Қаржы үғымы оның мәні мен қажеттігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 16:57, курсовая работа

Описание

Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі әдісі — материалистік диалектикалық-тарихи әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зертгеуді болжайды.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3
I-тарау. ҚАРЖЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК................................................4
1.1. Қаржы үғымы оның мәні мен қажеттігі............................................4-6
1.2 Қаржының мәні мен объективтік қажеттігі....................................7-13
1.3 Қаржының функциялары және рөлі...............................................14-20
II-тарау. ҚАРЖЫ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ.................................................................................................21
2.1. Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара
байланысы.................................................................................................21-25
2.2. Қаржы қатынастарының ресурстары мен қорлары....................26-29
III-тарау. ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫУ
ҚАҒИДАТТАРЫ..........................................................................................30-33
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.....................................................................35

Работа состоит из  1 файл

Қаржы КЖ.doc

— 214.00 Кб (Скачать документ)

Сонымен қатар қаралып  отырған категориялардың арасында белілі бір айырмашылықтар да бар. Егер қаржы қоғамдық өнімді бөлетін және қайта бөлетін болса, несие қаржы бастаған бөлуді жалғастыра отырып тек қайта бөлуге қатысады. Несиенің объектісі осы мезетте уақытша бос болып келетін құнның бір бөлігі болып табылады, бұл ақшаны қажетсініп отырған шаруашылық органдары мен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құңды несие қорына шоғырландыруға мүмкіндік береді. Жинақталған ақша қаражаттарын пайдалану әдісі айтарлықтай айырмашылық болып табылады: қаржыландыру қаражаттарды өтеусіз және мерзімсіз тәртіппен бағыттауды шамаласа, несиелендіру қайтарымдылық, мезгілдік, ақылық жағдайларында жүргізіледі; кредиттің аса маңызды қағидаты — берілетін кредиттердің материалдық қамтамасыздығы.

Қаржы есеп-қисаптармен және есеп айырысу жүйесімен өте тығыз байланысты, өйткені олардың іс-әрекет етуі жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есеп айырысуға негізделген. Есеп-қисаптар экономикалық категориялар емес, олар — аталған категорияларды іске асырудың құралы. Бұл жерде ақшаның айналыс құралы және төлем құралы ретіндегі функциясы пайдаланылады. Қаржылық операциялардың уақтылы жасалуы, мақсатты қорлардың қалыптасуы, қаржы ресурстарының қажетті бағыттар бойынша кедергісіз қозғалуы есеп-қисаптардың айқындығына, жолға койылғандығына байланысты болып келеді. Ақшалай есеп-қисаптар коммерциялық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруды жүзеге асырудың маңызды буыны болып табылады. Олардың қалыпты жұмыс істеуі ұдайы өндіріс пен құндық экономикалық категориялардың — бағаның, қаржының, кредиттің, еңбекке ақы төлеудің іс-қимылының өте қажетті шарты болып табылады.

Экономикалық категориялардың  өзара іс-қимылы туралы қаралған негізгі  кдғидалары оларды ұдайы өндірісті басқарудың практикасында, оны жүзеге асырудың барысын бақылауда және оның тиімділігін ынталандыруда пайдалануға келісілген, өзара үйлесілген тәсілдемені қажет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Қаржы қатынастарының ресурстары мен қорлары

 

Қаржы ғылымы қаржыны  тек экономикалық категория, яғни айрықшалықты өндірістік қатынастардың жиынтығы ретінде ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге мақсатты ақша қорлары түріндегі олардың материалдық, іске асуын баса көрсетеді. Бұл қорлар қаржы қатынастарының тұрақты иесі болып келеді. Олардың қалыптасу көздері жәнс қорлардың өздері (бұл көздерді біріктіруші) ұлттық шаруашылықтың тиісті буындарының қаржы ресурстары болып табылады. Қаржы ресурстары ұдайы өндірістің және мемлекеттің шығындарын жабу үшін қажет. Демек, қаржы ресурстары — бұл жалпы ішкі өнім құнының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен басқа жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге пайдаланылады. Тап қаржы ресурстары қаржы категориясын баға және басқа құндық категориялардан бөліп алуға мүмкіндік жасайды. Қоғамдық жалпы өнім мен ұлттық табысты арттыру қаржы ресурстары өсуінің басты шарты болып табылады.

