Орта ғасырдағы батыс еуропа мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2012 в 19:23, реферат

Описание

Егер ХІХ ғасыр антикалық мәдениетке бас ұрып, оны тамсана мадақтаса, біздің ғасырдың мемлекеттері V-ІV ғасырлардағы Византия мәдениетіне тәнті болды. Әсіресе бізге 260 жылға жуық үстемдік еткен орыс халқы Византия мәдениетін көкке көтере мақтап, оны жан-жақты зерттеп, білуге күш салып келеді. Себебі Византия - славян әлемінің ұстазы. Оңтүстік және Шығыс славяндарындағы жазу оларға Византиядан келді. Барлық мәдениет атаулының атасы іспеттес дін де шығыс славяндарына сол Византиядан келгенін мектеп оқушылары да жақсы біледі. Әйнек жасау, храмдар салу істерін де орыстар Византиядан үйренді.

Работа состоит из  1 файл

орта ғасырдағы батыс еуропа мәдениеті.doc

— 133.00 Кб (Скачать документ)

  ЖОСПАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Орта ғасырлар — эллиндік-классикалық  мәдениеттің құлдырау шегіне жетіп, ал одан кейін оның жаңа заманда  қайта түлеу кезеңімен сәйкес келетін, ұзаққа созылған біртұтас мәдени дәуірді қамтиды. Орта ғасырлар мәдениетінін қайнар бұлағы — «романдық бастаудан» нәр алатын Батыс Рим империясының мәдени дәстүрлері болып саналады. Олар құқық, ғылым мен өнер, философия, жоғары құқықтық мәдениет, христиан діні және т.б. Бұл мәдени дәстүрлер римдіктердің «варварлармен» күресі кезеңінде тереңдей түсіп, Батыс Еуропаның пұтқа табынушы көптеген тайпаларының мәдени өмірінде өз жалғасын тапты. Мұндай мәдени тоғысулар Батыс Еуропалық ортағасырлар мәдениетінің қалыптасып одан әрі дамуына даңғыл жол ашып берді. Мәдениеттанушы ғалымдар көне заманнан бастап жаңа заманға дейін созылатын уақыт шеңберін ортағасырлар деп атайды. Бұл тарихи кезең бір мың жылдан астам уақытты қамтиды, яғни V ғасырдан бастап XV ғасырға дейін созылады. «Орта ғасырлар» деген термин алғаш рет Италияда Қайта өрлеу дәуірінде пайда болған. Итальян гуманистері бұл терминді бір жағынан «ежелгі дүние» мен «жаңа заманның» ара жігін анықтау үшін де қолданған. «Орта ғасырлар» терминінін сол бір тарихи кезеңде қалыптасқан мағынасы біздің заманымызда да өз мәнін жойған жоқ.

          Егер ХІХ ғасыр антикалық мәдениетке  бас ұрып, оны тамсана  мадақтаса,  біздің ғасырдың мемлекеттері V-ІV ғасырлардағы Византия  мәдениетіне  тәнті болды. Әсіресе бізге 260 жылға жуық үстемдік еткен орыс халқы Византия мәдениетін көкке көтере мақтап, оны жан-жақты зерттеп, білуге күш салып келеді. Себебі Византия - славян  әлемінің ұстазы. Оңтүстік және Шығыс славяндарындағы жазу оларға Византиядан келді. Барлық мәдениет атаулының атасы іспеттес дін де шығыс славяндарына сол Византиядан келгенін мектеп оқушылары да жақсы біледі. Әйнек жасау, храмдар салу істерін де орыстар  Византиядан  үйренді.

     260 жылдық  бодандықтан босаған қазіргі  Қазақстанның халықаралық жағдайы  күрделі.  Оның  тәуелсіздігін  нығайту – күн  тәртібіндегі маңызды мәселенің бірі. Оның болашағын айқын  бағдарлай  алуы  үшін тек өзінің  емес,  өзгелердің  де  өткен  жолын  дұрыс саралап, сабақ алуы қажет. Сондай өткеннен сабақ алуға  лайықты орта ғасырлық мемлекеттердің мәдениеті болып табылады.

     Сондай-ақ, адамзат тарихын зерттеушілер  мәдениет мәселесін қамтымай  дұрыс пайымдаулар жасай алмайды.  Әрбір тарихи дәуірдің өзіндік  мәдениеті бар. Мәдениетті түсіну  үшін тарихи  дәуірді  білу  керек.

