Менеджердің базалық сапасы

Автор работы: e***********@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 15:40, курсовая работа

Описание

Ақша айналым құрылым әртүрлі нысандар арқылы бөлуге болады. Ақшаның тәуелді қызмет ету түрлері, ақша айналымының жіктелуі неғұрлым кең тараған деп саналады. Сондықтан, осы нысан бойынша ақша айналым қолма-қол және аударым ақша болып бөлінеді.
Мен осы курстық жұмысымда ақшаның пайда болу теорияларын, атқаратын негізгі қызметтерін, ақша айналысын қарастырдым. Соның ішінде ақша айналысын кең көлемде қарастыра отырып, қолма-қол және қолма-қол емес ақша айналыстарын, металл және қағаз ақша айналыстарын, ақшаның айналыс заңын ашып сипаттауға тырыстым. Ақшаның сандық теориясы және айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымын, Қазақстан Республикасындағы ақша айналысын жоспарлаудың мәселерін қамтып өттім.

Содержание

1. Ақшаның пайда болуы және қызметі.
1.1.Ақшаның металдық және номиналистік теориялары...…………..3
1.2.Ақшаның атқаратын қызметтері…………...………………………4
2. Ақша айналысының сипаттамасы және оның құрылымы.
2.1. Қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол емес ақша айналысы………………………………………………………………....8
2.2. Металл ақша айналысы……………………………………………10
2.3. Қағаз ақшалар. Олардың айналыс заңдылықтары……………….12
2.4. Ақша айналыс заңы………………………………………………..14
2.5. Ақшаның сандық теориясы және айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымы...................................................................18
3. Қазақстан Республикасындағы ақша айналысын
жоспарлаудың мәселелері………………….………………….……..23
Қорытынды………………………………………………………….…25
Әдебиеттер тізімі………………………………………………………26

Работа состоит из  1 файл

акша айнал. құралдар.doc

— 155.50 Кб (Скачать документ)

   Т б.с. – Н т.б.с. + Т с – О т..м.с.

   Ас = ------------------------------------ +АР,

   А

   Ас -    төлем   құралы   және   айналыс   құралы   ретінде қажетті ақша саны;

    Т б.с. -   тауар бағасының сомасы; 

    Н  т.б.с.- несиеге сатылған тауар бағасының сомасы;

    Тс -    қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төлем сомасы;

    О т.м.с. -өзара   есептескен   талаптар   мен   міндеттемелер сомасы; 

АР -  ақша резервтері;

А -    ақшаның төлем және айналыс кұралдары ретіндегі айналымның орташа саны.

     Теңдікте көрсетілгендей экономикадағы  ақша массасының айналуы мүмкін себептердің бірі ретіндегі тауарлар бағаларының едәуір аз төленбеген төлемі болып табылады, Бұл жағдайда Тс шамасы кері таңбаға ие. Алайда бұны нарытық экономикаға өтуші Қазакстанда және басқа да елдерде, өнеркәсіптер арасында орын алған төлемсіздік мәселесін ақша массасын көбейту арқылы шешуге болады деуге болмайды; мұның себептері көп: әлсіз төлем тәртібі, төлемсіздік тізбесінде потенциалды банкроттардың болуы, банкроттықтың тиімді тәжірибесінің болмауы, жекешелендіру процесінің аяқталмауы, төлем құралдарының әлсіз дамуы және т.б.

  Ақшаның сандық теориясы айналысқа қажетті  ақша санын дәл анықтауға мүмкіндік  бермейді, ол шаруашылық қатынастары  мен экономикалық даму факторларының  жалпы жиынтығындағы ақша қаражаттарының орнын анықтайды.

     Орталық банк экономикалық айналымға оның қажеттіліктеріне сәйкес, несиелеу жолдары бойынша қажетті несие ақшаларының массасын беретін, өзнің эмиссиялық және несиенің қызметін атқарады. Ақша екі түрлі формада болады: қолма-қол (монеталар және банкноталар) және банктік айналымның ақшалары, яғни банктік шоттардағы қолма-қолсыз ақша қаражатының жазу формасындағы ақша белгілері. Ақшаның бұл екі формасы бір-бірімен тығыз байланысты. Банктік айналымның ақшалары әрдайым қолма-қол банкноталарға айналуы мүмкін. Бұл мынадай жағдайларда болады, егер банктік шоттағы ақшалай қаражаттардың иесі - банк клиенті бұл қаражаттарды шоттан қолма-қол ақша формасында алатын болса. Керісінше, банкке салынған әрбір ақша сомасы клиенттің шотына жазылған болса, онда ол банктік айналымның ақшасына айналады және қолма-қолсыз ақшаны білдіреді.

