Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициясының есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2011 в 16:05, курсовая работа

Описание

Қаржылық инвестиция ― бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі, инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар. Сондай­ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді ― ақшалай және күрделі болып.

Работа состоит из  1 файл

инвестиция есеби.doc

— 892.50 Кб (Скачать документ)

       Бірлесіп  бақылайтын өндіріс – заңды тұлғаны құрмай тұрып, қатысу-шылар өздерінің жалпы шаруашылық мақсатына жету үшін активтерді пайдалануын топшылайды.

       Әрбір қатысушы бірлесіп бақыланатын өндіріс бойынша өзіне тиесілі шығындарын алады және олар алдын-ала өнімді сатудан алынған табысты таратудың тәсілін қарастырып қояды. Осы процесстің барысында пайдаланған негізгі құралдардың, тауарлы-материалдық запастардың жне т.б. активтердің құнын, әр қатысушы өз балансында ескереді.

       Бірлесіп  бақыланатын активтер – жалпы мақсат үшін алынған немесе салынған активтерді қатысушылар бірлесіп иелік етуді топшылайды. Бұл арада олардың негізгі қызметі үшін салынған активті барлық қатысушылар теңдей пайдаланады. Әрбір қатысушының табысы олардың кәсіпорын экономикасына қосқан үлесі арқылы анықталады. Әрбір қатысушы өзінің қосқан үлесін басқа қатысушыларға сатуға, тегін беруге құқылы.

     Төменде еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын  серіктестіктерге салынған инвестициялар  бойынша шоттар корреспонденциясы  келтірілген. 

Шаруашылық  операцияларының мазмұны Сомасы,

теңге

Шоттар  корреспонденциясы
Дебет Кредит
1 2 3 4 5
1. Еншілес, тәуелді  және бірлесіп бақыланатын серіктестіктердің  мына игіліктерді салу арқылы инвестициялвры жасалынды:

- тауарлар, негізгі  құралдар, материалдық емес активтер

- ақша қаражаттары

- есеп беретін  адамдарға берілген соманың есебінен

- еншілес, тәуелді  және бірлесіп бақыланатын серіктестіктерден

- заңды және  жеке тұлғалардан

 
 
 
200 000

300 000

50 000

600 000 

450 000

 
 
 
2210

2210

2210

2210 

2210 

 
 
 
1330,2400, 2700

2150

4120, 4130 

4110, 4170

Жиыны 1 600 000    
2. Заңды және жеке тұлғалардан тегін түскен инвестициялар 100 000 2210 6130
3. Тәуелді немесе еншілес серіктестіктер өз активтерін қайта бағалаудың нәтижесінде үлестік  қатысу сомасы инвестицияның құнын өсіреді  
 
300 000
 
 
2210
 
 
5320
4. Тәуелді немесе еншілес серіктестіктер активтерін қайта бағалаудың нәтижесінде үлестік  қатысу сомасы инвестицияның құнын  төмендеткен:

- бұрындары жасалған  қайта бағалау сомасының шегінде

- бұрындары жасалған  қайта бағалаудың артық жасалған сомасына

 
 
 
300 000 

150 000

 
 
 
5320 

7470

 
 
 
2210 

2210

5. Тәуелді немесе еншілес серіктестіктердің таза табысында инвестордың үлесі  өсуімен байланысты инвестицияның  құны өскен  
540 00
 
2210
 
7610
6. Инвестицияны  үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алған кезде инвестордың алатын (немесе алуына жататын) дивидендтер сомасына инвестицияның құны азайды  
140 000
 
2120, 2130, 2170
 
2210
7. Тәуелді немесе еншілес серіктестіктердің шеккен зияны инвестордың үлесін кемітуімен байланысты инвестицияның құны азайды  
2 000 000
 
7610
 
2210
8. Егер де инвестицияның  баланстық құнынан зиян асып түссе, онда ол баланстан тыс шоттарда есепке алынады  
50 000
 
