Жоспарлаудың мәні және көрсеткіштері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 16:55, курсовая работа

Описание

Жұмыстың мақсаты - кәсіпорнының бизнес-жоспарларын тиімді өңдеп, өндірісте іске асуын басқару. Қойылған мақсатқа жету үшін жұмысты жазуда келесі нәтижелі міндеттер қойылды:
бизнес-жоспардың мәнінің, құрылымының және тиімділігінің теориялық негіздерін зерттеу;
кәсіпорынның бизнес-жоспар тиімділігін бағалау және әдістерін қолдану.

Работа состоит из  1 файл

Бизнес-жоспар.doc

— 213.50 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

Қазіргі нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында әрбір кәсіпорын  өзінің қызметін келешекте одан әрі  жалғастыру үшін, нарықтағы жағдайлардан хабардар болып, сонымен қатар бәсекелестік қабілеті болуы керек. Келешекте  кәсіпорын өзінің  қызметін тоқырау қаупінен сақтау үшін, өндірісінің тоқтап қалмауы үшін сырттан күрделі салымдар немесе банктерден несие алуы керек. Бұл жағдайда кәсіпорын банктен несие алу немесе сырттан күрделі салымдарды тарту мақсатында, оларға өзінің өнімнің көлемін, оған кететін шығындар жайлы құжаттар жасайды. Бұл жасалатын құжат бизнес-жоспар немесе күрделі салым жобасы деп аталады. Бұндай бизнес-жоспарлар қысқа мерзімге, орта мерзімге және ұзақ мерзімге жасалады.

Кәсіпорынды белгілі  бір кезеңге дамытуда пайда алу  мақсатымен мәмілені, жүзеге асырудың бағдарлама жоспары, көзделген мақсатқа қол жеткізуге бағытталған шаралар жүйесі бизнес-жоспарды құрайды. Бизнес-жоспардың инвестициялық және жекешелендіру жобаларын техникалық-экономикалық жағынан негіздеу кезеңінде әзірленеді. Бұл орайда бизнес-жоспардың күрделі салымшыға капиталдың қандай мақсатқа жұмсалатынын анықтау үшін қажет,  ал кәсіпорын жобаны іске асыру барысында іс-қимыл жасау бағдарламасын әзірлеу және басқару үшін қажет. Мұндай жоспарды кәсіпорынның сипаттамасы, оның әлеуметік мүмкіндіктері, ішкі және сыртқы ортаның бағасы, маркетингтік стратегиясы және кәсіпорынды дамыту туралы нақты деректер қамтылады. Онда ықтималдық тәуекелділік көрсетіледі, яғни жоспарда қауіп-қатердің болуы мүмкін екендігі ескеріледі және оны азайту шаралары белгіленеді. Кәсіпорынның бизнес-жоспар бөлімдерінің құрылымы мен көлемін дербес анықтайды, бірақта оларды дайындау кезінде мынадай факторлар ескерілуі тиіс. Оларға қолданылатын технологияның, нарықтың ерекшеліктері, бәсекелесуге қабілеттілік, өнімнің тауарлық көлемі белгілі мәселелердің пысықталу деңгейі жатады.

 

Осыны есепке ала отырып, бизнес-жоспар мәміле жүргізудің және осы негізде пайда табудың  жоспар бағдарламасы болып табылады. Бұл жүйе алға қойылған мақсатқа қол  жеткізуге бағытталған жоспарлы ұйымдастырылған экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік іс-шаралар әрекеті болып табылады.