     Ақша айналысының екі облысының  бірлігі, яғни ақшаның қолма-қолсыз  формасының қолма-қол ақшаға ауысуы  және бұған керісініше болуы  ақша массасының өзіне қандай  компоненттерді қамтитынын анықтауды  талап етеді.

     Теориямен  қатар бұл мәселенің тәжірибелік  те маңызы бар. Оны дұрыс  шешу ақша айналысының екі  облысы үшін қажетті ақша массасын  реттеудің белгілі бір әдістерін  атайды.

     Ақшаның құрамы сол елдің несие - ақшасымен анықталады.

     М1 ақша агрегатына қатысты бірегей көзқарас бар, айналыстағы нақты ақшалар мен мерзімсіз депозиттерді жатқызады. Кейбір елдер бұған барлық ағымдағы салымдарды мысалға, Ұлыбритания - тек олар бойынша пайызбен есептелмейтін депозитгерді ғана жатқызады. АҚШ-та да сондай - ақ, М1-ге банктік емес мекемелермен шығарылған аккредитивті, Жапонияда - 7 күн бұрын алдын ала хабарлауға жататьн депозиттерді жатқызады.

   М2 және М3 агрегаттарды анықтау барысында елдер арасында мәнді айырмашылықтар бар. Францияда М2-ге М1-мен қоса, 4 жылға дейінгі мерзімсіз депозиттерді; АҚШ-та жинақ шоттарындағы қалдықтарды, ақша нарығы қорларының акцияларын, АҚШ-ғы банктерде және шетелдегі банктердегі АҚШ резиденттерінің еуродолларларын; Ұлыбританияда - чек шығаруға болатын депозиттерді, бір ай бұрын хабарлайтын депозиттерді жатқызады.

   М3 агрегаты және М2 ден басқа Францияда резидент еместердің ақшалай активтерін: мерзімді депозиттерді, кассалық бондар және қаржы мекемелерінің депозиттік сертификаттарын; Германияда - жинақ депозиттерін; Ұлыбританияда - мерзімді депозиттік сертификаттарды, валютадағы депозиттер мен сертификаттарды жатқызады.

     Сонымен әрбір келесі агрегат  өзінен кейінгі элементті қосып  отырады.

     Біздің республикамыздағы айналыстағы  ақша қаражаттарының құрылымына  мән беретін болсақ, онда ол төмендегідей:

    М0 - айналыстағы қолма-қол ақшалар;

     М1 өзіне – М0 - ді қосады, сонымен қатар шаруашылықтардың есеп айырысу немесе басқа депозиттік шоттарындағы қаражаттардың қалдықтары, капитал салымдарын қаржыландыру бойынша заңды тұлғалардың шоттарындағы, ұзақ мерзімді қаржыландыру мен несиелеу қорларының шоттарындағы, чектік және аккредиттік шоттардағы қаражат қалдықтары, халықтың және заңды тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары және т.б. жатады;

    М2 - өзіне М1-ді қосады, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мерзімді салымдарын           қамтиды;

М3 – М2 - ге мемлекеттік займ облигацияларын қосу.

  Ақша  агрегаттарының құрылымы ақша нарығы құралдарының дамуымен өзгереді.Ақша массасының көбеюі  бірнеше каналдар бойынша жүреді:

    - Банкноттар мен монеталар эмиссиясы есебінен;

    - Орталық   банктен   коммерциялық   банктердің   несие алуы жолымен;

    - Орталық банктің  ел үкіметіне мемлекеттік бюджет  тапшылығын жабу үшін несие  беруі арқылы;

    - Орталық банктің  бағалы металдарды, шетел валюталарын  және мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу жолымен;

    - коммерциялық   банктердің   салымдарын   жұмылдыру  негізінде чектер эмиссиясын  шығару немесе займдар беру жолымен (депозиттер негізінде несиелік ақшаларды шығару);

     Коммерциялық банктердің несиелік  ақшаларды шығару интенсивтілігі депозиттерді міндетті түрде резервтер көмегімен реттеп отырады. Қаншалықты резервтеу нормасы жоғары болса, соғүрлым банктер несиелеу үшін аз қаражатты пайдаланады. Осыған сәйкес депозиттер негізінде несиелік ақшаларды жасау интенсивтігі артады және ол ақшаны мультипликациялау коэффициентімен анықталады.

