Қаржы үғымы оның мәні мен қажеттігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 16:57, курсовая работа

Описание

Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі әдісі — материалистік диалектикалық-тарихи әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зертгеуді болжайды.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3
I-тарау. ҚАРЖЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК................................................4
1.1. Қаржы үғымы оның мәні мен қажеттігі............................................4-6
1.2 Қаржының мәні мен объективтік қажеттігі....................................7-13
1.3 Қаржының функциялары және рөлі...............................................14-20
II-тарау. ҚАРЖЫ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ.................................................................................................21
2.1. Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара
байланысы.................................................................................................21-25
2.2. Қаржы қатынастарының ресурстары мен қорлары....................26-29
III-тарау. ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫУ
ҚАҒИДАТТАРЫ..........................................................................................30-33
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.....................................................................35

Работа состоит из  1 файл

Қаржы КЖ.doc

— 214.00 Кб (Скачать документ)

Қаржы қатынастары өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субъектілер бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндірістегі субъектілердің рөлі қаржы қатынастары жіктемесінің алғашқы объективті белгісі ретінде көрінеді.

Қаржы қатынастарының буындарына тән болып келетін тиісті орталықтаңдырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.

Қаржы жүйесі интеграциялық  тұрпатты жүйе болып табылады, оған кіретін элементтердің (қосалқы жүйелердің) тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатталады: қаржы бір жағынан, өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, екінші жағынан, өзінің функциялық өзіндік срекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады. Функциялық сыныптауға сәйкес қаржыларда функциялық қосалқы жүйелер ретінде мыналарды айтуға болады: салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржылық жоспарлаудың (болжаудың), қаржылык бақылаудың және басқа қосалқы жүйелері.                                                    

Қаржы жүйесін сыныптаудың  функциялық критерииінен басқа қаржы субъектілерінің (қаржы қатынастарындағы қатысушылардың) белгісі бойынша сыныптау қолданылады, бұл қаржы жүйесін сфералар мен буындар бойынша: мемлекеттің қаржысына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, халықтың (үи шаруашылығының) қаржысына шектеуге мүмкіндік береді

Буындардын сипаттамасының матасылған қатары ретінде жоғары элементтері болады: қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқарушы аппарат. Жүйелеудін мұндай қасиеті қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді.

Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес. Бастапқы (басты) элемент жүйенің басқа элементттерінің арасында алдыңғы орынды алады, өйткені жүйе элементтері мен буындардың өзара байланысындағы оның рөлі айқындаушы болып табылады. Бұл - бірінші кезекте мемлекеттік бюджетпен көрінетін мемлекеттің қаржысы.

Мемлекеттің қаржысы - қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық субъектілерінің қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен және мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты шығындарға жұмсаумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттің қаржысы өзіне мемлекеттік бюджетті, мемлекеттік бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті кіріктіреді.

Мемлекеттік бюджет - экономиканы, әлеуметтік-мәдени мұқтаждарды, қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждарын қаржыландыруға арналған елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен пайда болатын ақша қатынастарымен көрінетін экономикалық категория. Мемлекетгік бюджет орталық (Қазақстанда - республикалық) және жергілікті бюджеттерді (облыстардың, қалалардың, аудандардың бюджеттерін) кіріктіреді.

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар - қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді пайдаланылатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың айрықшалықты нысаны.

Қалыптасу көздері: жабу мақсатына бағытталғандықтан, мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз ететіндіктен, ол бойынша есеп айырысу бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан — бұл буын қаржы жүйесіне де, сондай-ақ кредит жүйесіне де жатады деп есептеуге болады.

Қаржы қатынастары сфераларының әрқайсысының ішінде буындар бөлінеді, оның үстіне қаржы қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша қорларының құрамы мен арналымына белгілі бір әсер ететін субъект қызметінің сипатына қарай жүргізіледі. Бұл белгі кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысы сферасында мынадай буындары бөлуге мүмкіндік береді: коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы.

Қаржы жүйесінің әр буыны  өз кезегінде буыншаларға (ондағы қаржының өзара байланысының ішкі құрылымына сәйкес) бөлінеді. Мәселен, салалық бағыныштылығына қарай коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар (ұйымдар) қаржысының құрамына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік, құрылыс және т.б. кәсіпорындарының қаржылары, ал меншік нысанына қарай — мемлекеттік, кооперативтік, акционерлік, жскеше және басқа кәсіпорындардың қаржылары болып мүшеленеді. Мемлекет қаржысының құрамында буындар ішіндегі қаржы қатынастарын топтастыру, мемлекеттік басқарудың деңгейіне (республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге асырылады. Сақтық қатынастары сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың түрлеріне (жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру) бөлінеді.

Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты — фискалдық (қазыналық) федерализм қағидаты.

