Қаржыны басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 19:19, дипломная работа

Описание

Нарықтық экономикада қаржылар бүкіл аймақтық шаруашылықтық қызмет етуін ретке келтіретін негізгі шарт болып табылады. Сондықтан мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мен басқару ел экономикасы үшін маңызды рөл атқарады. Осы тұрғыдан қарастырғанда дипломдық жұмыс тақырыбы қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналған. Бүгінгі ел экономикасының дамуында мемлекеттік қаржысы үлкен рөл атқарады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

1
Қаржыны басқару жүйесін ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік аспектілері............................................................................................................5
1.1
Қаржыны басқару түсінігі, түрлері және жүзеге асу шарттары......................5
1.2
Қаржылық басқару жүйесінде мемлекеттік реттеудің атқаратын ролі.........10
1.3
Қаржыны басқарудың шетелдік тәжірибесі және оларды отандық тәжірибеде қолданудың әдістемелік негіздері................................................14

2
Қаржыны тиімді басқару жүйесін ұйымдастыру үдерісін зерттеп-талдау (Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаменті мысалында).......................................................................................................21
2.1
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің қызмет көрсету механизмін зерттеп-талдау................................................................................21
2.2
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің қаржыны басқару жүйесіндегі негізгі қызметтері мен ұйымастырушылық құрылымына талдау жасау....................................................................................................................28
2.3
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің бюджет салалары бойынша қаржылық ресурстарды басқару, қадағалау және атқару қызметіне сараптама жасау..................................................................................................32

3
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржыларды басқару жүйесін дамытудың перспективалы бағыттары.......................................40
3.1
Мемлекеттік қаржыларды басқару механизмін жетілдіру – әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді теңдестірудің негізгі міндеті........................40
3.2
Қахақстандағы мемлекеттік қаржыларды нарық талаптарына сәйкес басқаруды дамытудың перспективалы бағыттары..........................................47

Қорытынды..............................................................................................................61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................64
Қосымшалар............................................................................................................67

Работа состоит из  1 файл

ДР қаржыны басқару.doc

— 663.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

Кіріспе..........................................................................................................................3

 

1

Қаржыны басқару  жүйесін ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік  аспектілері............................................................................................................5

1.1

Қаржыны басқару түсінігі, түрлері және жүзеге асу шарттары......................5

1.2

Қаржылық басқару жүйесінде  мемлекеттік реттеудің атқаратын  ролі.........10

1.3

Қаржыны басқарудың шетелдік тәжірибесі және оларды отандық тәжірибеде қолданудың әдістемелік негіздері................................................14

   

2

Қаржыны тиімді басқару жүйесін ұйымдастыру  үдерісін зерттеп-талдау (Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаменті мысалында).......................................................................................................21

2.1

Ақтөбе облысы бойынша  Қазынашылық Департаментінің қызмет көрсету механизмін зерттеп-талдау................................................................................21

2.2

Ақтөбе облысы бойынша  Қазынашылық Департаментінің қаржыны  басқару жүйесіндегі негізгі  қызметтері мен ұйымастырушылық  құрылымына талдау жасау....................................................................................................................28

2.3

Ақтөбе облысы бойынша  Қазынашылық Департаментінің бюджет салалары бойынша қаржылық ресурстарды  басқару, қадағалау және атқару қызметіне  сараптама жасау..................................................................................................32

   

3

Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік қаржыларды басқару  жүйесін дамытудың перспективалы  бағыттары.......................................40

3.1

Мемлекеттік қаржыларды басқару механизмін жетілдіру – әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді теңдестірудің негізгі міндеті........................40

3.2

Қахақстандағы мемлекеттік  қаржыларды нарық талаптарына сәйкес басқаруды дамытудың перспективалы бағыттары..........................................47

   

Қорытынды..............................................................................................................61

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................64

Қосымшалар............................................................................................................67


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Нарықтық экономикада қаржылар бүкіл аймақтық шаруашылықтық қызмет етуін ретке келтіретін негізгі шарт болып табылады. Сондықтан мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мен басқару ел экономикасы үшін маңызды рөл атқарады. Осы тұрғыдан қарастырғанда дипломдық жұмыс тақырыбы қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналған. Бүгінгі ел экономикасының дамуында мемлекеттік қаржысы үлкен рөл атқарады. Мемлекеттің қаржысы бұл ақша қаражаттарынан тұрып, ол қаражаттар тұрғындардың әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықты сақтауға, қорғаныс пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады.