Нарықтық қатынастары дамыған  елдерде үлкен, орта және кіші бизнес кәсіпкерлері жаңа істі бастау алдын, оны жан-жақты қарастырады. Бұл  түсінік, нарықтық конъюнктура талдауында негізделуді, өзіндік ресурстар мен мүмкіндіктердің шығуы, қаржылық есеп айырысу және өзіндік бизнес-жоспарды ұсынады. Оны ереже бойынша 3 жылға, ал үлкен жобаларды 5-10 жылға құрады. Бизнес-жоспарды жасаушылар жобанынң немесе жаңа істің мәнісін терең білуімен қатар, экономикалық негіздермен, нарықтық қимылды, әртүрлі болжаудың әдістерін қолдана білуі керек. Бизнес-жоспар статистикалық есеп беру құжатына жатпайды. Оны статистикалық мекемелермен, салық инспекцияларына жібермейді. Тәжірибеде, оны жасаудың мақсатты бағыты – несие алу мен серіктестікке шақырады. Банктер, инвестициялық қорлар және басқа да қаржылық нарықтағы субъектілер, кәсіпорынның бизнестегі потенциалды серіктестіктері, ең алдымен фирмамен және оның жобасымен бизнес-жоспар арқылы танысуды  талап етеді. Қатаң регламент  құрудың жоқтығына қарамастан, бизнес-жоспар халықаралық стандарттағы бизнеске жол ашады. Сондай-ақ әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бизнес-жоспар өзіңнің болашағыңды жақсы елестету үшін, тапсырмаларды анық түсіну үшін тиімді болып табылады.

Жұмыстың мақсаты - кәсіпорнының бизнес-жоспарларын тиімді өңдеп, өндірісте  іске асуын басқару. Қойылған мақсатқа жету үшін жұмысты жазуда келесі нәтижелі міндеттер қойылды:

      • бизнес-жоспардың мәнінің, құрылымының және тиімділігінің теориялық негіздерін зерттеу;
      • кәсіпорынның бизнес-жоспар тиімділігін бағалау және әдістерін қолдану.

Курстық жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, - кестеден, - сызбалардан және қосымшалардан  тұрады. Бұл курстық жұмыста екі  бөлімде қарастырылады.

Бірінші бөлім бойынша  кәсіпорынның бизнес-жоспар құру ұйымдастыру-экономикалық сипаттамасы, яғни, оның құрылу тарихы, басқару құрылымы және технико-экономикалық көрсеткіші туралы.

Екінші бөлімде, негізгі  тақырыбым бойынша, кәсіпорынның бизнес-жоспарын құру әдісі және оның өндірістік тиімділігінде алатын орны туралы жазылған. Бұл бөлімде жоспарды құрудың әдістері мен принциптерін, мазмұны мен құрылымын және қаржылық жағдайы жөнінде талдау көрсетілген, іс-жоспар тиімділігінің өлшемі және оны бағалау әдістері, оның өндірісте алатын тиімділік орны, тиімділікті бағалау әдістерінің жалпы сипаттамасы жөнінде талданған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлім 1. Кәсіпорынның бизнес-жоспарын құрудың теориялық  негіздері

1.1 Жоспарлаудың  мәні және көрсеткіштері

Нарықтық экономикада өнеркәсіптің тиімді еңбек етуі кәсіпорын жұмысын дұрыс жоспарлауға байланысты болып келеді. Кәсіпорынның негізгі жоспарларына кәсіпорынның даму жоспары, өндірістік бағдарлама кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық даму жоспары жатады.

Қазіргі уақытта кәсіпорынның даму жоспарын жасау барысында, жоспарлау методологиясын әрі қарай жетілдіруге көп назар аударылады.

Жоспарлау методолгисына  жоспарларды жасаудың түрлері мен  әдістері жатады. Жоспарлау методологиясын дамытудың негізгі бағыттары:

    • жоспарларды дамыған ғылыми-техникалық және есептік-экономикалық негіздеуді ұлғайту;
    • қажетті нормалар мен нормативтерді қолдану;
    • өндірісті техникалық-экономикалық негіздеу;
    • баланстық есептеулер жүргізу;
    • өндірістің тиімділігін арттыру көрсеткіштерінің, жүйесін жақсарту;
    • материал сыйымдылығын, қор сыйымдылығын азайту;
    • еңбек өнімділігін арттыру;
    • жоғарғы сапалы өнім шығаруды ұлғайту;
    • жоспарлардың ыңғайлығын, ықшамдылығын қамтамасыз ету және т.б.

Кәсіпорынның даму жоспарын прогрессивті техникалық экономикалық нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы негіздейді.

Норма дегеніміз - қандай да бір өнімді шығаруға кететін қажетті шикізат, материал, отын энергияның ең көп кеткен шығыны, ол абсолюттік шама болып есептеледі.

Норматив  дегеніміз - салыстырмалы шама, еңбек құрал-жабдықтарының қолданылуын көрсететін көрсеткіш.

