Қаржылық коэффициенттерді қолдану арқылы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 21:15, курсовая работа

Описание

Менің бұл курстық жұмысымның тақырыбы «Қаржылық коэффициенттерді қолдану арқылы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» деп аталады. Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................................3

1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негізі.
1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мәні мен мақсаты....................5
1.2 Кәсіпорынның қаржы және оларды талдау міндеттері.........................................9
1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың әдістері...................................16

2. «Халлибертон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржы коэффициенттерін қолдану арқылы қаржылық жағдайын талдау.
2.1«Халлибертон Интернэшнл Инк.» компаниясының жалпы сипаттамасы....................................................................................................................19
2.2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын бағалау.............................................................................................................................24
2.3 Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін, табыстылығын арттыру жолдары...........................................................................................................................35

Қорытынды...................................................................................................................47
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................

Работа состоит из  1 файл

Акарыс.doc

— 335.50 Кб (Скачать документ)

Салыстырмалы талдау – кәсіпорынның бөлімшелерінің және көрсеткіштері бойынша есептің жалпы көрсеткіштерін шаруашылық ішілік талдау және ортасалық және орташа жалпы экономикалық мәліметті бәсекелестердің көрсеткіштеріне қатысты берілген кәсіпорынның көрсеткіштерін шаруашылықаралық талдау. Бұл әдісте өтіп жатқанға бағаны ұқсас мәндер және құбылыстар арқылы береді.  Ол процесті бөлшеуге және сәйкес қорытындылар жасауға  мүмкіндік береді. Бұл әдісті қлоданудағы қажетті шарт  көрсеткіштердің сәйкестендіруін сақтау. Егер бірнеше жылдар ішінде  өткізілген өнімді  ағымдық бағамен сәйкестендіру және қажетті түзетулерсіз құрылған 3-5 немесе одан да көп жылдардағы шығындар деңгейін сипаттайтын динамикалық қатарды құру экономикалық қате болады. Сәйкестендіруді сақтау ұқсас бағамен айналымды қайта есептеу, баға индексі, тариф, стаакілерді қолданумен өндірісті шығындар тобын есептеуді, экономикалық мәні бойынша көрсеткіштердің біртектігі, оларды есептеу әдістемесінің бірлігі және әлеуметтік, этнографиялық, табиға факторлар тобын ескеруді талап етеді.

Факторлық талдау – зерттеудің стохастикалық әдістері көлемімен бөлек факторлардың нәтижелі көрсеткішке әсерін талдау. Факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол - кері (синтез) болуы мүмкін.

Жоғарыда аталған әдістермен қатар кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметін талдауда экономикалық талдау, экономикалық және математикалық статистиканың дәстүрлі тәсілдері және экономика- математикалық әдістері қолданылады.

Сыртқы қаржылық талдау – капиталды инвестициялау тәуекелінің дәрежесін және оның табыстылық деңгейін болжамдау мақсатында кәсіпорының қаржылық жағдайын зерттеу процесі.

Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қоолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық жағдайға терең, жан – жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай – ақ объективті және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.

 

2 «Халлибертон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржы коэффицинеттерін қолдану арқылы қаржылық жағдайын талдау

 

2.1 «Халлибертон Интернэшнл Инк.» компаниясының жалпы сипаттамасы

«Халлибертон Интернэшнл Инк.» компаниясы 1919 жылы құрылған. Оның негізгі қызметі  мұнай өндірісі, құрылысы, мұнай газ өңдіру скаважиналарын жөңдеу және іске қосуға қажетті құрал жабдықтарды жасау және жабдықтаумен айналысу болып табылады.

Компанияның орталық офисі  Хьюстонда (Техас штаты) орналасқан.

Жұмысшылар саны 85 мың адамды құрайды.

Кәсіпорынның әлемнің 120 мемлекетінде бөлімшелері бар, солардың қатарында Қазақстан да бар. Қазақстандағы кәсіпорынның бөлімшесі Каспий-дегі мұнай жобаларын әзірлеумен айналысады.

Компанияның айналымы 2006 жылы 30,5 млрд. АҚШ долларды құрады.

Соңғы 12 жылда «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы Нарьян-Марда, Няганда, Ханты-Мансийскте, Пермьде, Тюменьде, Нижневартовскте, Нефтеюганскте, Сургутте, Губкинскте, Ноябрьскте, Архангельскіде, Мегионда, Радужда, Охада, Тенгизде, Ақтөбеде, Атырауда, Актауда, Астраханда, Причалда, Небит-Дагта, Туркменбашыда және Южно-Сахалинскте жобаларды іске асырумен айналысты.

Компанияның Energy Services Group бөлімшесі мұнай және газ саласында қызмет етеді және скажиналар құрастыру, оларды аяқтау және жөңдеу бойынша қызметтер көрсетеді.