Қазақстан Республикасының қаражатын  Республика Парламентінде қарап бекітеді және жылдардағы қаржының орындалуын қарайды. Атқарушы органдардың ішінде қаражатты басқарушы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі және оның жергілікті жердегі басқармаларына жүктеледі. Қаржы саясаты негізінен мемлекетте болып жатқан экономикалық және әлеуметтік қарым-қатынастарға қарай болашақтағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді істелетін жұмыстарға бөлінетін қаражаттарды бөлу мен жұмсау жатады. 

Сөйтіп, қаржы бұл мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілерде ақшалай табыстар мен жинақтарды қалыптастыруға, оларды қоғамның әлеуметтік және басқа да қажеттіктерін қанағаттандыру үшін ұлғаймалы ұдайы өндірісіне пайдалануға байланысты жалпы қоғамдық өнім құны мен ұлттық байлықтың бөлігін бөлу және қайта бөлу үдерісінде туындайтын ақша қатынастары. Қаржының қызмет етуінің шарты болып ақшаның болуы ал қаржының пайда болуының себебі болып мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қамтамасыз ететін ресурстарға деген қажеттік танылады.

Ал, қаржыны басқару – бұл қаржыға және шектес экономикалық-әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау үдерісі және қаржылық қатынастардың бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржылық саясатты жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Бұл ретте белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде басқару қаржылық механизм арқылы оның әдістері, тұтқалары ынталандырмалары мен санкциялары көмегімен жүзеге асырылады. Сөйтіп, қаржыны басқару – бұл тиісті қаржылық саясатқа жетудің мақсаты, қаржылық механизм бұл мақсатқа жетудің құралы, қаржылық саясат қаржыны басқарудың тиісті үдерісінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Осылайша қазіргі кезде қаржыны басқарудың экономикалық ролі артып, одан әрі жетілдіру қажеттілігі туындауда.

Жалпы, қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржының тәуелсіздігі болып табылады.

Қазіргі уақытта қаржыны  басқаруды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Көбінесе қаржыны оперативті басқарудың нәтижесі қаржы субъектілерінің – қаржы органдарының, салық комитеттері мен қаржы полициясының және ұлттық шаруашылық салаларындағы қаржы бөлімдерінің толып жатқан аппаратының жұмысының қалай ұйымдастырылып отырғанына байланысты болады. Қаржылық аппараттың жұмысының қалай ұйымдастырылу дәрежесі жоғары болуы тиіс. Бұл қаржы құрылымдарының барлық жұмыскерлерінің біліктілігі мен жеке білгірлігіне жоғары талаптар қояды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – қазіргі нарықтық қатынастардың тереңдеуі мен дамуы жағдайында қаржыны басқарудың негізгі мазмұнын ашу, жаңа нарықтық заманға сай басқару жүйесін енгізу және басқару құрылымдарымен таныстыру болып табылады.

Осы мақсатқа сай, жұмыстың алдында мынадай міндеттер қойылды:

- қазіргі экономикалық ғылым тұрғысынан қаржыны басқарудың мазмұны мен табиғатын зерделеу;

- қаржыны басқарудың қаржылық  саясатпен өзара байланысын анықтау;

- қаржыны басқарудың тиімділігін  арттырудағы қаржылық жоспарлаудың  орны мен ролін негіздеу;

- қаржылық басқаруды нарық шарттарына сәйкес жүргізудің негізгі әдістемелік принциптерін анықтау;

- нарықтық экономиканың даму  талаптарына сай қаржыны басқарудың  тиімді ұйымдастырылуын жетілдіруге  бағытталған ұсыныстар жасау.

Зерттеу пәні қаржыны басқаруды  жетілдіру мәселелеріне қатысты зерттеулердің теориялық, әдістемелік және тәжірибелік аспектілерінің жиынтығы болып табылады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу  объектісі болып «Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаменті» табылады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттермен, қосымшалардан тұрады.

Дипломдық жұмысты жазу барысында зерттеудің негізгі әдістері (жүйелік әдіс, салыстырмалы, экономикалық талдау, статистикалық топтамалар) қолданылды.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде Қазақстан Республикасының бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының бағдарламалары, шетелдік және отандық ғалымдар еңбектері мен Қазақстанның қаржылық жағдайына қатысты мәліметтер қолданылды.

Жалпы, жұмысты жазу барысында қаржыны басқару мәселесіне қатысты қазіргі отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімдік баспасөз және ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарлардың материалдары алынды.

