Инновация

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 18:28, курсовая работа

Описание

Инновациялық процестерді зертеудің маңыздылығы, бір жағынан, қоғам экономикасын көтеру үшін ғылым мен инновациялардың ерекше маңыздылығымен, екінші жағынан, Қазақстан Республикасында инновациялық дағдарысты жеңу жолдарын анықтау қажеттілігімен түсіндіріледі.
Зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасының теміржол көлігі мен «ҰК «Қазақстан Темір Жолы» АҚ– мы болып табылады.
Зерттеу нысаны - теміржол көлігіндегі инновациялық қызметті басқару үдерісі.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Инновациялық басқару және кәсіпорынның инновациялық қызметі
1.1. Инновацияны басқару теориясы мен тұжырымдамалары
1.2. Кәсіпорынның инновациялық қызметін бағалау
1.3. Кәсіпорында инновациялық қызметтің ұйымдастыру ерекшеліктері
ІІ. Кәсіпорынның инновациялық қызметін талдау
2.1.“Қазақстан темір жолы” Ұлттық компаниясы” АҚ-ның ұйымдастырушылық – экономикалық жағдайы
2.2 «ҚТЖ» ҰК» АҚ инновациялық қызметті талдау және тиімділігін бағалау
ІІІ. Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыру
3.1. Қазақстанның инновациялық нарығының көрсеткіштерін бағалау
3.2. Кәсіпорында инновацияны тиімді басқаруға жету жолдары
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

курсовой инновация.docx

— 109.78 Кб (Скачать документ)
  • ұйымдастырушылық жəне экономикалық шарттарын құру, соның ішінде       мемлекеттік инновациялық қызметті ынталандыру;
  • инновациялық дамудың негізгі басымдықтарын анықтау;
  • инновациялық инфрақұрылымды құру жəне дамыту;
  • инновацияларды құру мен енгізуде мемлекеттің қатысуы;
  • сыртқы нарықтарға отандық инновацияларды шығару мен өткізу;
  • технологиялар трансфертін қоса алғанда, инновациялық қызмет

Мемлекет қолдауымен ҚР-да ұлттық инновациялық жүйенің белсенді құрылуы байқалып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Кәсіпорынның инновациялық қызметін талдау

2.1.“Қазақстан темір жолы” Ұлттық компаниясы” АҚ-ның  ұйымдастырушылық – экономикалық жағдайы

 

        Қазіргі таңда “Қазақстан темір жолы” Ұлттық компанясы” АҚ – Қазақстанның ең ірі компаниясы, оның активтері 8,5млрд доллардан астам сомаға бағаланады.     «ҚТЖ» ҰК» АҚ ның дара тұлғала акционері болып “Самұрық Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ танытуындағы ҚР ның Үкіметі болып табылады.

     Қазақстан темір жолы өз тарихында ел экономикасы мен тұрғындардың тасымалдауға сұранысын толығымен қамтамасыз етіп келеді. 90-шы жылдардың өзіндегі экономиканың құлдыраған шағында да темір жол саласы өзінің міндетін тоқталыссыз атқарды. Экономиканың тұрақтанып, көтеріле бастаған 2000-2008 жылдары компания жылдық тасымалдау үдерісі көрсеткішін жеті пайыздық өсім деңгейінде ұстады. 
     Алайда, қазіргі таңда Ұлттық темір жол компаниясы 1991 жылдары жасақталған өндірістік активтердің тозығы жетуіне байланысты едәуір қиындықтарға кезігіп отыр. 2020 жылдарға дейін компания паркіндегі жүк вагондарының 54 пайызының, магистральдық локомотивтердің 68 пайызының, маневрлік локомотивтердің 82 пайызының пайдалану уақыты аяқталады. Бұл компания үшін ерекше сынақққа айналғалы тұр. 
     Саланы қазіргі үйлестір моделі мен тарифті көтермей қалыпты ұстап тұру сұраныс иелерінің ұзақ жылдарғы талаптарына жауап бере алмайды. Қазақстан Республикасын стратегиялық дамытудың 2020 жылдарға дейінгі жоспары, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық инновациялық дамытудың 2011-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына, ҚР көлік инфрақұрылымын дамытудың 2011-2014 жылдарға арналған Бағдарламасына сәйкес темір жол көлігін дамытуды ойдағыдай аяқтау қажет. Темір жол саласының атқаратын қызметі мемлекет және қоғам үшін барынша қолайлы әрі қолжетімді болуы тиіс. Сондықтан саланы реформалаудағы корпоративтік құрылыс мақсаты мен міндеті бір ғана мүддеге бағынышты. 
     «ҚТЖ» ҰК» АҚ миссиясы: Инфрақұрылымдық жүйеқұрушы ретінде экономиканың тұрақтылығын қалыптастыру қоғамдағы тұтынушыларға жүк және жолаушы тасымалында, теміржол магистральдық желісінде сапалы да бәсекелестікке сай көліктік лоистикалық қызмет түрлерін ұсыну болып табылады.

