Кәсіпкерлің қызметтегі франчайзенг
Курсовая работа, 08 Ноября 2011, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Кәсіпкерліктің инновациялық нысандарының бірі – өндірісті дамытуға және филиалдар ашуға өз қаражатын салмай-ақ өркендеуге мүмкіндік беретін фирманың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жаңалықтарды енгізуге бағытталған бизнесті ұйымдастырудың ерекше нысаны – франчайзинг.
Работа состоит из 1 файл
Mura.docx
— 136.65 Кб (Скачать документ) Қарастырған
ой-пікірлерімізді қорытындылай келе,
еліміздегі франчайзингтік негізде
қызмет етуші фирмалар, бизнестің
басқа үлгісіндегі шаруашылық субъектілерімен
салыстырғанда белгілі бір
- Франчайзингтік келісім-шартты заң жүзінде тіркеу негізінде – жұмыс орындарын арттырады;
- Кластерлік бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін экономиканың басымды секторларындағы франчайзингтік кәсіпорындардың үлесін ұлғайтады;
- Бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастырудағы мемлекеттік холдингтердің рөлі мен орнын белгілеу арқылы олардың франчайзинг негізінде даму бағыттын айқындайды;
- Нарықтағы өзгерістерге жылдам бейімделгіш франчайзингтік компаниялар тұтынушылардың сұранысын инновациялық тауарларды ұсыну арқылы қанағаттандырады;
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 Жолдауына сәйкес отандық өндірушілерді қолдау бағдарламасы шегінде жергілікті және халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті отандық франчайзерлер санының артуына ықпал етеді.
3 Кәсіпкерлік
қызметтегі франчайзингті
3.1 ҚР Кәсіпкерлік
қызметтегі франчайзингті дамыту жолдары
Соңғы
кезеңде, отандық кәсіпкерліктегі
франчайзингтік жүйе, заңды түрде
тәуелсіз компаниялар ірі және атақты
компаниялардың өнімдері мен брэндтарын
нарықта жылжытуды қарастыратын
кәсіпкерлік қызмет формасында жиі
қолданылуда. Бірақта мұндай тәсілдеме
дұрыстықты танытпай, франчайзингтік
қатынастардың лайықты
Өзінің
танымалдылығына қарамастан франчайзинг
бүгінгі таңда Қазақстанда, әлемдік
тәжірибемен салыстырғанда
Қазақстанда Umex, қазмұнайгаз, Ромат сияқты отандық франчайзерлер-компаниялардың бой түзеуіне қарамастан, жалпы франчайзингтік компаниялардың қызмет етуі қанағаттанарлық дәрежеде емес. Бұл жағдайға, ақпарттық базаның жетіспеушілігі, осал инфрақұрылым, тұрақсыз заңнамалық база және т.б. Мәселелер кері ықпал етуде екендігі бізге мәлім. Егерде, соңғы кезеңдегі ел тұрғындарының төлемқабілетті сұраныс пен жоғары сапалы тауарларға қажеттіліктің ұлғайуын және де франчайзингтік жүйенің дамуының негізгі шарттарының бірі болып саналатын өз бизнестерімен шұғылданғысы келетін адамдар санының артуын ескерсек, франчайзингтік бизнестің дамуындағы кедергі келтіруші мәселелердің “бетін алып”, жағымды жағдайларды қалыптастыруымыз міндетті.
Жоғарыдағы
зерттеуде франчайзингтік бизнестің
ел экономикасында дамуының басты негізі
болып саналатын құқықтық-
1.
