Кәсіпкерлік құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 18:41, реферат

Описание

Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Кәсіпкерлік ұғымына нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызамыз. Кәсіпкерлік дегеніміз азаматтар мен бірлестіктердің мүлікті жауапкершілік пен тәуекел ету негізінде іске асырылатын, жоғары табыс алуға бағытталған шығармашылық, дербес іс-әрекеттері.

Содержание

I Кіріспе..............................................................................................................3
II Негізгі бөлім
1.Кәсіпкерлік қызметтің пайда болу тарихына шолу.....................................4
2.Кәсіпкерлік ұғымы мен қағидалары,кәсіпкерлік қызмет..................................................................................................................7
3.Кәсіпкерліктің негізгі атқаратын қызметтері және түрлері......................10
III Қорытынды................................................................................................13
Пайдаланған әдебиеттер...................................................................................17

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпкерлік құқық реферат.docx

— 39.48 Кб (Скачать документ)
                                             

                                                   Жоспар

 
I Кіріспе..............................................................................................................3

II Негізгі бөлім

1.Кәсіпкерлік қызметтің пайда болу тарихына шолу.....................................4

2.Кәсіпкерлік ұғымы мен қағидалары,кәсіпкерлік қызмет..................................................................................................................7

3.Кәсіпкерліктің  негізгі атқаратын қызметтері және түрлері......................10 

III Қорытынды................................................................................................13

Пайдаланған әдебиеттер...................................................................................17 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

I КІРІСПЕ

Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Кәсіпкерлік ұғымына нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызамыз. Кәсіпкерлік дегеніміз азаматтар мен бірлестіктердің мүлікті жауапкершілік пен тәуекел ету негізінде іске асырылатын, жоғары табыс алуға бағытталған шығармашылық, дербес іс-әрекеттері.

Кәсіпкерліктің  белгілері:

• шаруашылық субъектілерінің дербестігі және тәуелсіздігі

• экономикалық мүдделілігі 

• шаруашылық тәуекел етуі және жауапкершілігі

• белсенді ізденуі 

• жаңалықтығы 

Кәсіпкерліктің  субъектілері: мемлекет, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, серіктестіктер, арендалық  ұжымдар, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.

Кәсіпкерліктің  объектілері: шаруашылық қызметтің  кез-келген түрлері, коммерциялық делдалдық, инновациялық, кеңес беру іс-әрекеттері, құнды қағаздармен операциялар.

Кәсіпкерлік қызмет бұл шаруашылық қызметтің кәсіпкерлік қызмет субъектісінің пайда табуға бағытталған өз бетінше жүргізетін бастамашылық қызметі болып табылады.Өз кезегінде шаруашылық қызмет ол тауарлар өндіру,жұмыстар  орындау,қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік билік және басқару органдары,сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілер тағайындалған ережелерге сай жүзеге асырылатын экономикалық қызметтің бір түрі,ҚР заңдарында кәсіпкерлік қызмет түсінігінің орнына кәсіпкерлік термині енгізілген. 
 