     «ҚТЖ  ҰК» АҚ қызметі: жолаушылар тасымалы, транзиттік тасымалдаулар, жүк тасымалы,телекомуникациялар, логистика болып табылады.

     «ҚТЖ» ҰК» АҚ – еліміздің ең ірі тасымалдаушысы, салық төлеушісі және жұмыспен қамтамасыз етушісі. Қазіргі таңда компания 160 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

      Жыл сайын Қазақстандағы жүк пен  жолаушыларды теміржолмен тасымалдау үлесі   жалпы  ел  бойынша жалпы көлемнің 60% на жетеді. ҚР-дағы темір жол көлігі жүк айналымы бойынша дүниежүзінде 7ші орынға ие, ал «ҚТЖ» ҰК» АҚ дүние жүзінде көлемі бойынша 10-шы теміржол компаниясы болып табылады. ТМД және Балтық елдері арасында жолының ені 1520мм құрайтын Қазақстан темір жолы ұзындығы бойынша 3ші  орынға  ие.  
     «ҚТЖ» ҰК» АҚ ның қаржылық жағдайы: 2011 жылғы деректер бойынша компанияның айналымындағы ақша қоры 595 млрд тг құрайды. Компанияның операциялық кірісі 101 млрд тг, ал таза табысы 67,1 млрд теңгені құрайды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының 2011 жыл нәтижесіндегі тапқан табысы 712 148 млн теңгені құрап, 2010 жыл деңгейінен 21,2% көп. «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының 2011 жыл барысында шығарған шығындары 589 261 млн теңгені құрап, 2010 жылғы деңгейден 12,8% артық болып шықты. Шығындардың өсуінің негізгі себебі тасымал көлемінің өсуі, сатып алынатын материалдардың, қуат көздерінің өсуі болып табылады. Қорытынды пайда 122 887 млн теңгені құрап, 2010 жылдың деңгейінен 56 969 млн теңгеге немесе 86,4% артық болып шықты.

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы наурыздың 15-індегі №310 «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысымен «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен оның еншілес кәсіпорындарының бірігуі есебінен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы құрылды.

     2004 жылғы сәуірдің 2-сінде Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы мамырдың 13-інде жарық көрген Заңына сәйкес «ҚТЖ» ҰК» ЖАҚ-ы «ҚТЖ» ҰК» АҚ болып қайта тіркеуден өткізілді.

Қазіргі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ темір  жол саласының тасымалдау үдерісі  мен қызметтік міндетін қамтамасыз ететін холдингілік құрылымы бар. «ҚТЖ»  ҰК» АҚ-ының бірден бір акционері  болып «Самұрық –Қазына» ұлттық әл-ауқат  қоры» акционерлік қоғамы табылады. Ол Ұлттық компанияның оперативтік  жұмыстарына араласпай, корпоративтік  басқаруды жетілдіру, бюджет ашықтығын  қамтамасыз ету, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметін Директорлар Кеңесі арқылы басқаруды  қамтамасыз етеді.

     Оған қоса Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі 2001 жылғы желтоқсанның 8-індегі №266-11 «Теміржол көлігі туралы» Заңға сәйкес, өкілетті орган ретінде теміржол көлігіндегі мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы көлік кешенінің жұмысын үйлестіреді, реттейді, бақылайды.

     «ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық теміржол желісінің, жүк және жолаушылар тасымалының операторы қызметін атқарады. Аталған қызметтер Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» және «Табиғи монополиялар және реттелетін рынок туралы» Заңдарымен бекітілген.

      Бүгінгі таңда темір жол көлігі Қазақстан Республикасының өндірістік инфрақұрылымының маңызды бөлшегі болып табылады. Қазақстанның географиялық орналасуы (теңізге шығу мүмкіндігі болмауы, су кемелері жүретін өзендер болмауы) территориясының кеңдігі, өндірістің шикізаттық құрылымы, автокөлік саласының инфрақұрылымының төмендігі темір жол көлігінің маңыздылығын арттыра түседі.