Нормалар мен нормативтерді  жасаған кезде, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін, технологияның, өндірісті  және еңбекті ұйымдастырудың жетістіктерін, кәсіпорынның өндірістік қуатын кеңінен  қолдануды және алғы өнеркәсіптік тәжірибені есепке алып отыру керек.

Техникалық-экономикалық нормалар мен нормативтер мынадай  топтар бойынша жасалынады:

    • нақты еңбек шығындары (өнімді шығаруға кеткен уақыт шығыны, қызмет ету нормасы, жұмысшылар санының нормативі);
    • материалдық шығындары нормасы (шикізат, материал, отын, жылу энергия жабдықтардың үлестік нормалары);
    • еңбек құрал-жабдықьарын қолдану нормативтері (машиналары, ірі құрал-жабдықтарды, механизмдерді, құрал-саймандарды қолдану нормативтері);
    • өндіріс процесін ұйымдастырудың нормативтері (өндіріс циклының ұзақтығы, аяқталмаған өндірістің көлемі, шикізат, материалдар, отынның қорлары);
    • іске қосылатын кәсіпорын, өндірістер, цехтар мен агрегаттардың жобада берілген өндіріс қуатын игерудің нормасы. Бұл арқылы қуатының қаншалықты көлемде қолданылуы есептелінеді.

Нормалар мен нормативтер  әр түрлі жағдайларда қолданылады. Тірі еңбек шығындарының нормасы  еңбек өнімділігінің деңгейін, жұмыс  уақытының қолданылу деңгейін, еңбекақының  көлемін анықтауға қолданылады. Материалдық ресурстар шығынының үлестік нормасы арқылы қажетті материалдың жеке түрлері анықталады.

Нормалар мен нормативтер  өнімінің өзіндік құнын анықтау  үшін қолданылады.

Жоспарларды техникалық-экономикалық негіздеу арқылы олардың көрсеткіштерін анықтайды.

Жоспарлар мынадай көрсеткіштерді қолдану арқылы жасалынады:

    • сандық;
    • сапалық;
    • көлемдік;
    • үлестік.

Сандық  көрсеткіштерге – жалпы өнім мен тауар өнімінің көлемі; сатудың көлемі; жұмысшылардың саны; жалақының қоры; пайда көлемі; әртүрлі өндірістік шығындардың мөлшері жатады.

Сапалық  көрсеткіштерге  –  өндірістің экономикалық тиімділігі, еңбек өнімділігінің өсуі; өзіндік құнды азайту, өндіріс тұрақтылығы, қор сыйымдылығы; өнімнің сапасы жатады.

Сандық және сапалық  көрсеткіштер бір-бірімен тығыз  байланыста болады.

Көлемдік  көрсеткіштерге – өндірістің жалпы көлемі, жеке процестер мен факторлардың көлемі жатады.

Үлестік көрсеткіштерге – бір-бірімен байланысты бірнеше көрсеткіш-тердің ара-қатынасы жатады; мысалы: бір өнімді шығаруға кеткен металл шығыны.

Өнеркәсіптің жоспарлық  көрсеткіштерін есептеу үшін табиғи, еңбек және құндық өлшемдер қолданылады.

Табиғи  өлшемдер - өндірістің көлемін, материалды ресурстарды жоспарлағанда қолданылады. Олар сапалық және сандық көрсеткіштерді қамтиды.

Еңбек өлшемдері – еңбек өнімділігін есептегенде, жалақының мөлшерін, өнім нормасын есептегенде қолданылады. әдетте норма сағатпен белгіленеді.

Құн өлшемдері – көрсеткіштердің құнын көрсетеді. Құн өлшемі арқылы өнімді сату көлемі, тауар және жалпы өнім жоспарланады.