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
1.Кәсіпкерлік қызметтің пайда болу тарихына шолу.  
Кәсіпкерлік ұғымы  бірінші рет ғылыми айналымға ағылшын Ричард Каньтелон енгізді(1680-1734 ).Ғалым кәсіпкерлікті ерекше экономикалық функция ретінде қарастырды.Француз экономистіті Жан-Батист Сей(1767-1832) айтуынша кәсіпкерлер пайда табу мақсатында өзіндік есебімен риск үшін қызмет атқарды деп түсіндірді.Бұның негізінде әрбір кәсіпкер өз білімі мен тәжіребиесіне жүгінуі тиіс болды.  
Әйгілі ағылшын экономисті Адам Смит(1723-1790)кәсіпкерді жекеше қызмет атқаратын жеке меншікке және оның қызметін кәсіпкерлердің жеке қызығушылығымен байланыстырды.Бұл негізді кәсіпкер өзі жоспарлау өндірісті өзі ұйымдастырып және алынған пайданы өзі бөліуі тиіс болды.  
Ағылшын экономисті Давид Ричардо(1772-1823) кәсіпкерді қарапайым капиталист ретінде қарастырды.  
Кәсіпкерлікке бағалы жаңа бағаны ХІХ ғ. соңында ағылшын экономисті Аллон Маршал берді(1824-1924).Бұдан соң толық кәсіпкерлік мінездемені өз жұмысында американ экономисті Йозеф Шумпетер берді.  
Кәсіпкерлік құқықтың тұжырымдамасы ХХ ғ. басында пайда болған еді. Сол кездегі тұжырымдама совет одағының заңгер-ғылымдарының ойын талқылаған болатын. Мысалы, А.Гойбарх айтқандай, азаматтық құқық - әрқашанда құқықтың бөлігі, ол халық құқығын ұстанған. Егерде жеке құқық пен жұрттын құқығы арасындағы шекра жоғалып, яғни үзіліп кетсе, онда азаматтық құқық жоғалып кететін еді, сондықтан оның орнына шаруашылық құқық ие болатын еді.  
ХХ ғ –ң 30 ж. басында бірыңғай шаруашылық құқық пен азаматтық құқық тұжырымдамасы ғылыми тәртіп негізінде қарастырылды.Шаруашылық құқықтың пайда болуы совет экономикасының аралас мінезімен байланысты. Шаруашылық құқық арасындағы мәселелерді зерттеген құқықтанушылар жаңа экономикалық жағдайларда туған көпшілік және жеке құқық арасындағы ымыраны талдауды көздейді.  
ХХ ғ –ң 50 жылдарында шаруашылық құқық тұжырымдамасы туралы пікір – сайыста қайта қарады. Шаруашылық құқықтануда әр түрлі саладағы әлеуметтік құқықтарын реттеуді қарастырады.Әр түрлі отырыстарда совет құқықтанушылары шаруашылық кодексті қабылдау ұсынысты қарастырды.  
ХХ ғ-ң 90 жылдарында Қазақстанда жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға, басқа экономикадан тағы басқаға қөшу жүйесі басталды. Сондықтан бұрын тұжырымдамаға өзгеріс еңгізу керек болды.  
Бүгінгі уақытта әрбір саланың құқықтарыңың нормасы бар, ол мемлекеттің саяси- экономикасымен тығыз байланысты. Соның ішінде саясатты анықтайтын норма Ресей құқығының екі саласымен байланысты, ол - әкімшілік және азаматтық.  
Әкімшілік құқық , қызмет ету мен қатынасты басқаруды реттейді.Сондықтан мұндай қатынас «тігінен» тұрғызылады. Ал азаматтық құқық мүліктік қатынасты реттейді, сондықтан оларды «көлденен » тұрғызады. Осы салалардың әрқайсысы шаруашылық құқықты реттейді.  
Кәсіпкерлік құқық пәніне құқықтық қатынастың екі тобын қарастырамыз : Біріншісі – кәсіпкерлік ұйымдастырушылық сала мен байланысты, бұнда азаматтардың кәсіпкерлік сала мен айналысу құқығы қарастырылған. Сонымен қатар, заңды тұлға болып тіркелу өз меншігінде жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға болу, мемлекеттік тіркеуден өтеді.  
Екінші топқа – кәсіпкерлік саланың өзіне байланысты қатынас жатады. Кәсіпкерлердің негізгі мақсаты – тауарды сату арқылы, мүлікті пайдалану арқылы, қызмет көрсету арқылы көп пайда табу.Мұнда негізгі рөлді атқаратын кәсіпкерлік құқықты азаматтық құқықты реттеу. Кәсіпкер мен тауар өндіруші арасындағы өзара қатынас нарықтық экономикада тауар – ақша қатынасымен реттеледі.  
Азаматтық құқықтың бір бөлігін көпшілік – құқықтық әдісімен реттейді. Оған орай құнды қағаздар эмиссиясын реттеу құқығы орын алады, тауарларды сатып алу, жұмыс, қызмет көрсету, осының бәрі мемлекеттік келісім-шарт арқылы жасалады. Бүгінгі таңда құқық ғалымдарын таныстыру, кәсіпкерлік саланы реттеуде екі негізгі тұжырымдаманы қарастырады.  
