Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері және шетелдік тәжірибесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 12:57, курсовая работа

Описание

Қаржылық жоспарлау - бұл қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Ол экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқының қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай элементтеріне ақшамен қауыштырылған бөлудің қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасауына ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігіне байланысты ақшалай нысанда жүзеге асырылады.

Содержание

Кіріспе
I. Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері
1.1. Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары
1.2. Қаржылық жоспарлаудың жүйесі
1.3. Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер
ІІ. Қаржыны жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі
2.1.Қаржыны жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі (Франция мемлекеті)
ІІІ. Нарықтық экономикадағы қаржыны жоспарлаудың жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Қаржылық жоспарлау.docx

— 71.33 Кб (Скачать документ)

6. Экономикалық математикалық  әдістер ЭВМ-ді пайдалана отырып есеп-қисаптардың көп нұсқалылығы жағдайларында ең жақсы шешімдерді таңдау үшін қолданылады.

Қаржылық жоспарлауда тарихи мына ұйымдық қағидаттар қалыптасты: ведомстволық, салалық, аумақтық және предметтік-мақсатты.

  

1.2. Қаржылық жоспарлаудың  жүйесі

     Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорланымдарын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді. 
      Басқарудың барлық деңгейлеріндегі жасалынатын саны көп қаржы жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілері бойынша сыныптаған орындар. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді: жиынтық және бастапқы қаржы жоспарлары.  
      Жиынтық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік қаржы ресурстарының қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу процестерін белгілейді. 
      Нысаны бойынша олар әрқашан жиынтық жоспарлар болып табылады, бірақ бұл оның жалғыз ғана белгісі емес. Сонымен бірге министрліктердің, ведомстволардың қаржы жоспарларының да құрамалық сипаты болады, бірақ олар қаржы ресурстарының қозғалысын тек нақтылы саланың, ведомствоның шегінде ғана жобалайтындықтан, олар бастапқы жоспарларға жатады. Жиынтық қаржы жоспарлары ең алдымен өзінің мазмұнымен, ресурстардың объектісімен және сферасымен, жоспарлау әдістерімен және арналымымен ерекшеленеді.  
      Қазіргі кезде жиынтық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік, салалық, аумақтық жоспарларды кіріктіреді. Мыналар жалпымемлекеттік болып табылады: мемлекеттің жиынтық қаржы балансы, мемлекеттік бюджет, республикалық бюджет, бюджеттен тыс қорлар. 
      Жиынтық қаржы балансы деп орта мерзімді (бесжылдық) кезеңге арналған дамудың жалпымемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады. Оны жасаумен Қаржы министрлігінің, Ұлттық  банктің белсенді қатысуымен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі айналысады. Аймақтарда баланстын есеп қисаптарын аймақтық органдар жүргізуі тиіс. Жиынтық қаржы балансында мемлекеттің, меншіктің барлық нысанының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын қалыптастырудың құрамы мен көздері және ұдайы өндіріс пен қоғамдық , қажеттерге (әлеуметтік мәдени шараларға, қорғанысқа, басқаруға) оларды пайдалану қамтып көрсетіледі. 
      Баланстың кіріс бөлігі мыналарды кіріктіреді: таза табыс, тұтынуға салынатын салықтар (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден баждары), амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияяларының түсетін түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің ресурстары, ұзақ мерзімді несиелендірудің көздері. 
      Шығыстар бөлігінің аса маңызды көрсеткіштері: экономиканы дамытуға жұмсалатын   шығыстар  (күрделі  жұмсалымдарды  қаржыландыру, айналым қаражаттарының өсіміне жұмсалатын шығындар, мемлекеттік субвенциялар); сыртқы экономикалық операциялар жөніндегі шығыстар; әлеуметтік мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар; басқару мен қорғаныс шығыстары; қысқа мерзімді кредит салымдарының және ұзақ мерзімді кредит беруге арналған қаражаттардың өсімі. 
     Жиынтық қаржы балансы сөйтіп ұлттық шаруашылықтын қаржы ресурстарын сипаттайтын қаржылық көрсеткіштердің жүйесі болып табылады. Жиынтық қаржы балансына қамтылатын көрсеткіштердің құрамы оның елдің әлеуметтік экономикалық даму жоспарының материалдық және қаржылық үйласімдерінің теңгерімділігін қамтамасыз етудің тетігі болып табылатындығын көрсетеді. Бесжылдық мерзімге (жылдарға бөле отырып) жасаған кезде бұл баланс қаржы және ақша кердеит қатынастарын дамытудың ауқымы мен сипатын алдын ала айқындайды. Жиынтық қаржы балансы ірілендірілген көрсеткіштер бойынша оларды министраліктер мен ведомстволарға нақтылы бекітусіз жасалынадын. Мәселен, онда қарастырылған таза табыстың сомасы субъектілер, яғни мекен жайлары бойынша бөлінбейді. Шығыстардада сондай. Бұл баланстың көмегімен мемлекеттік бюджет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы жоспарларын жасау процесінде жүзеге асырылатын атаулы қаржылық жоспарлау үшін негіз қаланады.  
     Дүние жүзінің барлық елдерінде оперативтік қаржы жоспары мемлекеттік бюджет болып табылады. Оны жасаудың керектігі мемлекеттің ақша ресурстарының көздері мен ауқымын анықтаудың және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оларды ұтымды бөлудің қажеттігімен туындайды.  
      Мемлекеттік бюджет қаржы жоспарлары мен болжамдары мен жүйесінде бастысы болып келеді, өйткені олардың қалыптасуы мен орындалуына ол белсенді ықпал етеді, мемлекеттің түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен және халықпен өзара қатынастарын айқындай отырып оларды үлестіреді. Бюджет белгіленетін жалпы мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды орындауда, демек, мемлекеттің функциялары оның ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.  
      Бюджет баланс нысанында жасалады, онда ағымдағы кезеңде арналған елдің, оның аумақтарының экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларына сәйкес бүкіл кірістері мен шығыстары жоспарланады. Сонымен бірге түсім көздерінің толық жиналуына бюджет қаражаттарының ұтымды бөлінуіне және бюджеттің тапшылықсыз теңестірілуіне баса назар аударылады.  
      Аса маңызды оперативтік қаржы жоспары болып табылатын мемлекеттік бюджеттің жиынтық қаржы балансының бірқатар елеулі айырмашылықтары бар. Онда мемлекеттің барлық кірістері емес тек оның орталықтандырылатын бөлігі қамтып көрсетіледі. Жиынтық қаржы балансында мемлекеттің кірістері мен шығыстары туралы мәліметтер ірілендірілген түрде бүкіл ұлттық  шаруашылық  бойынша  келтіріледі,  ал  мемлекеттік  бюджетте олар тәптіштелініп (нақтыланып) көрсетіледі. Бюджетте оған түсетін төлемдерінің нақты атаулары мен оларды төлеушілер, арналымы және оларды алушылар көрсетілген.