     Сол сияқты  әрбір  халықтың  өзіне  ғана  тән  мәдени  дәстүрлер  болады. Әрбір халықтың, қоғамның белгілі  бір тарихи дәуірдегі даму  дәрежесін, оның  артықшылықтары  мен кемшіліктерін түсіну, ол  қателіктерден дұрыс  қорытынды   жасау - келешекте қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық табысқа жету кепілі болып табылады.

     Сөйтіп,  мәдениет  тарихын,  оның  өзекті  мәселелерін  жете  білу - қоғам  дамуын  табысты  басқару  кілттерінің  бірі. Яғни, мәдениет тарихын жете  білу - қоғам  дамуының  болашағын дұрыс болжай білу кепілі. Сондықтан да орта ғасырдағы Батыс Европа мәдениетін, оның қоғамдық-саяси және әлеуметтік қатынастарын шешу тәжірибесін үйрену өз тәуелсіздігін 260 жылдан соң қайта алған көп ұлтты біздің республикамыз үшін өте маңызды мәселе деп  пайымдауға  болады.

     Бірақ өкінішке  орай бұл маңызды мәселе ғылыми-зерттеу еңбектерінде өз шешімін дәл тапқан жоқ. Сол себепті біз бұл жұмыстың тақырыбы етіп «Батыс Европаның ортағасырлардағы мәдениеті» деген мәселені таңдап алдық. 

     Бұл мәселеге арналған еңбектер баршылық. Бірақ олар тек орыс тілінде жарық көрген еңбектер.

 

Орта ғасырлардағы Батыс Еуропаның мәдениеті

 

Мыңжылдық «Орта ғасырлар»  дәуірі негізінен үш кезеңнен тұрады. Бірінші, «Бастапқы Орта ғасырлар кезеңі»  — дәуір бастауынан басталып —ХХІ ғасырға дейін созылады; екінші, Жоғарғы (классикалық) кезең XI ғ. мен XIV ғ.; ал үшінші, «Кейінгі орта ғасырлар кезеңі» — XIV ғ. және XV ғ. аралықтарын қамтиды.

Бастапқы орта ғасырлар кезеңі — Еуропада буырқанған әрі  мәнді процестерге толы сындарлы кезең болды. Бұл тарихи өзгерістер, ең бірінші кезекте біздің заманымыздың екінші ғасырынан бастап-ақ Рим империясын шапқыншылық әрекеттеріңен мазалай бастаған варварлардың («варда» — сақал деген сөзінен шыққан) жойқын шапқыншылықтарымен тығыз байланысты болды. Бұл қақтығыстар Рим империясның 476 ж. құлауымен аяқталды. Варварлардың жеңісі римдік региондарды жай ғана жеңу емес еді. Ендігі жерде тарихтың жаңа беті басталып, көне қоғамдағы абыржушылық пен бейберекетсіздік одан әрі күшейе түсті.

Жаңа батыс еуропалықтар Рим империясының мемлекеттік дініне айналған христиан дінін қабылдады. Сөйтіп, Рим империясының барлық жерінде  қалыптасқан пұтқа табынушылықты  жаңа дін біртіндеп ығыстыра бастады  және бұл процесс Рим империясы  құлағаннан кейін де толастамады. Бұл жағдай — Батыс Еуропадағы Бастапқы орта ғасырлар кезеңінің бет-бейнесін айқындаған маңызды тарихи процесс болды.