    Бүгінгі таңда Қазақстан Қытай арасындағы мемлекеттік шекаралық өткелі Достық стансасының маңызы зор. 2004 жылы Достық стансасы арқылы 9,5 миллион тонна жүк тасылды. Бұл жылы станцияның әлеуетін арттыруға 3,5 миллиард теңге бөлінді. Осындай қаржы бөлу арқылы 300 метр жол, 64 көтергіш құрал, вагондарды алмастыру орыны жарақталды. Достық-Ақтоғай жол телімінде 102 шақырымдық жолдың үстіңгі қабаты жақсартылып, пойыздың жылдамдығы сағатына 80 шақырымға дейін жеткізілді. Сол жылы Достық стансасында теміржолшылар мен олардың отбасы мүшелеріне арнап 11 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

 

 

2.2 «ҚТЖ» ҰК» АҚ инновациялық қызметті талдау және тиімділігін бағалау

 

Қарқынды  дамыған, тұрақты жұмыс істейтін және тепе-теңестірілген ұлттық теміржол кешенін жасау Қазақстанның экономикасын тұрақты дамытудың қажетті шарты болып табылады. Бүгінгі таңда теміржол көлігі Қазақстан Республикасының өндірістік инфрақұрылымының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстанның  географиялық жағдайы, жердің кеңдігі, өндірістің шикізаттық құрылымы мен өндірістік күштердің орналасуы теміржол көлігінің экономикадағы рөлін өте маңызды етеді.

     Индустриалды-инновациялық жобалар заманауи көлік инфрақұрылымын  қалыптастырып, жетілдіруге және жаңартуға, оның өткізу қабілетін ұлғайтуға бағытталған. Көлік инфрақұрылымын индустриализациялау картасын жасау және аналитикалық мәліметтерді іс жүзілік жазықтыққа ауыстыруды бастау, келелі салалық бағдарламаларды және Қазақстанның 2010-2014 жж. арналған индустриалды-инновациялық күшейтілген дамуы жөніндегі нақты бизнес-жоспарларды жасауға дайындық олардың нәтижелеріне айналмақ. Қаржылық дағдарысқа қарамастан, тек 2011 ж. республиканың көлік кешенін дамытуға инвестициялар 355,6 млрд. теңге құрады, оның ішінде теміржол саласына  - 138,5 млрд. теңге (37%); автожолдар саласына - 191,5 млрд. теңге (57%); су көлігін дамытуға - 12,8 млрд. теңге (3%); әуе жолдары көлігін дамытуға - 12,7 млрд. теңге (3%).

Теміржол  көлігіндегі инновациялық дамудың  негізгі қағидалары мыналар болып  табылды: ұлттық көлік жүйесін инновациялық дамыту, ең алдымен, көліктік қызмет көрсетулердің  қолжетімдігін арттыруға және экономиканың жүксіңіргіштігін төмендетуге бағытталуы тиіс; енгізілетін жаңа технологиялар  республика ішінде жүргізілетін көліктік үдерістерді жаһандық көлік жүйесінің  үдерістерімен біріздендіруді қамтамасыз етуі тиіс. Инновациялық дамудың стратегиялық екпіндері: көлік технологияларын  жетілдіру және заманауи техника  мен жабдықтарды енгізу; өндірістік және көліктік үдерістерді кешенді  ақпараттандыруды интеграциялау мен  қамтамасыз ету. Теміржол көлігінің  инфрақұрылымын дамыту Қазақстанның халқының, экономикасы мен өнеркәсібінің  сұраныстарына қарай жаңа учаскелер  салу арқылы желілерді оңтайландырумен  қатар, темір жолдардың қолда  бар желілерін қозғалыс қауіпсіздігі мен жылдамдығының әлемдік стандарттарына сәйкестікке келтіруге бағытталатын болады.

 «ҰК «ҚТЖ» АҚ магистралды  теміржол желісінің операторы,  жолаушылар мен жүктерді теміржол  көлігімен тасымалдау міндеттерін  орындау тәрізді қызмет түрлерін  жүргізеді. Көрсетілген қызметтер,  сәйкесінше, Қазақстан Республикасының  «Теміржол көлігі туралы» және  «Табиғи монополиялар мен реттелінетін  рыноктар туралы» Заңдарымен  реттеледі. «ҰК «ҚТЖ» АҚ қызметінің мақсаттары мыналар болып табылады: таза пайда алу арқылы ационерлік капиталды максимизациялау; теміржол саласының көрсететін қызметтеріне мемлекеттік, әлеуметтік және экономикалық сұраныстарды үздіксіз әрі сапалы қамтамасыз ету; магистралды теміржол желісінің инфрақұрылымы мен жылжымалы құрам паркін жоспарлы және кешенді ұстап тұру мен дамыту; теміржол саласындағы өзара қарым-қатынастардың рыноктық тетіктерін бейімдеу. «ҰК «ҚТЖ» АҚ қызметінің инновациялық қызметі жөніндегі есептілік ақпараты 4-ші кестеде берілген.

 

Кесте 4 - «ҰК «ҚТЖ» АҚ-ның инновациялық қызметі жөніндегі ақпарат, млн. теңге

Көрсеткіштер атауы

2011 ж.