Қаржы ресурстарында  негізгі орынды таза табыс (пайда, қосылған құнға салынатын салық, ақциздер, кеден төлемдері, қоғамдық мүдделерге төленетін жарналар нысанындағы) және амортизациялық аударымдар алады.

Қаржы ресурстарының  қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары (қорланым, босалқы қор)—қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір кажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары, ал қаржы ресурстары болса, ол мемлекеттің (оның органдары арқылы) және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табыстары мен түсімдері. Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының көздерін, шаруашылық органның немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсінеді. Екіншіден, қаржы ресурстары — бұл қорлардағы, яғни ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы "байланылған" қаражаттар, сондай-ақ әлі мақсатты белгілі бір бағыггылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттары. Мысалы, ақша қаражаттарының бір бөлігінің алғашқыда қор сипаты болмайды — бұлар шаруашылық органдарының олардың шаруашылық әріптестері тарапынан келісімшарттарды, өзара шарттарды және шаруашылық жүргізудің басқа шарттарын бұзғаны үшін алатын айыппұлдары, өсімдері, тұрақсыздық төлемдері. Мұндай қаражаттардың түсуін күні бұрын есепке алу мүмкін емес.

"Қаржы ресурстары" ұғымындағы оның екі жағын ажырата білгсн жөн.

1.  Шаруашылық жүргізу  практикасында "қаржы ресурстарының" ұғымы деп мемлексттің, кәсіпорыңцардың қарамағындағы белгілі бір кезеңдегі барлық ақша кірістсрі мен қорланымдардың жиынтығын, яғни ақша қорларын, кредит рссурстарын, ақша резервтерін айтады. Бұл шаруашылық жүргізудің шаруашылық есеп практикасы тұрғысынан туындаған практикалық тәсілдеме. Расында, кәсіпорынның банктегі оның шотындағы белгілі бір күндегі ақшалары олар кәсіпорынның меншікті немесе қарыз қаражаттары болып келетіндігіне қарамастан оның барлық нақтылы қаржы ресурстарын құрайды. Сол секілді мемлекеттік бюджетте шоғырланған кірістер, қорланымдар олар жасалынған құнды алғашқы немесе кейінгі бөлудің нәтижесі болып табылатындығына қарамастан мемлекеттің әрбір нақты күндегі қаржы ресурстары болып саналады.

2.  Егер жиынтық  өнімнің (с+у+т) материалдық-заттай және құндық құрылымына, оның бөлінісіне және бұл процестегі орнына сүйенсек, онда қаржы ресурстарының ұғымы басқаша көрінеді. Егер қайталама есептің элементін шығарып тастасақ, онда "қаржы ресурсының" ұғымы тікелей мемлекет пен кәсіпорындарда оларға жүктелінген функцияларды орындау үшін шоғырланатын құндык, (ақша) нысанындағы жалпы коғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігін білдіреді.

Қаржы ресурстарын пайдалану (оларды пайдаланудың қор емес нысанының  да мүмкін болғанымен) негізінен арнаулы  мақсатты арналымның ақша қорлары арқылы жүзегс асырылады. Қаржы қорлары ұлттық шаруашылықта іс-әрекет ететін ақша қорларының бүкіл жүйесінің құрамды бөлігі. Қаржы ресурстарын пайдаланудың қор нысаны ұлғаймалы ұдайы өңдірістің қажеттері негізіңде объективті түрде алдын ала анықталады және қор емес нысанымен (меншікті) табысы, әдеттегідей жалақысы бола отырып, қаржы ресурстарының көзі ретінде үш бағытта көрінеді: салықтар (еңбек ақысынан төленетін); сақтық төлемдері (сыйақылар); басқадай төлемдер (ерікті жарналар, арнаулы қорларға аударылатын жарналар және т.б сияқты). "М"элементі табыс (пайда), өнімдер мен импортқа салынатын салықтар нысанындағы қосымша өнім қаржы ресурстарының негізгі кезі болып табылады.