Осы бір тарихи кезеңдегі  ерекше жағдай — бұрынғы Рим империясының территориясында «варварлардың» жаңа мемлекеттік құрылымдарының қалыптасуы болып табылады. Шындығына келетін болсақ, сансыз гот, франк және т.б. тайпаларды «тағылар» деп айтуға да болмайтын сияқты, өйткені дәл осы кезенде олардың көпшілігінде мемлекеттік құрылыс белгілері айқындалған болатын. Олар сонымен қатар әскери демократия принциптерін жетік меңгерді, егіншілікпен, қол өнермен металлургиямен шұғылданды. Тайпа көсемдері өздерін корольдер, герцогтер және т.б. деп жариялады. Мысалы, франктердің королі Ұлы Карл 800 жылы бүкіл батыс еуропалық елдердің императоры деп жарияланды. Қазіргі Францияны, Германияны, Бельгияны, Голландияны, Солтүстік Италияны, Солтүстік Испанияны өзіне қосып орта ғасырлық бірінші зор империя құрған Ұлы Карлдың тарихи күресінде адам қаны көп төгілді. Ұлы Карл билік құрған кезеңді кейде «каролингтік қайта дәуірлеу кезеңі» деп те атайды. Мұндай атақтың берілуінің себебі, Карл империясының ежелгі Рим мәдениетін жандандыруға бағытталған шараларынан болса керек. Ерекше атап өтетін бір жәйт, Ұлы Карл ағарту ісінің қажеттілігін түсінген және оны дұрыс жолға қоюға тырысқан көрнекті тұлға болған. Ол өзі бас болып негізін қалаған мектепте оның ұлдарымен бірге ақсүйек балалары түрлі ғылым салаларын, оның ішінде риториканы, поэзияны, диалектиканы, астрономияны және т.б. оқып үйренді.

Кейіннен, яғни 900 жылы қасиетті Рим империясы сансыз графтықтарға, герцогтықтарға, епископтықтарға, аббатықтарға бөлініп кетті де, қоғамда бейберекетсіздік туды. Олардың билеушілері өздерін тәуелсіз қожайындар санап, императорларға да, королъдерге де бағынуды қажет деп санамады. Бірақ, елдің бірлігіне нұқсан келтіретін мұндай келеңсіз көріністерге қарамастан мемлекеттік құрылымдардың қалыптасу процестері одан кейінгі кезеңдерде де тоқтамады. Әрине, ғасырлар бойы талай аласапыранды басынан кешірген тонаушылық пен басқыншылық орын алған мұндай мемлекетте экономикалық және мәдени дамуға нұқсан келетінін ешкім де жоққа шығара алмас. Ал бұл жағдайлар, өкінішке орай, бастапқы Орта ғасырлар кезеңінің өзіне тән ерекшелігі болды.

Бірақ, классикалық дәуірде  орта ғасырлық Еуропа бұл қиындықтарды жеңе отырып, қайтадан жаңара бастады. Х ғ. бастап феодализм заңдары бойынша жүзеге асырылған ынтымақтастықтың нәтижесінде ірі мемлекеттік құрылымдар құрылды және қуатты армияларды жинақтауға мүмкіндік туды. Осы сияқты қоғамдық өмірде жүзеге асырылған шаралар, мәдениеттің алға басуына қолайлы жағдайлар туғызды. Қалыптасқан біршама тұрақтылық қалалардың көркейіп, жалпы еуропалық экономиканың дамуына қолайлы жағдайлар жасады. Батыс Еуропаның саяси-мәдени өмірі түбегейлі өзгерістерге ұшырады, қоғам варварлық сипатынан айырылып, қалаларда рухани өмір гүлдене бастады. Рим империясына қарағанда еуропалық бірлестік тұтастай алғанда әлдеқайда бай, әрі өркениетті болып шықты. Мұндай мәдени алға басушылық христиан дінімен тығыз байланысты болды, өйткені мемлекет дінге арқа сүйеді. Өз кезегінде христиан шіркеуі де өз ұйымдарын нығайтып, христиан дінін жан-жақты жетілдіре берді. Ежелгі римнің және бұрынғы варварлық тайпалардың мәдени-көркемдік дәстүрлерін дамытып жетілдірудің арқасында романдық және одан кейін жасампаз готикалық стильдер қалыптасты. Сөйтіп, өнердің театр, музыка, әдебиет, сәулет өнері, кескіндеме, мүсін өнері сияқты салалары жаңа түр, жаңа мазмұнға ие болды. Дәл осы кезеңде француздардың алғашқы ұлы поэтикалық шығармасы — «Роланд туралы жыр (XII ғ.)» шығарылды. Дүниежүзілік әдебиеттің асыл мұрасына айналған бұл тамаша туындыда рыцарлық ерліктер барынша мадақталып, монархқа вассалдық, дәріптелді. Батыс еуропалық ғалымдардың ежелгі гректер мен эллиндік философтардың, әсіресе Аристотельдің ғылыми еңбектерімен танысуы — ғылым жолындағы табанды ізденістердің бастамасы болды. Соның нәтижесінде орта ғасырлық философиялық ұлы жүйе — схоластика пайда болды.

