Автор работы: e***********@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 15:40, курсовая работа
Ақша айналым құрылым әртүрлі нысандар арқылы бөлуге болады. Ақшаның тәуелді қызмет ету түрлері, ақша айналымының жіктелуі неғұрлым кең тараған деп саналады. Сондықтан, осы нысан бойынша ақша айналым қолма-қол және аударым ақша болып бөлінеді.
Мен осы курстық жұмысымда ақшаның пайда болу теорияларын, атқаратын негізгі қызметтерін, ақша айналысын қарастырдым. Соның ішінде ақша айналысын кең көлемде қарастыра отырып, қолма-қол және қолма-қол емес ақша айналыстарын, металл және қағаз ақша айналыстарын, ақшаның айналыс заңын ашып сипаттауға тырыстым. Ақшаның сандық теориясы және айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымын, Қазақстан Республикасындағы ақша айналысын жоспарлаудың мәселерін қамтып өттім.
1. Ақшаның пайда болуы және қызметі.
1.1.Ақшаның металдық және номиналистік теориялары...…………..3
1.2.Ақшаның атқаратын қызметтері…………...………………………4
2. Ақша айналысының сипаттамасы және оның құрылымы.
2.1. Қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол емес ақша айналысы………………………………………………………………....8
2.2. Металл ақша айналысы……………………………………………10
2.3. Қағаз ақшалар. Олардың айналыс заңдылықтары……………….12
2.4. Ақша айналыс заңы………………………………………………..14
2.5. Ақшаның сандық теориясы және айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымы...................................................................18
3. Қазақстан Республикасындағы ақша айналысын
жоспарлаудың мәселелері………………….………………….……..23
Қорытынды………………………………………………………….…25
Әдебиеттер тізімі………………………………………………………26
Қорыта айтқанда, ақшанын қор жинау және байлық кұру құралы қызметі арқылы ұлттық табысты қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу процестері жүреді.
Халықаралық еңбек бөлінісінің
дамуы, шаруашылық
Әлемдік байланыстардың интенсивтендірілуі және несие катынастарының дамуы, сонымен бірге әлемдік бірыңғай банкнотаның жоқтығы халықаралық айналымға алтыннын орнына кейбір ұлттық валюталарды енгізуге мәжбүр етті. 1922 ж. Генуяда өткен бірінші Халықаралық келісімде ағылшынның фунт стерлингі және АҚШ-тың доллары алтынның эквиваленті деп жарияланып, халықаралық айна-лымға енгізілді. Екінші келісім 1944 ж. Бреттон-Вудсте (АҚШ) қабылданып, онда соғыстан кейінгі валюта жүйесінің негізі бекітілді. Бұл келісім АҚШ-тың долларына және фунт стерлингке резервтік валюта статусын берді. Одан кейін дүниежүзілік ақшаның жаңа формалары пайда болды: СДР - Халықаралық валюта қорының арнаулы есеп айырысу (ақша) өлшемі (1970 ж.), ЭКЮ - аймақтық халықаралық есеп айырысу өлшемі (1979 ж.), оны Еуропа валюта жүйесіне мүше-мемлекеттер қолданады. Ал 1999 жылдың 1 каңтарында енгізілген жаңа валюта - еуро бірте-бірте ЭКЮ-ды айналыстан ығыстырады деп күтілуде..
Бір сөзбен айтқанда, экономикасы дамыған және әлемдік нарықтағы тауарларының үлес салмағы қомақты мемлекеттердің ұлттық валютасы дүниежүзілік ақша ретінде жүреді. Бұған қоса, белгілі бір ұлттық валютамен бірге алтын орнына жүретін есеп айырысудың әр түрлі құралдары пайда болуда. Қазір дүниежүзілік несие ақшаларының жобасы қарастырылуда деген пікірлер де кездеседі.
2.Ақша айналысының сипаттамасы және оның құрылымы.
2.1. Қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол емес ақша айналымы.
Айналыста тек қолма-қол ақша жүретіндіктен оны ақша айналысы деп атайды. Айналыс және төлем құралдары ретінде нақты ақша белгілері (банкноталар, қазыналық билеттер /қағаз ақшалар/ және ұсақ монеталар) айналыста жүреді. Бұл кез келген мемлекеттің ақша айналымының аз бөлігін
құрағанмен оның маңызы үлкен. Өйткені қолма-қол ақша халықтың ақшалы табысының басым көп бөлігін алуға және оны жұмсауға қызмет етеді.
Қазақстан Республикасында
Қолма-қол ақша негізінен халықтың ақшалы табысынан және оны жұмсаудан түседі. Бірақ ақшаның көп бөлігін салық, жарна, сақтандыру төлемін, пәтер ақысы мен коммуналдық төлемін, қарызды өтеуге, тауар сатып алу мен көрсетілген қызметке ақы төлеуге, бағалы қағаздар мен лотерея сатып алуға, жалгерлік ақы, айып пұл жэне т.с.с. төлеуге жұмсайды.