Қаржы жүйесінің функциялық қүрылысы мынадай негізгі қағидаттарды қанағаттандыруы тиіс:

біріншіден, қаржы жүйесінің  жеке алынған әрбір буыны ақша қатынастарының аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы катсгория болып табылатын "қаржыға" ғана тән қасиет;

екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объекгивгі экономикалық категория ретінде қаржының кағидалы мәңдік сипатгамаларына және функиялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.

Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:

Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгідде жергшікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілерге кең құқық пен дербестік берілген.

Бұл қағидат жергілікті қаржы органдарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына скі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.

Салалық қаржыларды басқарудағы  демократиялық негіз шаруашылық жүргізуші органдарға капиталды (негізгі  және айналым капиталдарын) бекітіп  беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақша қорларын жасауға және оларды пайдалануға құқық беруде көрінеді. Жоғары тұрған органдар өзінің құзыры шегінде сапалық қорлар мен резервтерге орналастырылатын қаражаттардың бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды, оларды мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

    Сонымен қаржының  экономикалық рөлі мен маңызы  мына бағыттардан көрінеді:

Қаржы капиталдың айналымын  тездете отырып, кәсіпорындардың, фирмалардың өндірістік қызметі тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды;

кірістер мен шығыстарды ұдайы салыстырып отыру арқылы қаржы  көсіпорындардың, фирмалардың коммерциялық есебін нығайтып, дамытады;

қаржы ақша қорларын бөлу және қайта бөлу арқылы экономикалық өсудің ара салмағын қамтамасыз етеді;

қаржы ұлттық табыстарға қорлану және түтыну қорларының үйлесу тиімділігін арттырудың экономикалық негізін жасайды;

қаржы ұлттық экономикада  меншіктің сан алуан нысандарының және шаруашылық жүргізу нысандарының дамуына мүмкіндік туғызады.

Сонымен бірге қаржы  оңтайлы ұлттық шаруашылықтың ара  салмағын қамтамасыз етуде белсенді рөл атқарады: олардың көмегімен  экономикалық және әлеуметтік дамудың  индикативтік жоспарының басты элементгерінің өзара тендестірілуіне қол жетеді; қаржы тұтқаларын жоспарлы пайдалану қоғамдық ұдайы өндіріске каржының ынталандырғыш рөлін күшейтуге арналған негізгі қаржылық көрсеткіштерді мемлекетке орталықтандыра отырып анықтауға жағдай жасайды.

Қаржы көмегімен жететін  нәтижелерді бағалауға жалпы тәсілдеме қаржының рөлін 3 бағытта атқаруға мүмкіндік жасайды:

1)ұлғаймалы ұдайы өндірістің  қажеттіліктерін қажетті қаржы  көздерімен қамтамасыз ету түрғысынан;

2) қаржыны қоғамдық  өндірістің қүндық қүрыльшын  реттеу үшін пайдалану түрғысынан;

3) қаржының әлеуметтік - экономикалық дамудың ынталандырмасы ретінде пайдалану тұрғысынан.

Қаржы ресурстарының  өсуіне сонымен қатар жалпы алғанда  қоғамдық өндірістің, сондай-ақ өнеркөсіп  өндірісінің материалдық-заттай қрамы  да әсер етеді. Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалануда табады, бүл ресурстар бюджет, мемлекеттік және мемлскеттік емес әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, амортизация, айналым қаражаттары, тұтыну, резерв және басқа көптеген ақша қорларын кіріктіреді.

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

1. Қазақстан Республикасының  Конституциясы. — Алматы: Қазақстан, 2000.

2.  Әмірқанов Р.Ә., Тургүлова  А.К,. Қаржы менеджменті. Оқу құралы. — Алматы: 1999.

4.  Бабич А.М., Павлов Л.Н. Финансы. Учебник.- М.: 2001.

5.  Балабанов А.И., Балабанов И.Т. Финансы. Учебное пособие. - Петербург: 2000.

6.  Берлин С.И. Теория финансов. Учебное пособие. — М.: Приор, 2000.

7.  Елубаева Ж.М., Бюджетная система Республики Казахстан: теория, практика и направления развития. — Алматы: 2004

8.  Заяц Н.Е., Фисенко Ы.К., Бондаръ Т.Е. и др. Теория финансов. Учебное пособие. - Мн.: Высш. шк., 1998.

9.  Зейнельгабдин А.Б. Финансовая система: экономическое содержание и механизм использования. — Алматы. Қаржы-қаражат. 1995.

10.   Құлпыбаев С. және басқалары. Қаржы теориясы. Оқу құралы. — Алматы: Мерей, 2001.

11.  Мельников В.Д., Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. — Алматы: Институт развития Казахстана, 2001.

12.  Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятиях. — Алматы: Центраудит - Казахстан, 2002.

13.  Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Оқулық. - Алматы: 2003.

 

 


Информация о работе Қаржы үғымы оның мәні мен қажеттігі