 

 

1

Қаржыны басқару жүйесін  ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік  аспектілері

1.1

Қаржыны басқару түсінігі, түрлері және жүзеге асу шарттары


Қаржыны  басқару – бұл қаржының  шектеулі  экономикалық  және  әлеуметтік  жүйелерге  оларды  жетілдіру  және  дамыту  мақсатымен  ықпал  жасау  процесі  және  қаржы  қатынастарының  бүкіл  жиынтығының  тиімді  жұмыс  істеуіне  және  мұнын  негізінде  тиісті  қаржы  саясатын  жүргізуді  қамтамасыз  ету  жөніндегі  мемлекет (қаржы  органдары  арқылы)  шараларының  жиынтығы. Сөйтіп, қаржыны  басқару – бұл  тиісті  қаржы  саясатына  жетудің  мақсаты, қаржы саясаты – қаржыны басқарудың  тиісті  процесінің  түпкілікті  қорытынды нәтижесі. Бұл  орайда  қажетті  нәтижеге  жету  үшін  объектіге  мақсатты  ықпал  жасаудың  әдістері  мен  тәсілдері  пайдаланылады. Қаржы  жүйесінде  оны  басқаруды  арнаулы  аппарат  ерекше  тәсілдер  мен  әдістердің, соның  ішінде  әр  түрлі  ынталандырулар мен санкциялардың  көмегімен  жүзеге  асырады (А қосымшасы).

Қаржыны басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқару қаржы ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде көрінеді. Оны дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы органдары – Президент аппараты, Парламент, Үкімет, Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Президентіне көп жағдайда Президент аппараты арқылы қаржыны басқаруға үлкен өкілеттік берілген:

  1. Республикалық бюджетті әзірлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру тәртібін айқындайды;
  2. Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы қағиданы бекітеді, оның құрамын айқындайды;
  3. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше мемлекеттік бюджет енгізу туралы шешім қабылдайды және оны әзірлеу тәртібін айқындайды;
  4. Мемлекеттегі жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының қаржы –кредит және бюджет саясатының негізгі бағыттарын айқындайды;
  5. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес құрады және ол туралы қағиданы бекітеді; Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемі мен бағыттары жөнінде шешімдер қабылдайды. Ұлттық қорды қалыптастыру және  пайдалану туралы есептерді бекітеді;
  6.   Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспарын бекітеді және  Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қаржыны жалпы басқару  Қазақстан Республикасының заң  шығару қызметін жүзеге асыратын елдің  ең жоғарғы өкілді органы – Парламентке жүктелген. Палаталардың бірлескен отырысында Парламент Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы  туралы есептерін бекітеді, республикалық бюджетті, сондай-ақ республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, бекітеді, салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды, мемлекеттік қарыздар мен республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескерту – ғылыми-зерттеу нәтижесінде  автормен құрастырылған.

 

Сурет 1. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің сызбасы

 

Парламенттің құзырында  қаржы проблемаларын шешу заңнамалық актілерді – Қазақстан Республикасының заңдары мен Парламент қаулыларын талқылауға және кейін дауыс беруге енгізу жөніндегі заңнамалық бастама құқында жүзеге асырылады. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдар шығарады, негізгі қағидалар мен нормаларды белгілейді, олар: салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге, республикалық бюджетке, білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға, елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметіне, айналадағы ортаны қорғауға, меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға қатысты.

Парламенттің жұмыс  органдары тұрақты негізде жұмыс  істейтін сенат пен мәжілістің тұрақты  комитеттері – экономика, қаржы, бюджет комитеттері болып табылады. Комитеттерде заңнамалық актілер оларды Парламенттің палаталарында дауысқа салуға енгізгенге дейін анықталады.

Қазақстан Республикасының  Үкіметі – Министрлер кабинеті Республика Президенті белгілейтін тәртіппен Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді. Мұндай есепті Үкімет Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне де табыс етеді, қарыз алуды жүзеге асырады, Ұлттық қорға активтерді есептеу, Ұлттық қорды пайдалану тәртібін айқындайды, төменгі бюджеттерден жоғарғы бюджетке бюджеттік алымның және жоғарғы бюджеттен төменгі бюджеттерге бюджеттік субвенцияларды аудару тәртібі мен кезеңділігін айқындайды, Қазақстан Республикасының заңдарына және Президенттің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Информация о работе Қаржыны басқару