   Осыдан  ақша массасының көлемі Орталық банк жүргізетін ақша - несие саясатымен тығыз байланысты, мұндағы ең басты  мақсат ақша массасының өсуін сақтау екенін көреміз. Мақсатты белгілеуде Орталық банк келесі көрсеткіштерді ескереді:

    - нақты бейнелеудегі  ЖҰӨ-нің болжанатын өсімі;

     - жоспарлы кезеңдегі ақша айналысының  есептелетін (жылдық ЖҰӨ номиналдық  шамасының орташа жылдық ақша  массасына қатынасы, біздің жағдайымызда  Д2 -ге) жылдамдығы;

    - жоспарланған  кезендегі инфляцияның максималды  рұқсат етілген деңгейі;

   Ақша  массасы өсуінің бақылау көрсеткіштері  елдің экономикалық потенциалының  болашақтағы ұлғаюын және оның пайдалану  дәрежесін ескере отырып есептеледі. Бұл  көрсеткіштің тәжірибе үшін де маңызы зор.

   Егер  ақша массасы ақырын айналса, бұл  ұлттық өнімді орналастыру коэффициентінің  өте төмендігін білдіреді, ал ақша айналысының  жедел қозғалысы қаражаттарды салыстырмалы түрде жылдам жұмсауды және жоғары конъюнктураны білдіреді. Ақша айналысының жылдамдығы ақша санына кері пропорционал, яғни мұндай айналыстың жоғары жылдамдығы қосымша эмиссияға қажеттілікті қысқартуы тиіс. Керісінше, ақша айналысының ақырын қозғалысы

шаруашылық  субъектілердің жинақтауға ұмтылысын, ақша массасы құрамында ұзақ мерзімді салымдардың өсуін көрсетеді.

   Соңдықтан да барлық ақшалардың (ақша массасы) айналыс  жылдамдығы мен төлемдердің өту  жылдамдығын шатастыруға болмайды. Соңғысының өте жоғары болатыны сөзсіз. 
 

.

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3. Қазақстан Республикасындағы ақша айналымын жоспарлаудың мәселелері.

      Банк кассаларына қолма-қол ақша  түрлі коммуналды төлемдер, көлік  және байланыс мекемелері, қонақжай  және ойын бизнестерінің сәйкес  қызметтерге төлемдер арқылы  келіп түседі. Банк кассаларынан ақша жалақы төлеуге кеткеннен басқа ауылшаруашылық өнімдеріне төлеуге,жинақтау кассалары мен басқаларды нығайтуға, шоттардан депозиттерге жіберуге, еңбекақы төлеуге, және шетел валютасын сатып алуға кетеді.

      Барлық осы ақша айналысының  ағындарына қатысты болып табылатыны олардың орталықтандырылуы, бұл Қазақстан Республикасының Халық Банкінің ерекше роліне негізделеді. Сондықтан ақша айналысының негізгі ағындарының қозғалысы екі салыстырмалы, бір-біріне қарама-қарсы бағыттарда өтеді. ҚРХБ-нің филиалдарының кассалары осы ағындардың бастапқы, сонымен қатар, қорытындылаушы орталығы болып табылады. Дәл осындай жағдай осы ағындарды жоспарлауға нақты мүмкіндіктер туғызады.

      Айналыстағы қолма-қол ақшаның  құрылысының өзіндік белгілі  заңнамалары бар: ірі және майда  номиналды банкноталардың және де айырбас монетасының арақатынасы, яғни ақша жүйесінің үш элементімен өзгермейтін және нақты бекітілген болып табылады. Бұл арақатынас белгілі жағдайларға байланысты өзгереді.

      Ақша айналысының тәжірибесі  көрсеткендей, ақша белгілерінің жеке түрлерінің арақатынасында бөлек пропорциялар бар. Одан басқа, эмиссияға халықтың әлеуметтік құрамының өзгеруі және мемлекет экономикасындағы қолма-қол емес төлемдердің даму дәрежесі және де айналыстағы ақша саны әсер етеді.

