Кәсіпкерліктің даму эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2011 в 15:02, лекция

Описание

Кәсіпкерлік туралы теориялық тұжырымдама алғашқы рет 1725-1730 жылдары Ричард Кантиллионның (Richard Cantillion) еңбектерінде баяндалды. Кейінгі 250 жыл шегінде кәсіпкерлік теория әр түрлі ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде дамытылды, олар бірте-бірте кәсіпкерлік - бұл адамның тәуекел мен жаңашылдыққа деген бейімділігі ғана емес, сонымен қатар, жаңа кәсіпорын құруды білдіретін ұғым деген пікірге келді

Содержание

1. «Кәсіпкерлік» түсінігі және оған деген әр түрлі көзқарастардың эволюциясы
2. Кәсіпкерліктің мазмұны және жіктелуі
3. Кәсіпкерліктің қазіргі заманғы концепциялары

Работа состоит из  1 файл

макпал.docx

— 72.13 Кб (Скачать документ)

   Шағын, орта және ірі бизнестің жұмыс  істеу барысында олардың арасында өзара тәуелді белгілі іскерлік қатынастар пайда болады. Осы қатынастар мен оларды реттеудегі мемлекеттің рөлінің тек шағын және орта бизнесті ғана емес, сондай-ақ, ірі кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын дайындау арқылы дұрыс орналастырылуының ескерілуі нарықтық экономикаға өту үрдісін жылдамдатуда маңызы өте зор. Бұл бағдарламада кәсіпкерлердің мүдделерінің үйлесімділігі, әсіресе, ірі және шағын бизнес арасында ынтымақтастық (франчайзинг) жүйесін құру бойынша ынталандырушы шаралары алдын ала қарастырылған болуы керек .

   Мұндай  ынтымақтастық жүйесі өндіріс саласында  шағын және ірі кәсіпкерлікті кеңейту мен тиімді түрде дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер тудырады, бұл біздің еліміз үшін өте маңызды. Қазіргі таңда шағын бизнес артықшылықтарға ие бола отырып, сауда саласында тез дамыды (72%), ал өнеркәсіп өндірісі (8%) мен ауылшаруашылығындағы (3%) даму үлесі айтарлықтай аз. Ынтымақтастық жүйесінің орнатылуымен ірі бизнес кәсіпорындары өз мүдделері үшін өндіріс саласындағы шағын бизнестің дамуын ынталандырады, бұл біздің елдегі кәсіпкерлік қызметінің құрылымдық қайта қалыптасуын өткеруге жақсы ықпал жасайды. Атап айтқанда, олар өз маркаларын ұсынады, керек болған жағдайда оған жеңілдетілген түрде несие береді, шағын бизнес субъектілеріне консалтингтік қызметтер көрсетеді және оларға ғимараттарды, машиналарды, құрал-жабдықтарды және т.б. жалға береді.

    Мұндай  көмектер мен мемлекеттік қолдауға бір уақытта ие бола отырып, шағын бизнес міндетті түрде өзінің жағдайын тұрақтандыра түседі, сан жағынан өсіп, тұрақты түрде өндіріс саласында дамиды, бұл өндірілетін тауарлар мен қызметтердің номенклатурасы мен ассортиментінің көбеюіне әкеледі. Ірі бизнес кәсіпорындарының өздері болса, қажетті жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер мен технологиялық үрдістерінің жекелеген сатыларындағы өнімдердің өндірісін шағын кәсіпорындарға тапсыра отырып, өндірісін ұлғайту, жаңа бұйымдарды құрастыру мен жобалауға көбірек көңіл және қаржы бөлу, өнім сапасын бақылау әдістерін жетілдіру мүмкіндіктеріне және т.б. ие болады. Бұл сайып келгенде, оларға өндіріс әлеуеттерін ұлғайтудың, шығарылатын өнімді уақытылы жаңартып отырудың, өз тауарларының өмірлік әлеуетін қысқартудың, өткізу торабын кеңейтудің, өндіріс шығындарын төмендету мен оның тиімділігін жоғарылатудың және осының негізінде өзінің нарықтағы ұстанымын тұрақтандырудың алғы шарттарын жасайды. Сондықтан үкіметтің кәсіпкерлік қызмет саласын құру мен кеңейту бойынша мақсатқа бағытталған саясатында бизнестің әр түрлі түрлері арасындағы орнатылатын өзара қарым-қатынастар мен оларды ынталандырушы шаралар көрініс табуы керек. Бұл кәсіпкерлікті дамытудың қосымша көзі ретінде соларға негізделген ынтымақтастықты пайдалану үшін қажет