 

1.3.  Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер

   Басқаруда және  шаруашылық қаржылық қызметті  жоспарлауда қаржылық көрсеткіштер  шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың және жалпы ұлттық  шаруашылықтың ақшалай табыстар  мен қорланымдарын жасаумен және  пайдаланумен байланысты қызметтің  түрлі жақтарын сипаттайтын жоспардың,  есептің немесе есеп қисаптың  мәліметтері пайдаланылады. Олар  абсолюттік және салыстырмалы  мөлшерлерде тұлғаланады.қаржылық  көрсеткіштер сан және сапа  түрінде белгілі бір қаржы  экономикалық категорияны, қосалқы  категорияны, қаржы қатынастарының  элементі бейнелейді. 
     Шаруашылық жүргізуші төменгі буындарында, мысалы, мынадай аса маңызды абсолюттік қаржылық көрсеткіштер қабылданады:  
     өнімді өткізуден түсетін табыс; 
     өткізілген өнімнің өзіндік құны; 
     жалпы табыс; 
     кезең шығысы;     
     негізгі қызметтен түсетін табыс; 
     табыс салығының сомасы; 
     таза табыс. 
     Айрықшалықты көрсеткіштер  банк, сақтық қызметтерінде, зейнетақы және басқа қорларды пайдаланылады. 
     Салық салу кезінде жиынтық жылдық табыс, жиынтық жылдық табыстан шегерімдер, салық салынбайтын табыс, айналым және импорт сияқты және басқа көрсеткіштер қолданылады. Мемлекеттік қйымдар мен мекемелерде жалпы және жеке элементтер бойынша шығыстырдың  көрсеткіштері қолданылады.  
     Ұлттық шаруашылық деңгейдегі қаржылық көрсетікштер мемлекеттің қаржы ресурстарының ауқымы мен құрылымын, мемлекеттік бюджет және басқа қаржы жоспарлары арқылы олардың бөлінуін, экономиканың түрлі салаларының рентабелділігін және бюджетке төленетін табыстың үлесін сипаттайды. Мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастырудың тиімділігі жалпылама бағалауды қаржы ресурстары ауқымының жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табысқа қатынасын сипаттайтын көрсеткіштер атқарады. 
     Қаржылық көрсеткіштерді есептеу кезінде нормалар мен нормативтер пайдаланылады, олар қаржы жоспарларын, болжамдарын, бағдарламаларын ғылыми негіздеуге арналған. 
     Нормалар мен нормативтер салыстырмалы немесе абсолюттік шамаларда (пайыздарда, коэффициенттерде, өнімді өлшеудің натуралды бірліктерінде, уақытта, ақша өлшемінде) тұлғаланады. 
     Қаржылық жоспарлауда қаржы ресурстарын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың ең төменгі, орташа және  жоғарғы шекті нормалары мен нормативтері   қолданылады.  Жиынтық   қаржылық   жоспарлауда   көбінесе  
орташа нормалар мен нормативтер, нақтылы шаруашылық органдарының қаржылық    көрсеткіштерін    жоспарлағанда    жеке    дара     нормалар    мен   
нормативтер пайдаланылады. 
      Қаржылық нормалар мен нормативтері сондай-ақ бекітілетін және есеп қисаптық болып бөлінеді. Бекітілетін нормалар мен нормативтер қолданыстағы заңнамамен белгіленеді, есеп қисаптықтары ішкі жоспарлауда пайдаланылады. Бекітілетіндерге салық мөлшерлемелері, әлеуметтік қажеттерге, бюджеттен тыс қорларға аударылатын аударымдардың нормалары, есеп қисаптарға аударымдардың нормалары және кәсіпорындар мен ұйымдардың қорлану және тұтыну қорларын, негізгі қорларды жөндеу қорын жасау нормативтері және кәсіпорындар мен мекемелердің қаржы қызметін реттейтін басқалары жатады. Сандай ақ бірыңғай нормалар мен нормативтер болып ажыратылады, әр түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен салалар үшін амортизациялық аударымдардың нормалары және сараланған түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерде түрліше болатын айналым қаражаттарының нормалары мен нормативтері. 
     Көптеген қаржылық көрсеткіштер бір мезгілде нормалар, нормативтер немесе лимиттер бола алады, мысалы, табыстылықтың деңгейі, түрлі қаржы қорларының атаулары көрсеткіштер де, нормативтер де немесе лимиттер де болып табылады. Қызметтің қаржы нәтижелерін жоспарлау мен болжау