Кәсіпорынның даму жоспары  мынадай бөлімдерден тұрады:

  • Өнеркәсіп өнімін шығару жоспары (өндірістік бағдарлама) – негізгі бөлім болып саналады. Бұл бөлімде әртүрлі өнімдерді құндық және табиғи өлшемдерде шығару жоспараланады және өнім сапасын арттыру қарастырылады. Сонымен бірге кәсіпорындарды мамандардандыру, шоғырландыру, жинақтау, құрамдастыру жоспараланады.
  • Ғылым мен техниканы дамыту жоспары. Бұл бөлімнің негізгі маңызы-ғылыми-техникалық прогресті жылдамдату, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау, прогрессивті технологияларды қолдану, өндіріс процесін автоматтандыру, автоматтандырылған басқару жүйесін қолдануды жоспарлау, еңбектің ғылыми түрде ұйымдастыру. Бұл бөлімге стандарттандыру мен метрологиялық өлшемдерді жоспарлау да жатады. Ғылым мен техниканы дамыту жоспарының көрсеткіштері: өндірісте жаңадан шығарылған өнім, еңбекті механикаландыру және автоматтандыру деңгейі, жұмысшылардың санын салыстырмалы түрде азайту, өндірістің техникалық жағдайын жақсарту арқылы еңбек өнімділігін арттыру және тауар өнімінің өзіндік құнын азайту, өнімнің сапасын арттыру, құрал-жабдықтарды, материал сыйымдылығын, табиғи өлшемдегі еңбек өнімділігін қолдану және т.б. жатады.
  • Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жоспары. Бұл жоспарда өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың жалпы көрсеткіштері – нақты еңбекті, негізгі қорларды, айналым қорларын, күрделі қаржыны, материалдық ресурстарды қолдану көрсеткіштері беріледі. Бұл бөлімнің негізгі көрсеткіштері – жалпы және таза өнімді өндіру қарқыны, ортақ тұрақтылық, еңбек өнімділігінің өсу қарқыны, қор сыйымдылығы, айналым қорларының айналысы, капитал сыйымдылығы және материал сыйымдылығы.
  • Күрделі қаржы және күрделі құрылыс жоспары. Ол жаңа кәсіпорындар салуды, кәсіпорындарды кеңейту және қайта құруды, ірі цехтар мен обьектілерді кеңейтуді, өнеркәсіпті техникалық қамтамасыз етуді, өндірісті техникалық қамтамасыз етуді, өндірістің технологиясын дамытуды; механикаландыру мен автоматтандыруды қамтиды. Негізгі көрсеткіштері-өндірістегі негізгі қорлар мен өндірістік қуаттарды іске қосу, жеке обьектілер мен өндірістік базаларды салу, өндіріс қуатының өсімі, күрделі қаржылардың көлемі, құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі, аяқталмаған өндірістің көлемі.
  • Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспары. Оған өнеркәсіп өнімдерін шығаруға кететін шығындарды есептейтін материалдық есептеулер жүйесі жатады. Өндірістік өнеркәсіпке қажетті материалдық ресурстарды нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы есептеп шығарады. Бұл жоспарда шикізат, материал, отын, энергия және т.б. үлестік шығындарын азайтудың жолдары қарастырылады.
  • Еңбек және кадрлар жоспары. Бұл жоспар өндіріс көлемі ұлғаюының және оның тиімділігін арттырудың негізгі белгісі ретінде еңбек өнімділігін  жүйелі түрде ұлғайтуды қарастырады. Еңбек өнімділігінің көрсеткіші салыстырмалы бағадағы нормативтік таза өнімнің жылдық көлемі өндірістік жұмысшылардың орташа санына бөлу арқылы анықталады. Бөлімнің негізгі бір көрсеткіші – жалақы қоры. Мұнда жұмысшылардың орташа еңбекақысы анықталады. Осы жоспар арқылы жұмысшы кадрлар саны мен қосымша өндіріске қажетті жұмысшылар саны белгіленеді.
  • Өндіріс шығындары жоспары. Бұл жоспардың мақсаты - өндіріске кететін шығындардың көлемін  анықтап, осы арқылы өндірістен алынатын пайданың көлемін табу және материалдық еңбек және қаржы ресурстарын пайдалы түрде қолдану.
  • Қаржылық жоспар (қаржы). Қаржы жоспарында мынадай көрсеткіштер көрсетіледі – айналым қорларын есептеу, олардың айналымын тездету; кәсіпорынның мемлекеттік бюджетпен қарым-қатынасы; негізгі өндіріс қорларын салу және қолдану; пайдалы есептеу. Қаржы жоспарының маңызды бөлімі – несие жоспары.
  • Кәсіпорын ұжымының әлеуметтік даму жоспары. Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын, еңбек жағдайын демалысын ұйымдастыруда жоспарлау шаралары қарастырылады.
  • Табиғатты қорғау және табиғат және табиғат ресурстарын пайдалы қолдану жоспары. Су ресурстарын, жер ресурстарын, минералдық ресурстарын және әуе бассейін сақтау мен дұрыс қолдану жатады. Сонымен бірге аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестерді ұйымдастыру, құрамдастырылған өндірістерді дамыту, табиғи ресурстар, шикізат және материалды кешенді түрде қолдануды жоспарлайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Бизнес-жоспар  құрудың мақсаттары, міндеттері  және принциптері