011
 
-
9. Тәуелді немесе еншілес серіктестіктердің таза табысында инвестордың үлесі  өсуімен байланысты инвестицияның құны өскен кезде бұрындары инвестиция құнын төмендету үшін есептен шығарылған құн қалпына келтіреді, бұл кезде баланстан тыс шоттар жабылады  
 
 
300 000
 
 
 
2210
 
 
 
7610
10. Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің инвестициясы сатылды:

- инвестицияның  баланстық құнына

- инвестицияның  сатылған бағасы бойынша

 
 
300 000

700 000

 
 
7410, 1210

1280, 1220

 
 
2210, 2310

6210

 

§3. Қаржылық инвестициялардың есебі 

      Қаржылық  инвестициялардың есебі 2-бөлім «Ұзақ мерзімді активтер»:

    • 2000 «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар»
    • 2010 «Ұзақ мерзімді берілген қарыздар»
    • 2020 «Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар»
    • 2030 «Сатуға арналған қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар»
    • 2040 «Өзге ұзақ мерзімді қаржылық активтер» шоттарында жүргізіледі.

      Қаржылық  инвестициялардың шоттары активті, күрделі, негізгі болып табылады. Осы шоттардың дебетіне қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы  қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю  операциялары; кредит бойынша қаржылық инвестициялардың кему операциялары жазылады. Бұл шоттар бойынша талдамалы есеп инвестициялардың түрлері және осы инвести-циялар салынған объектілер бойынша жүреді.

      Қаржылық  инвестициялар сатып алу кезінде  ол оның сатып алынған бағасымен  бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін төленетін пайыздары, қор биржасының комиссиондық төлемдері кіреді.

      Құнды қағаздар инвестициясының өтелу  құны мен оның сатып алынған құнының  арасындағы айырмашылықтары (сатып алу кезінде пайда болған жеңілдік немесе сыйақы) инвестор өзі иеленген уақыт ішінде амортизация-ланады.

      Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар  бухгалтерлік баланста: не ағымдағы құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелінеді. Қысқы мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып танылады, ал керісінше өзгерсе, онда ол шығыс болып танылады.

      Егер  де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы немесе сатып алу құнының ең төменгі бағасымен алынса, онда оның баланстық құнын келесі негізде анқтайды:

    • жалпы қоржындық жиынтығымен;
    • инвестицияның түрі ьойынга қоржындық жиынтығымен;
    • жеке инвестициялары бойынша.

      Бұл кезде сатып алынған бағасы ағымдағы бағадан жоғары болса, онда олардың айырмашылығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше жағдайда – табыс ретінде танылады.

      Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестиция бухгалтерлік баланста төмнгідей жолмен анықталады:

    • сатып алынған құнымен;
    • қайта бағалау құны ескерілген құнымен;
    • сатып алынған құнымен және ағымдағы құнының ең кіші (төменгі) бағасымен бағаланды.
 

      Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестицияларды  қайта бағалау үшін: қайта бағалаудың мерзімін анықтау қажет және бір  уақытта ұзақ мерзімді инвестиция-лардың бір ғана түрі қайта бағаланады.

      Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестицияның қайта бағаланған сомасы меншік капиталының өсіміне жатқызылады.Инвестициялар құны төмендеген жағдайда азайту сол инвестицияның үстеме сомасы болған жағдайда (жетіспесе), оның құнының төмендеуі зиянға есептелінеді. Инвестицияның үстеме бағасының сомасы, бұрын құны төмендеген болса, сол инвестицияның зияны өтелгеннен кейін меншік капиталына жатқызылады, яғни сол сомаға өседі.

      Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестициялардвң құны төмендегенде сөзсіз бұл инвестициялардың баланстық құнын қайта қарауды талап етеді. Құнды тап осы-лайша төмендету әрбір инвестиция үшін жеке анықталады және есептелінеді. Бұл кезде инвестицияланған субъектідегі инвестордың үлес алмағы және тәуекелділіктің түрі ескеруі тиіс. Қаржылық инвестициялар есептен шығарылғанда, осы сатқаннан түскен пайда мен баланстың құнының арасындағы айырмасынан шығындарды алып тастағаннан кейін ол не табысқа, не шығысқа жатқызылады. Егер инвестиция бұрын қайта бағаланған немесе ағымдағы құны бойынша бағаланған болса, онда қайта бағалау сомасы табысқа немесе қабылданған есеп саясатына сай бөлінбенген табысқа жатқызылады.

      Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестиция қысқа  тмерзімді инвестициясына өтетін болса, онда оның сатып алу мен баланстық  құны ең төменгі баға бойынша аударылады.

      Егер  инвестиция бұрын қайта бағаланған болса, онда қайта бағалау сомасы аударылу кезінде шығарылып тасталынады.

      Егер  де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы құнмен есептелінсе, онда ол баланстық құн бойынша аударылады.

      Қысқа мерзімді инвестицияларды ұзақ мерзімді инвестицияға аударатын болсақ, онда ол сатып алу және ағымдағы құнның ең төменгі бағасы бойынша немесе ағымдағы құны бойынша бағаланады.

      Облигация дегеніміз – иесіне өз құнынан процент түрінде тұрақты табыс беретін бағалы қағаздардың бір түрі. Облигациясы барлар (ұстаушылар) эмитенттің (акционерлік қоғам, мемлекеттік муниципалды органдар) облигацияны шығарушының кредиторы б.т. Облигация – жалған капиталдың бір түрі. Облигацияның акциядан айырмашылығы: оның ұстаушысы акционерлік қоғамның мүшесі бола алмайды және оның дауыс беруге де құқығы жоқ.

      Облигация – белгіленген нақты (номиналдық) құны бойынша егесіне процент төлеу арқылы өтелетін міндеттемені растайтын бағалы қағаз. Облига-циялардың төмендегідей түрлері бар: мемлекеттік және жеке меншікті (коммерциялық банктер, акционерлік қоғамдар және басқалар шығарған); атаулы және талап етушіге арналған; проценттік және проценттік емес, еркін айналымдағы және айналым шеңбері шектеулі.

      Облигациялардың төмендегідей реквизиттері болуы керек: аты, фирмалық атауы және эмитенттің тұрған жері (облигацияны айналымға шығарушы мемлекет,кәсіпорын, мекеме); фирмалық атауы немесе сатып алушының аты немесе облигацияның талап етушіге жазылғаны туралы жазба; номиналдық құны, қарастырылған болса пайыз мөлшері; өтеу және пайыздарды төлеу мерзімдері, шығарылған орны мен күні, сондай-ақ облигацияның сериясы мен нөмірі, эмитенттің өкілетті тұлғаларының қол қою үлгілері. Облигацияның мақсатын білдіретін міндетті реквизит облигацияның қандай тауар үшін шығарылғандығын көрсетеді. Облигацияларды өтеу мерзімін және шығару туралы шешімін эмитент айқындайды.

      Облигацияға салынған қаражат инвестициясы олардың номиналдық құнының деңгейіне байланысты тұрақты пайыз түрінде алуды көздейді.

      Облигацияны алудың екі нұсқасы бар: номиналдық құнынан үлкен бағасы бойынша (сыйлығымен) және номиналдық құнынан төмен бағасы бойынша (жеңілдіктерімен). Демек, облигация номиналдық құны бойынша, немесе облигация сыйлығымен, немесе облигация жеңілдігімен шығарылуы мүмкін.

      Депозитті сертификат – салушының депозитті салуға құқығын куәлан-дыратын ақша қаражаттарын депозиттен өткізгені туралы қаржы мекемесі беретін куәлік. Сертификаттар талап етілгенше (депозитті сертификатты көрсету арқылы белгілі бір соманы алуға құқық беріледі) және жедел (салынымды қайтарып алу мерзімі және проценттің мөлшері көрсетілген) түрінде болады. Депозитті сертификаттар банкке немесе делдалдарға (құнды қағаздарды, тауарларды және валютаны сату және сатып алу сауда делдалдарының мәміле-сінде) пайызсыз немесе бір тұлға екіншісіне табыстау жазбасы арқылы берілуі мүмкін. Депозитті сертификаттардың экономикалық маңызы несие ресурс-тарының нарықтық құралы және мультипликаторы болып қызмет атқарады.

      Депозиттер  – бос ақша қаражаттарының банктегі салымдары. Олардың түрлері жедел депозиттер, талап етілгенше салынатын депозиттер және шартты депозиттер болып бөлінеді.

      Бондар  – мемлекеттік қазына, жекелеген мекемелер мен кәсіпорындар шығаратын қарыздық міндеттемелері. Бондарды сатып алу және сату қаражаттары сурроггаттарының есебінде қолдана алады.

      Қазыналық вексельдер – мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелердің түрі, олардың пайыздық купондары болмайды. Негізінен, банктер арасында номиналдан кеміту немесе жеңілдік жолымен сатылады. Толық өз құны бойынша сатып алынады. Вексельдердің иелері көрсетілген бағалар мен сату бағасы арасындағы айырмашылыққа тең табыс алады.

      Қазыналық ноталар – қазыналық эмиссия тәртібі бойынша шығарылатын ақшалардың түрі. Қазыналық билеттердің синонимі (асыл металдармен қамсыздандырылмаған және алтын мен күміске ауыстырылуға жатпайды); ұсыну үшін шығарылатын мемлекеттік міндеттемелердің орташа мерзімділігінің бір түрі.

      Шартты  бағалы қағаздар – бұл опциондар, варранттар,қаржылық фьючерстер, алуға ерекше құқығы бар тәріздес бағалы қағаздар.

      Опцион  – опциондық контрактінің нәтижесі болып табылатын бағалы қағаз, соған сәйкес қатысушылардың бірі біршама уақыт өткен соң бағалы қағаздарды алдын-ала ескертілген бағасы бойынша алуына немесе сатуына құқығы бар қатысушыны айтады, ал екінші қатысушы болса, ақшалай сыйақы алу үшін қажет болған жағдайда бағалы қағаздарды белгілі бір келісілген бағасы бойынша сатуға немесе сатып алуға құқысы бар.

      Опциондық шарт жасалынған ұсынысты ескерілген мерзімі ішінде өз күшінде сақтап тұруды түсіндіреді. Опционды сатып  алушы опцион мерзімі ішінде акциялар курсының қозғалысына байланысты, ол өз құқын іс жүзіне асыруы немесе асырмауы мүмкін. Егер опцион сатылмаса, онда бұл жағдайда сатып алушының опцион үшін төлеген сомасы сол сатып алушының табысы болып есептелінеді. Опцион сатып алушының пайдасы (“колл”), ағымдағы биржалық бағам (курс) опционда ескерілген бағамнан жоғары болса ғана қалып-тасуы мүмкін, ол сонда ғана акцияны сатып алуы мүмкін. Содан соң ол акцияны сатып алады, яғни опционның екінші типі (“путы”) жасалады, бірақ бұл ағымдағы биржалық бағам опциондағы көрсетілген бағамнан жоғары болса ғана жүзеге асады.

      Варрант – бұл негізгі бағалы қағаздарды шығарумен қатар көрсетілген қор құндылықтарын сатып алуға қызығушылық тудыру үшін пайда болатын бағалы қағаздар. Варрант оның иесіне белгілі бір уақыт ішінде алдын ала белгіденген баға бойынша сатып алынған бағалы қағаздарға берілетін құқық. Варрант иесі – оның сатып алушысы. Варрантты сатушы тұлға болып сол шартты қағаздарды шығаратын және варрант сатып алушыларға қатысты міндеттемелерді қабылдайтындар. Бағалы қағаздардың варрант бойынша алынған бағасы, сол варранттың атқаратын бағасы болып аталады. Варранттар кей жағдайда бағалы қағаздың өзімен бірге ұсынылады және олардың құны бағалы қағаздың құнымен бірдей болуы мүмкін. Бұл бағалы қағаздардың құны варранттардан бөлінуі мүмкін, егер бағалы қағаздар нарығында өз бағамына ие болса және дербес қызмет ете алса.

Информация о работе Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициясының есебі