Қаржы ресурстарының  көздері макродеңгейде (мемлекет деңгейінде) және микродеңгейде (шаруашылық жүргізуші субъект деңгейінде) іс-әрекет ететін көздер болып бөлінеді:

Макродеңгейдегі қаржы ресурстарының көздері:

жалпы ішкі өнім;

ұлттық байлық;

тартылған (қарыз) ресурстары;

Микродеңгейдегі қаржы  ресурстарының көздері:

меншікті қаржы ресурстарының  кездері: өнім өткізуден түскен табыс (кәсіпорын ресурстарын қалыптастыруға мүмкіндік береді);

субъектінің сыртқы экономикалық қызметі; мүлік (сатуға болатын ғимараттар, жабдықтар және өзге активтер);

шаруашылық жүргізуші  субъектісінің меншікті қаражаттарына  теңестірілетін қаражаттар (олар субъектінің қарамағында болады): тұрақты пассивтер нысанындағы жалақы; қосымша жалақы — қызметксрлердің демалыстарын төлеуге арналған ақша (есептелінеді, бірақ шаруашылық жүргізуші субъектісінің қарамағында болады);

тартылған қаражаттар (бұл кәсіпорынның қаржы рыногында — бағалы қағаздар, несие капиталдары және т.б рыногында қалыптастыратын қаражаттары): акциялар мен облигацияларды сату; қарыз қаражаттары;

қаражаттарды қайта  бөлу тәртібімен алынатын көздер: жоғары инстанциялардан (министрліктерден, бюджеттен алынатын) алынатын қаражаттар; сақтық өтеулері (сақтандыру — қаражаттарды қайта бөлу әдісі).

Мыналар макродеңгейдегі қаржы ресурстарының негізгі түрлері болып табылады: Халықаралық валюта қорының және басқа халықаралық ұйымдарының кредиттері, Ұлттық банктің ішкі кредиттері; салықтар; бюджетке төленетін басқадай төлемдер; бюджеттен тыс қорларға аударылатын аударымдар және өзгедей түрлері.

Макродеңгейдегі қаржы ресурстарының түрлеріне мыналар жатады: шаруашылық жүргізуші субъектісінің таза табысы — пайдасы; амортизациялық аударымдар; кредиттер; сақтық өтеулері; істен шыққан мүлікті сатудан түскен түсім-ақша; орнықты пассивтер;

құрылыста ішкі ресурстарды жұмылдыру; серіктестіктер мен кооперативтер мүшелерінің үлестік және басқа жарналары; меншікті бағалы қағаздарды сатудан алынған табыстар; жоғарғы құрылымдардан аударылған қаржы ресурстары; бюджет субсидиялары және басқадайлары.

Қаржы ресурстары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып бөлінеді.

Орталықтандырылған қаржы ресурстары бюджет және макродеңгейдегі ұдайы өндірістің қажетгіліктерін қамтамасыз етеді.

Ұлттық шаруашылықты қаржыландырудың мынадай бюджеттік әдістері болады:

1.  Мемлекеттік күрделі  жұмсалымдар (бұл әдіс экономиканы жандандыру,өндірістің жаңа салаларын жасау үшін пайдаланылады).

2.  Мемлекеттік кетере  сатып алу (оның көмегімен жиынтық  сұраным белгіленеді, мемлекет тауарлардың уақтылы өтуіне мүмкіндік туғызады).

3. Субсидиялар (өтеусіз  берілетін қаражаттар). Олардың мынадай  түрлері болады: демеу қаржы (залалдарды, берешектерді, мысалы, жалақы жөніндегі, жабуға пайдаланылатын субсидиялардың түрі); субвенциялар (мақсаты шығындарға жұмсалатын субсидиялардың түрі); экспортгық сыйлықақылар (экспортталатынтауардың бағасын төмендету үшін пайдаланылатын субсидиялардың түрі).