Қорыта айтқанда, ақша коммерциялық банктердің төлем-кассалық бөлімдерінен клиенттер арқылы айналысқа түсіп, белгілі бір мерзімнен кейін клиенттердің (негізінен сауда орындары және халыққа қызмет көрсететін орындардың) кассасы арқылы айналыстан шығады. Сөйтіп, қолма-қол ақшаның қайталама айналысы аяқталады.
Қолма-қол емес ақша айналымы (төлем айналымы) - ол банктегі шот иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметін атқаруы. Ол бүкіл ақша айналымының басым бөлігін (90% - ке жуығын) құрайды. Төлем айналымы төлеушілер мен сатып алушылардың банктегі шотына немесе жазу түрінде немесе олардың өзара талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.
Есеп
айырысу операиияларын
Айналыстағы ақша алма-кезек біресе айналыс құралы, біресе төлем құралы қызметтерін орындайды. Тауар сатудан түскен ақша қарыз төлеуге жұмсалуы мүмкін, өз кезегінде, қарыз өтеуден түскен ақша тауар сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымдары өзара тығыз байланысты және бір-біріне тәуелді. Өйткені ақша үнемі бір айналыс аясынан екіншісіне өтіп, бірақ айналыс аясынан кетпей оған одан әрі қызмет жасай береді. Ал банктегі шотка қаржының аударылуы - қолма-қол ақшаның берілуінің кепілі. Сондықтан қолма-қол ақшасыз төлем айналымы қолма-қол ақша айналысынан ажырағысыз құрылым және екеуі бірігіп мемлекеттің бірыңғай ақша айналымын құрайды.
Ақша айналымын реттеудегі маңызды элемент - қолма-қол ақшаны пайдалану аясын тарылту. Қазір бұл мәселе біздің елде кәсіпорындар арасындағы өзара есепке қолма-қол ақшаны тек теменгі жалақының төрт еселенген мөлшері көлемінде пайдаланумен және банктегі салым иелерін бөлшек саудамен есеп айырысу үшін есептесу чектерін енгізумен шектелуде.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде ақша айналымын басқаратын экономикалық әдістерді енгізу процесі кең тараған. Мысалы, АҚШ-та халықтың барлық төлемдерінің '/4 бөлігі ғана қолма-қол ақша төлеумен жүргізілсе, қалған төлемдер чектермен, несие карточкаларымен және т.с. жүргізіледі. Қолма-қол ақшасыз есептесуді жетілдірудің қаржының айналмалылығын жеделдетуге, айналыстағы қолма-қол ақшаны қысқартуға және айналым шығындарын азайтуға тигізер экономикалық маңызы зор.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыруға әр елдің тарихи және экономикалық дамуының ерекшеліктері әсер етеді. Мысалы, ең алғаш 1775 ж. Ұлыбритания чекті, вексельді, кейін АҚШ чекті қолдана бастаған, ал Германия -жирошотты, ТМД-ға мүше-мемлекеттер есеп айырысу шоттарын қолданады. Қазіргі кезде пластикалық карточкаларды қолдану қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыруда ең бір прогрессивтік құрал екенін әлемдік тәжірибе дәлелдеді. Олардың көптеген түрлерінің ішінде, негізінен, магнитті жолағы бары кең қолданылады. Өркениетті мемлекеттерде жоғары қорғалу дәрежесі бар микропроцессорлы кар-точканы айналымға енгізу үшін белсенді жұмыс жүргізілуде.
2.2. Металл ақша айналысы
Ақша өзінің материалдық-заттық құрылымы жөнінен металл ақшалар және қазыналық билеттер (қағаз және несие ақшалары) болып екіге бөлінеді. Екінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің нәтижесі - егіншіліктен қолөнер кәсібі бөлініп шығуына байланысты тауар өндірісі қалыптасып, айырбас нақтылы үздіксіз құбылысқа айналғанда ақшаның ролін орындайтын салмақты металл заттар жүре бастады. Металл ақшаның пайда болуына байланысты ақша белгісінің салмағын өлшеу жүйесі де пайда болды. Алдымен белгілі массасы көрсетілген бірақ формасы жоқ металл сынықтарының орнына әр түрлі массалы металл кесектері айналымға түскен. Дегенмен, жаңа дәуірге дейінгі XIII ғасырда кейбір елдерде массасы көрсетілген металл кұймалар айналыста болыпты. Осыған байланысты қазіргі уақытта көптеген ақша өлшемінің атауы оның салмақ атауымен бірдей, мысалы, фунт стерлинг, ливр, марка - “жарты фунт” деген ұғым. Ал фунт - қадақ - орыстың бұрынғы 409,5 грамдық өлшеміне тең екен. Киев Русіндегі ақша өлшемі гривна күмістің фунты деген мағынаны көрсеткен, ал оның тең жартысы (рубленая пополам) рубль деп аталған.
Металл ақшаның алғашқы түрі - құйма металл, оның формасы да әр түрлі болған (шыбық, сым, табақша және т.б.). Салмақты металл құймалары айырбаста алып жүруге және сақтауға өте ыңғайсыз болғандықтан, сауданың баяу жүруіне әкеп соқтырған.
Біртіндеп металл ақшаның түрі де, салмағы да өзгерген. Мысалы, ертедегі Римде ақша орнына белгілі бір салмағы бар формасыз мыс құймасы, одан кейін жолақша сызығы мен нүктелері бар табақша, ең соңғыда екі жағында сурет салынған массасы 1 немесе 2 фунт болатын дөңгелек ақша пайда болған. Сейтіп, металл ақшалардың формасының неше түрлі болып өзгеріп, ақырында дөңгелек түріне келуі тауар-ақша айналымының табиғи даму жолын көрсетеді.
Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғары сатысында металдан монета түрінде ақша құйыла бастады. Нарықтық катынастардың дамуына байланысты тауар сатушылардың арасынан көпестер (купцы) бөлініп шығып, олар тауар айырбасында тек делдалдық кәсіппен шұғылданды. Сонымен, монета деген заң жүзінде кұрамындағы белгілі бір металдың салмағын, сыртқы түрін бекіткен тағайынды формадағы ақша белгісі. Мемлекет алтынның сынамасын (проба - монетадағы сап алтынның салмағы), массасын, типін, ремедиумын (заңды түрде бекітілген нақты массасының іс-жүзіндегі массасынан ауытқуы), эмиссия ережесін және т.с.с. бекітеді. Монетаның бет жағын - аверс, сыртын - реверс, жиегін - гурт немесе обрез деп атайды.
Металл ақшалар толық құнды және толық құны жоқ (немесе кембағалы) ақша болып бөлінеді. Толық құнды ақша деп монетада көрсетілген құн (номиналы) монета соғуға жұмсалған металдың құнына тең ақшаны айтады. Ондай ақша өзінің пайда болғанынан бастап жалпы құн эквиваленті болды және ақшаның барлық қызметін атқарды. Толық құны жоқ ақша - монетада көрсетілген құн оны соғуға жұмсалған металдың құнынан жоғары болатын ақша. Ол толық құнды ақшаның ұсақ бөліктері ретінде кішігірім төлемдерді атқару үшін майда (ұсақ) монета түрінде қолданылады. Оны билондық монета деп те атайды. Ақша айналысы шапшаң болғандықтан тез ысылып салмағын, соған байланысты құнын жоятындықтан майда ақшалар алтын монеталы стандарт кезінде де кембағалы металдардан соғылды. Олар алғашқыда күмістен, бертін келе және қазір металдар қоспасынан (мыс-никель, мыс-мырыш) және алюминийден соғылады.
Ақша айналысында майда ақшаның үлес салмағы аз. Дегенмен майда ақшаны айналысқа түсіру мемлекетке пайдалы.Ол пайда монетада көрсетілген құнмен оның құрамындағы металдың нарықтық бағасының айырмасына тең.
XX
ғасырдың 70-жылдары алтынға деноминация
(көрсеткішін ірілендіру) жүргізілді.
Алғашқыда алтын елдің ішкі ақша айналымында
айналыс және төлем құралы ретінде пайдаланылса,
ал 1976 жылдан бастап ол дүниежүзілік ақша
қызметін де орындамайды. Алтын мемлекеттің
Ішкі айналы - мынан да, әлемдік нарықтан
да қағаз және несие ақшаларымен ығыстырылды.
2.3. Қағаз ақшалар. Олардың айналыс заңдылықтары.
Металл ақша айналысынын объективті заңдылықтары және капитализм тұсында тауар өндірісінің қарқынды дамуы айналымға қосымша ақшаның қажеттілігін арттырып, ақшаның дербес құны жоқ ақша таңбаларымен айырбастау мүмкіндігін ашты. Қағаз акшаның шығу мүмкіндігі мына себептерге байланысты болды:
- біріншіден,
ақша құн өлшемі қызметін
- екіншіден, ақша айналыс құралы ретінде өз қызметін шапшаң, ілезде атқару ерекшелігіне, яғни тауар айырбасында ақша делдал болуына байланысты.
- бұл
мүмкіндіктің іс-жүзіне
- монетаның табиғи ысылып тозуынан оның толық құны жойылып, құр ақша белгісіне айналуы. Мысалы, 1809-1829 жж. Еуропа елдерінде монетаның тозу себебінен 19 млн. фунт стерлинг монета айналыстан шығарылған;
- мемлекеттің
және жеке адамдардың - жасанды
ақша жасаушылардың (құл иелену
кұрылысынан бастап) монетаны
бұзуы. Мемлекеттің металл
- мемлекет
өз шығындарын өтеу үшін