Манистикалық тұжырымдаманы ұстанушылар профессор Б.С. Мартемьянов, И.В.Дойников, академиг В.В. Ловтев-ң көз қарасынша, яғни кәсіпкерлік және шаруашылық құқық- өз бетінше құқықтық саланың бірыңғайлық пәні деген.Осы салалар өз күшіне мынадай норманы ығыстырады, яғни кәсіпкерлік қатынас коммерциялық емес қатынаспен және эконмиканы мемлекеттік реттеу қатынасын бір- бірімен тығыз байланыстырады.Заманға сай жағдайларда мемлекет пен нарық арасындағы байланысты кәсіпкерлік саланың әдісімен реттеу мүмкін емес.Профессор Е.А. Суханов кәсіпкерлік саланы реттеудің «Дуалистік тұжырымдамасын» шығарды. «Дуализм» сөзі, жеке құқықтық қатынас пен тауар өңдірушілер арасындағы азаматтық құқықты реттеу. Есептеу кезінде қолданбалы мақсаттарды белгілеу әрқашан рұқсат.  
ХХ ғ басында атақты орыс өркениетшісі Р.Ф. Шерменевич “тауар құқығы” пәнінен сабақ бергенде, оны өзіндік сала құқығы деп санады, ол тауар құқығына мынандай жауап берді: ол жеке құқықтың нормасы,яғни коммерциялық айналымды реттеу, бірлікті кәсіпкерлердің қарым-қатынасын реттеу деп таңыды. Осыған байланысты ол көпшілік және жеке тауар құқығын бөліп қарастырды.  
Көпшілік тауарлық құқық – ол мемлекеттік және тұлғалар арасындағы тауарлық қатынасты реттейді. Жеке кәсіпкерлердің, банктердің, қозғалыстардың құқықтық жағдайларын анықтайды.  
Жеке тауарлық құқық – тауар мен жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттейді. Қазіргі кәсіпкерлік құқықты көпшілік тауарлық құқық ретінде қараймыз. Кең мағынада, сауда кәсіпкерлік саланың бір түрі болып анықталады. Егер біз шетел ғалымдарына құлақ салсақ, кәсіпкерлік құқыққа қызығушылық таңытатын кәсіптік экономикалық жатады. Бұндай кәсіпкерлік құқықтың кең мағынасы басқа құқықөтық саланың пәнін шектей қоймайды. Сондықтан кәсіпкерлік құқыққа басқада дәстүрлі салаларды да жатқызуға болады; олар : экологиялық, жергілікті және еңбек құқығы. Оларға санитарлық –эпидемиялық зерттеулер керек етілмейді. Кәсіпкерлік құқықтың пәні болып, қолданбалы мінез танылады, оны білім алу мақсатында пайдаланады. Олар бөлек бөлімшелерден тұрады. Олар : қаржылық құқық, бәсекелік құқық және т.б.  
Кәсіпкерлік құқық кең мағынада әр түрлі құқықтық нормаларды қосады, ол бизнеспен тығыз байланысты. Бизнес, ол өз ішінде бір сала болып табылады. Ол бір компаниядан екінші компанияға әр сала түрін қарастырады.Оған көрсітілген қызмет қаржылық қорытынды шығару.  
Кәсіпкерлік құқық ойдағыдай ғылыми – методологиялық жүйелер қолданылады. Азаматтық құқыққа қарағанда РФ – ғы кәсіпкерлік құқық бірыңғай, шоғырландырылған құқықтық акт болып танылады. Кәсіпкерлік құқықтың ғылыми тұжырымдамасы ақталуына қарай келеселерімен бөлінеді.  
1. Нарықтық шаруашылық жүйесі.  
2. Осы жүйені объективті түрде реттеу.  
Кәсіпкерлік құқық ғылымын кіріспенің методологиялық және ғылыми – теориялық жүйесін анықтау арқылы жүзеге асырылады. Біздің көз қарасымыз бойынша кәсіпкерлік құқықты келесі себебтер бойынша бөліп қарастырамыз.  
1. Кәсіпкерлік саланың анықтамасы, сонымен бірге азаматтық кодекспен белгіленген кәсіпкерлік құқықтың негізгі принциптері.  
2. Азаматтық кодекстен алшақ орналасқан нормативтік акт, олар арнайы кәсіпкерлермен мүлікті қатынас арасындағы реттеуді бақылау.  
Құқықтық кодекс – бұл құқықтық салаларды реттеу, мысалы, совет одағындағы көптеген саюз республикалары әкімшілік кодексін иеленді. Кәсіпкерлік құқық кәсіпкерлік саланың заңдарын қарастырады. Бұл заңдар біздің елде әртүрлі сұрақтарды қарастырады. Ол сұрақтар мәдениетпен, ғылыммен, экономикамен, кәсіптік саламен тығыз байланысты. Құқықтық сала, өзінің анық пәнімен реттеледі. Заңдық білім алу жүйесінде мынандай тәртіптер қарастырылады. Мысалы, қылмыстық іс қозғалысы, заңдық психология.Осыларды зерттеу үшін әр түрлі құқықтық салаларды қарастырады.Мысалы, көптеген ВУЗ –да осындай тәртіптерді көлік құқығы сақтандыру құқығы секілді ұғымдар мен байланыстырады. Әдетпен істің айналымын жүргізу кең мағынада кәсіптік саланың құқығын қолдануын көздейді. Осы әдеттерді қолдану арқылы нормативтік актілер жүргізіміз.  
Қазіргі уақытта істі жүргізу кезінде әдетті қолдану соттың рұқсатымен жүзеге асырылады.  
Соттың шешімімен осы пікір – сайысты қарастыру үшін көптеген себебтер бар:  
1. Жоғарғы сот оргындарының қойған ұстанымдары.  
2. Анық көрсетілмеген мінез – қылықтары;  
3. Қандай да бір болған оқиғаларды сот шешімдерінің ұстанған актілерімен жүзеге асыру.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.Кәсіпкерлік   ұғымы мен қағидалары,кәсіпкерлік қызмет

