыту  және  жетілдіру;
  10. Қазынашылықтың  құзырына  жататын  мәселелер  бойынша  есептік  операцияларды  жүргізудің  тәртібі  туралы  әдістемелік  және  нұсқаулық  құжаттарды  әзірлеу;

Қазынашылық  қызметкерлерінің  мемлекеттің  қаражаттарын  пайдаланатын  мемлекеттік  кәсіпорындардың, мемлекеттік  билік  пен басқару органдарының, мемлекеттік  банктердің  қаржы-бухгалтерлік  службаларын  тексеруге  құқы  бар. Олардың  лауазымды  адамдардан  қаржы  заңнамасын  бұзуды  жоюды  талап  етуге  құқы  бар. Қазынашылық  службаларына  қазынашылық  төлем  операцияларының  орындалуын  тоқтата  тұруға, бюджет  ақшасын  мақсатсыз  пайдалану  фактілері  анықталған  жағдайда  оны  қайтарып  алуға  және  жұмсауға  тиым  салуға, ақшаны  бюджетке  өндіріп  алуға құқық  берілген, сонымен  бірге  қазынашылық  бюджет  қаражаттарын  үнемді  жасауға  мүмкіндік  туғызуы тиіс.

Ақтөбе облысы бойынша  Қазынашылық Департаментінің құрылымында 6 басқарма, 17 бөлімше, 12 аудандық бөлім жұмыс жасайды. Жалпы жұмыскерлер саны 193 адамды құрайды. Тәжірибелі білікті мамандар мен қатар ұжымда жас кадрлар жұмыс жасайды. Департаменттегі әр басқарманың өзінің атқаратын қызметі мен функциялары бар. Төлемдерді бекіту басқармасы:

- Сақталған шоттардың дұрыстығын тексеру;

- Төлеуге арналған шоттарды тексеру;

- РБ бойынша төлемдерді бақылауды жүзеге асыру;

- ЖБ  және өзге шоттар бойынша төлемдерді қалыптастыру;

- ЖБ бойынша төлемдерді бақылауды жүзеге асыру;

- Төлеуге арналған қате шоттарды тосқауылдау;

- Соңғы нұсқаларды алғашқы құжаттармен құжаттармен тексеру;

- Тәулік құжаттарын тіркеу.

Ішкі бақылау басқармасы. Ішкі бақылаудың құрылымы келесі бөлімдерден тұрады:

- Департамент басшылығына тексерулер нәтижесін ұсыну ;

- орындау органдарының жергілікті бақылауы;

- мемлекеттік мекеменің бақылауы;

- мемлекеттік кәсіпорынды бақылауы;

- заңды және жеке тұлғаларды бақылауы, гранд қолданушылар мемлекеттік активтер, мемлекеттік зайымдарды қолдану;

- бюджеттің негізін алуды бақылау;

Мемлекеттік мекемені тексеру  кезінде, мемлекеттік мекеме Қазақстан  Республикасының заңға сәйкес тәртіп бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік мекемені бақылау объектісі болып қаржы мен бюджет табылады. Тексеру бойынша алулардың бюджеттік негізін бақылау сұрағын қолдана отырып, бюджеттік негіздер Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келеді. Субъектілер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органы мемлекеттік мекемелер, жеке және заңды тұлғалар, бюджеттік негізін қолданушылар, жеке тұлғаларға қаржылық қызмет көрсету соның ішінде азаматтық құқықтық келісім барлық сатыларда бюджеттік негіздерге жүктеледі. Ішкі бақылауды жүргізу қызметі құжат болып табылатын субъектінің басқарушысының бұйрығымен бақылауды тағайындайды.

Төлеуге арналған шоттарды енгізу басқармасы. Республикалық бюджет бойынша төлеуге арналған шоттарды енгізу бөлімі:

- РБ бойынша төлеуге арналған шоттарды енгізу

- РБ бойынша қосымша қорларды және тапсырыстарды тексеру;

- РБ бойынша шоттарды реттеу;

- Зейнетақы аударымдары бойынша файлдарды тексеру;

- Еңбекақы бойынша файлдарды тексеру;

- Жергілікті бюджет бойынша төлеуге арналған шоттарды енгізу бөлімі:

- ЖБ бойынша төлеуге арналған шоттарды енгізу;

- ЖБ бойынша қосымша қорларды және тапсырыстарды тексеру;

- ЖБ бойынша шоттарды реттеу;

- Зейнетақы аударымдары бойынша файлдарды тексеру;

- Еңбекақы бойынша файлдарды тексеру;

Шарттарды тіркеу басқармасы

Мемлекеттік мекеме шарт жасасуы Қ.Р-ның заңнамасына сәйкес жүзеге асырылып, мынадай қызмет атқарады:

- РБ-тің мемлекеттік  мекемелерінің азаматтық-құқықтық  келісімдерін тіркеу;

- РБ бойынша берілген  құжаттар бойынша төлем негізділігін  тексеру;

- РБ бағдарламаларындың  паспорттарын жинау;

- Тәулік құжаттарын  түптеу;

- ЖБ-тің мемлекеттік  мекемелерінің азаматтық-құқықтық  келісімдерін тіркеу;

- ЖБ бойынша берілген  құжаттар бойынша төлем негізділігін  тексеру;

- Жергілікті бюджеттік  бағдарламалардың паспорттарын  жинау;

- Тәулік құжаттарды  жинау.