    3. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту қоры ұсынған нұсқасы шағын бизнес орталықтарының республикалық жүйесі арқылы жұмыс жүргізуді көздейді. Бұл жүйенің элементтеріне мыналар жатады: бизнесті дамытудың ұлттық орталығы, нарықтық инфрақұрылымдар элементтері, кәсіпкерлер бірлестігі, аймақтық шағын бизнес орталықтары (ШБО) сауда жүйесі, лизинг. Сонымен бірге көзделіп отырған жүйенің орталық буыны аймақтық орталықтар болады деп жобалануда. Олар бизнес-инкубаторлар, бизнес орталықтары, технопарктер үлгісінде жұмыс істеуі мүмкін .

   «Бизнес-инкубатор» - шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін  бизнестің түрлі салаларына қатысты, қажетті ақпараттармен және кеңестермен  қамтамасыз ететін бизнесті қолдау бағдарламасы болып табылады. Сондай-ақ «Бизнес-инкубатор» кәсіпкерлерге қаржы жүйесі, басқару ісі және жаңа техника мен технологияларды енгізу шаралары секілді бірқатар маңызды бағыттар бойынша жан-жақты қолдау көрсетеді. Осының негізінде, шағын және орта бизнеспен енді-енді айналысып келе жатқан кәсіпорындар жұмыс тәжірибесін жетілдіріп, нарықтағы орнын нығайтуға және сәттілікке жету жолында өз әлеуетін арттыруға мүмкіндік алады. «Бизнес-инкубаторлардың» аясында жұмыс тиімділігі едәуір төмен кәсіпорындар санын азайтып, олардың банкротқа ұшырау қаупін төмендетуге болады.

   Осындай ШБО желісін құру бастамасын қолдай отырып бірқатар ескертпелер мен толықтыруларды айтқымыз келеді. ШБО-тары ұсақ және орташа тауар өндірушілер тобының құрылу үрдісіне мемлекет тарапынан ықпал етудің нақты құралы бола алады. Алайда барлық орталықты бір қалыптан шыққандай ұқсастырып қою дұрыс болмас еді. Бұған басқа елдердің тәжірибесімен танысу барысында көз жеткіздік. Әрбір нақты жағдай ерекше назар аударуды қажет етеді. Әйтсе де әдістемелік нұсқаулар беру мен кері байланыстық жұмысты жолға қою үшін зор маңызы бар.

   Бүгінге дейін облыс орталықтарында құрылған ШБО-тары қаржыдан қиналуда, бұл олардың  орнығуына кедергі келтіруде. Кәсіпкерлікті  қолдау қоры ұсынған ШБО-тарды акционерлендіру жолы қажеттілік және қызмет етудің тиімді үлгісі секілді көрінеді. Солай еткенде орталықтар бір жағынан -жергілікті жерлерде кәсіпкерлікті қолдау жөнінде мемлекеттік саясатты жүргізуші, ал екінші жағынан - кәсіпкерлердің аймақтық проблемаларды шешу үшін, мысалы, шағын индустрия саласында бірігуінің үлгісі бола алады.

   Кәсіпкерге  тұс-тұстан қолдау көрсетуге қазір  мүмкіндік жоқ және ол ондай сипат  алмауы тиіс. Біздің ойымызша, шағын  және орташа кәсіпкерлікке қолдау көрсету  шараларын жалпы республикалық  бағдарлама негізінде жоба бойынша  туындаған проблемаларды шешуге салалық күштерді қоса отырып, индустрия  және сауда министрлігінің басқармалары өз міндетіне алуына болады. Құжат  айналымын ұйымдастырып, шағын бизнес орталықтарын жалпы республикалық  бағдарламаны орындаудың жолбасшылары ретінде кірістіріп, қажетті нәтижелерге  жетуге болады. Сонымен, шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау кезінде оларды институционалдық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударылуда. Басқаша айтқанда, елімізде және оның жекелеген аймақтарында шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі бағдарламалар шеңберінде нақты іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. 
 

    Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстанда кәсіпкерліктің пайда болу алғы шарттары қандай?
  2. Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдауға байланысты қандай заңдар және қай жылдары қабылданды?
  3. «Комсомолдық кәсіпкерлік» сөзі нені білдіреді және немен байланысты?
  4. Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік арасындағы байланыс қандай және ол қалай байқалады?
  5. Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік арасындағы ынтамастық қалай анықталады?
  6. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты сипттаңыз
  7. Кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту жөнінде мемлекеттің іс-шаралары

Информация о работе Кәсіпкерліктің даму эволюциясы