Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициясының есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2011 в 16:05, курсовая работа

Описание

Қаржылық инвестиция ― бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі, инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар. Сондай­ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді ― ақшалай және күрделі болып.

Работа состоит из  1 файл

инвестиция есеби.doc

— 892.50 Кб (Скачать документ)

§1. Нақты және қаржылық инвестициялардың ұғымы және

олардың жіктелуі 

     Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты ― түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе пайыз алу болып табылады.

     Инвестицияны  мына топтарға жіктеуге болады:

    1. Жұмсау мерзімі бойынша:

    • Қысқа мерзімді;
    • Ұзақ мерзімді:
    • Мерзімсіз.

      2. Тағайындалуы бойынша:

    • Қаржылық;
    • Нақты.

      3. Шығу тегі бойынша:

    • Бірінші;
    • Екінші.

    4. Болу формасы  бойынша:

    • Құжаттық;
    • Құжатсыз.

    5. Ұлттық тегі  бойынша:

    • Отандық;
    • Шетелдік.

    6. Қолдану  түрі бойынша:

    • Инвестициялық (капиталдық);
    • Инвестициялық емес.

    7. Иемдену  қатары бойынша:

    • Жеке;
    • Жалпы.

    8. Шығарылым формасы бойынша:

    • Эмиссиондық;
    • Эмиссиондық емес.

    9. Меншік формасы  бойынша:

    • Мемлекеттік;
    • Корпоративтік.

    10. Айналыс  сипаты бойынша:

    • Нарықтық;
    • Нарықтық емес.

    11. Тәуекелділік  деңгейі бойынша:

    • Аз тәуекелділікпен;
    • Мүмкін үлкен тәуекелділікпен.

      Тәуекелділік түрлерін мынаған бөлуге болады:

  • Капиталды тәуекелдік – бұл барлық жұмсалымға арналған жалпы тәуекелділік, инвестор өзінің инвестициясын ысырапсыз қайтара алмайтын, толық босатып ала алмайтын тәуекелдік;
  • Уақытша тәуекелдік – міндетті түрде ысырапқа ұшырататын қолайсыз уақыттағы инвестицияны сату және сатып алуға байланысты тәуекелділік;
  • Заңдық өзгерістер тәуекелділігі – шығын мен ысырапқа ұрындыруы мүмкін тәуекелділік;
  • Өтімділік тәуекелділігі – инвестицияны өтізу барысындағы болуы мүмкін ысырапқа ұрындыратын тәуекелділік;
  • Нарықтық тәуекелділік – нарықтың жалпы құлдырауымен байланысты инвестиция құнының төмендеуінен ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік;
  • Кредиттік және іскерлік тәуекелдік – борыштық құнды қағаздар шығарушы негізгі қарыз сомасын немесе сол бойынша сыйақы төлеуге жағдайын болдырмайтын тәуекелділік.
  • Проценттік тәекелділік – нарықтағы проценттік мөлшерлеменің өзгеруіне байланысты инвесторға ысырап әкелуі мүмкін тәуекелдік;
  • Валюталық тәуекелдік – шетелдік валютадағы инвестициямен байланысты тәуекелдік.

      12. Қолма-қол табыс бойынша:

    • Табыстық;
    • Табыссыз.

    13. Қаражатты  жұмсау формасы бойынша:

    • Борыштық – құнды қағаздардағы немесе міндеттердегі инвестиция;
    • Иелі үлестік – нарықты субъектінің капиталындағы үлестер немесе уақытша шектеулермен байланысы жоқ мүліктегі үлес;
    • Жеке жобалар.

    14. Экономикалық  мәні бойынша:

    • Мүліктік;
    • Міндеттік.

      15. Халықаралық және отандық стандарт  бойынша бухгалтерлік есепте  инвестиция мыналарға бөлінеді:

    • Қаржылық (БЕС 8 «Қаржылық инвестиция есебі» және оған әдістемелік ұсыныс);
    • Еншілес, тәуелді және бірігіп бақылау арқылы шаруашылық субъектісіндегі инвестиция (БЕС 13, БЕС 14, БЕС 15 және оған әдістемелік ұсыныс).

     Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) күн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлердің алдын ала айқындайды.