4. Бірлескен кәсіпорындарға  жұмсалатын инвестициялар.

5. Мемлекет тарапынан  болатын жеңілдікті несиелендіру. Орталықтандырылмаған қаржы ресурстары шаруашылық жүргізуші субъектілерде қалыптасады және өндірісті кеңейтуге, кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланылады.

Қаржы ресурстарын босатып  алудың мынадай жағдайлары болады:

1) айналым каражаттарының  айналымдылығын тездету;

2) өндірісті қысқарту;

3)  тауар-материалдық  қүндылықтардың босалқы қорларын  қысқарту;

4) материал сиымдылығын қысқарту;

5) меншікті қаражаттарды  қарыз қаражаттарымен ауыстыру. Ұдайы өндірістік процесті жандандырудың маңызды аспектісі ғылыми-техникалық прогресс болып табылады. Оны қаржы ресурстарының — орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ресурстары есебінен қамтамасыз ету — оларды пайдаланудың басым бағыттарының бірі. Қаржы ресурстарының бір бөлігі резервтерді — көлденең пайда болған қажеттіліктерді қаржыландыруды қалыптастыру үшін бөлінуі тиіс.

Ұдайы өндірістің мақсаттарын қамтамасыз етуден басқа қаржы ресурстарының едәуір көлемі басқаруға, қорғанысқа, құқық тәртібін қорғауға, үкіметтік борышты төлеуге бағытталатынын білген жөн.

Қаржы ресурстарын  өсірудің маңызды факторы қоғамдық еңбек өнімділігін арттыру болып табылады, бұл ұдайы өндіріс процесінде ұлттық табыстың артуын білдіреді, сондай-ақ экономикалық қызметтің қаржылық нәтижесінің өсуіне жеткізеді. Еңбек өнімділігімен қоғамдық өндіріс тиімділігінің басқа көрсеткіші - қор қайтарымы (капитал қайтарымы) тығыз байланысты. Қор қайтарымын арттыру қаржы ресурстарын қалыптастыруға, атап айтқанда, олардың негізгі көзі — таза табыстың өсіміне сөзсіз әсер етеді, ол өнім өндіру ауқымы өсімінің, сондай-ақ ағымдағы шығындарды (ең алдымен жалақы мен амортизациялық аударымдарды) үнемдеудің нәтижесінде артады. Және, керісінше, қор қайтарымының төмендеуі қаржы ресурстарын азайтады.

Екінші фактор — бұл материалдық шығындардың орнын толтыру қоры мен өндірілген ұлттық табысқа жалпы қоғамдық өнімнің бөліну үйлесімдері. Жиынтық қоғамдық өнімдегі материалдық шығындардың үлесін - материал сиымдылығын төмендету өндірілген ұлттық табысты — қаржы ресурстарының негізгі көзін — арттыруға мүмкіндік беретін фактор болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III-тарау. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастыру принциптері

 

"Қаржы жүйесінің" ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады.

Елдің біртұтас қаржы  жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен  бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.

Сонымен бірге жалпы  институционалдық тұрғыдан алғанда  қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің  жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан —  ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы екенін естен шығармаған жөн.

Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтгі. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен — мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстын, көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын — мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.

Қаржы жүйесі терминінің жоғарыда келтірілген анықтамасында қаржының мөнділік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық процестегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:

1) қаржы қатынастарының  жиынтығы;

2) ақша қорларының жиынтығы;

3) басқарудың қаржы  аппараты.

Ақша қорларыньщ қозғалысына  байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.

Қаржы қатынастары негізінен  мына екі сфераны қамтиды: 1) мемлекеттік  бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталыктандырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары;

2) кәсіпорындардың орталықтандырылмаған  ақша қорларының толық айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.

Информация о работе Қаржы үғымы оның мәні мен қажеттігі