процестеріндегі қаржы механизімінің  бұл қозғалмалы элементтерінің тығыз  тоқайласуы, өзара байланысы мен  өзара іс қимылы байқалып отыр.

 

ІІ.Қаржыны жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі 
2.1.Қаржыны жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі (Франция мемлекеті) 
     Франция әлемдегі жоғары дамыған бес мемлекет қатарына кіреді. Франция ЖІӨ көлемі жағынан АҚШ, Жапония және Германиядан кейінгі төртінші орында.  
     Экономикада маңызды орынды ғылыми зерттеулер және ақпараттық қызмет көрсетулер алады. Франция шетел инвестицияларын тікелей тарту бойынша әлемде төртінші орында. Инвесторлар мемлекеттегі қаржы тұрақтылығын, ғылыми зеттеулердің жоғары деңгейін, алдыңғы қатарлы техникаландырылған өндірісті тағы басқа маңызды факторларды ерекше бағалайды. Экспорт бойынша Франция мына мемлекеттермен байланыста: Европалық  қауымдастық : 63%( Германия  16%, Ұлыбритания 10%, Испания 9%, Италия 9%, және АҚШ 8%). Импорт бойынша байланыстағы елдер: Европа қауымдастығы 62%( Германия 16%, Ұлыбритания 8%, АҚШ 7%, Бельгия – Люксенбург 11%). 
     Бюджет сипаты: кірістер – 210  млрд доллар, шығыстар – 240 млрд доллар. Экспорт – 325 млрд доллар. Импорт – 320  млрд доллар. 
     Дамыған мемлекеттер ішінде Францияны айрықша ерекшелейтіні ЖІӨ-гі салықтық түсімдердің жоғарғы үлесі мен әлеуметтік қор жарналарының жоғарлағандығы. Франциядағы салық жүйесіне тән ерекшелік – тікелей  салық салудың төмен деңгейі мен жанама салықтардың жоғары деңгейі. Жанама салықтар жалпы бюджет табыстарының 60% береді, негізінен бұл ҚҚС-ғы (оның үлесі 45%). Ал, тікелей салықтар ішінде басты рөлде жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы ие, оның үлесі жалпы түсімдердің  20% құрайды.Қазіргі кезде Франция үкіметі салық саясатын өзгертуде, жұмыссыздық деңгейін төмендетуде күрделі қадамдар жасауда. 
     Францияның қаржы жүйесі өзінің көп салалығымен ерекшеленіп: жалпы бюджет, қазынашылықтың арнайы шоттары, біріккен бюджеттер, арнайы қорлар, жергілікті қаржылар және мемлекеттік кәсіпорын қаржыларынан тұрады. 
     Мемлекеттік бюджетке жалпы ел қаржыларының 47%, жергілікті бюджетке 9%, әлеуметтік сақтандыру қорына 4%, мемлекеттік кәсіпорындарға шамамен 4% үлесі тиеді. 
     Мемлекеттік бюджет – бұл мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясаттарын сипаттайтын қаржы жүйесінің негізгі саласы. Франциядағы  мемлекеттік қаржылардың айрықша бөлігінің бірі-біріккен бюджеттер. 
     Біріккен бюджет құрамында: ағымдағы іс қызметтерге байланысты табыстар мен шығыстар, инвестициялық шығыстар мен оларды жабуға бөлінген арнайы ресурстар. Біріккен бюджеттер сальдосы жалпы бюджетке көрсетіледі, егер біріккен бюджеттердің қаражаттары жеткіліксіз болса субсидиялар жалпы бюджеттен бөлінеді. 
     Франциядағы мемлекеттік қаржылардың дамуы басқа елдердегідей бюджет  шығындарының  өсіп  отыруымен  сипатталуда. Ұлттық табыстағы  
мемлекеттік шығындар үлесі жылдан жылға өсуде. Бүгінгі таңда бұл үлес 50% құрайды. 
     Францияның 2001 – 2015 жылдар аралығында көзделген мақсаттары мен жоспарлары. Кейінгі жылдардағы Францияның даму ерекшеліктері экстенсивті сипатта байқалады.Бұл бағыт еңбекпен қамту саласын кеңейтумен тікелей байланысты. Макроэкономикалық өзгерістер жағымды факторлармен айқындалуда, атап айтқанда жұмыссыздықпен күрес. 2002 -   2004 жылдарға аралығында еңбекке жарамды халықтың ішінде жұмыссыздар үлесі 12,5% дан 19,7% - ға төмендеді. 2004 жылдың қаңтар айында мемлекет   тарапынан кәсіпкерлікті қолдау мақсатында үлкенқадам жасалып  бағдарламасын жарияланады. Бағдарламадағы негізгі мақсат – салық ауыртпалығын азайтып, 2006 жылғы ЖІӨ - ң  43,7% дейін салық ауыртпалығын төмендету.  
      Францияның қаржы минстрлігінің мәліметтеріне сәйкес, 2005 жылғы елдегі бюджет тапшылығы салықтардың төмендетілгеніне қарамастан бекітілген болжамнан төменірек болып шықты. Бұл көрсеткіш 205 млрд франктен асқан жоқ, 2004 жылдың аяғында 215 млрд франк шамасында болып қалуы мүмкін деген болжамға қарамастан 2005 жылдың қаңтар айында шыққан үш жылдық  жоспар бойынша Франция 2006 жылы салықтық төлемдерді жылына 40 млрд франкқа қысқарту арқылы бюджет тапшылығынан арылуды мақсат етті. Бұл процесс 2006 жылы басталып кетті. Жуық арадағы 15 жыл бойы шаруашылық дамуы Батыс Еуропа аймақтарының жалпылама даму тенденцияларына сәйкестендіріліп жүргізіледі деген сенім бар. Осы кезең аралығында Францияның орташа жылдық өсу қарқыны кем дегенде 2,4 – 2,6 % шамасында болуы тиіс. Франция үшін жеке бизнес саласын қолдап, әсіресе бәсеке қабілеттілігін жоғарлату қажет. Еңбек нарығын реттеу арқылы жұмыссыздықты әлде қайда төмендетуге болатынын Франция әлде қашан түсініп, оған қажетті шараларды іске асыруда.

 

ІІІ. Нарықтық экономикадағы  қаржыны жоспарлаудың жетілдіру  жолдары.

Қазақстан Республикасындағы  коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіружолдары. 
     Азаматтардың тұрғын үй проблемаларын шешу және Астана мен Алматы қалаларында жылжымайтын мүлік рыногын жандандыру үшін “Самұрық – Қазына” қоры арқылы ипотекалық кредит берудің және тұрғын үй секторын дамытудың арнайы бағдарламасы іске қосылатын болады. Осы бағдарламаны қаржыландыруға Қор Ұлттық қордың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қарыз қаражатын тарту есбінен қалыптастырылатын 5 млрд. АҚШ доллары (600 млрлд. теңге ) мөлшерінде сома беретін болады. Осы бағдарламаның қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы Алматы және Астана қалаларында құрылыс аяқталмаған тұрғын үй кешендерін аяқтауға қарыздар беру қамтамасыз етілетін болады. 
     Екінші деңгейдегі банктер мен тұрғын үйді әділ бағасы бойынша сатуға дайын құрылыс салушы компаниялар осы бағдарламаға қатысушылар болады. 
     Жылжымайтын мүлік рыногындағы ахуалды  тұрақтандыру жөніндегі бағдарламаның негізгі параметрлері: 
1) “Самұрық – Қазына” қоры екінші деңгейдегі банктерде жеңілдікті ставка бойынша 15 жылға бірқатар несиелік желілер ашатын болады. Өз кезегінде екінші деңгейдегі банктер қарыз алушылардың әр түрлі топтарына ипотекалық кредиттерді мерзімінен бұрын өтеу құқығымен 10.5%- 12.5% - бен  15 жыл мерзімге дейін беретін болады. 
2) Қаражаттың бір бөлігі жаңа қарыз алушылар үшін түпкілікті ставканың 10.5 % деңгейінде болуын және 2009 жыл бойы іске асырылуын көздейтін жаңа ипотекалық бағдарламаға жіберілетін болады. Осы бағдарлама халыққа ипотека бойынша жеңілдікті ставкалармен және тұрғын үйдің қолжетімді бағасы бойынша тұрғын үй алуға мүмкіндік береді. Екінші деңгейдегі банктер құрылыс аяқталмаған нысандардан пәтерлер сатып алуға ипотекалық қарыздар беру жолымен қарыз алушы  құрылыс компаниялармен ахуалды түзертуге және кредиттік портфельдің сапасын елеулі дәрежеде жақсартуға мүмкіндік алады. 
3) Екінші деңгейдегі банктер бұған дейінгі кезеңдерде алаңы 120 шаршы метрден аспайтын тұрғын үй алуға ипотекалық қарыз алған және осы ипотекалық қарызға қызмет көрсету бойынша өз міндеттемелерін адал орындаған, қарыз алушының, ипотекалық қарыз алуды қамтамассыз ететін тұрғын үйді қоспағанда, басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда кредит желісінің бір бөлігін қарыз алушылар үшін ипотекалық қарыз бойынша пайыздық ставкаларды 10.5% - 12.5-ға дейін төмендетуге бағыттайтын болады. 
4) Өз кезегінде мемлекет ұлттық компаниялардың және мемлекет қатысатын   акционерлік  қоғамдардың  атынан  Астана   және Алматы  
         қалаларының рыногынан әділ бағамен жаға тұрғын үйлер сатып алатын болады.  
     Үкімет, сондай ақ тұрғын үйге  қолжетімділікті қамтамассыз ету бойынша шаралар қабылдайтын болады. Бұл үшін қолданыстағы тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасына өзгерістер енгізілді.  
     Әкімдіктерге жеке құрылыс салушылардан пәтерлерді құрылыс аяқталған және дайындығы жоғары дәрежедегі нысандардан белгіленген  баға бойынша сатып алу құығы берілетін болады. Бұл тұрғын үй бағдарламасын іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік береді. 
     Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуді ұлғайту мақсатында арендалық тұрғын үй құрылысына 15 млрд. теңге жіберілетін болады. Бұл қосымша  265  мың шаршы метр арендалық тұрғын үйді пайдалануға беруге мүмкіндік береді. 
     Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған барлық обектілер тұрғын үй құрылыс жинақтарының жүйесі арқылы сатылатын болады. Бұл халықтың басым санаттарына жылдық дан аспайтын пайыздық ставка бойынша алдын ала тұрғын үй қарыздарын ұсынуға және тұрғын үй сатып алу үшін бастапқы салымның жинақталуына байланысты қиындықтарды болдырмауға мүмкіндік береді. 
     Үлескерлердің құқықтарын қорғауды арттыру мақсатында Үкімет үлестік құрылыс мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізетін болады. 