Кәсіпкерлік –  белсенді іскерліктің қоғамның талаптарын қанағаттандыру бағытында коммерциялық жетістіктерге жету үшін, инновацияны  пайдалануда новаторлық мінездемеге  жеке форма б.т. Нарықтық экономикада  жеке формалары әр-түрлі болып табылады: 
Мемлекеттік меншік экономикалық талаптардағы кеңінен таралған меншік түрі.б.т. Кәсіпорын дегеніміз - өз алдына қызмет атқаратын субъект б.т.  
Кәсіподақ пайда табу және қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру мақсаттарында кәсіпкерлермен өндірістік өнімдерді шығару оларды ұсыну б.т.  
Кәсіпкерлік дегеніміз- қызмет етуші субъектілердің новаторлық инициативалық қызметі.  
Кәсіпкерлік – экономикалың және ұйымдастырудың жағдайлары, жаңа материалдың қызмет көрсету мақсатында, және тапқан пайданың шығындарын қысқарту бағытына арналған қызмет түрі.  
Кәсіпкер - бұл тәуекелден орықпайтын, жауапкершілікті мойына алатын, инновациялық және инициативалық қызметтерді іске асыра отырып , нарықта бәсекеге түсетін субъектіні айтамыз.  
Кәсіпкерлік қызмет процесінде бірнеше субъектлер қатысады.  
1.Кәсіпкерлер  
2.Тұтынушылар  
3.Жалданушы жұмысшылар  
4.Бизнес бойынша серіктер  
5.Мемлекет  
Кәсіпкерліктің негізгі қызығушылығы тұтынушыларға көп мөлшерде товарлар мен қызметтерді ұсына отырып, жоғарғы денгейде максималды пайда табу жатады.  
Тұтынушы бизнес товардың қанша көлемде шығарылуын, қызметтердің қай денгейде ұсынылуын , қанша көлемде және қандай сапада, қандай бағамен сатылуын , қандай орындарда орналасуын  
шешетін бизнес түрі б.т.  
Кәсіпкерліктің отандық теориямен тәжіребиеден келесідей  
маңызды принциптері бар.  
1.Қызметтің еркіндік негізінде еркін таңдалы.  
2.Кәсіпкерлік қызыметке оның қаржысы мен мүлкіне заңды және заңсыз тұлғаларды тарту.  
3.Қызмет бағдарламасын өз еркінен құру,тұтынушылармен қызметті ұсынатын товарларды дайындайтын,өндіретін өндірушілерді өз еркімен құру және т.б.  
4.Жұмыскерлерді еркін қабылдау.  
5.Техникалық, қаржылық, еңбек, табиғи және басқа да ресурстарды пайдалану оларды тарту.  
6.Заңға сәйкес экономикалық қызметтердің кәсіпкер мен еркін сезінуі оны жүзеге асыруы.  
Кәсіпкерліктің маңызды функциялары болып табылатындар мыналар: 
1.Новаторлық функция техниканың ұйымдастырылған және басқарылған жұмыс процесіндегі жаңа идеялардың жүзеге асыуы, тәжірбиелі конструкторлық өндеулер,жаңа товарлар мен жаңа қызметтердің пайда болуы.  
2.Ұйымдастырылған функция өндірісті ұйымдастыруда жаңа формалар мен тәсілдерді еңгізу жаңа жалақы формасын, өндірістік жүйенің негізгі элементтерін енгізу.  
3.Шаруашылық функциясы еңбек материалды қаржылық интелектуалдық және оқылықтың ресурстарды тиімді пайдалану.  
4.Элементтік функция қоғамға қажетті элементтің заңдар талабына сәйкес товарлар мен қызметтерді ұсыну.  
5.Тұлғалық функция кәсіпкердің жеке мақсатын іске асыру мақсатында, өз қызметінен қанағат алу барысында өз-өзін жүзеке асыру.  
Кәсіпкерлік қызмет теориясы экономикалық пәндер қатарына жатады.Кеңінен қолданылатын кәсіптік теория пәні көбіне адамдардың қызметін үйретумен байланысты болады.Кәсіптік қызмет теориясының пәні – кәсіпкерлердің іс-әрекетін негізін, яғни өндіріске қажетті ресурстарды таңдауда, айырбастауда,бөлуде ,түрлі товарлар мен қызметтерді пайдалануда анықталады.  
Кәсіпкерлік қызметің әдістемесі болып , зерттеу әдісі, яғни жүйелі құрылымдық анализдің маңызды элементтері,тарихи және логикалық жолдары, қарсылық принциптері, анализ және синтез және т.б. жатады.  
Кәсіпкерлік қызмет теориясының методологиялық базасы деп диалектикалық зерттеу тәсілі б.т.жүйелі құрылымының анализдің элементі, тарихи және логикалық бағыттары, анализ және синтез, абстракциялық тәсіл және басқаларды жатқызамыз.  
Жүйелік бағыт дегеніміз – кәсіпкерлік қызмет топтарының кешендік мінездемелік негізгі бөлімшелерің білдіреді.  
Логикалық бағыт дегеніміз – кәсіпкердің қызметіндегі негізгі іс шаралардың анықталуын көрсетеді.Кәсіпкерлік идеяның тууынан, оны жүзеге асыруға дейінгі аралықтағы процесс.  
Анализ тәсілі – жалпы процестің жеке тарауларың анализдеу бағытында анықталып бұдан соң, синтез этапы п.б.  
Абстракциялық тәсіл -өмір сүрмейтін әрекеттермен құбылыстардың пайда болуынан тыс, екі жақтың процесінен бас тарту, яғни тұрақты байланыстардың, құбылыстың ішкі мақсаттарын алуда пайда болды.  
 
Кәсіподақтың меншігі және оның құқықтық ұйымдастырылған формасы.  
1.Меншік формаларының типтері және оның маңызы.  
2.Кәсіподақтарды ұйымдастыру негіздері.  
3.Кәсіптік қызметтің құқықтық ұйымдастырылған формасы.

Меншік дегеніміз  әлемдік категория б.т, яғни , экономикалық ғылымдар, политология, психология, тарих  және социология пәндердің жеке бөліктерін үйрететін категория б.т. Меншік сонымен қатар заңды және экономикалық меншіктердің аспектілерінде қарастырады.  
Заңды меншік дегеніміз нақты бір класстың әлемдік топтың жеке-меншік қарасты объектілермен құқықтық түрлі құжаттарды дайындауда адамдардың жеке қатынасы ретінде заңды ынталармен нормалардың жеке-меншік құқықтарға еркіндіктің пайда болуын айтамыз.  
Экономикалық меншік дегеніміз- қосылу себептері, иелену түрлі экономикалық субъектінің материалды қызметтерді басқару нәтижесінде пайда болатын қатынастар жиынтығын айтамыз.  
Жеке меншіктің теориялық қатынасы , оның экономикалық категория жиынтығы негізінде танылады, яғни, құн, өзіндік құн, ақша капитал, еңбек ақы, пайда, салық және т.б.  
1.Сандық  
2.Сапалық  
Сандық аспект- меншікті түрлі объектілермен ұсынады. Заводтар, еңбек құралдар, ақша, потенттер, және лицензиялармен.  
Сапалық аспект- Адамдар арасындағы кәсіподақтықтар мен мемлекеттер аралық және басқа да субъектер арасындағы өндірістік құралдар шығарылған өнімдермен құнды қағаздар және т.б. арасындағы қатынас меншік түрін айтамыз.
 
 

3.Кәсіпкерліктің  негізгі атқаратын  қызметтері және түрлері

Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Кәсіпкерлік ұғымына ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу  мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы  адам белсенділігін жатқызды. Кәсіпкерлік  дегеніміз азаматтар мен бірлестіктердің  мүлікті жауапкершілік пен тәуекел  ету негізінде іске асырылатын, жоғары табыс алуға бағытталған шығармашылық, дербес іс-әрекеттері.  
Кәсіпкерліктің белгілері:  
• шаруашылық субъектілерінің дербестігі және тәуелсіздігі  
• экономикалық мүдделілігі  
• шаруашылық тәуекел етуі және жауапкершілігі  
• белсенді ізденуі  
• жаңалықтығы  
Кәсіпкерліктің субъектілері: мемлекет, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, серіктестіктер, арендалық ұжымдар, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.  
Кәсіпкерліктің объектілері: шаруашылық қызметтің кез-келген түрлері, коммерциялық делдалдық, инновациялық, кеңес беру іс-әрекеттері, құнды қағаздармен операциялар.  
Кәсіпкерліктің негізгі атқаратын қызметтері:  
1. Новаторлық қызметі. Әрбір кәсіпкер өзінің мақсатына жету үшін кәсіпкерлікті ұйымдастырудың жаңа формаларын, жаңа технологияларды қолдануға мүдделі болады. Бұл қызмет өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сапасы туралы мәселелерді шешеді.  
2. Ұйымдастыру қызметі. Әрбір кәсіпкер минималды шығын жұмсау және максималды пайда табу мақсатымен ең тиімді өндірісті таңдайды. Өндірісті ұйымдастыру кезінде кәсіпкер жер, еңбек, капитал ресурстарын бір процеске біріктіреді.  
3. Басқару қызметі. Әрбір кәсіпкер шаруашылықты жүргізуде негізгі шешімдерді қабылдау инициативасын өз жауапкершілігіне алады: кадр мәселесі, өнімді сатып өткізу, банк жүйесімен байланысты мәселелерді шешеді.  
4. Тәуекелге бару қызметі. Әрбір кәсіпкер тәуекелге бару үшін істелетін істің айқындылығын талдап , қорытындысына не болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің серіктестіктерінің немесе акционерлерінің қаржыларын тәуекелге салады.

 Кәсіпкерліктің  экономикалық, әлеуметтік және құқықтық  жағдайлары.  
Кәсіпкерлікпен айналысу барысында экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар ескерілуі қажет.  
1. Экономикалық жағдайлар:оған: нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қызметтердің алуан түрлері, тұтынушылардағы ақша-қаражат көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігі, жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық-кемдігі, еңбек ақы қорының артық-кемдігі, қарыз беретін мекемелердің ақша ресурстары болуы керек.  
2. Әлеуметтік жағдайлар: кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалыптастыру үшін тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы, олардың тауарға, қызметке деген талғамы, төлем қабілеттілігі бар сұранысы болуы. Әлеуметтік жағдай әрбір адамның жұмыс орнындағы жағдайы, еңбек ақы мөлшерімен байланысты. Әрбір кәсіпкер әлеуметтік мәселелерге белсенді араласып, жағдай жасауы тиіс: денсаулық сақтау, жұмыс орнын жасақтау, еңбек ақы мөлшерін қадағалау.  
3. Құқықтық жағдайлар: кәсіпкерлікті реттейтін заңдар және нормативтік-құқықтық жағдайлардың болуы: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, салық туралы заңдар, кәсіпкерлерді қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын органдар, меншікке құқықтық заңдар.

 Кәсіпкерліктің  түрлері және ұйымдастыру формалары.  
Кәсіпкерліктің түрлеріне өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңес беру, сақтандыру, делдалдық кәсіпкерлік жатады.  
• Өндірістік кәсіпкерлік – бұл тауар өндіру мен қызмет көрсетумен байланысты кәсіпкерлік.  
• Коммерциялық кәсіпкерлік – бұл өнім өндірумен байланыссыз тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша операцияларды жүргізумен ерекшеленетін кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары мен сауда мекемелері.  
• Қаржылық кәсіпкерлік –бұл сату, сатып алу объектісі ақша, валюта, құнды қағаздар болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің түрі. Қаржылық кәсіпкерлікке коммерциялық банктер және қор биржалары жатады.  
• Кеңес беру кәсіпкерлігі – бұл нарыққа бағытталу туралы қаржылық шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлік.  
• Сақтандыру кәсіпкерлігі – бұл белгілі бір жағдайларды сақтандырудан сақтандыру төлемін алу нәтижесінде пайда болатын қаржылық кәсіпкерліктің түрі.  
• Делдалдық кәсіпкерлік – бұл белгілі бір мәмілеге мүдделі тараптарды біріктіретін кәсіпкерлік.  
Кәсіпкерліктің ұйымдастыру формаларына ұжымдық-құқықтық және ұжымдық-экономикалық кәсіпкерліктер жатады.  
Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерлік жеке кәсіпкерлік, серіктестік, акционерлік қоғамды біріктіреді.  
Жеке кәсіпкерлік – бұл бір адамның немесе бір жанұяның кәсіпкерлікпен айналысуы.  
Серіктестік – бұл екі немес одан да көп адамдардың капитал салымдар (үлестері) негізінде құрылған табыс алуға бағытталған іс-әрекеті. Серіктестіктің түрлері:  
1. Толық серіктестік мүшелері өз мүліктері шеңберінде жауапкершілікке ие болады.  
2. Коммандиттік серіктестік мүшелері аралас жауапкершілікке ие болады, яғни біреуі толық мүлікпен, ал екіншісі салынған капиталы негізінде жауап береді.  
3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүшелері тек қана салынған капиталы негізінде тәуекелге барады және жауап береді.  
Акционерлік қоғам – бұл жарғылық капиталы белгілі бір үлестерге (акцияларға) бөлінген, заңды тұлға құқығы бар кәсіпорын. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екіге бөлінеді. Ашық акционерлік қоғам өз акцияларын ашық сатуға және басылымдарда акциялардың құнын жариялауға құқылы. Жабық акционерлік қоғамда акциялары құрылтайшылары арасында астылатын, акциялардың құны басылымдарда жарияланбайтын акционерлік қоғамның түрі.  
Ұжымдық-экономикалық кәсіпкерлік формалары:  
1. Концерн – көп салалы іс-әрекетпен ерекшеленетін өнеркәсіп саласындағы корпорацияның кең тараған формасы.  
2. Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі.  
Ассоциацияның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік,  
экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.  
3. Консорциум – ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.  
4. Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.  
5. Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері, патент айырбастау жөнінде келісім.  
6. Трест – белгілі бір тауарды өндіру бойынша белгілі бір түрдегі монополисттік бірлестік.