     Қаржылық  инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ мерзімді болшып бөлінеді.

     Инвестиция  өзінің алынған мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлінеді.

     Нақты инвестициялар ― бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық­өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.

     Қаржылық  инвестиция ― бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі, инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар. Сондай­ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді ― ақшалай және күрделі болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық құнды қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге ( бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі.

     Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын (қорын) құрастыру  немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.

     Бағалы  қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін куіәләндыру үшін олар былайша бөлінеді:

      бағалы қағазды ұсынушыға ― құқықтарын орындау үшін, бірақ олардың иелерін теңестіруді талап етпейді, ұстаушылардың атына тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа адамға қарапайым жолмен қолына береді.

      атаулы бағалы қағаздар ― белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы қағаздар бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес, ондағы тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді.

      ордерлік бағалы қағаздар ― ол ең алғашында иемденушінің атына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген құқықтар қағазға түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалылығын сақтайтындай етіп ― индоссаментке жазып береді. Индоссамент өзінде құқықтың болғанына ғана емес, сонымен бірге, оның жүзеге асуына да жауап береді. Бағалы қағаздардан алынатын табысқа қатысты оларды борыштық және инвестициялық деп бөлуге болады.

     Борыштық  бағалы қағаздар пайыздары төлеуді және негізгі қарыздың негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады. Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған барлық облигациялар, вексельдер жатады.

     Инвестициялық бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін иемденуге құқық береді, оларға эмитенттерінің бардық типтеріндегі акциялары тұтастай жатады.

     Бағалы  қағаздар эмитенттік сипаты бойынша: мемлекеттік (Үкімет пен Ұлттық Банктің борышкерлік міндеттемелері), муниципалдық (жергілікті атқару органдарының борышкерлік міндеттемелері) және кооперативтік (шаруашылық жүргізуші субъктілердің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе қаржылық­шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажетті қаражатты тарту мақсатымен қолданыстағы заңға сәйкес шығарылатын) болып бөлінеді.

     Мәмілеге  байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондылық (акцтялар, облигацтялар) және саудалық (коммерцтялық вексельдер, чектер, коносаменттер, кепілдік міндеттемелер және т.б.) болып бөлінеді.

     Фондылық  бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиясымен) ерекшеленеді және олар қор биржаларында айналысқа түседі.

     Саудалық  бағалы  қағаздар коммерцтялық бағытқа ие: олар негізінен сауда операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру процесіне қызмет көрсетуге арналған.

     Бағалы  қағаздар әрекет ететін орны бойынша  ақша нарығының бағалы қағаздары және капиталдық бағалы қағаздары болып бөлінеді.

     Ақша  нарығы дегеніміз ― қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен сатылуын көрсетеді және ол қаржылық нарықтың бір бөлігі. Қысқа мерзімді бағалы қағаздардың әрекет ету мерзімі ― бір күннен бастап бір жылға дейін болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте, төменгі төлем тәуекелімен қатар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем қабілеттілігі жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы қағаздарына: қазыналық вексельдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар жатады.

     Бағлалы қағаздардың атқаратын рөлі бойынша: негізгі, көмекші және негізгі бағалы қағаздардың алыну мен сатылу құқығын куәландыратын шарт­ ты бағалы қағаздар болып бөлінеді.

     Бағалы  қағаздарды өздерінің алдына қойған міндеті мен мақсатына сәйкес басқа да белгілері бойынша жіктелуі мүмкін.

     Егер  инвестор әр тараптандыру (диверсификациялау) принципін ұстанатын болса, онда ол инвестициялық портфель деп аталатын бағалы қағаздардың жиынтығымен байланысты болады.

     Қоржындық (портфелдік) инвестициялаудың объектілері  ретінде әртүрлі бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың шартты түрлері әрекет етеді. Қоржынның бір бөлігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін. Инвестор инвестицтялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді қалыптастырады. Келесі типтерін бөліп көрсету қабылданған: бірінші тип ― өсім қоржыны, екінші тип ― табыс қоржыны.