Отандық кәсіпкер
- Өндіріс пен үлестіру белгілі бір географиялық нарықтың шегінде іске асырылуы қажет, яғни “Сеймар” компаниясының өнімдерді өндіруі мен оны таратуды Алматы облысының шегінде атқарғаны жалпы тасымалдау мен басқа да шығындарды азайтып, тиімділікті қамтамасыз етеді;
- Кәсіпорынның орналасқан жері клиенттерге қызмет көрсетуге қолайлы болуы керек, айтатын болсақ, қарағандылық "Tiffany Marble" компаниясы қала орталығынан шеткеріректеу (өндіріске қолайлы), жеке дара кеңселік ғимаратпен арнайы зауыттық учаскесі бар жер меншігін иемдену арқасында, өз франчайзиларын оқыту мен жалпы өндірісті бір жерден атқаруда. Қарағанды қаласы жол торабында, ал компанияның офистік мекемесі орталықтан шеткері көшелерде орналасқандығы, әлеуетті франчайзилар үшін жалпы қолайлықты қамтамасыз етеді;
- Жергілікті нарықты білу атқарылатын қызметтердің тиімділігіне әсер етеді. Бұл жағдай екі бағыттағы франчайзингтік қызметпен байланысты: біріншісі, шет елдік франчайзер-компанияның отандық нарыққа франшизасын ұсынбас бұрын, жалпы ақпараттар мен мәліметтерді жинау мақсатында жүргізілетін маркетингтік зерттеулермен байланысты болса, екінші бағыты отандық франчайзер-компанияның еліміздің басқа аймақтары мен алыс/жақын шет ел нарықтарына франчайзингтік бизнес-жобасын ұсыну кезіндегі, алдын-ала жүргізілетін маркетингтік зерттеулермен байланысты. Осы шараларды жүзеге асыруда жеке меншіктік маркетингтік зерттеу мекемелері мен республикалық деңгейде құрылған “Маркетингтік-талдаулық зерттеулер Орталығы” АҚ-ның белсенділік танытуы дұрыс болар еді. Франчайзингтік бизнесті реттеуші мемлекеттік органдар осы орталықтың отандық франчайзер-кәсіпкерлерінің нарықты зерттеу бойынша тапсырыстарын жеңілдік негізде орындауына әрекеттесу арқылы бірақатар жеңілдіктерді қамтамасыз етеді;
- Жергілікті кәсіпкерлер (франчайзилар) белсенді қызмет атқарулары қажет, атап айтсақ, франчайзер тауары мен қызметтерін өткізу бойынша нарықта басымдылық таныта отырып, тұтынушылардың көңілінен шығатындай сапалы қызмет атқару үшін ізденістер жүргізуі қажет. Сонымен қатар, қазіргі заманғы талапқа сай жаңа технология мен кәсіпкерлік тәжірибені меңгеру үшін шаралар жүргізуі міндетті;
- Өнімді және қызметтерді өндіруде, қазіргі заманғы стандарттау мен кодификациялаудың жоғары деңгейі. Бұл жағдайда, отандық франчайзер – “қазмұнайгаз” ҰК-ы табиғи шикізаттардан өңделініп, өндірілетін соңғы өнімдерінің (отын, жанар-жағармай) халықаралық және мемлекеттік стандарттарға сай болуы, оның әлеуетті франчайзиының қызметіне тиімділік әкеле отырып, жалпы табыстылықты қамтамасыз етуі тиіс;
- Еңбек өнімділігінің жоғарғы деңгейі, бұл жағдайда Қарағанды қаласында орналасқан "Tiffany Marble" субфранчайзингтік негізде франчайзер бола отырып, отандық кәсіпкер-франчайзилар кәсіпорындары үшін білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік беретін оқыту курстарын ұйымдастырып, жүргізгені орынды болып саналады;
- Сауда орындарын ұйымдастырумен байланысты тәуекелділік пен шығындардың аса жоғары емес деңгейі. Осы жағдайды қамтамасыз ету франчайзердің қызмет ететін нарыққа қатысты жүргізген зерттеулер мен өз өнімдерінің өндірістік өзіндік құны төменгі деңгейде болуы қамтамасыз етуі тиіс;
- Франчайзи тиімділігі олардың еңбек шығындарына қарағанда жеңіл өлшенуі қажет.
