Менеджердің базалық сапасы

Автор работы: e***********@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 15:40, курсовая работа

Описание

Ақша айналым құрылым әртүрлі нысандар арқылы бөлуге болады. Ақшаның тәуелді қызмет ету түрлері, ақша айналымының жіктелуі неғұрлым кең тараған деп саналады. Сондықтан, осы нысан бойынша ақша айналым қолма-қол және аударым ақша болып бөлінеді.
Мен осы курстық жұмысымда ақшаның пайда болу теорияларын, атқаратын негізгі қызметтерін, ақша айналысын қарастырдым. Соның ішінде ақша айналысын кең көлемде қарастыра отырып, қолма-қол және қолма-қол емес ақша айналыстарын, металл және қағаз ақша айналыстарын, ақшаның айналыс заңын ашып сипаттауға тырыстым. Ақшаның сандық теориясы және айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымын, Қазақстан Республикасындағы ақша айналысын жоспарлаудың мәселерін қамтып өттім.

Содержание

1. Ақшаның пайда болуы және қызметі.
1.1.Ақшаның металдық және номиналистік теориялары...…………..3
1.2.Ақшаның атқаратын қызметтері…………...………………………4
2. Ақша айналысының сипаттамасы және оның құрылымы.
2.1. Қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол емес ақша айналысы………………………………………………………………....8
2.2. Металл ақша айналысы……………………………………………10
2.3. Қағаз ақшалар. Олардың айналыс заңдылықтары……………….12
2.4. Ақша айналыс заңы………………………………………………..14
2.5. Ақшаның сандық теориясы және айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымы...................................................................18
3. Қазақстан Республикасындағы ақша айналысын
жоспарлаудың мәселелері………………….………………….……..23
Қорытынды………………………………………………………….…25
Әдебиеттер тізімі………………………………………………………26

Работа состоит из  1 файл

акша айнал. құралдар.doc

— 155.50 Кб (Скачать документ)
 
 
 
 
 
 
 

Жоспар:

                                                            Кіріспе:

 

     1. Ақшаның пайда болуы және қызметі.

           1.1.Ақшаның металдық және номиналистік  теориялары...…………..3

           1.2.Ақшаның атқаратын қызметтері…………...………………………4

     2. Ақша айналысының сипаттамасы және оның құрылымы.

                  2.1. Қолма-қол ақша айналысы және  қолма-қол емес ақша    айналысы………………………………………………………………....8

                  2.2. Металл ақша айналысы……………………………………………10

                  2.3. Қағаз ақшалар. Олардың айналыс заңдылықтары……………….12

                  2.4. Ақша айналыс заңы………………………………………………..14

                  2.5. Ақшаның сандық теориясы және айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымы...................................................................18

   3. Қазақстан Республикасындағы ақша айналысын

                     жоспарлаудың мәселелері………………….………………….……..23

                 Қорытынды………………………………………………………….…25

                 Әдебиеттер тізімі………………………………………………………26 
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       

Кіріспе.

      Ақшаның рөлін айқын түсінуден басқа нарықтың экономика қызметінің тетіктерін түсіну үшін одан маңызды ештеңе жоқ. Өйткені, ақшаны «нарықтың тілі» деп жәйдан жәй аталмаған.

      Ақша - жалпыға бірдей эквиваленттің  рөлін орындаушы, айрықша тауар.  Олар тарихтың белгілі бір  кезеңінде өз бетімен бөлініп шықты. Капиталистік даму сатыларына дейін ақшаның рөлін әр-түрлі тауарлар (аңдардың, астық, мал түрлері) атқарады, бірте-бірте ол қымбат металдарға (алтынға, күміске) көшті.

      Экономикалық санат ақша маңызы  ретінде тұтастық үш ақша қасиетін көрсетеді:

- жалпыға  бірдей делдалдық айырбас;

- төмегі  құнның (меновая) дербес формалары;

- сыртқы  заттың еңбек өлшемі;

      Ақша бес қызметті орындайды:  құн өлшемі; айналым құралы; төлем  құралы; жинақтау құралы және  қазынаны құру; әлемдік ақшалар.