     Қоржынның бірінші типінің мақсаты өсімді көбіне дивиденттер мен процнттер алу есебінен емес, бағалы қағаздардың бағамдық өсімінің есебінен алу болып табылады. Бұл негізгі салымның басым бөлігін акция құрайды. Күтілетін капитал өсімімен және тәуекелділіктің ара қатынасына байланысты қоржындық өсімнің ортасынан бөліп көрсетуге болады. Агрессивті өсім қоржындары капиталдың маскималды өсіміне бағытталады. Бұл қоржын үлкен тәуекелділікпен байланысты екенін көрсетеді, бірақ эмитент ­ кәсіпорындардың қолайлы дамуы кезінде ол үлкен табыс әкелуі мүмкін. Қоржынның бұл құрылымы, әдетте, тез өсетін жас компаниялардың акцияларымен көрсетілуі мүмкін. Консервативік қоржынның өсаімі негізінен ірі, жақсы белгілі және тұрақты компаниялардың акциясынан тұрады, бұндай қоржынның тәуекелділігі де аса  үлкен болмайды. Қоржынның орташа өсімінде агрессивті қоржынға да, консервативті қоржынға да тән инвестициялық қасиеттері болады. Оның құрамына сенімді кәсіпорындармен қоса даму үстіндегі жас кәсіпорындардың да акциялары енеді. Мұндай қоржын жеткілікті табысқа және тәуекелдің орташа деңгейін ұстауына қолайлы жағдай туғызады.

      Қоржындардың  екінші типі дивиденттер мен проценттерден табыс алу болып табылады. Қоржынның бұл типі тәуекел кезінде алдын ала жоспарланған табыстың деңгейін қамтамасыз етеді және онда тәуекелділіктің деңгейі нольге тең болады. Қоржындардың аталған типін инвестициялау объектілері ретінде сенімділігі жоғары бағалы қағаздар алынады. Оның құрамына енетін қорлардың инструменттеріне байланысты олар: конверттелетін, нарықтық ақщалай және облигациялар болып бөлінеді. Конверттелетін (айырбасталынатын) қоржындар: айрықша акциялардан және облигациялардан тұрады. Мұндай қоржын оны құрайтын бағалы қағаздардың есебінен нарық конъктурасы мүмкіндік беретін болса, онда оларға жай акциялардың өзі де қосымша табыс әкелуі мүмкін. Басқа жағдайда, қоржын инвестициясы тек тәуекелділік төмен болған кезінде ғана табыспен қамтамасыз етіледі. Ақша нарығының қоржындары капиталды толық сақтау мақсатынан тұрады. Оның құрамына ақщалай қаражат пен тез сатылатын активтер кіреді. Егер де ұлттық валюта өзінің төмендеу бағасын көтерсе, онда ол шетелдік валютаға айырбасталуы мүмкін. Сөйтіп, салынған капитал нольдік тәуекелділік кезінде өз өсімін сақтайды. Облигациялар қоржындары облигациялардың есебінен қалыптасады және нольдік тәуекелділік кезінде орташа табыс әкеледі.

      Инвестиция  – экономиканы дамытудың тұрақты  және жоғарғы қарқынын қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерді  енгізуді, инфрақұрылымды дамытуды көздейтін  басты фактор.

      Инвестицияны  дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын  және ұзақ мерзімге несие беретін  мамандандырылған инвестициялық банктер  мен акционерлік қоғамдардың  акцияларынан құрылған инвестициялық  қорлар ерекше роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай жасайды.

      Қаржылық  инфестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы инвестициялар жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен  байланысты болатынын ескерген жөн. Бұл тәуекелділік басшылардың біліктілігімен және олардың епті әрекеттерімен, есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастыруымен, валютаның бағамдық пайыз мөлшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді несиелерді тартудың қиындылықтарымен және т.б. осы сияқты мәселелерімен байланысты болып келеді. Сонымен қатар, табиғат зілзаларымен және саяси тәуекелділіктерімен байланысты болатынын ескерген абзал. Қаржылық инвестициялар техникалық-экономикалық есептеулер жасалған соң және сол инвестицияланатын объектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып, жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарықтық қарым-қатынастар жағдайындағы тәуекелділіктер төменбеуімүмкін.

Информация о работе Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициясының есебі