Кейінгі орта ғасырлар дәуірінде  классикалық кезеңнен басталған  еуропалық мәдениеттің қалыптасу  процесі одан әрі жалғасты, бірақ оның даму барысында толып жатқан қиындықтар мен кедергілер кездесіп отырды. Тек XIV—XV ғасырлардың аралығында ғана Батыс Еуропа бірнеше апатты аштық жылдарын бастан кешірді. Бубондық сүзек («Қара өлім») сияқты эпидемиялардың салдарынан халық жаппай қырғынға ұшырап отырды, ал мұндай қасіретті жағдайлар өз кезегінде мәдениеттің дамуына өз әсерін тигізбей қойған жақ. Ұзаққа созылған жүз жылдық соғыста халық әбден титықтап, мәдениеттің дамуы тежелді. Бірақ, дәл осындай сындарлы кезеңде де қалалар өркендеп, ауыл шаруашылығы мен сауда, қолөнер ұдайы даму үстінде болды. Рухани өмірдің жандануына, ғылымның, өнердің, философияның және т.б. жаңа арнамен дамуына қолайлы жағдайлар туды. Мұндай алға басушылықтың көптеген көріністері, әсіресе Италияда байқалды. Сондықтан да болар, Италия ұлы Мәдени төңкеріс — Ренессанс мәдениетінің орталығы болды.

Христиандық сана — ортағасырлық ділдің (менталитеттің) негізі

Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі — діннің ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеудің қоғамда ерекше рөл атқаруында. Рим империясы құлағаннан кейінгі мәдениеттің жаппай құлдырау процесі етек алған жағдайда, діни шіркеулер Еуропа елдері үшін жалғыз әлеуметтік институт болып қалды. Христиан шіркеулері үстемдік етуші саяси институт болуымен қатар, адамдар санасына да мейлінше ықпал етті. Өмірдің қиын жағдайында қоршаған дүние туралы білімнің шектеулі болуы, тіпті оған қол жете бермейтіндей жағдай орын алған кезде христиан діні — халыққа дүние жөнінде, онда үстемдік ететін күштер мен заңдар жайында біртұтас білімдер жүйесін ұсынды. Бұл тарихи дәуірде шіркеу соборларында христиандық діни уағыздардың басты қағидалары — сенім-белгілері қабылдана бастады. Бұл қағидаларды барлық христиандар орындауға міндетті деп жарияланды. Христиандық ілімнің негізі — Иссус Христостың тірілгеніне, о дүниедегілердің тірілетініне, құдіретті «Үштіктің» бар екендігіне кәміл сену болып саналды. «Үштік» ұғымы құдайдай дәріптелді. Ол өзінің үш бейнесінде де біртұтас: өйткені дүниені жаратушы: құдай әке, құдайбала, қасиетті Рух және күнәларды өтеуші Иссус Христос — әрі мәңгілік, әрі бір-біріне тең. Христиан діні адам өзінің табиғатынан-ақ әлсіз және күнә жасауға бейім тұрады, міне сондықтан да оны шіркеудің көмегімен ғана құтқарып қалуға болады деп үйретті. Шіркеудің қоғамдағы ықпалы әр елде әртүрлі болғанымен тұтастай алғанда өте күшті болды. Жалпы алғанда, ортағасырлар дәуіріндегі еуропалық қоғамның бүкіл мәдени өмірі христиан дінімен тығыз байланысты болған, ал мұндай жағдай, яғни діннің дәл осындай биік дәрежеге көтерілуі ежелгі дүниеде де болмаған еді. Ендігі жерде дін тек қана философия ғана емес, саяси доктринаға, құқықтар жүйесіне, моральдік ілімге айналды. Алғашқы кезде рұқсат етілген кейіннен император Константиннің билігі кезінде (285—337 ж.) бүкіл Рим империясының мемлекеттік діні — деп танылған христиан діні жалпы христиандық мәдениет пен өнер саласына жаңа леп, жаңа мазмұн әкелді. Христиан дінінің кеңінен таралуына астананың Римнен Византия қаласына көшірілуі де әсерін тигізбей қалған жоқ. Бірақ, империяның Шығыс және Батыс болып екіге бөлінуі христиандық мәдениеттің өзіндік сипат алуына әкеліп соқты. Біртұтас Рим империясы екіге бөлінгеннен кейін оның шығысында гүлдену басталды да, ал батысы тоқырауға ұшырады және көп ұзамай-ақ варварлар шапқыншылығына ұшырады да, өз тәуелсіздігін жоғалтты. Көшпелі бұл тайпалардың ұлттық өнері өзінің сипаты жағынан ою-өрнекті, әшекейлі болып келді. Тек 756 ж. Мыртық Пипин варварлардың қоныс аударуын тоқтата алды. Батыс Еуропада қалалардың көптеп салынуы мен онда христиан дінінің кеңінен таралуына байланысты монументальдық. сәулет өнері дамып, храмдық көркем суреттер салу етек алды, кітап шығару, миниатюралық өнер гүлдене бастады. Батыс және Шығыс Еуропаның арасында өзара қайшылықтар болғанымен бір-бірінен онша алшақтамады.