Компанияның екінші білімшесі Halliburton Engineering and Construction Group теңіздегі платформаларды, мұнай және газ өңдеу зауыттарын жабдықтаумен және өндіріс объектілерін салумен , жөңдеумен айналысады.

Әлемнің 30 халықаралық тәуелсіз компанияларымен бірлесіп қызмет ету тәжірибесі бар.

«Халлибертон Интернэшнл Инк.» компаниясы Қазақстанда  Қашағанды игеріп жатқан Agip KCO консорциумымен, «Казахойл Актобе» компаниясымен және «Тенгизшевройлмен» (ТШО) қызмет жасайды.

«Халлибертон Интернэшнл Инк.» компаниясының басқарушылық құрылымы төмендегі 1-суреттетен көруге болады.

Баланс активтерінін құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінін абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.                                                                                                           

Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда, кәсіпорын мүлік құныньң өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.                                                  

Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз. Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін аналитикалық кесте құрылады (Қосымша №1). Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 9 485 мын теңгеге немесе 2,57%-ға кемігенін көруге болады. Бұл кәсіпорын дамуының  теріс нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет. Кесте мәліметтері көрсеткендей қаражаттарды ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер арасына тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешілді. Егер ағымдағы активтердің үлесі жыл басында 14,88 пунктке аз болса (42,56-57,44), жыл аяғында ол  37,2 пунктке (52,33-47,67) дейін төмендеді және 31,40%-ды құ-рады.                                                                                                                                    

Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мобильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмыс-ты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы  жағымды өзгеріс болып табылады - яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.                                                                                       

Талдау жүргізіп отырған кәсіпорындарда бұл коэффициенттің деңгейі жыл басында 0,43 (157170:369250), ал жыл соңында 0,31 (112980:359765) құрады. Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш - мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады. Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салалық ерекшіліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс.                                                                                         

Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш деңгейі жыл басында - 0,74 (157170:212080), ал жыл аяғында – 0,46 (112980:246785) құрайды. Бұл коэффициент деңгейі иммобильді қаражаттардың өсу қарқыны мобильді қаражаттар-дың өсу қарқынан артуының нәтижесінде кеміп отыр. Есепті жылы біріншілер, яғни иммобильлді қаражаттар 1,2 есеге (246785:212080) өссе, ал екіншілері - 28,12%-ға (-44190:157170100) азайған. Кәсіпорын ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа, кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтермен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұрақтылықтың белгісі болып табылады: ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасының коэффициентінен артық болуы керек.                                                   

Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның  материалды-техникалық  базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет.                 

Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құны-ның (қалдық) үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Өйткені бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы Негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.                                               

Біздің мысалымыз бойынша баланс валютасындағы негізгі құралдардың қалдық құнының үлесі жыл басында - 40,03%-ды, ал жыл соңында - 58,44%-ды құрайды, яғни бұл көрсеткіштің теориялық мәнінен 8,44 пунктке асып отыр.                                 

Әрі қарай ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет. Кес-теде келтірілген мәліметтер кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жағымсыз динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қортындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді активтер-яғни ақша қа-ражаттары бір жылда 3965 мың теңгеге немесе 263,46%-ға артқан болса, ал қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар жыл соңында - 670 мың теңгені құра-ды.                                                                                                             

Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары есепті жылы 7,23%-ға төмендеді және ол жыл аяғында 53600 мың теңгені құрады. Олардың үлесі 0,75 (15,65-14,90) пунктке азайған. Бұл жағдай, материалды айналым каражаттары-ның құрамында сұранысы жоқ немесе шектеулі сұранысқа ие болатын және де сол себептен өтімділігі төмен болып табылатын басы артық және қалып қойған материалдық құндылықтар, дайын өнімдер, нормадан тыс шикізат қорлары, материалдар, аяқталмаған өндірістер жоқтығын көрсетеді.

Есепті жылы дебиторлық борыш та әжептеуір азайған. Егер оның көлемі жыл басында - 91595 мың теңгені құраса, жыл аяғында ол - 47525 мың теңгені құ-райды немесе 48,11%-ға төмендеген, ал ағымдағы активтер құрамындағы оның үлесі 11,6 пунктке азайды (24,81-13,21).                                                                             

Айта қеткен жөн, кәсіпорынның қаржы жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, онын көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруа-шылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртібінін бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге бол-майды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табыла-ды да кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді. Кәсіпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген деби-торлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді. Осыған байланысты талдаушы оның құрылы-мын зерттеу негізінде өтелмеген дебиторлық борышты анықтауы тиіс.

2.2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын               бағалау

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау баланс өтімділігін талдаудан басталады. Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның “өтімділігін” анықтап алу керек.

Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеті-лігі ұғынылады. Ал екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы.                                                                                                           

Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойьшша да, келіп түсу уақы-ты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мә-нінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілі-гін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу ке-рек.

Информация о работе Қаржылық коэффициенттерді қолдану арқылы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау