Кәсіпкерлің қызметтегі франчайзенг
Курсовая работа, 08 Ноября 2011, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Кәсіпкерліктің инновациялық нысандарының бірі – өндірісті дамытуға және филиалдар ашуға өз қаражатын салмай-ақ өркендеуге мүмкіндік беретін фирманың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жаңалықтарды енгізуге бағытталған бизнесті ұйымдастырудың ерекше нысаны – франчайзинг.
Работа состоит из 1 файл
Mura.docx
— 136.65 Кб (Скачать документ)Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында елімізді жан-жақты жаңартудың жаңа кезеңіндегі басты басымдықтарының маңызды бағыттары ретінде қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіруге негізделген мемлекеттік саясат, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін толымды стратегия әзірлеу және оны іске асыру, осы тұрғыда орта және шағын кәсіпкерліктің жаңа инновациялық сипатын құруды айқындады. Кәсіпкерліктің инновациялық нысандарының бірі – өндірісті дамытуға және филиалдар ашуға өз қаражатын салмай-ақ өркендеуге мүмкіндік беретін фирманың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жаңалықтарды енгізуге бағытталған бизнесті ұйымдастырудың ерекше нысаны – франчайзинг.
Қазір
кез келген кәсіпкер өз тауар маркасын
дүниеге алып келіп, оны заңи тіркей
алады. Бірақ тауар маркасын брендке
айналдырып, оны қоғамға танымал
ету үшін қыруар қаражат керек. Сонымен
қатар коммивояжерлердің
Қазақстанда франчайзинг жаңадан ғана дамып келе жатыр, бірақ оны тұтыну нарығына оңды енгізу тәжірибесі баршылық. Отандық сауда жүйелері франчайзинг элементтерін сауда жұмысын ұйымдастыруда белсенді түрде қолдануда.
Франчайзингтің
барлық елде анықтамасы бір болғандығына
қарамастан, әр елде оның дамуының өзіндік
ерекшеліктері бар. Сондықтан курстық
жұмыстың негізгі мақсаты –
Қазақстан экономикасының жандануына шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы тікелей әсер етеді. Кәсіпорындардың нарықтағы тұрақтылығын шешу жолдарының, шағын кәсіпорындарды дамытудың тиімді әдістерінің бірі – франчайзинг болып табылады.
Франчайзинг
– ұзақ мерзімді іскерлік қатынастардың
нысаны, ол тәуекел дәрежесі төмен
және тұрақты пайдалылық деңгейі
бар кәсіпкерлікті
Біріншіден,
жаңа кәсіпкерлерге – табысы тұрақты
бизнестің көмегімен өзіндік
кәсібін ұйымдастыруға
Екіншіден, танымал компаниялардың нарықтағы қызметін кеңейту және нығайту жолы,
Үшіншіден,
мемлекеттің кәсіпкерлікті
Қазақстан
Франчайзинг қауымдастығының
Курстық жұмыстың мақсаты -франчайзингтің теориялық және практикалық аспектілерін кешенді талдау арқылы оның Қазақстан Республикасының қызмет көрсету саласындағы дамуы жөніндегі ғылыми негізделген ұсыныстарды жасау болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін жұмыста келесі міндеттер анықталды және шешімін тапты:
- Франчайзингтің теориялық негіздерін, нарықтық тұжырымдамасын жан-жақты зерттеу және жүйелендіру;
- Франчайзингтің қалыптасуы және дамуының Қазақстан экономикасындағы артықшылықтары мен кемшіліктерін жалпылау;
- Қазақстандағы франчайзингтің дамуына әсер ететін факторларды талдау;
- Франчайзинг түрлерінің салалық аспектілердегі ерекшеліктерін шетелдік тәжірибе тұрғысынан айқындау;
1 Кәсіпкерлік
қызметтегі франчайзингтік
1.1 Франчайзингтің
мәні және мазмұны
Қазақстан экономикасының жандануына шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы тікелей әсер етеді. Кәсіпорындардың нарықтағы тұрақтылығын шешу жолдарының, шағын кәсіпорындарды дамытудың тиімді әдістерінің бірі – франчайзинг болып табылады.
«Франчайзинг» термині
Франчайзинг дегеніміз:
- Айрықша құқық кешенінің құқық иеленушісі осы кешенді басқа тұлғаға өтемді негізде пайдалануға беретін кәсіпкерлік қызмет.
- Франчайзинг – көптеген франчайзилер желілерін және территориялық дамудың жетілген технологияларында қалыптасқан серіктестік бизнес.
- Франчайзинг – ұзақ мерзімді іскерлік қатынастардың нысаны, ол тәуекел дәрежесі төмен және тұрақты пайдалылық деңгейі бар кәсіпкерлікті ұйымдастырудың тиімділігі жоғары жолы.
Аталған
анықтамаларды қорытындылай келе және
шетелдік және отандық әдебиеттерді
ғылыми тұрғыда зерттей отырып, франчайзингтің
келесідей авторлық анықтамасын
ұсынамыз: «Франчайзинг –келісім-шарт
негізінде франчайзердің (құқық
иесі) франчайзиге (құқық алушы) өз атынан
өнімдерін, бизнесті жүргізу технологияларын
немесе басқа коммерциялық ақпараттарын
белгілі бір аумақта сатуға (таратуға)
эксклюзивті құқық беретін
Филип Котлер франчайзингтің келесідей белгілерін атап көрсеткен:
- Франчайзер өзінің тауарлық белгісін қолданысқа бергені үшін белгіленген пайда алып отырады
- Франчайзи жүйенің бір бөлігі үшін алғашқы төлемді ұсынады
- Франчайзер франчайзиға бизнесті жүргізу жүйесін береді
Франчайзинг
жүйесін пайдалану
1-сурет
– Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік
жүйесіне қатысушылардың өзара байланысы
1-суретте көрсетілгендей,
франчайзингтік келісім-
- Франчайзер – франшиза беруші, лицензиар, бас кәсіпорын, құқық иесі. Көп жағдайда франчайзердің рөлін тұтыну нарығында жоғары мәртебеге ие, атақты сауда маркасы немесе бренді бар, жеке кәсіпкерлерге немесе олардың топтарына белгілі бір мерзімге және келісім-шартқа сәйкес сауда маркасын пайдалану құқығын беретін ірі фирма (корпорация) атқарады. Әдетте франчайзерлердің өз атынан ұсынатын тауарлық белгісі немесе қандай да бір өнімді өндірудегі қаржылық тәжірибесі мен жеке жүйесі болады. Франчайзер үшін франчайзинг өткізу нарығын жылдам кеңейту және персоналды басқару шығындарын азайту, шаруашылық субъектісінің тауарлық белгісі мәртебесін көтеру, өнім сапасы мен бірегей ассортиментіне деген тұтынушылар сенімінің артуы сияқты артықшылықтармен қамтамасыз етеді.
- Франчайзи – франчайзиат, франшиза алушы, лицензиат, оператор, франшиза ұстаушы, құқық алушы. Франчайзи - франчайзердің сауда белгісі мен технологиясын пайдалану арқылы коммерциялық қызметін жүргізетін тұлға, компания немесе серіктестік. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде – франчайзи франчайзерден белгілі бір мерзімге және шартқа сәйкес айрықша құқықты (франшиза) алатын жеке немесе заңды тұлға болып табылады. Франчайзи үшін франчайзинг - өз бизнесін ашудың қайталанбас мүмкіндігі, себебі франчайзер оған дайын нарықтық тауашаны, өзінің фирмалық атауын бере отырып, жан-жақты көмекпен қамтамасыз етеді.
- Франчайзинг компоненттерінің бірі – франшиза – белгілі бір шарттарға және сыйақыларға сәйкес неғұрлым ірі фирманың қызметтерін ұсынуға немесе оның өнімін сатумен айналысатын коммерциялық кәсіпорынды құруға берілетін құқық.
Франшиза – франчайзинг негізінде белгілі бір экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін өзара келісіммен бекітілген айрықша құқықтар жиынтығы немесе франчайзингтік жүйеде қолдануға арналған іскерлік тұжырымдама. Франшизалық пакет франчайзингтік келісімге қатысты құжаттардың және франчайзиге берілетін бәсекелік артықшылықтар жиынтығы болып табылады. Оның келесідей құрамдас бөліктері бар:
- Кәсіпорынды ашуға қажетті алғашқы жарна – франчайзердің бизнес-тұжырымдамасын және брендін пайдалануға алу үшін төленетін алғашқы төлем мөлшері;
- Роялти – франчайзингтік келісімде көрсетілген нақты мерзімде франчайзидің төлеп отыратын міндетті мерзімдік төлемдерінің мөлшері, немесе, франчайзердің авторлық құқықтарын пайдалану үшін төленетін төлемдер (лицензиялық төлем, роялти);
- Жарнамалық қорға төленетін төлемдер – бизнестің тиімді жүргізілуін ынталандыратын, франчайзер тарапынан өткізілетін әр түрлі жарнамалық шараларға франчайзидің ат салысуының қаржылық мөлшері. Әдетте, франчайзингтік келісімде франчайзер оның мөлшері алдын-ала белгілейді.
Франчайзинг жүйесін әзірлеу үрдісі келесідей бес кезеңнен тұрады
(2-сурет).
2-сурет
– Франчайзинг жүйесін әзірлеу кезеңдері
Франчайзингті
жіктеудің тәсілдемелері
3- сурет–
Франчайзинг түрлерінің
Әрине, франчайзингтік үлгінің
жалпы жіктелімі мұнымен
Көптеген шетелдік әдебиеттерге сүйене отырып және шетелдік тәжірибеге сүйене отырып франчайзингтің келесідей жағымды жақтарын ашып көрсетуге болады (4-сурет).
4-сурет-Франчайзингтің
жағымды жақтары
1.2 Франчайзингтің
Қазақстан Республикасында
Франчайзингтің
бастапқы пайда болу мекені – АҚШ-та
ол тауарлар мен қызметтерді сату,
сатылған күрделі тауарларға сервистік
қызметтер көрсету
Бүгінгі таңда франчайзингтік желілердің саны бойынша әлемдегі көшбасшысы – Қытай, оның 3000-нан астам франчайзингтік желілері бар, екінші орында АҚШ, үшіншіде Жапония тұр.
Қазақстанда франчайзингтік қатынастардың орын алғанына 10 жылдан асты, алайда отандық экономика үшін осы бизнестің кең дамыған ұйымдық нысаны әлі де жаңа құбылыс болып табылады.
Қазақстандағы
франчайзингтің дамуын негізгі сипаттамалары
бойынша талдай отырып, оның келесі
кезеңдерін бөліп көрсетуге болады
(1-кесте).