     Экономиканы отандық қаржы институттары тарапынан қаржыландырудың қысқаруы жағдайында шағын және орта бизнеске көмек көрсету жалғасатын болады. Мемлекеттік қолдау олардың салалық тиістілігіне қарамастан, шағын және орта бизнестің барлық субъектілеріне көрсетілетін болады.  
     Біріншіден, осы мақсаттарға “Самұрық - Қазына ” қоры 2009 жылы қосымша 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд теңге) бөледі. Бөлінетін қаражат шеңберінде 70% ағымдағы жобаларды қайта қаржыландыруға және 30% жаңа жобаларды іске асыруға бағытталатын болады. 
     Екінші деңгейдегі банктер шағын және орта бизнеске кредит беру бойынша барлық бағдарламалардың операторлары болады. “Самұрық- Қазына ” қоры бөлетін қаражат шеңберінде бір жобаны қаржыландыруға арналған лимит 3-тен 5 млн. АҚШ. долларына дейін өседі. 
     Үкімет “Самұрық-Қазына” қорымен бірлесіп шағын және орта бизнес үшін сыйақы ставкасын дағдарысқа дейінгі деңгейге дейін(14%-дан аспайтын) тұрақтандыру бойынша шара қабылдайды, сондай-ақ тиімді ставканы тағайындай отырып, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданған барлық бағдарламалар қайта қаралатын болады. 
     “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры шағын және орта бизнеске берілетін кредиттерге кепілдік беру тетігін енгізетін болады. 
     Екіншіден,”Самұрық-Қазына”қоры ауылдық жерде шағын кредит берудің, оның ішінде ауылдық кәсіпкерлерге кредит берудің бағдарламасын әзірлейді. 
     Үшіншіден, шағын және орта бизнес субъектілерін тұрақты тапсырыстармен қамтамасыз ету мақсатында олардың “Мемлекеттік сатып алу туралы” жаңа заңның қолданылуы шеңберінде мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың мемлекеттік тапсырыстарына қол жеткізуіне жағдай жасалады. 
     Жер қойнауын пайдаланумен және сервистік компаниялармен қазақстандық қатысуды ұлғайту бойынша жұмыс күшейтілетін болады. 
     Төртіншіден, Үкімет кәсіпкерлікті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді төмендету және рұқсат беру. 
     Агроөнеркәсіптік кешенді дамуға ерекше назар аударылатын болды.Агроөнеркәсіп секторын экономиканы тұрақтандыру мен сауықтыру бағыттарының бірі ретінде белгілеуге мүмкіндік беретін негізгі факторлар мыналар: 
1. Агроөнеркәсіптік кешен жұмыспен халықтың жалпы санының ын  шоғырландырады. Сондықтан ол халықты жұмыспен қамту деңгейін қолдауға бағытталған шаралардың орталық буыны б.т. 
2. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс жағымсыз экономикалық үрдістің әсеріне неғұрлым азырақ ұшырайды. 
3. Агроөнеркәсіптік кешен елдің азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндетті шешеді. 
      Республикалық бюджеттен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бөлінетін шығыстар 2009-2011 жылдары шамамен 350 млрд. теңгені құрайды. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға “Қаз Агро” холдингінен қосымша 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге ) көлемінде қаражат бөлінеді. Жобалар әлеуметтік - кәсіпкерлік корпарациялармен бірлесіп іске асырылатын болады. 
     Инвестициялар, ең алдымен, астық секторы, ет және сүт өнімдерін қайта өндеу және жеміс - көкеніс дақылдарын өндеу сияқты қолданыстағы секторларды қолдануға және жаңа экспортқа бағдарланған секторларды дамытуға бағытталатын болалды. Дамыған экспорттық инфрақұрылымдарды бар жылыжай шаруашылықтарының, көкеніс қоймаларының, құс фабрикаларының, тауарлы – сүт фермаларының, бордақылау алаңдары мен қасапханалар желілері құрылатын болады. Қазіргі заманғы ет өндеу кешендерін ұйымдастару, тамшылатып суару технологияларын қолданып жеміс - көкеніс дақылдарын өндіруді және биязы жүнді терең өндеуді дамыту, Қазақстан астығы экспортының инфрақұрылымын дамыту, аграрлық техникалық маркеттерді құру және дамыту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жөніндегі жобалар іске асырылатын болады. 
    

3.2. Қаржы секторын тұрақтандыру 
     Отандық банк жүйесін қолдау қажеттілігі оның елдің экономикалық жүйесіндегі маңызды рөлінің болуымен түсіндіріледі. Тәуелсіздік жылдарында отандық банктер отандық экономикалық жүйенің ажырамас бөлігіне айналған, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және оның нарық жағдайында дамуын ынталандыратын жетілдірілген қаржы жүйесін қалыптастырды. 
     Отандық банктерге қолдау жасай отырып, мемлекет олардың ішкі экономика мен нақты секторды кредиттеу көлемін сақтайтындықтарына, атап айтқанда, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруларына және ипотекалық несиелеу бойынша қолайлы жағдайды белгілейтіндіктеріне сенім артуда.  
     Мемлекеттің мақсаты - жалпы жүйе тұрақтылығын қолдау және сақтау. Бұл мақсаттар үшін Қазақстанда тиісті реттеу мен қадағалау, сондай-ақ депозиттерге кепілдік беру жүйесі бар. Жүйе тұрақтылығына қауіп төнген жағдайларда мемлекет банк секторына жағдайды тұрақтандыруға қажетті тәртіпте және көлемде қаржылық қолдау көрсетеді.  
     Мемлекет банктің борыштары бойынша ешқандай міндеттемелер алмайтыны сияқты банктердің операциялық қызметіне араласпайды. Ағымды жағдайда банктер банк депозиторларының мүдделерін барынша қорғалатындай етіп активтер мен пассивтерді тиімді басқаруды қамтамасыз етулері тиіс. Бұған қарамастан мемлекет қызметі ел экономикасының одан әрі дамуына ықпал ететін жүйе құраушы банктерге қатысты тұрақтандырушылық бастамаларымен шығады. 
     Қаржы секторын тұрақтандыру үшін мынадай шаралар қабылданатын болады: 
     Біріншіден, ол қарапайым және ерекше артықшылығы бар акцияларды сатып алу, сондай-ақ реттелген қарыздар беру арқылы төрт жүйе құраушы банктердің қосымша капиталдандыру. Бұл ретте банктерге мұндай мемлекеттік қолдау көрсетудің басты шарттарының бірі капиталды банк акционерлерінің өздерінің ұлғайтуы болып табылады. 
     Қазіргі таңда банктер берген қарыздардың 35.6%-ы құны айтарлықтай төмендеген жылжымайтын  мүліктермен және жермен қамтамасыз етілген. Бұл банктер активтерінің сапасын төмендетеді. Осыңан байланысты банк секторына шығындардың едәуір көлемі әлеуетті түрде жинақталуда. Банк секторын сауықтыру үшін Қаржы қадағалау агеттігі банктер құрған провизияларға қойылатын талаптарды арттырады. Бұл банктердің өз шығындарын мойындауына және оларды жасақталған провизиялар есебінен шығынға жазуына септігін тигізеді. Бірақ, банктердің провизияларды құруы үшін қосымша капитал қажет. 
     Банктерді қосымша капиталдандырудың жалпы сомасы кемінде 4 млрд. АҚШ долларын (480 млрд. теңге) құрайды, олардың ішінде: 
     1 млрд. АҚШ доллары (120млрд. теңге) төрт жүйе банктердің (Қазақстанның Халық банкінің, Қазкоммерцбанктің, Альянс банк пен ТӘБ - нің) қарапайым акцияларын сатып алу түрінде берілетін болады. 
     3 млрд. АҚШ доллары (385 млрд. теңге) реттелген борыш түрінде және дауыс беру құқығын бермейтін ерекше артықшылығы бар акцияларды сатып алу арқылы берілетін болады. 
     Берілген қаражатты банктер резервтердің барабар деңгейін қалыптастыруға және ел ішінде қарыз алушыларға кредиттер беруге жіберуі тиіс. 
     Мемлекет банктер капиталындағы бақылау пакетін сатып алмайды. Құны 2008 жылғы 24 қарашада, яғни банк ұсыныс жасаған күнге дейін Лондон және Қазақстан қор биржаларында акцияларға баға белгілеуге байланысты белгілі болатын банктердің дауыс беруші акцияларының 25%-ына дейін “Самұрық – Қазына ” қорының меншігіне түседі. 
     Мемлекет капиталданған банктердің ұзақ мерзімді қатысушысы болып қалмайды. Әлемдік қаржы дағдарысы бәсеңдеген және халықаралық капитал рыноктарына жол ашылған жағдайда “ Самұрық – Қазына ” қоры нарық қағидаттары бойынша акцияларды сату бағасы сатып алу бағасынан төмен болмауы керек. Банктердің акционерлері 5 жыл ішінде акциялардың мемлекеттік пакетін қайта сатып алатын құқыққа ие болады.“Самұрық – Қазына ” қоры банктердің сыртқы борыштарын қайта құрылымдау жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Банктер жеткілікті өтімділікке ие, ал қайта құрылымдау сыртқы қорландырудың шектеулі қолжетімділігіне байланысты қаржыландыру қаупін азайту тиіс. Егер сыртқы борыштарды қайта құрылымдау жөніндегі жұмыстың тиісінше тиімділігі болмаса және банктердің тәуекелдерге бейімділігі олардың депозиторларының мүдделеріне қауіп төндіретін болса Қаржы қадағалау агенттігі ең соңғы шара ретінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара ретінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес консервациялау рәсімдері шеңберінде банктердің активтері мен міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдауды жүргізуі мүмкін. 