      Айналым ретінде ақшаның қызметі.  Алынған тауарларды төлеу үшін, ақша қызмет көрсетеді. Тауар  сатып алушы және оны төлеу  бірге жұмыс жасалынады, бұл ақша  қызметінің ерекшелігін көрсетеді.  Ақша тауар иеленушілердің қысқа  мерзімдік төлем құралы болып  қолданылады. Сол ақша белгілері әр түрлі келісімдерде көп қайтара қолдану және бір келісімге қатысушыдан  екінші бір қатысушыларға орын ауыстыру ретінде қолданылады. Бұл қызметте қолма-қол ақша белгілері қолданылады.

      Ақша айналымы ақша белгілерінің қолдай және аударым түрлерінің үздіксіз айналым процесін көрсетеді.

      Ақша айналым құрылым әртүрлі   нысандар арқылы бөлуге болады. Ақшаның тәуелді қызмет ету  түрлері, ақша айналымының жіктелуі  неғұрлым кең тараған деп саналады. Сондықтан, осы нысан бойынша ақша айналым қолма-қол және аударым ақша болып бөлінеді.             

      Мен осы курстық жұмысымда ақшаның пайда болу теорияларын, атқаратын негізгі қызметтерін, ақша айналысын қарастырдым. Соның ішінде ақша айналысын кең көлемде қарастыра отырып, қолма-қол және қолма-қол емес ақша айналыстарын, металл және қағаз ақша айналыстарын, ақшаның айналыс заңын ашып сипаттауға тырыстым. Ақшаның сандық теориясы және айналыстағы ақша қаражаттарының  құрылымын, Қазақстан Республикасындағы ақша айналысын жоспарлаудың мәселерін қамтып өттім. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.Ақшаның пайда болуы және қызметі.

      1.1. АҚШАНЫҢ МЕТАЛДЫҚ  ЖӘНЕ НОМИНАЛДЫҚ  ТЕОРИЯЛАРЫ.

     Ақшаның металдық теориясын «меркантилизм»  мектебінің өкілі Томас Мэн  (1571-1641 ж.) жасаған. Осы теорияға сай — алтын мен күміс өзінің табиғатына қарай және олардың табиғи қасиетінің күш-қуаты бойынша — ақша болып табылады. Ақшаның металдық теориясының дамуы тарихи тұрғыдан ХҮІ-шы және ХҮІІ-шы ғасырларда болған. Ол Америкадан Еуропа елдеріне алтын мен күмістің ағылуына байланысты жүзеге асқан. Тауар өндірісі мен құн нысаны түрінің даму тарихы көрсеткендей, ақша — бұл тауар өндірісі және құн түрі дамуының өнімі. Алтын мен күміс өз бетінше ақша емес, олар қай уақытта да тауар өндірісіндегі адамдардың өндірістік қатынастарын көрсеткен уақыттан бастап ақша бола алады. Алтын мен күмістің ақша болуы олардың алтын және күміс болуында емес, бастысы — олардың қоғамдық еңбектің өнімі болуында. Тауар құны алтынмен өлшенеді, себебі тауарға да және алтынға да қоғамдық еңбек жұмсалған. Аздаған уыс алтында қоғамдық еңбектің көптеген мөлшері баршылық.

  Несие қатынастары және ақшасыз есеп айыруға  көшу, несие ақшасының пайда болуы ақшаға деген номиналистік көзқарастың кеңірек тарауына алып келеді. Ақшаның номиналистік теориясының негізгі идеясы мынаған саяды: ақша тауар өнімі емес, олар шартты белгі ғана болып табылады, бағалылығын мемлекет бекітеді. Сондықтан ақша белгісінің алтынмен ешқандай байланысы жоқ. Номиналистік теорияны жақтаушыларға ағылшын экономисі Дж.Кейнсті және американ экономисі Пол Самуэльсонды жатқызамыз. Дж. Кейнс «Еңбекпен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» (1936 ж.) кітабында мемлекеттің заңды төлем құралы ретінде ұсынатынын қарастырған. Алтын бағалылығын жасанды санаған, «алтын құштарлығынан» арылуға шақырған және мемлекет реттейтін қағаз ақшаны жақтаған.

  Американ  экономисі Пол Самуэльсонның  ойынша: «Ақша — бұл әлеуметтік шарттылық». Демек, ақша номиналистік теория өкілдерінің ойынша, бұл зомбылық, бағалылықтағы жасанды төлем  құралы, яғни алтынмен байланысы жоқ.