Кейіннен Византия империясы  деп аталған Шығыс Рим империясында христиандық шіркеу күшті императорлық билікке тәуелді болды. (Византия империясы ұлан-ғайыр жерді алып жатты. Оған Кіші Азия, Эгей теңізінің аралдары, Сирия, Палестина, Египет, Қрит және Кипр аралдары, Мессопотамия мен Арменияның бір бөлігі, Аравияның жекелеген аудандары, Қырым жерлерінің, біраз бөлшегі кірді. Империяның этникалық құрамы әркелкі болды. V ғасырдың өзінде-ақ Византия императорлары шіркеулік діни өмірде басты рөл атқарды: олар шіркеу соборларын шақырудан бастап дін мәселесіне байланысты қабылданатын қаулыларды бекітуді де өз қолдарына алды. Ал Батыста жағдай мүлде басқаша болды, мұнда шіркеу мемлекетке дәл мұндай тәуелділікке ұшыраған жоқ, қайта қоғамда ерекше жағдайға ие болды. IV ғ. бастап өздерін папалар деп атаған Рим епископтары өздеріне ең басты деген саяси функцияларды таңып алды. Уақыт өткен сайын Шығыс пен Батыс шіркеулері арасындағы қайшылықтар бұрынғыдан да тереңдей түсті. Олардың арасында IX ғ-да «филиоква» жайындағы, яғни қасиетті Рух тек Құдай — әкеден туындай ма (бұл Шығыс шіркеуінің көзқарасы), Құдай — әке мен Құдай — баладан туыңдай ма (бұл Батыс шіркеуінің көзқарасы) деген діни мәселеге байланысты айтыс-таластар туды. Осылай басталған бұл алауыздықтың аяғы 1054 ж. бір-бірінен толық тәуелсіз шіркеулер құрылуын жариялаумен аяқталды. Кейіннен бұл алауыздықтар одан әрі тереңдеп, екі жақтың шіркеулері де өз шіркеуінің әлемдік рөліне таласа бастады. Дәл осы тұстан бастап Батыс шіркеуі өздерін римдік-католикгік, ал Шығыс шіркеуі — гректік-католиктік, яғни православиелік деп аталды.

Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде ересьтер қозғалысы да жандана бастады. Бұл қозғалысты жақтаушылар Иссус Христостың құдайлық мәні туралы догматты жоққа шығарып, Христос пен Қасиетті Марияның адамдардан ешбір айырмашылықтары болмаған деп пайымдады. «Монофизистік» деп аталатын бір ересьтік ағым керісінше, Христосты нағыз құдай деп танып, ондағы адамның табиғатын жоққа шығарды. Ересьтік ағымдар идеяларының таралуына жол бермеу мақсатында дін басшылары инквизицияны (іздеу, зерттеу деген мағына береді) тұрақты шіркеу соты ретінде кеңінен қолдана бастады. Ересьтермен қатар балгерлер, емшілер, көріпкелдер және т.б. қатаң жазаға тартылатын болды. Шіркеу сайтан адамдардың бойында, әсіресе әйелдердің бойына ұялап алады да, оларды жамандық істерге, жат қылықтарға бастайды деп уағыздады. Жын-сайтанға демеу жасады деген айып өлім жазасын кесуге жеткілікті болды. Христиан дінінің негізгі қағидаларына қарсы шыққан ересьтер дін бұзарлар деп айыпталып отқа өртеліп отырды. Мұндай қанды процестер Батыс Еуропа елдерінде кең етек алды. Мысалы, Испанияда 30 мың адам инквизиция оттарында өртелді.

Информация о работе Орта ғасырдағы батыс еуропа мәдениеті