     Екіншіден, Стресті активтер қоры құрылды. Оның қызметі қазақстандық банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға бағытталатын болады. Банктердің сенімсіз активтерін сатып алу және кейіннен оларды басқару осы мақсатты іске асырудың негізгі тетігі болады. Макроэкономикалық, нарықтық және басқа да факторлар әсерінен елеулі тәуекелдерге ұшырайтын активтер, банктердің жылжымайтын мүлік және жер кепілдігімен қарыздар баруі осындай активтер ретінде қарастырылады. 
     Банктерден мұндай қарыздарды сатып алу банктердің балансын өтімділігі аз активтерден тазартуға және банктерді өз шығындарын мойындауға мәжбүрлейді. Активтерді сатып алу Стресті активтер қоры айқындайтын дисконтты немесе тәуеклдерді бөлудің басқа нысанын баланстық құны бойынша жүзеге асырылатын болады. 
     2008 жылы республикалық бюджеттен Стресті активтер қорын капиталдандыруға алғашқы траншпен 52 млрд. теңге бөлінді. 2009 жылы Қордың жарғылық капиталы республикалық бюджет қаражаты есебінен 122 млрд. теңгеге дейін жеткізілетін болады.  
     Үшіншіден, банктердің міндеттемелеріне уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында өтімділіктің қосымша көздері ұсынылатын болады. Атап айтқанда, Ұлттық Банк репо операциялары бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылданатын құралдардың тізімін кеңейтетін болады. 
     Ресурстық базаны тұрақтандыру мақсатында ұлттық  компаниялардың, акционерлік  қоғамдардың, мемлекеттік   кәсіпорындардың және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың активтері Ұлттық Банктің басқаруындағы мемлекеттік ұйымдардың уақытша бос ақша қаражаты отандық банктердің депозиттеріне орналастырылатын болады. 
     Төртіншіден, қаржы секторында мемлекеттік реттеу жетілдірелетін болады. Қаржы қадағалау агенттігі пруденциалды реттеу шеіберінде банктердің сыртқы міндеттемелерін және тұтастай көтерме қаржыландыру деңгейін төмендету жөніндегі жұмыстарды жалғастыратын болады. Бұл ретте банк заңнамаларының қолданыстағы және жаңадан енгізіліп жатқан талаптары банктерді қорландырудың әртараптандырылған базасын құруға, яғни белсенді операцияларды көптеген жағдайда депозиттік база, атап айтқанда жеке тқлғалар есебінен қаржыландыруға ынталандыруы тиіс. 
     Таңдаулы  халықаралық практика негізінде банктердің капиталдандыру есебінің тәсілдері оңтайландыратын болады, бұл банк активтерін жанама факторлардың болуы мүмкін, оның ішінде экономика секторларында іскерлік белсенділіктің төмендеуі, жағымсыз сыртқы құбылыстарға ұшырау, айырбас бағамдарының күтіліп отырған тұрақсыздығы әсерін ескере отырып банктердің қосымша резервтерді қалыптастаруын көздейді.  
     Тәуекелді басқару жүйесіне және банктердегі ішкі  бақылауға талаптар күшейтілетін болады. Ең алдымен банктер өтімділікті жоғалту тәуекелі мониторингіге тәсілдерді елеулі түрде қайта өңдеуі тиіс болады, ал банктердің активтері мен пассивтерін басқару стресті ахуалдардың туындауын ескере отырып үлгіленуі тиіс.  
     Көрсетілген шаралар банктерге жекеше де, шоғырландырылған негізде де, сондай ақ банк конгломераты шеңберінде де қолданылатын болады. 
     Бесіншіден, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жаңа жағдайлардағы жұмыс істеу тетіктері пысықталатын болады. Зейнетақы қорларының салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Үкімет халықтың зейнетақы жүйесіндегі жинақтарының сақталуын, жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылары үшін ашықтықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, олардың хабардар етілуін және қаржылық сауаттылығын арттырды. 
     Халықтың зейнетақы қорларына барлық салымдарын мемлекет зейнетақы жинақтарын төлеу сәтіне инфляцияның деңгейінде олар бойынша кірістерді есепке ала отырып кепілдік береді. Үкімет азаматтарға зейнетақы қорларынан тұрақты төлем мониторингін жүзеге асыратын болады және жыл сайын инфляция есебі бойынша зейнетақы жарналары және зейнеткерлікке шыққан сәттегі іс жүзіндегі жинақтар арасындағы айырмашылықтың орнын толтыру үшін республикалық бюджетте жыл сайын қажетті қаражат көзделеді. 
     Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерін әртараптандыру үшін Үкімет пен “Самұрық - Қазына”қоры зейнетақы активтерін басым инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін тарту жөнінде шара қабылдайды, құрылған Стресті активтер қоры инвестициялық рейтінгі бар борыштық бағалы қағаздарды шығаруды қамтамасыз етеді. 
     Қаржылық қадағалау агенттігі жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық саясатын жетілдіруді, сондай ақ  зейнетақы активтерінің сақталуын және қорлар мен зейнетақы активтерін басқарушылардың жауапкершілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметін қадағалауды жалғастырады. 
     Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру. Экономикалық дамудың жүйелік проблемаларын шешу және халықты жұмыспен қамту деңгейін қолдау үшін ауқымды құрылыс жүргізу және инфрақұрылымды жаңарту қамтамасыз етілетін болады. Экономикалық өсуді қолдау мақсатында «Қазақстандық 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын іске асыру бойынша белсенді жұмыс жалғасатын болады. 
     Инфрақұрылымға, әсіресе электр энергетикасы секторына инвестициялар ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін зор маңызға ие.Инвестицияларды, ең алдымен, экономиканың шикізаттық емес секторына одан әрі тарту, инфрақұрылымдық проблемаларды шешуге байланысты болады. 
     Үздік әлемдік тәжірибе инфрақұрылымды дамыту экономикалық белсенділікті қолдау және дағдарыс кезінде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі барынша тиімді құралдардың бірі болып табылатындығын көрсетіп отыр. 
     Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға « Самұрық - Қазына » қоры қосымша 1 млрд. АҚШ долларын бөледі және  2009 жылы 3 млрд. АҚШ доллар мөлшерінде тікелей шетелдік инвестициялар тартылатын болды. Бұдан басқа,”Самұрық – Қазына” қорының жобаларын қаржыландыруға зейнетақы қорларының қаражаты тартылатын болады. 
    Электр энергетикасы саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін Үкімет келесі жылдан бастап әр жылдарға бөле отырып кемінде жеті жыл мерзімге арналған энергия өндіруші ұйымдардың тобы бойынша шектеулі тарифтерді бекітеді және оны бұған дейінгі жылдың итарифтерді бекітеді және оны бұған дейінгі жылдың инфляциясын ескере отырып жыл сайын түзететін болады. Электр энергиясына арналған шекті тарифтер жаңа активтерді құруға, электр энергиясындағы қазіргі энергия жинақтайтын қуаттарды кеңейтуге, жанартуға, қайта жаңалауға және техникалық қайта жарақтандыруға инвестициялар тартуды қамтамасыз ететін болады. 
      Электрожелілік активтерді дамыту үшін тарифтерге инвестициялық үлесті енгізу көзделуде. Осыған байланысты Үкімет электр желісіне қосылғаны үшін төлемді толығымен алып тастайды. 
     Үкімет энергияны үнемдеу және энергияның қайта жаңғыртылатын көздерін пайдалану жөніндегі шаралар кешенін қосымша әзірлейтін болады. 
     Үкімет халықтын нақты табыстарының сақталуы жөніндегі барлық шараларды қабылдайды және Мемлекет басшысының 2009 – 2011 жылдары әлеуметтік төлемдерді, зейнетақыны және бюджет саласының қызметкерлеріне жалақыны арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыруды қамтамасыз етеді. 
     Атап айтқанда, 2009 және 2010 жылдары зейнетақының, жалақы мен стипендиялардың мөлшері  25% - ға ұлғаятын болды. 2011 жылға қарай базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50% - ға дейін ұлғайтылатын болды.  
     Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың және арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері жыл сайын 9% - ға ұлғайып отырды.   
     2010 жылдан бастап, сондай – ақ 4 – ші және одан көп бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақының мөлшері 50 айлық есептік көрсеткішке дейін және бала бір жасқа толғанға дейін күтімі бойынша ай сайын жәрдемақы 2007 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2,5 есе ұлғаятын болды.  
     Кәсіпорындарда өндіріс көлемі төмендегі жағдайда Үкімет ірі компаниялармен қызметкерлердің жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізетін болды.

Информация о работе Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері және шетелдік тәжірибесі