  Бұрын айтқанымыздай, осындай қорытындының негізіне несие ақшаның пайда болуын жатқызамыз, себебі несие ақшалар арнайы тауар болып табылады және олар айырбас құнына ие болады.

   Сондықтан да мемлекет ішіндегі  түпкі төлемнің сауда-саттығы  кезінде алтын талап етілмейді. Әлемдік нарыққа қатысты айтар болсақ, онда барлық төлем есептеулерінің құралы тек алтын ғана болып табылады.

  Ең соңында тарихтың пайдалы сабақтарын еске алуға тура келеді. Номиналистік теорияның алғашқы идеясы Ертедегі Римде пайда болған. Сол кездің өзінде мынадай хабар өмір сүрген: егер король немесе императордың ақшаны ақша деп дәріптеген жарлығы болса, кез-келген ақшаның түрі, тіпті алтын монетаның өзі төлем күшіне енеді. Осы хабарды практикада Рим императоры Гай Калигулла (37-41 б.ғ.д.) жүзеге асыруға талпынды. Оған барлық, өкімет билігі қолында сияқты көрінді. Ол өзінің жылқысын сенат мәжілісіне алып келді. Ол өзіне шын қызмет көрсететіндердің оның аяғын сүюді талап етті. Ешкім оған қарсылық жасай алмады.

  Ол  кезде Индияда, Цейлонда, Африканың кейбір аудандарында ақша ретінде «каури» деп аталған ерекше қабыршақ қолданылды. Олар өте сирек кездесетін, оларды өндіру көптеген еңбекті талап етті, сондықтанда олар өте қымбат бағаланды. Рим қазынасы тіпті азайған кезде күштілігімен танылған Калигулла жарлық шығарды: «Менің нұсқауыммен теңіз жағалауынан жиналған ұлу қабыршағы ақша болып табылады». Алайда алып күш иесі императордың бұл жарлығының күл-талқаны шықты: ешкім де бұл ұлу қабыршағын алмады, себебі олар ақша емес еді.

  Қазіргі әлемде мұндай мысалдар көптеп кездеседі. Кейбір елдерде ақша белгілері зомбылық, курспен шығарылды және олар ешқандай материалдық, бағалылықтармен қамтамасыз етілмеген. Бірақ бұл жаңа ақша белгілерінің курсы толыққанды шетел валютасына қарағанда жедел төмендеуде. Тұрғындар одан құтылуға тырысады, сөйтіп толыққанды шетел ақша белгілерін ала бастайды.

      1.2.Ақшаның атқаратын қызметтері.

    Ақшаның кез келген тауарларға теңгерілуі (эквивалент болуы)  неліктен? Ол  ақшаның тауар  өндірісі  жағдайында құн өлшемі қызметін атқаруынан. Бұл ақшаның алғашқы қызметі. Ақша қоғамда ең алдымен өндірілген барлық тауарлардың   құнын   өлшейтін   құрал,   яғни   ол   тауарлардың бағасын белгілегенде айырбас құралы  қызметін  атқарады.

     Сонымен ақшаның бірінші атқартын қызметі - ол өндірілген өнімнің құнын өлшеуші құрал. Тауар құнын өлшеу үшін алтын ақшаның қолда болуының кажеті жоқ. Ақша құн өлшемі қызметін қолдағы ақша емес, қиялдағы, яғни ойдағы ақша ретінде орындайды. Себебі тауардың құнын өлшеу оны ақшаға айырбастаудан бұрын өтеді, ал құнның тауарлы формасын ақшалай формасына айналдыру үшін тауардың бағасын белгілеу жеткілікті. Тауардың бағасын белгілеу үшін қолда ақша ұстап тұрудың қажеті жоқ, себебі еңбек өнімі ойда бағаланады.

     Ақшаның тауар айналысында атқаратын  екінші кызметі - айналыс құралы. Басқаша айтқанда, тауарлар бір-бірімен айырбасталғанда ақша делдалдық қызмет атқарады   Ақша  пайда болғаннан кейін тікелей тауар айырбастау (Т-Т) тауар айналысы (Т-А-Т) формасына айналады. Бұнда екі акт бар: біріншісі Т-А - ол тауарды сату немесе тауарды ақшаға  айырбастау, ал екіншісі А-Т - ақшаға басқа

қажетті тауарды сатып алу немесе ақшаны тауарға айырбастауды бейнелейді. Ақшаның  бұл қызметі тауар айналымына сапалық өзгерістер енгізді. Атап айтқанда: 

     Біріншіден, Т-А - процесі өнім өндірушінің өнім дайындауға жұмсаған еңбегін қоғам таныды деген мағынаны білдіреді.