Адамзаттың басқа тіршілік иесінен айырмашылығы алдағы істейтін жұмысын, ой, қимылын алдын-ала ойластырып жоспарлап алады. Қазақстанда экономикалық реформалар жүргізу барысында нарықтық экономикаға көшуде өрескел қателіктер болды. Оның негізгі себебінің бірі  алдын-ала ойластырылып жоспарланбаудың салдарынан.

Кеңестік экономикада  жоспарлау халық шаруашылығын басқарудың басты құралы болды. Ол әдісті бүкіл алдыңғы қатарлы капиталистік елдер қолданып дүние жүзілік дағдарыстан құтылды. 1994 жылы жапондық миллиардер Хариаса Теравами Қазақстандағы жағдаймен танысып былай деген: "Біз сіздерден ештеңе түсіне алмадық. Біз уақытында сіздің жоспарыңызды алып оны икемді нұсқаулармен толтырдық, ол біздің елде жемісті жұмыс істеуде. Ал енді қарасақ, сіздер жоспардан бас тартыпсыздар..." Хариаса Теравами айтқандай, қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасы үшін қайтадан ұлттық шаруашылықты стратегиялық болжау мен жоспарлауды қолға алу басты бағыт болып табылады. Сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуда алдын-ала мұқият жоспарламай жұмыс жасау мүмкін емес.

Кәсіпкерлік іске көпшілігі  жоспарлау керегі жоқ деген ұғымға келеді. Ол қате түсінік. Нарық жағдайында жоспарлау керек. Кеңестік шаруашылық жүргізу жағдайында жоспарлау жоғарыдан басталып директива ретінде беріліп жергілікті жағдай ескерілмеді, ресурстарды тиімді пайдалануға, ынталандыруға көңіл көп аударылмады, басшылардың, кәсіпкерлердің инициативасын кең пайдалана алмады. Мұндай жоспарлау нарық экономикасына мүлдем қарсы.

Қазір инициативаға толық  мүмкіндік берілген жағдайда өз бетімен  жоспарлау кең қолданылуы тиіс. Ойлаған  ойдың негізделуін және күтілген қорытындының берік болуын іске асыру  үшін шет елдер тәжірибесі және логика кәсіпкерлік істі жоспарлау керек екендігін көрсетеді. Егер кәсіпкер, мысалы, өз алдына жеке фирма құрғысы келсе, жаңа өнім өндіруді ұйымдастырғысы келсе бизнес-жоспар жасауы керек. Бизнес-жоспар - бұл жоспарлау құжаты, мұнда бизнестің не ойлаған істің барлық мүмкіндіктері талданады және фирма, компанияларды басқаруда бар мүмкіндіктерді пайдалануға қажетті жолдарын анықтайды.

Бизнес-жоспар – бұл бизнестің жаңа түрін құруға, фирма қызметінің жаңа сферасын қамтуға қажетті кәсіпорынның даму жоспары. Бизнес  жоспарды жаңадан құрылған кәсіпорындар, сонымен қатар экономикасы дамыған ұйымдар жасауы мүмкін. Бизнес-жоспар келесі маңызды мәселелерді шешеді: кәсіпорынның болашақта тұрақтылығын және тіршілікке икемділік дәрежесін анықтайды, кәсіпкерлік қызметтің тәуелділігін төмендетеді; дамудың сандық және сапалық көрсеткіштер түріндегі бизнестің болашағын анықтайды; фирманың потенциалды инвесторлар жағынан көмекті қамтамасыз ете отырып, олардың ықыласын және қызығушылығын тартады; жоспарлаудың және оның жұмыс ортасына деген болашақта көзқарасын дамытады.

Информация о работе Жоспарлаудың мәні және көрсеткіштері