1. Зерттеулер мен әзірленімдер

    Зерттеулер мен әзірленімдер  кеткен шығындар, көрсетілген кезеңдегі

 

- тасымалдау үдерісін автоматтандыру

80,6

- корпоративтік басқару және техникалық жарақтандыру

855,4

- телекоммуникацияларды дамыту

843,4

2. ҒЗТҚЖ шығындары, айналмайтын активтер құрамында ескерілген

2436,6

3. Материалды емес активтерге инвестициялар

 

Ұйым құрған және кезең ішінде есепке алынған материалды емес активтер

3066,1

Сату және материалды емес активтердің  басқа да сыртқа кетуі

31,8

4. Негізгі қаражаттарға салынған инвестициялар

 

- Астана қаласында локомотивтер құрастыру зауытын салу

4637

- локомотив паркін жаңарту және модернизациялау

10 862

- жүк вагондарын алу

2 421

- контейнерлер алу

186

- жолдың үстіңгі бетін модернизациялау және күрделі жөндеу

22266

- жүк вагондарын күрделі жөндеу

6174

- жолаушылар вагондары мен электропоеаздарды күрделі жөндеу

1407

- ауыр жол техникасын алу

7705

- байланысты ақпараттандыру және дамыту

9930

5. Ағымды қызмет

15 521,6

Ескерту – «ҰК «ҚТЖ» АҚ есептерінің мәліметтері негізінде жасалған


      Теміржол кешенін дамытудың инновациялық саясатының басымдықтары әлеуетті бәсекеге қабілетті өндірістерді құру және дамыту болып табылады.  Теміржол көлігін дамытудың маңызды бағыты аймақтар арасындағы тасымалдау қашықтығын қысқартатын жаңа желілерді салу, бұл қысқартылған желілер есебінен өнімдерді өндіру мен өткізу кезінде көлік шығындарын төмендетіп, ұлттық экономиканың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.  Сондықтан теміржолдардың ішкі желілерін оңтайландыру шараларын жүргізу қажет. Транзитті потенциалды арттыру мақсатында басқа елдерге шығуды халықаралық стандарттар деңгейінде колея ені бірдей елден елге тиісті ауысулармен жарақтандыру қажет, бұл теміржол көлігінің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етіп, жүктер мен жолаушыларды жеткізуді тездетеді. Осыған орай, «Достық» станциясын 2005-2008 жж. арналған дамыту Бағдарламасы іске асырылды, соның аясында шекараны кесіп өту уақытын қысқарту үшін техникалық құралдарды модернизациялау жүргізілуде, бұл халықаралық көлік дәлізімен тасымалдаудың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.     

Магистралды теміржол желісін оңалтудың  негізгі мақсаты тасымалдауды тиімді әрі қауіпсіз орындау үшін оның техникалық жағдайын жақсарту болып табылады. Жолға капиталдық салымдар жасау  локомотивтер мен вагондардың айналымын  жақсартуға, жол мен жылжымалы  құрамды ұстап тұру мен жөндеуге кететін шығындарды қысқартуға қатысты  жалпыжелілік тиімділік береді.

2007-2011 жж. күш теміржол желісінің негізгі жолдарына шоғырландырылды. Жолдың ең «тар», барьерлік деп аталатын жерлері күшейтілді. Бұл жерде заманауи жол техникасын және жол жұмыстарының кешенді механизациясын пайдалануға мүмкіндік беретін жол жөндеудің жаңа технологиялары енгізілді. Бұл жұмыстарға 55 979,7 млн. теңге, немесе жалпы инвестиция көлемінің 51,6% жұмсалды. Жол шаруашылығына теміржол көлігінің эксплуатациялық шығындарының шамамен 18% келеді. Жер бетін реконструкциялау, су бұру және су өткізу жайларын, жолдың үстіңгі құрылымын (балластық призма, рельсшпалды торлар, көрсеткіш тілдерді ауыстыру), көпір мен тоннель өтпелері мен басқа да объектілерді ағымды ұстап тұру мен барлық жөндеу түрлерін қамтамасыз ету үшін жол шаруашылығы жол қашықтықтарының, жол машина станциялары мен басқа да кәсіпорындарының ауқымды желісін иеленеді. Сонымен бірге тасымалдаудың өсуіне қарай, поездардың қозғалыс жылдамдығын арттыруды, іс жүзіндегілерін кеңейту мен қосымша бөлек бекеттер (разъездер, стансалар) ашу, екінші жолдар салу, автоблоктауды енгізу, тартудың неғұрлым прогрессивті түрлеріне көшуді т.б. қамтамасыз ететін жұмыстарды орындау есебінен өткізу және жөнелту қабілетін күшейту қажет. Мұндай шараларды жүргізу теміржол көлігінің жұмыс істеп тұрған объектілерін реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыруға, қосымшаларын салуға тиісті капитал салымдарын талап етеді.

Информация о работе Инновация