 
 
 

 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

III ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындылай  келе,кәсіпкерлік-адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұл ұғымға ол нарықты тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызған.Кәсіпкерлік-бұл адамның зерттеу және сегменттеу қызметі, жаңа ізденіске бағытталады және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады. Кәсіпкерлік пен бизнес ұғымын бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес-табыс әкелетін кез-келген қызметтің түрі. Кәсіпкерлік-новаторлық іс. Нағыз кәсіпкерлік-ол өнертапқыш. Зерттеу және сегменттеуда “кәсіпкерлік қабілеттілік” деген ұғым бар. Ол дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді. Бизнес-бұл табыс әкелетін адамның зерттеу және сегменттеу қызметі.

Кәсіпкерлік қызметпен  заңды және жеке тұлғалар айналысады.

Жеке тұлға-заңды  тұлға мәртебесіне иемдембейтін жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын  азамат.Оның кәсіпкерлік құқығы жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден  өткеннен кейін басталады. Кәсіпкер не, қалай, кім үшін өндіру керек  мәселелерін өзі жеке шешеді.Артықшылығы: құрылуы оңай, әрекет бостандығы елеулі, табысын өз еркімен жұмсайды. Кемшіліктері: толық мүліктік жауапкершілік, қаржы  шектеулі, несие алу шектеулі.

Заңды тұлғаның екі түрі бар: коммерциялық және коммерциялық емес.

Коммерциялық  ұйымдар: толық серіктестік, коммантидтті серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік,  акционерлік  қоғам, өндірістік кооператив, мемлекеттік  кәсіпорындар.

Серіктестік-үлестері әртүрлі формалы және оның құрамынан  шыққан кезінде сондай алынатын, барлық мүшелері кәсіпкерлік әрекетке жеке араласатын шағын компаниялар болып табылады.

Толық серіктестік-серіктестіктің міндеттері бойынша оның мүшелері өзінің барлық мүліктермен ортақ та толық  жауапкершілікте болады.Коммандитті  серіктестік немесе “сенім артқан серіктестік” мұнда серіктестік  мүшелерінің бір бөлігі осы ұжымның  міндеттемелері бойынша, өз мүліктері  есебінен толық жауапкершілікте болса, ал қалған бөлігі тек өздері қосқан жарнасы көлемінде ғана жауапкершілікте болғандықтан, басқару ісіне араласпайды.Жауапкершілігі шектеулі серіктестік-серіктестіктің міндеттемелері бойынша оның мүшелерінің бәрі тек өздерінің қосқан жарналары көлемінде ғана жауапкершілікте болады.Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, яғни бұд жерде серіктестіктің міндеттері бойынша оның мүшелері ең алдымен өз жарналары көлемінде, ал жарналары жетпей қалған жағдайда өз мүліктерінің жарнаға тең көлемінде қосымша жауапкершілікте болады.Акционерлік қоғам-бұл қаржысы акцияларды сату арқылы жиналатын және сол акция иелеріне келешектегі пайда есебінен дивиденд беріп отыратын серіктестік. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                   
 
 

                                         Пайдаланылған әдебиетттер

  1. Кәсіпкерлік құқық :И. Қ. Елеусизова. - Астана  2010 .  29 б.
  2. Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық  : [оқулық] / С. П. Мороз. - Алматы : Бастау, 2009. - 288 б
  3. http://www.docinweb.com/ebook/ интернет сайты
  4. forum.zakon.kz/index.php?showforum=321 интернет сайты
  5. http://journal.zakon.kz/4446284-zhoba-kazakstan-respublikasynyn.html
  6. http://kk.wikipedia.org/wiki

Информация о работе Кәсіпкерлік құқық