Жоғарыда
қарастырылған критерилердің
12 - сурет – Франчайзингтік жүйені қолдану дамушылықпен сипатталынатын отандық бизнес салалары
Жоғарыда қарастырған
салалар осы аталған
- Кәсіпкер франчайзингтік қатынастың құқықтық аспектілерін, артықшылықтарын және кемшіліктерін жете түсінуге міндетті. Қазақстанда және әлемде бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік жүйесі заңнамамен реттелетіндігін жоғарғы тарауларда қарастырып өттік. Сондықтанда, франчайзингтік негізде қызмет атқарушы кәсіпкерлер сәйкесінше заңдарды меңгеруі үшін шаралар атқарғаны орынды, оның ішінде, франчайзер мен франчайзидың өзара қатынасын және тіркеліну сауалдарын реттейтін республикалық заңнама аспектілерін, біздің елде Азаматтық кодекс пен “Кешендік кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы” заңнамаларды қарастыру қажет. Ең соңында, франчайзер өзінің франчайзингтік жүйесін бұқаралық ақпарат құралдарында немесе кәсіби ассоциацияға мүшелікке ену арқылы сертификаттылықтан өткізген жағдайда табыстылығын әрі қарай арттырады. Сондықтанда, франчайзингтік жүйеде қызмет атқарушы компаниялар франчайзинг ассоциацияларына мүшелікке енуден еш қашпау керек. Франчайзингтің жүйе негізінде қызмет атқарамас бұрын, кәсіпкер франчайзингтің негізгі үш категориялы артықшылықтарын білуі қажет:
- Жалдамалы еңбек жүйесімен салыстырғанда франчайзинг сауда орындары қызметкерлерін (франчайзиларды) таңдаудың тиімді механизмін қамтамасыз етеді. Франчайзи жалдамалы жұмыскермен салыстырғанда франчайзер бизнес-жобасына өзінің капиталдық салымдары болғандықтан, табысты қызмет атқаруға мүдделі болады, сонымен қатар, айлық жалақымен марапатталатын жалдамалы еңбек күшіне қарағанда, табыстылығы сол франчайзингтік сауда орнының қызмет атқаруына байланысты болатын франчайзи жалпы франчайзер бизнесін өркендетуге бар күшін салады (біріншіден, өзі үшін). Франчайзи белгілі бір дәрежеде дербестілік негізде франчайзер атынан кәсіпкерлік қызметпен айналыса отырып, өз белсенділігін және тәжірибесін франчайзердің қойған талаптарымен ұштастыра отырып, қолдана алады;
- Франчайзинг компанияның жылдам өсуі үшін еңбектік және қаржылық ресурстарды тартудың тиімді механизмдерін ұсынады - франчайзидың капиталдық қатысушылығының арқасында франчайзер өзінің меншіктік капиталын үнемдей отырып, жаңа нарықтарға тауарлар мен қызметтерін ұсына алады. Жаңа еңбек күштерін тарту мәселесі, жергілікті франчайзидың франшизаны игеріп, әрі қарай өткізуінде маңыздылықты жоғалтады. Осы тиімділікті айқындау үшін Tiffany Marble қазақстандық компаниясының франчайзингтік жобасын іске асырудағы қаржылық жоспарды қарастыруға болады. Осы компанияның бизнес-тұжырымдамасын бар-жоғы 250000$ көлемінде ұсына отырып, қазақстандық тұтынушылар есебінен нарығын кеңейтуде. Егерде компанияның бизнес-тұжырымдасын, қарағандылық кәсіпкер сатып алмаған жағдайда, яғни франчайзингті қолданбай өз өкілдіктерін ашу арқылы біздің нарықта қызмет атқаруды жоспарласа, олардың жалпы қаржылық және еңбектік шығындары жоғарыдағы көрсеткіштен әлдеқайда жоғары болатыны сөзсіз;
- Тәуекелділіктің төменгі дәрежесінде қаржылық табыстылықты ұлғайтатын рентабельді экономикалық үлгіні ұсынады - франчайзинг, инвестицияланған капиталға пайданың жоғарғы нормасын алуды қамтамасыз етеді. Өйткені, франчайзерлердің тәуекелділік дәрежесі сауда орындарын өздері басқаратын компаниялармен салыстырғанда төмен болып саналады. Азғантай алғашқы инвестицияланған капитал көлемінің нәтижесінде (инвестицияның басым бөлігі франчайзимен жүргізіледі), франчайзерлер жоғарғы пайда мөлшерін алады. Басқа да назар аударуға тұрарлық артықшылықтарды жұмыстың алғашқы тарауында жүйелендіре отырып, қарастырылғандығын айта кеткен жөн.
Франчайзингтің
артықшылықтарымен бірге, төрт негізгі
жетіспеушіліктерін әлеуетті франчайзилар
мен франчайзерлердің қарастырғаны
орынды. Өйткені осы кемшіліктерді
білу, ұғыну арқылы ғана оны дұрыс
жолмен шешуге болады. Отандық кәсіпкерлер
франчайзингтік жүйе негізінде табысты
қызмет атқаруы төменде (сурет 23) көрсетілген
басты жетіспеушіліктерді болдырмау
мақсатында шараларды жүргізу керек.
Бұл кемшіліктер мен олқылықтар
ҚФА-ның мамандарымен біріге отырып,
жүргізген зерттеулердің