Нақтыланған бюджеттердің қалыптастырылған базасының қайталама  көшірмесінде бөлінетін бюджеттік  бағдарламалар бойынша сондай-ақ басқада кейінгі орынды өзгерістер бойынша қаржы жылының басынан  бастап қолда бар анықтамалар  енгізіледі,нәтижесінде түзетілген бюджет қалыптастырылады.

Құжаттарды қабылдау басқармасы

- Берілген құжаттар  бойынша мөрлер мен қойылған  қолдардың нұсқаларын тексеру;

- Төлем құжаттарын  толтыру дұрыстығын тексеру;

- Мемлекеттік мекемелер  құжаттарының толықтығын тексеру   және оларды сәйкес басқармаға беру;

- Агенттік келісімдерінің  есебін жүргізу және чектік  кітапшаларды беру.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескерту – Ақтөбе облысы бойынша  Қазынашылық Департаментінің деректері  негізінде автормен құрастырылған.

 

Сурет 2. Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің ұйымдық құрылымы

Мемлекеттік бюджетті атқару басқармасы:

- Республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша есеп жасау;

- РБ мемлекеттік активтер есебін жүргізу;

- РБ-тен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамаларын жүргізу бойынша Қазынашылық комитетке жолдама;

- Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын  мемлекеттік мекемелердің анықтамаларын жүргізу бойынша Қазынашылық комитетке жолдама;

- ЖБ-ті қаржылардырудың анықтама жоспары  және ЖБ-тің мемлекеттік мекемелерінің жекелеген жоспарын енгізу;

- ЖБ бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарын енгізу;

- Кассалық шығындарды қайта қалыптастыру;

- ЖБ бойынша кассалық шығындар мен келісімдерді, жоспарларды қайта қарауды жүзеге асыру;

- ЖБ мемлекеттік мекемелерінің активтер есебін жүргізу.

- Түсімдерді бюджетке тіркеу;

- Түсімдер бойынша анықталмаған соммаларды 902 шотқа енгізу,

- Табыстарды бөлудің екінші кезеңі және КБК бойынша табыстарды қайта бөлу;

- Сәйкес бюджеттер арасында бөлу нормативтерін енгізу;

- Мемлекеттік мекемелер шоттары бойынша және өзге шоттар бойынша түсімдерді тіркеу;

- Түсімдерді 902 шоттан төлемдер басқармасына қайтару үшін құжаттар дайындау және ұсыну.

Қазынашылық бюджеттің  орындалуы Қ.Р-ның заңнамасымен белгіленген және мемлекеттік мекемемен берілген құжаттар негізінде аумақтық қазынашылық бөлімшелерімен іске асырылады. Осылайша әр басқарма белгілі бір қызметтер атқарады екен.

 

 

2.3

Ақтөбе облысы бойынша  Қазынашылық Департаментінің бюджет салалары бойынша қаржылық ресурстарды  басқару, қадағалау және атқару қызметіне сараптама жасау


Нарықтық қатынастар жағдайында жергілікті басқару органдарының қызмет ету саласы кеңейе түсті, сондықтан олар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, демографиялық мазмұндағы мәселелерді шешуде өз бетінше әрекет ете алады. Жергілікті басқару органдарына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын, мемлекеттік қаржыларын тиімді басқаруды, бюджеттік сала құрылымын қайта құру, аумақтың экономикалық өркендеуі үшін қолайлы шарттар қалыптастыру сияқты аса маңызды міндеттерді жүзеге асыру жүктеледі.

Ақтөбе облысының дамуында тұрғындарға қызмет көрсету іс-шараларын қаржыландыру негізінен жергілікті қаржы ресурстары арқылы іске асырылады. Келесі қаржылық жылдың облыстық бюджетінің жобасы облыстың жергілікті атқару органы арқылы облыстық мәслихатқа ағымдағы жылдың 15 қазанынан кешіктірілмей ұсынуы керек. Сонымен бірге, жергілікті атқарушы орган келесі жылдың бюджетінің жобасымен қатар төмендегідей құжаттар мен материалдарды ұсынуы тиіс:

Информация о работе Қаржыны басқару