      Атап өткен жөн, айналыстағы ақша массасының құрылысы Қазақстан Республикасының  бүкіл территориясында ешқашанда бірдей болға емес, сонымен қатар Республиканың облыстарындағы ақша массасының құрылысы олардың экономикаларының сипатымен ерекшеленетін. Егерде біздің мемлекетіміздің территориясын түгелдей алатын болсақ, онда алда айтылғандай кейбір облыстар мен аудандар үшін ақшаны айналыстан алу немесе керісінше, оларды эмиссиялау сипаты тән. Ең біріншіден бұл халықтың қажеттіліктерін ескергендегі тауар айналым ұйымдастыру деңгейі мен оның көлемі арқылы шартталады. Мысалы, ҚРХБ-нің филиалдарының мәліметтері бойынша, Қызылорда облысында 2002 жылдың бірінші жартысында эмиссиялық нәтиже 2949,7 миллион теңгені құрады, алда оның одан да үлкен дәрежеге жетуі жөнінде болжамдар бар. Өйткені дәл сонда қазір бұрын істен шығып тұрған кейбір өндіруші кәсіпорындарды қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Маңғыстау облысындағы айналыстағы қолма-қол ақша эмиссиясының 1069 миллион теңге көлеміне дейін өсуі Ақтау қаласындағы теңіздік порт ауданына арнайы экономикалық зонаны енгізгенге байланысты. Қазақстан Республикасының ірі қалаларында, әсіресе астанасында қолма-қол ақшаның аймақтық ауылдардан миграциялануы аса зор әсер етеді. Өйткені мұнда ұзақ мерзімдік пайдаланудағы тауарларға деген сұраныс жақсы қанағаттандырылады. Сонымен қатар, айналыстағы ақшаны алу немесе эмиссиялауға облыста ірі өндірістік кешендердің шоғырлануы әсер етеді, өйткені дәл сондай аймақтарда еңбекақының көлемі жоғары деңгейде болады, ал бұл өз кезегінде еңбекақы төлеуде қолма-қол ақшаны кең көлемдегі қажеттілігін туғызады.

Әрине,  жоғарыда айтылған жеке облыстарда пайда  болатын себептер тұтас Қазақстан  Республикасының территориясындағы  айналыстағы ақшаның жалпы сомасына әсер етпейді, бірақ бұл жағдайлар  бүкіл мемлекет көлеміндегі ақша айналысын жоспарлау кезінде ескерілуі керек. Яғни, ақша қозғалысының себептерін дәлірек анықтай отырып халықтың тұтынушылық сұранысын дұрыс анықтауға болады, соның арқасында мемлекеттің жеке аймақтарындағы ақша айналысында болатын жағымсыз құбылыстардың және ақша артықшылығы мен тапшылығынның алдын алуға болады. Әрбір ауданның ақша массасын жан-жақты қарастырғанда айналыстағы ақшаның абсолютті көлемін анықтап қана қоймай, сонымен қатар ақша массасының құрамы, оның орталық және бөлек экономикалық аудандар арасында, халықтың жеке әлеуметтік топтары арасында бөлу тағы сондай сондай сұрақтар анықталады.

     Жоғарыда атап өткеннен шығатыны: ақша айналысын дұрыс ұйымдастыруда  айналыстағы ақшаның номиналды  құрылысын анықтау және территориялық дұрыс орналастырылуы сияқты факторлары өте маңызды орын алады. Қазіргі кезде қолма-қол ақша айналысының ролі қолма-қол емес ақша айналысының маңызының артуына қарамастан әлі  де күрделі болып қалуда.               

Қорытынды. 

      Тауар айналымының тарихи даму эволюциясы жалпы баламалық форма ретіндегі алуан түрлі тауарлар: мал, тері, қол жуғыштар, металл бұйымдары және басқалар қабылданды. Сөйтіп, ақшаның өмір сүруінің объективті қажеттілігі тауар өндірісінің және тауар айналымының болу мүмкіндігімен келісілді.

      Ақша - оның болуы кезінде тауар  өндірушілер арасындағы өнімдерді  айырбастау үздіксіз жүретін  бүкіл басқа тауарлардың құны  көрсетілетін жалпы баламалық,  айрықша тауар.

     Ақша айналымы - қолма-қол және  аударым арқылы түрдегі ақша  белгілерінің үздіксіз айналу процесі. Ақша айналымының басым бөлігі оның әртүрлі формаларын қолданумен, аударым арқылы ақша айналымын құрайды.

      Бүгінгі таңда, яғни еліміздің  нарықтық қатынастарға көшу жағдайында, экономикамызды дамытудың басты  көздерінің бірі осы ақша айналысы болып табылады. Әлемдегі экономикалық қатынастардың барлығы дерлік ақша қатынастары арқылы жүргізіледі.

      Экономиканы түпкілікті реформалауға  бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің  ішінде нарықтық реформаларды  жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар. 

Информация о работе Менеджердің базалық сапасы