     Екіншіден, бір нарықта тауарды сатып, басқа бір нарықта керек тауарды сатып алуға мүмкіндік туады.

     Үшіншіден, тауарды ақшаға айналдырып (Т-А),  керек тауарды сатып алуды кейінге қалдыруға болады.

    Ақшаның айналыс құралы қызметінің ерекшеліктері:

    а) тауар мен ақшаның біріне-бірі қарсы қозғалысы;

    ә) бұл  қызметті ойдағы ақша емес, қолма-қол  ақшаның орындауы;

    б) бұл қызметін ақша тауарлар айырбасталғанда оларға ілесе   жүріп,   ілезде   шапшаң   орындайтындықтан, айырбаста нақты ақша материалы (алтын) емес, оның орнына қолданылатын ақша белгілерінің жүруі.

   Демек, ақшаның айналыс құралы қызметін аз ғана уақыт атқаруы және тауар-ақша айналымының шапшаңдығы толық құнды металл ақшалардың орнына жүретін кембағалы монеталар, кейін қағаз ақшаларды қолдануға мүмкіндік туғызды. Ол  
үшін нақты ақша - алтыннын символы ретінде кембағалы монеталар мен кағаз, несие ақшаларының тауар айырбасында қолдануына қоғам кепілдік беріп, адамдар мойындауы кажет.

       Тауар айналысы дамыған сайын  тауарды сату уақытылы оған  ақша төлеу уақытымен сәйкес  келе бермейді. Төлемді кешіктіре  отырып, сатылған тауарларға ақы  төлегенде ақша төлем құралы қызметін атқарады. Сатып алушы тауар үшін ақшаны төлем мерзімі басталған кезде ғана төлейді. Демек, бұл - тауар несиеге сатылды деген ұғым. Тауар несиеге сатылғанда сатушы - несие беруші (кредитор), ал сатып алушы борышкер (қарыздар) деп аталады. Сатып алушы ақшаның орнына сатушыға қарыз міндеттемесін жазып береді. Қарыз өтелгенде ақша төлем құралы қызметін атқарады.

       Ақшаның төлем құралы қызметі  тек тауар айналысын қамтумен  шектеліп қоймай, сонымен бірге  ақша қаржылық және несиелік  қатынастарға да қызмет көрсетеді.  Барлық төлемдерді төмендегідей топтастыруға болады:  

        а) тауарларға және көрсетілген  қызметтерге ақы төлеу; 

        ә) еңбекақы, зейнетақы, шәкіртақы,  жәрдемақы төлеу;

        б) мемлекеттік қаржы міндеттемелерін өтеу;

        в) банктік, мемлекеттік, тұтыну несиелері бойынша қарызды өтеу;

        г) сақтандыру  міндеттемелерін төлеу;

       д) құқықтық - сот сипатындағы ақыларды төлеу және т.б.

      Ақшаның келесі қызметі - қор жинау және байлық құру құралы. Ақшаның айналыс және төлем  құралдары қызметін  орындауы  үшін   қажетті   мөлшерде   белгілі - бір уақытқа ақша қорын жинау керек.

   Айналым құралдарын және тұтыну заттарын сатып  алуға қағаз немесе несие ақшалары қолданылады. Ақша қорын жинау ұйымдардың жинақтары және адамдардың жеке жинақтары  түрінде болады. Бұлардың біріншісіне: кәсіпорын-дардың, ұйымдардың банктердегі есеп және депозиттік шоттарындағы ақша қаражаттарының қалдығы түріндегі жинақтар, ал екіншісіне: халықтың банктердегі, мемлекеттік облигациялардағы және т.б. салымдары түріндегі жинақтары жатады. Несие механизмі арқылы ұйымдар мен халықтың жинақ қаражаттары банктік несие түрінде қайтадан айналымға түседі. Сөйтіп, елдің ішкі қажеттілігін өтеуде толық құны жоқ ақша, яғни қолма-қол ақша және несие ақша қорлары қызмет көрсетеді.

Информация о работе Менеджердің базалық сапасы